Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалар логикасының дамытуда жұмбақтардың рөлі,өтірік өлеңдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар логикасының дамытуда жұмбақтардың рөлі,өтірік өлеңдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отырар колледжі

















БАЯНДАМА

Тақырыбы: Балалар логикасының дамытуда жұмбақтардың рөлі,өтірік өлеңдер

Орындаған: Исах Аяулым

Тексерген: Назарбаева Шолпан



















ШShape1 Shape2 ымкент, 2024 жыл

Балалар логикасының дамытуда жұмбақтардың рөлі,өтірік өлеңдер



Халықтық шығармалар ішінде балалар фольклорынан үл кен орын алатыны — жұмбақтар. Жүмбақтар және оның шеші мін айту баланың ақыл-есін дамытады, ойын шынықтыра түседі Ойлауға, ойлаған ісінің үдесіне шығаруға жаттықтырады. Жұм бақтардың шешімін табу баланың зейін, ықыласын арттырады Әр нәрсенің себебін іздестіріп табуға үйретеді. М. И. Калинин нің

Математика ойдың гимнастикасы,— деп айтқанындай жұмбақтарды да балалар мен жас өспірімдер үшін ойдың гимнастикасы деп атауымызға болар еді. Жұмбақтар құпиясы баланы қызықтырып, әсерлендіре түседі, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баули ды. Ой- санасының қызмет етуіне серпін береді.

С. Сейфуллин: Жастар бас қосқан жердегі көбірек айтыла тын ойын-күлкі сөз — жұмбақ айтысу. Жүмбақ айтысу — хат жаза білмеген көшпелі елдің жастарының, балаларының жас басынан өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп безейтін, тәрбиелейтін, тілін шеберлейтін сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған дедік. Мал баққан көшпелі елдің жұмбақ айтыса білмейтін жасы болмаған. Сөзді үйлестіріп ұйқастырып айтуға төселген жастар жұмбақты ойынан да шығаратын болған' деген. Жұмбақтар — жас буынның ақыл-ойын дамытуға бағытталған асыл мұра. Академик Мұқтар Омарқанұлы Әуезов қазақтық әдет-ғұрып салтында, өнерінде жұмбақтың да ерекше орын алғанын айта келіп: Қейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынауға машық болған... Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ., Жұмбақты мектеп балалары тілге ұста болу мақсаты мен оқиды, жаттайды. Жастар ойын-сауық кештерінде әлі де ермек етеді. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасбар дейді.

Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байла-нысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңілін аудара-тын қажетті заттардың бәрін қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, соның сыр-сипатын, құпиясын ашып беруді қажет етеді. Бұл — іске, әрекетке баулудың, соған қызықтыра түсудің бір тә-сілі. Жұмбақтар баланы байқағыштық, әр нәрсеге зер салғыш-тық қабілетке үйретумен қатар, ой-қиялға шоматын, ойландыра-тын жаққа қарай баулиды. Жас буынға мұның ең пайдалы жақ-тары осында.

Жұмбақтардың айтылуы, сөз құрамы, әдемі ұйқасы, құры-лысы, жинақтылығы, аз сөзбен көп нәрсені қамтитыны да бала-ға көп эстетикалық әсер береді.

Ойын жинақты, ықшам айтуға үйретеді. Сөзуар мылжың болудан, пәтуасыздықтан аулақтата береді. Жұмбақтардың балалар фольклорынан үлкен орын ала-тын басты себептері осында.

Жұмбақтарда көзбен көріп, қолмен ұстап, қажетіне асырып. жүрген өз айналасындағы заттарды жұмбақтап айтудан, алғаш жеңіл-желпіден бастайды. Қыз-бозбала жиналып, ойын-сауық-тарда ойларының жүйріктігі мен тапқырлығын сынға салады. Жүмбақ шешімін тез табуға асығып, қызыға түседі. Айтылған жұмбақты тез шеше алмағандарын қызартып ұялтады. Оған та-ғы да басқа жүмбақ айтады. Жұмбақты тез шешкендерін мақ-тап, топ алдында оған сый-құрмет керсетеді. Жақсы қыз, жақсы бала атандырады.

Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр деген-де кейбіреулері шешімін тез айта алмай, жолдастары алдында қатты қысылып, терлеп-тепшіп абыржып қалады. Күнде көріп, біліп жүрсе де соған зер салмайтынына, пайымдамайтынына қиналады. Көре жүріп ойланбайтынына өз-өзінен кейиді. Өзін- өзі кінәлайды. Бұл—ыждағаттық, талаптың белгісі. Жұмбақтың мұндай сыры ақыл- ес тәрбиесінің жаттығуына жасалған, халық-тың ойлап тапқан асыл мұрасы делінеді. Бүл жұмбақтың шеші-мі Қазан мен от дегенде ғана, тіпті оңай екен ғой деп өз ойы-ның шама-шарқы тым тайыз екеніне, соны да шеше алмағанына лұщайман болады. Осындай тағы біреуін айт, оны шеше алма-сам, болмағаным деп енді намысқа тырысады. Өмірден көріп-білгенін топшылауға, соның нәтижесін көруге өзін-өзі қамшы-лай түседі. Мұнда баланы ұрмай-соқпай тәрбиелеудің, ақылға көндірудің бірден-бір дүрыс бағыты, жақсы әдісі бар.

Баланы ақыл парасатына қарай баули береді де, жастықтың даңғойлы-ғынан арылта түседі.

Бірінші жұмбақты шеше алмай өкінішті болған балаға енді өзінің өтініші бойынша екінші жұмбақ беріледі. Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау бұл не?— дейді. Әрине, жұмбак шешімі бірден-бірге қиындай бермек. Мүның шешімі де ойлану-ды қажет етеді.. Өмір тіршілігіне араласы жоқ, алка піс, аузы-ма түс деп отыратын әрекеті жоқ, күйрек адамдар мұндай жұм-;ақты шеше алмайды. Жұмбақ құпиясының қызығы да. шындығы да осында. Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау бұған ұқсас не бар деп дал болады. Қапелімде ойға түсуі қиынақ. Мұның шешімі жұмыртқа екенін бірден айтып салу жас буынға оңайға түспейді. Көбірек ойлануға міндеітейді.

Тым алысқа бармай-ақ, жұмбақ шешімін қиындатпай-; тіпті баланың өз мүшесімен құрастырып айтса да, кейбіреулр осының байыбына бара алмайды, тереңіне үңіле бермейді. Ка тар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым дегенде осының шешімі тіс пен тіл екенін айта алмай қатты қысылады. Бірі мұның өзі оң мен солын танымаған жас буынға қиын нәрсе Олардың өмірден көргені мен білгені аз, тәжірибесі жоқ. Ол, осындайды естіп, білу арқылы ғана өз ойларын шыңдай түсеі Балалар үшіи жұмбақтың пайдасы — сол. Жұмбақтардағы терең ой, терең мағынамен қатар ондағы көркемдік шеберлікті қиыннан қиыстырып келтіреді. Бір зат екінші бір заттың түр-түсіне балап, салыстыра айту, соған қиыс тыра білу ұқсастығын тауып көрсете алу, ойдың үшқырлығы мен зеректігін танытады. Баланы да қызықтыратын осы жағы Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды деп бұлтт шыққан күннін көзін ақ жібекке, бүлтты ақ сакдыққа балап, соның толық мазмұнын аңғартатыны ғажап- ақ. Адам сүйсінерлік эстетикалық әсерлі сөздерді іздеп табатыны да шеберліктен туған.

Міне, ертек айт, жұмбак. айт, өлең айт дегенде осы келтірген үйреншікті сөздерді айтып бір-екі ауыз ертек, жұмбақ өлең білмейтін қазақ болмаған. Бұлар балалардың жасын жатқа оқып үйренетін, ақыл, есін күшейтуге, сөзді тез жаттауға дағдылануға алған сабақтары тәрізді болған.

Бұл сабақтар ба лаларға сөзді есіне бекітуге үйрететін, сөзді такпактап, ұйқастырып, ырғаққа салуға төселдіре беретін, тілін шеберлей беруге үйрететін ойнақы сөздер1...,— дейді С. Сейфуллин.

Жұмбақтың шарты тек қана соның не екенін тауып айту ғана көздемейді, сонымен катар бір-біріне баламалап айтылған екі заттың екеуінің де өзгешелігін, ұқсастығын байқауға үйретеді. Бір заттың не артық, не кемшілігін таныту үшін оны сол сяқты екінші бір затқа не теңеп, не балап, салыстырып көрсете алуда үлкен шеберлікті, айтқыштық өнердің жетілген түрін байқатады. Баланың ой көлемі кеңейіп шыныққан сайын, жас еркшелігі мен білім ерекшелігіне қарай жұмбақтардыңда шешімі қиындап, мағынасы тереңдеп, бірден-бірге күрделене береді Жас, кәрінің ой-өрісі мен білім көлеміне қарай әркімге лайықтала, өлшене айтылатын жұмбақтардың алуан түрі кездеседі. Жұмбақтың күрделенген түрі өлеңмен айтылады:

Бір нәрсе білмегенді бігізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жалғаңда әңгімесі сондай қызык,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді,—

-деп кітаптың пайдалы жақтарын айтып, оның не екенін оймен шешуге міндеттейді. Жұмбактап айтумен қатар, соған ынтықты-рып өнер-білімге үгіттеу де бар. Жұмбақтағанда сол заттың сыр-сипатын, түс-таңбасын, сапалық ерекшеліктерін, пайдалы жақ-тары, қажетті екенін түгел қамтиды. Бала көңілін, бала ықыла-сын бір нәрсеге қызықтыру, аңсатудың өзі де жұмбақтағы ше-берліктің бір белгісі делінбек.

Ұзын, ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен? Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен? Түбіне жетіп бүл судың,

Қанып ішкен бар ма екен?—

деп, оқуға, өнер-білімге қызықтырумен қатар, оның сондайлық қиындығын да, ұшы-қиыры жоқтығын да жұмбақ еткен.

Ауыр-ақ, бірақ түсер салмағы жоқ, Артқанның арып кейін қалғаны жоқ. Арқалап бірін қоймай көтергеннің,

Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.

Өнер-білімнің соңына түссе, оны игеріп, меңгере алса, оның аяққа түсер салмағы болмайтынын да бір жағы жұмбақ етіп ай-тылса, бір жағы сол ғылымды үйренуге, білуге шақыру бар. Өнер, білім, оқу туралы айтылған жұмбақтармен қатар, техни-ка туралы, 'байланыс, қатынас және шаруашылық құрылыста-ры жайында жүмбақ етіп айтылып жүрген өлеңдер де мол кездеседі.

Асыл заты ұзын жолдай ағылған,

Ішінде бір жібек тарам тағылған.

Айсыз қара түнде сұлу әдемі,

Нұрын төгіп, жұртқа таңдай тағылған,— деп электр жарығын жұмбақ еткен. Техника тетігін білмейтін жас өспірімге оның қалай жанып түрғанының өзі жұмбақ. Ілез-де сөніп, ілезде қалай жана қалуы да білімсіз адамға жат нәрсе. Жел тұрып, кұйын соқса да, қарлы боран қаһарын төксе де сөнбейтіні ғажап-ақ. Жұмбақ мақсаты жас өспірімдерге онын, осындай кереметтерін білуді міндеттейді. Профессор М. Ғабдулиннің: Жұмбақ — оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдың бірі1,—дегені осындай қасиетінен көрінеді.

Немесе:

Ойланып мен жұмбақты енді жазам,

Дүниеде бар бір күшті қара қазан.

Үстінде жанды-жансыз толған мүлік

Ән салып кетіп жатыр азан-қазан.

Бір ауыз жұмбақ өлеңмен поездың толық сипатын көз алды ңа әкелгендей етеді. Екінші сөзбен айтқанда, техника тетіктері нің сыр-сипатын білуге, соны үйретуге міндеттейді. Бұдан шыға тын қорытынды фольклорлық жанрдың бәрі де адамның өмірін' және еңбегіне тікелей қатысы бар өзін қоршаған ортаны, таби ғатты, бар дүниенін, ішкі мазмұнын жан-жүйесіне әсер етерліктей көркем тілмен білдіруге, соны танытуға үйретуді көздейді.

Ал жұмбақ болса, алдымен өмірдің поэтикалық жақтарын қамтиды. Былайша айтқанда адамға өмірдің өзін қоршаған ор таның, табиғаттың поэтикалық көркем көріністерін танытады да кай заттың, қай нәрсенің болса да соның баламалы көркем кө ріністерін тауып айтуға жаттықтырады. Сонымен жұмбақ деге німіз — адамның қай затқа болса да поэтикалық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбак етіп суреттеген халықтық жанрдың бір түрі.

Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.

Өтірік өлеңді дарынды ақындар қиыннан киыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қисынды қызықтарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді хаолық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең.

Өтірік өлеңдерді тәрбие ісіне пайдаланудың да тәсілдерін білу керек. Біріншіден: өтірік өлеңдерді көркемдеп оқудың мәнін оқушыларға терең ұғындырып, көркем оқуды ұйымдастыру.

Екіншіден: өтірік өлеңдерді жаттап оны сахнада айтуды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор.

Үшіншіден: өтірік өлеңді өнер жарыс ретінде екі оқушының кезектесіп айтуын ұйымдастырып, оны сахнада орындаты – оқушының актерлік бейімділігін, өнерпаздығын, ақындық нышанын дамытып, абыройын, білімін арттырады.

Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең –жырға деген ықыласын, бейімділігін артырады.

Отбасында ойын өлеңдерін, әсіресе, айтыс ойын олеңдерін балаға айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата –ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше де ықыластана жаттапалады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуді, үлкендер ұмытпау керек.

Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері — ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, қаламақтар, өтірік өлеңдер т.б.тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Балаларға арналған қазақ ауыз әдебиетіндегі шығармалар Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелеумен бірге, халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады.

Балалардың халық ауыз әдебиеті шығармаларына деген қызығушылықтарын оятуда әдіс-тәсілдердің тиімді тұстарын қолданған абзал. Мәселен, балаларды қысқы серуен кезінде қармен оның қасиеттерімен таныстырып, топқа келген соң ғана «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады» деген жұмбақты жасырып, өздеріне айтқызып шешуін тауып айтуды ұсынуға болады. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. Балаларды төрт түліктің бірі түйемен таныстыруған соң «Түйе маған шұбат береді, Шұбат маған қуат береді» деген жаңылтпашты баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтыруға болады.

Өтірік өлеңнің балалар фольклорында ерекше сипат алуы – бала психологиясының табиғатына жақындығында. Бала өтірік өлеңнің өтірік екендігін түсіну үшін алдымен шындықты білуі керек. Бала өз білімін өлеңдегі өтірікпен салыстыра отырып бекітуге көмектесті. Балалар өтірік өлеңдерді жоғары қызығушылықпен қабылдады. Себебі, өтірік өлеңдерде үлкен – кішірейіп, әлсіз – күшейіп, ұзын – қысқарып, биік – аласарып деген сияқты үйреншікті жағдайлар адам сенгісіз керісінше сипатталады. Бала үшін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бәрі жұмбақ болып көрінеді. Сондықтан 5-6 жастағы бала жұмбақ заттардың құпиясын ашуға құмар келеді. Өтірік өлеңнің көлеміне қарай іс-әрекет, белгілі сюжет болады.

Жұмбақтар – белгілі бір заттар мен құбылыстардың ең негізгі қасиеттерін жұмбақтап айту арқылы баланы ойлауға мәжбүр ететін ой жаттығуы. Бала үшін қоршаған орта жұмбақ дүниелерге, түсініксіз оқиғаларға толы. Балалар қоршаған ортаның сырын ашуға, білуге құштар келеді. Сондықтан да жұмбақтың балаларды қызықтыратын қасиеті — балалардың білуге, үйренуге деген ынтасын оятатындығы.

Қызықтамалар — негізінен белгілі бір сюжетке құрылып, өлеңдік баяндау түрінде жырланады. Қызықтамалардың сұрамақтардан айырмашылығы — үлкен бір сюжетке құрылып, ертегілерге ұқсас болып келеді және сұрақ арқылы басталып, оқиға бірден-бірге өрбіп, бала ойын «одан әрі не болар екен?» деген қызықтарға тартып отырады. Қызықтамалар өлең ұйқастарынан құрылып, танымдық астарларында жеңіл әзіл астарласып жатады. Кейіпкерлері жан-жануарлардың, құстардың, адам әрекеттерін бейнелейді. Қызықтамалар кейіпкерлер өлі және тірі табиғатпен тілдесіп, дүниенің қыры мен сырын, өмірдегі болатын қарама-қайшылықтарды түсіндіруге көмектеседі.

Ертегілеріндегі шытырман оқиғалар, ұрпақ санасынан басқа дүниелерден гөрі ертерек орын теуіп, бала ой-танымы мен қиялының қанаттануына үлкен әсер ететінін ата-бабаларымыз жақсы білген. Ертегілер дүниесі замана белестерінде тарихи оқиғалар мен аңыздарға негізделіп, рухани мұраларымызға айналды. Қазақ ертегілері балалардың тілдерін дамытумен бірге тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке, достыққа, қаһармандыққа, адалдыққа, парасаттылыққа шақырып, әділеттілікті қолдап, сезімтал, ұяң мінезді жандарды алдаудан, екіжүзділіктен қорғап, көмектесіп отырады. Жақсы мен жаманды айыра білуге жол сілтейді.

Ертегілер жанрлық ерекшеліктеріне қарай негізгі үш топқа бөлінеді: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері. Хайуанаттар жайлы ертегілердің танымдық жағынан жануарлардың іс-әрекетінің ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы, «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен әтеш», «Қасқыр мен ешкі», «Аңқау арыстан» т.б.

Қиял-ғажайып ертегілері халықтың қиялынан, арман-тілектерінен туса, тұрмыс-салт ертегілері халқымыздың тұрмыс-тіршілігін сипаттайды. Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері ретінде халықтың сүйікті жануарлары – түйе, жылқы, қой, сиыр жануарлары жиі кездеседі. Ертегілер балаларды өмірге басқа көзқараспен қарауға, қоршаған ортаның жұмбақ сырларын ашуға көмектеседі. Балалар ертегілерді тыңдап, әңгімелеп айтып қана қоймай, сахналық қойылым ретінде орындауда рөлдерді сомдай отырып, жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, әділет пен зұлымдықтың арасындағы айырмашылықты сезіне түседі.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. — Алматы: Мектеп, 1974. -214 б

  2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын жаңартудың әдіснамалық негіздері. Монография. — Астана, 2010.

  3. Бадел А. Асыл мұра:әдістемелік нұсқау.- Астана: Қазақ Пресс, 2009. – 95 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11