«Балалардың бал мекені Арайға-10 жыл»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балалардың бал мекені Арайға-10 жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт.Балаларды құттықтау."Арай" балабақшасының 10 жылдағы жақсы жетістіктерін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт сценарий-2018ж.

Тақырыбы: «Балалардың бал мекені Арайға-10 жыл»

І жүргізуші:

Балабақша !

Мекені пәк күлкі,

Шаттық үннің.

Балабақша!

Бастауы қоғам атты

Құдіретті әлемнің.

Балабақша !

Ең алғашқы қадамы ,

Білім деген ғаламның.

Балабақша!

Ірге тасы

Достық пенен бірліктің.

Балабақша !

Тал бесігі тәрбие мен тәлімнің.

Міне, біз бүгін Киелі Маңғыстаудың бір бөлшегі , сан жылдарға ұласқан тарихы мол Ұштаған ауылында тағы бір атаулы күннің куәсі болып отырмыз.

Ол осы іргесі сөгілмеген мекеннің ел ертеңі бүлдіршіндерге арналған « Арай » балабақшасының 10 - жылдық мерей тойы.

« 10- жыл » айтуға оңай. Бірақ , Ел ертеңі , келер күндер иелерін тәрбиелеп баулу жолында білімі мен білігін, жан жылуы мен мейірімін аямай еңбек етіп жүрген жандардың қиын да қызық күндері мен айлары, жылдары. Осы жылдар ішінде біздің балабақша « 250 » тарта бүлдіршінді қанатын қатайтып, өзінше ойлай алатын, жақсы мен жаманды айыра білетін деңгейге жеткізіп, білім жолына аттандырды.

Халқымыздың заңғар ұлы Мұхтар Әуезов « Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаса керек. Олай болса ел ертеңін мәпелеп, ұлттық рухта тәрбиелеудің бастауы ең бірінші отбасы болса , ал, екінші ұя бұл – балабақша. Олай болса Біз осы жолда өздеріңізбен бірлесе отырып, 10 жылды артқа тастадық.

ІІ жүргізуші:

Әлемге той деп бүгін жар саламыз

Қонақтарды құрметпенен қарсы аламыз

Мерей тойын бақшаның жұп жазбай

Келіңіздер баршамыз қарсы аламыз

(Сахна сыртынан оқылады)

(Слайд балабақшаның ашылғанынан бастап осы күнге дейінгі көрінісі көрсетіліп тұрады)

I Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым-Балаларды     қорғау күні құтты болсын!  Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз!

II Жүргізуші: Добрый вечер,  дорогие гостьи, родителей и детеи! Мы поздравляем вас с  Международным Днем защиты детей.

Юбилей - какое слово!

Это праздник, это торжества!

Это день когда друзей так много

И здесь радость и тепло!

Мы все вам желаем здоровья и силы

Чтоб молодость, счастье, удачу, успех

Судьба вам дарила всегда без помех.

В этот светлый и радостный день вам дарят свои песни и танцы  воспитанники нашего детского сада «Арай».

IIІ Жүргізуші: ағылшын

Ән: «Біз балдырған баламыз »

ІІ жүргізуші:

Ауыл қамын ойлап асылдар,

Біздер бармыз өздеріңді бақ – санар

Қуанышты сыйлай білген сіздерге

Шексіз риза ата – аналар мен балалар – деп ауылымыздың әкімі

Молдашева Ж.Т. балабақша директоры Нурова Р. Және қонақтар мен ата – аналарға құттықтау сөзі беріледі.



I Жүргізуші: Құрметті қонақтар Арай балабақшасы мамыр айының 28 – күні Маңғыстау ауданының әкімінің № 20 қаулы негізінде құрылған. 2016 жылы заман талабына сай 80 орындық балабақша салтанатты түрде ашылды . Әр топ жас ерекшелігіне орай ойын алаңдарымен қамтамасыз етілген. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы. Халқымыздың әдептілік , инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы.



II Жүргізуші: Ал, осы жылдарда ұжымның жеткен жетістіктері аз емес. Осы жылдар ішінде «Арай» балабақшасы талай белестерді бағындырды. Атап айтқанда 2014 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бірінші Республикалық «Үркер» марафонының алғыс хатымен және Зияткерлік балабақша кубогімен марапатталды. Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығы «Білім ұясы: Ең үздік мектепке дейінгі ұйым - 2014» байқауының жеңімпазы. 2014 – 2015 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдар бойынша білім мен тәрбие саласындағы ерекше жетістіктері үшін І орынға , 2015 – 2016 оқу жылында білім саласын дамыту бағытындағы критерийлер бойынша рейтинг қорытындысымен «Арай» ұжымы ІІІ орынға ие болды және алғыс хаттармен марапатталды.

Аудандық, Облыстық «Ханталапай» ұлттық ойындарын насихаттау бағытында өткізілген сайыста 2016 – 2017 – 2018 жылдары 3 – жыл қатарынан жеңімпаз атанды.

Аудандық, облыстық «Жауһазын» балалар өнер фестивалінен 2008 – 2009 – 2010 – 2014 – 2016 – 2017 – 2018 жылдары «Нұрға бөлену», «Ән қанаты», «Би ырғағы» бойынша жеңімпаз атанды.

IІ Жүргізуші: «Арай» балабақшасының бүлдіршіндері 2014 – 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бірінші Республикалық «Үркер» марафонынан Жақсылық Жансұлу бас жүлдемен және кубок иегері атанды. Бақыт Бекарыс І орын жүлдегерлері атанып, Үркер энциклопедиясына енді.

2015 – 2016 жылдары Ғалымжанұлы Абай, Асқар Дастан, Жақсылық Айзере жүлдегері атанды.

Халықаралық Генофонд қорының ұйымдастыруы бойынша өткізілген сурет байқауының жеңімпаздары Мұратбай Мирас, Бауыржанұлы Оқшантай, Алимжанұлы Исатай, Республикалық «Жас саулетшілер» байқауы бойынша бір топ бүлдішіндер, атап айтсақ; Әнес Жаңалық, Сейпуллаұлы Дарын, Тұрғанбай Айзере, Садирова Гүлжазира, Тыныштық Ақнұр, Бақытжанқызы Ақжайна, Мұхамбет Серібек, Ғалымжанұлы Асар, Мұратбай Мирас, Ысқақ Абылай, Алимжанұлы Исатай, Бекес Ақбөбек, Қанатұлы Дінмұхаммед, Жақсылық Ибрагим, Ерболсын Қарақат.







«Арай»балабақшасының тәрбиешісі: Жумабаева Акайнаш Кошкарбаевна

Осындай дарынды балаларды балабақшаға 5 - бала санынан асыра берген отбасылар:

Теңеловтар отбасы – 10 бала

Қойшыбаевтар отбасы – 9 бала

Жақсылықовтар отбасы – 8 бала

Алымовтар отбасы - 6 бала

Кеңесовтар отбасы – 6 бала

Мұратбаевтар отбасы – 5 бала

Көшербаевтар отбасы – 5 бала берген осы отбасыларға ерекше алғысызды айтамыз



ІІ жүргізуші:

Елбасымыздың болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған «Балалардың бал мекені Арайға – 10 жыл » атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!

Ұрпақ тәрбиесі шектеулі күндер емес. Ол айлар, жылдар үздіксіз толғаныстың , шексіз ізденістің нәтижелері. Сол ізденістеріміздің нәтижелері мен жемістерін сіздерге ұсынбақшымыз. Көріп – тамашалауға шақырамыз.

Ендігі кезекті концерттік бағдарламамызға береміз.

І жүргізуші:

Осы жылдар ішінде біздің балабақша « 250 » тарта бүлдіршінді қанатын қатайтып, өзінше ойлай алатын, жақсы мен жаманды айыра білетін деңгейге жеткізіп, білім жолына аттандырды.

Бүгін міне, сол қанаты қатып, ұямыздан ұшқан түлектеріміз өздерінің жүрек жарды тілектерімен құттықтауларымен келіп отыр.

Шақырайық түлектерді ортаға,

Айтылсын жақсы тілек қаншама

Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп,

Өнерлерін көрсетсінші баршаға.

Ендеше балабақшамыздың І түлектерінің атынан Қойшыбай Марас құттықтау тілегімен. Қарсы аламыз.

Мұратбай Моншақ, Асылбекқызы Фариза, Дүйсенбекқызы Ұлдайдың орындауында

Ән: «Мереке»

ІІ жүргізуші: ІІ түлек

Талай – талай түлектерді түлекткен,

Балалардың бақытна бөленген.

Жас ұрпақтың саналы боп өсуі,

Балабақша еңбегінен көрінген – деп, Жаңбырова Перизаттың орындауында «Балалық шаққа саяхат» әнімен қарсы аламыз.



І жүргізуші: ІІІ түлек

Өнер десе өрілген,

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырсақ

Биімен - балабақшамыздың ІІІ түлектерді « Балалық шақ»

биімен «Қызғалдақ» би тобын қарсы аламыз

Сарғожаева Ақбөбек «Көңілді көктем» әнімен қарсы аламыз

ІІ жүргізуші: ІҮ түлек

Гүлмен келсін келер күн,

Бала – бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің - Қойшыбай Дарияны өзінің ақ тілегімен қарсы аламыз.



І жүргізуші: Ү түлек Ермұрат Абылай «Бір жұлдызы боламын менде» әнімен.

2013 – 2014 – 2015 жылғы түлектерді «Конфетки» биімен қарсы аламыз.



ІІ жүргізуші: ҮІ түлек

Сәрсенбекқызы Қаламқас «Әкем, анам» әнімен қарсы аламыз.



І жүргізуші:

Сәулесі әлем төріне,

Сәбидің пәк жанды үнімен

Сыр – сезім тасып төгілген,

Шұғылалы шалқар көңілден,

Балауса балғын балаға,

Тәлім – тәрбие қасиетін

Тал бесіктен бере білген – деп, балабақшамыздың бүгінгі бүлдіршіндерін қарсы аламыз.



ІІ жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің орындауында хор «Туған ел»

«Балалығым бал әнім»

«Достарым»

І жүргізуші:

Бүгін туған күніміз,

Қолда шоқ – шоқ гүліміз

Көңіліміз көркейді

Көп ән мен би де жырымыз – деп бақшамыздың кішкентай балапандарын «Көңілді шарлар» биімен қарсы аламыз.



ІІ жүргізуші:

Біз өнерлі баламыз,

Көңілді аулай аламыз,

Балабақша төрінде

Алау болып жанамыз – деген балаларымызды ортаға «Көңілді балалар» биімен шақырамыз.



І жүргізуші:

Тақпақ айтып кезектесіп, бір – бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп! - дей келе, - кезекті «Қуыршақ» биіне береміз.



ІІ жүргізуші:

Жасымызға жас қостық

Жақсы күнде бас қостық

Арманы бір құрдастар

Ағайын боп достастық

«Біз біргеміз» биімен балдырғандарымызды қарсы аламыз.

І жүргізуші:

Ендеше балабақшамыздың мақтаныштары кешегі ауданда өткен «Жауһазын» балалар өнер фистивалі – 2018 байқауының «Би ырғағы» бағыты бойынша бас жүлдегерлері, бақшамыздың тәрбиеленушілерін «Буратино» биімен қарсы аламыз.

Ұлы Абай бабамыз:

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,

Ақырын жүріп, анық бас еңбегің кетпес далаға ...- деп, осы бір аяулы жандарға арнап айтқан ғой.

Аяулы да абзал ұстаз – тәрбиешілер , мерейлеріңіз үстем, еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау болып әр күндеріңіз мерекелі болсын !

Осы жылы балдырған ұясынан ұшқалы отырған түлектер, «Өмір» атты дарияның батыл да батыр, білімді де білікті көшбасшысы болыңдар !» .

Ал, енді қабылданар бүлдіршіндерге « Қош, келдің, Балапан ! » дей, отырып

Бүгінгі мерекелік кешімізде өз мәресіне жетті. Келіп – көріп тамашалаған-дарыңыз үшін көп – көп рахмет. Келесі кездескенше күн жақсы ағайын. Сау болыңыздар.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
2636
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі