«Балалар үшін ең үздік қимылды дидактикалық ойындар картотекасы» байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балалар үшін ең үздік қимылды дидактикалық ойындар картотекасы» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша әдіскерлеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заттық дамытушы ортаның маңызы


«Балалар сұлулық əлемінде, яғни ойын, ертегі, əн, сурет, қиял жəне шығармашылық əлемінде өмір сүруі керек. Бұл əлем баланы қоршап алуы қажет...», — деп В.Сухомлинский айтқандай, мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру керек. Қажетті дамытушы орта — педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық-педагогикалық шарттардың жиынтығы. Бұндай ортада бала белсенді танымдық, шығармашылық іс-əрекетке қосылады, қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.

Педагогтардың жасақтаған дамытушы орта модельдері педагогикалық ұжымның көп жылғы іс-тəжірибелері мен шығармашылық ізденістерінің нəтижесі болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі заттық ортаны ұйымдастыру əр тəрбиешінің шеберлігіне байланысты. Егер заттық ортаны қозғалмалы етіп ұйымдастырса, баланың қалауын есепке ала отырып, оның орнын ауыстырып отыруға болады. Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы жəне жоғары шығармашылық əрекет қажет. Себебі ойыншықтардың алуан түрлі болуы баланың дамуына негізгі жағдай болып табылмайды. Сондықтан тəрбиешілер топты дұрыс стандартты емес жабдықтай білуі керек.

Бұл кеңістіктің көлемі мен ұйымдастырылуы баланың жас ерекшеліктерімен байланысты.

Заттық-дамытушы орта тəрбиешіге не үшін қажет? Мектепке дейінгі баланың жеке жəне жалпы дамуын жүзеге асырудағы тəрбиешіге өте сапалы көмекші құрал болып табылады. Дамытушы орта балалардың алуан түрлі жəне мақсатқа бағытталған белсенді əрекеттерінің көптеген мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Балалардың əрекеттерін ұйымдастыруда арнайы кеңістік ретінде тəрбиешіге қызмет көрсетеді, тəрбиелеу үдерісіне ықпал етеді. Тəрбиешінің қызметі заттық-дамытушы ортаны жəне оның құралдарын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың өз бетінше оған табиғатынан тəн қасиеттерін анықтауға жəне дамытуға көмектесу болып есептеледі. Тəрбиеші арнайы құрастырылған заттық-дамытушы ортада тəрбиелеу жəне білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдіс-тəсілдерді, формаларын пайдалануы қажет.

Тəрбиешінің мақсаты мектепке дейінгі мекемедегі тəрбиеленуші дамуының əрбір кезеңінде жеке шығармашылығын қалыптастыруды жүзеге асыру үшін заттық-дамытушы ортаны көп кезеңді, көп қызметті етіп құрастыру болса, тəрбиешінің міндеттері:

  • заттық-дамытушы ортаны қажетті құраммен толтыру жəне құрастыру;

  • баланың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін, өз бетінділігін жəне шығармашылығын қалыптастыруда заттық-дамытушы ортаны ұтымды пайдалануға жағдай жасау.

Тек осы мақсат-міндеттер орындалған кезде ғана, мектеп жасына дейінгі баланың қалыпты дамуын, шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етуге деген мүмкіндік артады. Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап — оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс. Баланың ортасын дұрыс ұйымдастыру тəрбиелеу мен оқыту үдерісін даралауға мүмкіншілік береді.

Осы мақсатта топтар арасында «Балалар үшін ең үздік қимылды дидактикалық ойындар картотекасы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5 топ қатысады. Тәрбиешілер байқауға өздерінің ұйымдастырылған оқу қызметі барысында қолданылатын сергіту сәті, ұйқыашар жаттығулары, таңертеңгі жаттығу, серуен кезінде ойналатын қимылды ойындардың дидактикалық материалдарын ұсыну қажет болатын.






«Балалар үшін ең үздік қимылды дидактикалық ойындар картотекасы»

байқауының ережесі


1. Осы ереже балалар үшін ең үздік қимылды дидактикалық ойындар картотекасы сайысының мақсаты мен міндеттерін анықтайды. (Әрі қарай-байқау) оны ұйымдастыру, өткізу, конкурстың қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібі.


1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- серуендеуде және ұйымдастырылған оқу қызметтері кезінде балалардың бірлескен және дербес қимыл-қозғалыс іс-әрекеті үшін оңтайлы жағдай жасау.

- мектепке дейінгі мекеме педагогтарының кәсіби деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша толық іске асыру;

- тәрбиеленушілердің ата-аналарын мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне тарту;

- білім беру қызметінің әдістемелік жабдықталуын байыту үшін байқау мүмкіндігін пайдалану.


2. Байқауды ұйымдастыру

2.1. Байқау «Ақерке бөбекжай» КМҚК-да өтеді.

2.2. Конкурсты дайындау, өткізу және ұйымдастыру қазылар алқасымен қамтамасыз етіледі.

3. Байқауға қатысушылар

3.1. Бөбекжайдың барлық педагогтары мен барлық топтың ата-аналары

4. Конкурс өткізу орны, уақыты, шарттары

4.1. Байқаудың өту уақыты: 08.01 - 22.01.2019 ж. дейін.

5. Байқауды бағалау критерийлері

5.1. Безендіруге қойылатын талаптар:

- эстетикалық - 5 балл;

- бірыңғай стильді болуы - 5 балл;

- пайдалану ыңғайлылығы - 10 балл;

- ұзақ мерзімділігі - 10 балл;

- тәжірибесі - 10 балл;

-балалардың жасына сәйкестігі - 5 балл;

- ата-аналардың картотеканы құруға қатысуы - 5 балл;

- тәрбиешінің өз картотекасын таныстыру қабілеті - 10 балл.


6. Байқаудың қазылар алқасы

  1. Назирова Айзат Абеугалиевна – директор

  2. Жылкыбаева Казына Оразалиевна – әдіскер.

  3. Мукушева Айша Данияровна – музыка жетекшісі

  4. Иманбай Нұрбахыт - педагог-психолог


  1. Байқаудың қорытындысы

І, ІІ, ІІІ орын беріледі, жүлдегер топтар сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталады. Ең белсенді қатысқан ата-аналар топтың ата-аналар жиналысында алғыс хатпен марапатталады.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2019
922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі