Материалдар / Балалар мен жасөспірімдерді елеулі жетістіктерге жетелеген туристер ордасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалар мен жасөспірімдерді елеулі жетістіктерге жетелеген туристер ордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалалық жас туристер стансасының жарты ғасырлық тарихы бар. Бұл елеулі дата туған өлкенің соқпақтарымен бастау алған, туристік түрлі жолдармен өткен тарихи атаулы жылдардың қорытындысы, алдағы уақытта білім қызметін арттыру және дамытудағы бағыттарды анықтау кезеңі.Тарих үшін бұл тек қасқағым сәт, ал біздің ұжым үшін – үлкен өмір! Станса қабырғасындағы қаншама қызыққа толы, қадамдар, ұмытылмас сәттер! Көптеген өскелең ұрпаққа, ақтөбелік ұл мен қыздарға туристер стансасы «екінші үй» болды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Балалар мен жасөспірімдерді елеули жетістіктерге жетелеген туристер ордасы



Бекбергенова Алёна Исламқызы

Ақтөбе қалалық жас туристер

стансасының директоры,

туризм саласының үздігі,

Қалалық жас туристер стансасының жарты ғасырлық тарихы бар. Бұл елеулі дата туған өлкенің соқпақтарымен бастау алған, туристік түрлі жолдармен өткен тарихи атаулы жылдардың қорытындысы, алдағы уақытта білім қызметін арттыру және дамытудағы бағыттарды анықтау кезеңі.Тарих үшін бұл тек қасқағым сәт, ал біздің ұжым үшін – үлкен өмір! Станса қабырғасындағы қаншама қызыққа толы, қадамдар, ұмытылмас сәттер! Көптеген өскелең ұрпаққа, ақтөбелік ұл мен қыздарға туристер стансасы «екінші үй» болды.

Жас туристер стансасы тарихы 1971 жылдың қараша айынан бастау алған. 800 м2 көлеміндегі ғимаратында орналасқан балалардың экскурсиялық – туристік базасы (сол кездегі атауы), туристер стансасы болар алдында №5 мектепке дейінгі балалар үйі болған және ХІХ ғасырдың аяғында салынып Жанқожа батыр, 62 көшесінде орналасқан, ал 2005 жылдан бастап Ақтөбе қаласының білім бөлімінің жанындағы «Қалалық жас туристер стансасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны статусын алды.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жалпы білім беретін мектептерге қоса, мектептен тыс ұйымдарының алатын орны ерекше.Осы тұрғыда біздің мекеме Ақтөбе өңіріндегі балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудағы бірден-бір ресурстық орталық болып табылады.

Қосымша білім беру – балалардың белсенді демалысын, қызықты уақытын ұйымдастырудың, туған-өлкесін танып білудің, салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден-бір тиімді құралы. Балалардың үлкен өмірге қадам басуына кең көлемде практикалық мүмкіндік беріп, болашақта мамандық таңдауында кәсіби бағдарлау жағынан үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Жылма-жыл қаламыздағы 70 -тен астам қала мектептерімен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. №8, 60 орта мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі базаларында жасанды шыңға өрмелеуден, туристік, өлкетану, экологиялық бағытында 23 қала мектеп базаларында және стансада үйірме сабақтары өткізіледі.

Стансада 20 үйірмеден 49 топ жасақталып, спорттық – туристік, туристік – өлкетану, туристік – экологиялық жұмыс бағыты бойынша 720 оқушы дәріс алады. Бұл бағыттардағы үйірме сабақтары оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту, білім алу қызығушылығын, өзін-өзі тану жолында үлкен ықпалын тигізеді. Үйірмелер мемлекеттік және орыс тілдерінде ақысыз өткізіледі. Үйірмелердің тегін болуы, аз қамтылған жанұя, тәртібі қиын балалар, ата-ана қамқорлығынсыз тәрбиеленіп жатқан балалардың мектептен тыс уақытты тиімді пайдаланып, белгілі бір іспен айналысуына ықпалы зор. Соңғы жылдардағы зерттеулер, туристік-өлкетану қызметінің әсіресе өсіп-келе жатқан өскелең ұрпақтар дамуына ықпал ететін тиімді құрал екендігін көрсетті.Өлкемізде балалардың туризмге деген қызығушылығы өте жоғары.

Біздің шәкірттеріміз халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстардың жүлдегерлері болып табылады.


Тәжірибелі педагогтарымыз және туризм инструкторлары жылма-жыл қала және облыс, республика мектептерінің және қосымша білім беру мекемелерінің педагогтеріне туристік-өлкетану бағытында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар және шебер-класстар өткізіп келеді.



Қалалық жас туристер стансасының педагогтері мен оқушылары 2019 жылы «Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубының мүшесі» мәртебесіне ие болды. Бұл клубтың негізгі бағыттарына мәдени іс-шараларды өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени мұраны қорғау, дәстүрлі өнерді сақтау және тағы басқа республикалық деңгейдегі мәдени-көпшілік, экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру жатады. Осы тұрғыда қалалық жас туристер стансасы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірлесіп «Табиғат –тіршіліктің тірегі» «Гүлдене бер, Қазақстан!», «Ескерткіш-ел мұрасы» танымдық байқауларын жоспарға сәйкес республикалық деңгейде туристік-экологиялық бағытында ұйымдастырып өткізуде. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы жоспарына сәйкес «Жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында дәстүрлі біздің педагогтарымыз «Ескерткіштерді қорғау - елдігіміздің белгісі» айдарымен іс-шара акциясын өткізеді. Ескерткіштер жанында экскурсовод мамандары жұртшылықтан белгілі қайраткерлерді білетіндігі туралы сауалнама алынып, болашақта оларды танып-біліп, құрметтеу мақсатында қала тұрғындарына және өскелең ұрпаққа ескерткіш тарихы жайында мағлұмат беріп, құнды тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауға шақырады. Сонымен қатар педагогтар мен үйірме оқушыларымыз ескерткіштер айналасын қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Мектеп оқушылары және педагогтер арасында дәстүрлі туристік- өлкетану бағытында туристік өлкетану қызметі арқылы жаппай мектеп туризмін дамыту барысында «Туған өлкеге саяхат», өз өлкесі бойынша олимпиадалар, «Арайлы Ақтөбе- туған өлкем!» ғылыми-тәжірибелік конференциясы, және аудан мектептері оқушыларының арасында ғылыми жобаны қорғау қалалық байқауын өткізу дәстүрге айналды, ғылыми жобаның негізгі бағыты – өз өлкеміздің өлкетану тұстарын кеңінен көрсету, экология бағыты бойынша «Табиғат әлемі балалар көзімен», «Балалық шақтың ғажайып әлемі» «Туристік әлемге саяхат» отбасы байқауы, экологиялық акциялар және спорттық туризм бағыты бойынша туризм техникасы бойынша жарыстар, Халықаралық туризм және мұғалімдер күніне орай білім саласы қызметкерлері арасындағы «Алтын күз» туриадасы, Жасанды шыңға өрмелеу бойынша ашық біріншіліктер, «Жүзден жүйрік», «Әкем, анам және мен біз туристік жанұя», «Туризм арулары» т.б. «Менің Отаным-Қазақстан!» республикалық туристік-өлкетану слётінің облыстық кезеңін, мектеп оқушыларына арналған «Sayakһat-2021» облыстық туризм техникасы бойынша жарыстарын, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырып келеді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Азимут-2022» спорттық бағдарлаудан спорт-туристік облыстық жарысын өткізді.


Әсіресе қазіргі жас-өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жас туристер стансасының ұйымдастырған қалалық, облыстық спорттық –туристік бағыттағы жарыстарында тәртібі қиын балалар жүлделі орындарды иеленіп, республикалық деңгейдегі шараларға қатысып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда спорттық туристік бағыттағы «Жасанды шың», «Жаяу туризм» сынды экстремальды үйірмелерге деген сұраныстары арта түсуде.Жас туристер дала жағдайында шатырларда тұрады, алғашқы медициналық көмек, туристік дағдыларды үйренеді, әсіресе мінез-құлқы қиын балалар ашылып өздерін басқа қырларынан көрсетіп, шыңдалады. Жорықтарда үйірмешілер «Жас турист» және «Қазақстан саяхатшысы» нормативін орындайды. Сондықтан мектеп оқушыларының өлкетанушылық қызығушылықтарын қалыптастырып, спорттық-туристік-өлкетану қызметіне белсенді түрде тартудың маңызы өте зор.

Жыл сайын 18 сәуір – Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күні үйірме оқушыларымен «Батырлар есімі-мәңгілік есте» айдарымен өлкеміздегі ескерткіштердің тарихымен танысып, жиындар өткізеді.

Біздің облысымызда да тек осы аймақтың ғана тұрғындарын емес, өзге де алыс, жақын елдердің жұртшылығын қызықтыратындай танымдық, тарихи, археологиялық, көрікті табиғи орындар мен ескерткіштерде аз емес.

Ал Ақтөбе облысының киелі және таңғажайып жерлері бойынша «Қобда - батырлар мекені» тарихи-танымдық экскурсиялары: «Әлия –ғасыр аруы», Қарақыпшақ Қобыланды батыр кесенесі, «Ұлы даланың інжу-маржаны-Абат-Байтақ, «Қызыл там», «Бекқұл баба» кесенелеріне, Алға ауданындағы «Ту ұстап, тарлан мінген-Есет батыр» кесенесіне; Қарғалы сарқырамасына, Хромтау ауданындағы Айдарлыаша геологиялық қимасына тағы басқа экскурсиялық маршруттары ұйымдастырылып келеді.

Біздің мекеме өлкеміздегі бірқатар орталықтармен, қорлармен, кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейі, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕР БАЛАЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ АКАДЕМИЯСЫ, Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен тығыз байланыста жұмыс жасап, алғыс хаттармен марапатталуда. Сонымен қатар «Zhubanov Universіty-2021» Кәсіптік практиканың үздік базасы – Creating the future» конкурсының жеңімпазы, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Самғау Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығынан «Ең үздік серіктестік-2021» статуеткасы табыс етіліп дипломдармен марапатталды. Стансаның барлық жетістіктері бүкіл ұжымның атқарған үлкен еңбегінің арқасында жүзеге асып келеді. Алдағы уақытта біздің басты мақсатымыз туристік-өлкетану қызметінің деңгейін көтеру және белсенді жалғастыру мақсатында елеулі қызмет атқару.







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!