Материалдар / Балалар қауіпсізлігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалар қауіпсізлігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар қауіпсізлігі қатаң бақылауда болу керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2024
388
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


 Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы”


Отбасы мен мектеп, ата-ана мен педагогтер қарым-қатынасы мәселелері бүгінгі жағдайда маңызды болып отыр, өйткені әр оқушының тұлға болып қалыптасуы, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесінің табысты болуы көптеген жағдайда нақ осы мәселелерді шешуге байланысты. 
Осы заманғы мектеп бұрын-соңды болмаған отбасы қолдауын қажет етеді.  
Бүгінде педагогтің ата-анамен жұмысы оларды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді тарта отырып, ынтымақтасуынсыз жүргізілуі мүмкін емес. 
Ұзақ уақыт бойы мектеп – негізгі тәрбиеші, ал отбасы оның көмекшісі және одақтасы деп саналып келгені даусыз. Іс жүзінде отбасы тәрбиесі ата-ана бақыты мен ізгіліктің және барлық тәрбие бастауының негізі болып табылады
Егеменді еліміздің жас азаматтың тұлғасын қалыптастыруда рухани – адамгершілік білім беру мен тәрбиенің міндеттері ерекше мән - маңызға ие болып отыр. 
Отбасы – руханияттың бесігі. ҚР « Неке және отбасы туралы» заңының 62 – бабында « Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады»   деп жазылғаны тегін емес.

Одан бөлек ҚР «Балалар құқығы туралы» заңның 490- бабында: « ... ата – ана баланың дене және психиялық денсаулығына ,оның адамгершілігінің дамуыны кедергі келтірмеуі керек» деп жазылған. 
Сонғы он жылда көптеген отбасы экономикалық,кейде тіпті жан бағу қамымен жүрген жағдайда көптеген ата- ана баланы тәрбиелеу мен тұлғасын дамыту мәселелерін шешуден шеттетілген әлеуметтік тенденциясы етек алуда. Ата – ана баланың дамуының жас және тұлғалық ерекшелігін тиісінше білмегендіктен,кейде өз түйсігі, өз шешімі бойынша тәрбиелей береді. Мұндай отбасылырда, әдетте, ата- ана мен балалар арасындағы тұлғааралық қарым қатынас болмайды , соның салдарынан көбіне жағымсыз болып келетін сыртқы ықпалға басымдық беріліп, баланың отбасы ықпалынан тысқалуына әкеліп соқтырады. 
   Педагогтердің отбасы мәселелерін зерттеуге, отбасылық тәрбиеге ықпал ету жолдарын іздестіруге құлық танытпауының себебі осы. Әрбір үшінші отбасы толыққанды емес  екені баршамызға аян.  Әрбір екінші отбасында балалар тәрбиесіне өзіндік ықпалы бар жасырын немесе ашық шиеленісті жағдайлар кездеседі. 
Кәмелетке толмаған балалардың қылмыс жасауына кикілжіндер орын алып тұратын шиеленісті отбасылық жағдай себеп болады. Мұндай отбасында қылмыс жасау қаупі бар тұлға қалыптастады. 
Ата-аналар мұғалімдер мен хабарласып, байланысып тұратын отбасылармен жұмыс істеу қашанда жеңіл. Ал шиеленісті жағдайларған толы отбасылармен қалай жұмыс істеу керек? 
Мұндай отбасылармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді.

 

Отбасының жалпы шиеленісімен күрес бар уақытта оңда нәтиже бере бермейді. Мұғалімдердің көпшілігі бұл істе айтарлық нәтижеге қол жеткізе алмай, өз шамасы келетін жағын-баланың мектептегі өмірін өзгертуді қолға алады. Оқушыға қамқорлық жасап, көбірек көңіл бөліп, балалармен арқа-жарқа араласып, сергіп, өз жанына жайлы ермек тауып, ісінің нәтижесіне қуануына жағдай жасайды. Бір сөзбен айтқанда, оқушының сыныптастарымен тілдесіп, оқудан қуаныш табуына жағдай жасап, әлеуметтік рөлін арттырады. 

Мұғалімдердің әлдеқайда тәжірибелі енді бір тобы шиеленісті отбасылардың ата-аналармен қарым-қатынас жасаудан жалтаруға асықпайды. Керісінше, ондай ата-аналардың ойына қозғау салып, өз баласының тұлғасын өздері, өз өнегесімен қалыптастыратынын түсіндіреді. Уақыт, табандылық, төзім, ата-анаға деген мейірім өз балаларының тәрбиесіне, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауына міндетті түрде түрткі болады. 
     Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.  
       Мектеп пен отбасы ұлттық сананың қорғаны болуға, оқушылардың бойында туыстық сезім, ата-ана, жас балалар, қарттар алдынға парыз сезімін қалыптастыруды үйретуге тиіс.   

«Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде болмасын үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды ой айтқан. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді.
Отбасы – белгілі-бір дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеялды, жақсы сөз, ұнамды мінез, ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін тауып, ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарастарынан елеулі қателіктерді байқап жүрміз. Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне алып, тәрбие мен білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Енді біреулері баласын орынсыз сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі «адам болар бала өздігінен оқып үйренеді» дегенді алға тартады. Мұндай теріс түсініктер баланың келешегіне зиян келтіреді. Ал, орынсыз балағаттап, баланың абыройына нұқсан келтіру ата-ананың бала алдындағы, қоғам алдындағы беделін төмендетеді. Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін ата-ана, мектеп,   қай кезде де бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.
Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Тәрбие ісіндегі ең басты жауапкершілік өздерінде екендігін ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә артатын ата-аналардың кездесіп жататыны өкінішті-ақ.
Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана, мектеп пен бала ынтымақтастықта отырып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра білгеніміз жөн. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады .Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

      

Оқушыларды  тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі

 

    Мұнда отбасы мен мектеп байланысының тығыздығын және де қоғамнан тыс қалмау қажеттігін көрсетілген. Тұлға дамуында отбасы, мектеп, қоғам қажеттілігі басты орында.  

   Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы дегенді білдіреді.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбесінде – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ортақ келісімде іс-әрекеттер, өзара түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ынтымақтастығы, жасөспірімдердің бірі-бірімен ынтымақтастығы және отбасы мүшелерінің ішкі ынтымақтастығы да аса маңызды факторлар екендігі айту керек.

Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жасөспірімнің тәрбиесін жақсарту мақсатында бағытталған, келісілген, үйлестірілген, әсер ететін шаралардың бір жүйеге бірігуі.Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жоғары өлшемді болуына сынып жетекші,тәрбиеші, педагог-психолог, әлеуметтік-педагогтың орны ерекше.  Сонымен қатар пән мұғалімдері де жасөспірімді тәрбиелеуде өз үлестерін қосып отырады. Олар жасөспірімдердің пәнге деген ынта-ықыласына байланысты жасөспірім бойындағы белгілі бір ерекшеліктері, қызығушылықтары арқылы тәрбиелей алады.


Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісімен негізгі міндеттері.

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.       

 3. Ата–аналар ұжымын құру.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.  

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары:  тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық. Міндеттер: ата- аналардың  белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналардың педагогикалық білім –біліктіліктерін арттыру,ата–аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

Сынып жетекшісі және ата – аналармен  қарым – қатынасының формаларының өзі екіге бөлінеді, дәстүрлі және дәстүрлі емес.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке  ақыл-кеңесі, әңгімесі; оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме; ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі.

 

 

Мектептің  педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстары (педагогтармен  ата-аналардың негізгі өзара әрекеттестіктері)

 

 .

Е.Н. Ильин өз еңбектерінде мектеп пен отбасының байланысы жөнінде жазған. Ол мектеп пен отбасының ынтымақтастығындағы тағы бір әдістің түрі    «ашық хат» үлгісін алып көрсеткен  . Осы «ашық хатты» қазіргі кезде де қолданысқа жеткізсек, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы нығая түсуші  еді. «Ашық хат»түрі  мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, сынып жетекшінің және тәрбиешінің  ата-аналармен жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Ашық хаттың мақсаты: оқушылардың ата-аналарына өз балаларының оқу-үлгерімі жайында мадақтап хат жіберу, сол арқылы ата-аналарды жиналысқа толық  қатыстыру, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

 

 

 

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШҚО «Жетім балаларға арналған арнайы жетім балалар мектеп-интернаты»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педкеңес тақырыбы:Отбасы мен мектептің өзара қарым-    қатынасының тиімділігі.

Эффективность взаимоотношений школы и семьи

 

 

 

 

 

Баяндамашы: Турекенова М.Б.

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы.

2015 жыл


 

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.

Введите аш email *

Это поле не может быть пустым.

Скачать материал

Вверх

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!