Балаларды ауыз әдебиеті арқылы көркем сөйлеуге баулу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаларды ауыз әдебиеті арқылы көркем сөйлеуге баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыз әдебиеті арқылы тәрбиеленушілерді қазақ халқының құнды еңбектерімен таныстырып,оларды отан сүйгіштікке,шешендікке баули отырып,көркем сөйлеуіне ықпал ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Себенова Акыл Сериковна

Балаларды халық ауыз әдебиеті арқылы, көркем сөйлеуге баулу.

(Эссе)


«Біз балалық шақты уайымсыз-қайғысыз, 
қуаныш пен ойынның, ертегілердің шағы деп есептейміз. 
Бірақ бұл - өмір ағымы. Адамгершіліктің тамыры тура 
осы уақытта жинақталады.» 
В.А.Сухомлинский.


Болашақтың базары да, келешектің кемеңгерлері де балалар емес пе? Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу - әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғаш рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзекті жері - ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялтады. Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: «Торғай», «Бақа-бақа балпақ», «Қарғалар», «Санамақ», тағы басқалар сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, әуендік үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Баланың тілін дамытудың негізі көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып өтетін болсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суретті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы қызық, қорқыныш сезім тудырмайтын, халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Мысалы «бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық», шығармаларын ұсынуға сондай ақ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы  өткізуге болады. Ол үшін алдын ала дайындық кезегінде рольдерді бөліп беру, әр кейіпердің дауыстарын келтіріп, еркін ойнауға машықтандыру керек. Рольдерге бөлініп  ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есінде жатталып қалады.

Жаңылтпаш - қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады. Оның атқарар қызметі аз емес. Олар көбіне баланың ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейте түседі. Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі. Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуы тиіс, баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.

«Туғанда дүние  есігін ашады өлең» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу - тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін, халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойына қалыптастыра білген. Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады.

Ендеше ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жандандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты, сыпайы, алғыр, батыл, зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық. Өйткені қазақтың халық ауыз әдебиетімен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие-өнегесі көргенді болмақ.   



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі