Материалдар / Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ өткізгенде
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

Сабақтың мақсаты

Балалардың көшеде,жолда жүру қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Құндылықтарға баулу

Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:  

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?!


Сабақтың ортасы

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

-Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Біз бақшаға барамыз.

Оқу білім аламыз

-Балалар, бүгін біздің сабақта БДПП полиция бөлімінің полиция лейтенанты Аубакиров Рустам Рахадұлы қонақта.

-Көліктер қайда жүреді?   - Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады екен?  -Ұзын, қысқа, тар-кең

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?   -Жаяу жүргіншілер.

 Слайд  көрсету:

«Сақта  жолдың  тәртібін» 

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  .

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 


Ой толғаныс: «Венн диаграммасы»

Ортақ  қасиетін салыстыру.  Ескерту, тыйым  салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.

Жол белгісі суреттері:

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.   

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).    -

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын. 

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді.   -

- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады

Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    Бағдаршам

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

-Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?

  - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   

-Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.  Бұлар нені білдіреді?

  - Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.

«Жаяу жүргіншілер өтпесі»

-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.

Түрлі-түрлі  белгілер бар тұратан.

Жүресің бе?  Жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.      

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      

Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!         

Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      

Бірге, жақсы жасады.

-Ендігі кезекті БДПП полиция бөлімінің полиция лейтенанты Аубакиров Рустам Рахадұлына сөз береміз.

«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.

- Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға  болмайды екен.

Көшеде абай болыңдар?


бағдаршам, венн диаграмма, 

жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер,  

слайд арқылы суреттер

көрсету , жол макеті





Сабақтың соңы

Рефлексия

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?   

  Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? 

- жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды? 

- Аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? 

- жүргіншілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? 

- Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? 

- Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар!

- Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.

Бүгін бізге қонаққа кім келді?  

Қандай ойындар ойнадық? 

  - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар. 

Кері байланыс парағы. « Бағдаршам » әдісі бойынша.


Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



ЖИ арқылы жасау
01 Қараша 2019
8780
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі