БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ДАМЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
«Баланың
қиялы, әсіресе,
ойында
жарыққа шығады.
Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс.
Ойнағанда
бала жанындағы
әсерлермен
пайдаланады.
Айналасындағы
тұрмыста
нені
көрсе, соны істейді.»
М.Жұмабаев.
Логика дегеніміз ойлауды дұрыс құрудың заңдары
мен формалары, ережелері жәйлі философиялық ғылым. Логика пәні
негізінен адамның ойлау үрдісін зерттейді. Ал ойлау дегеніміз алуан
түрлі астары бар аса күрделі процесс. Логика ойлау үрдісін ең
алдымен дүниені танып білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстардың ой-санадабейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс
формалары мен заңдарын, ережелерін
қарастырады.
Логикалық ойлау ерекшелігі - қорытындылардың
қисындылығына, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға тускен
құбылыс түсінділерді, себептерді мен салдарлары қатесіз анықталады.
Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық жолмен
ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске
шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында «Жалпы ережелер» бөлімінде: Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен
әдістемелік нұсқауларды әзірлеу деп айтылған. Тәрбиешінің алдында
түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік
сапаларын дамыту міндеттері тұр.
Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын,
олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу
жолдарын меңгереді. Ойлау дегеніміз, ең алдымен шындық дүниенің
адам миында бейнеленуі болып табылады. Cебебі, заттар мен
құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын ішкі
қасиеттерін, мәнімен сырын тек ақыл-ой арқылы, ой қорытындылар
жасау арқылы ғана танып біле аламыз. Сондықтан мектепалды даярлық
топтарында,ересектер топтарында баланың көрнекі - әрекеттік және
көрнекі - бейнелілік ойлау түрлерін берік қалыптастырып, сөздік
логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар
жүргізілуі қажет. Көрнекі-әрекеттік ойлау - нақты заттарды
пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл
түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс – әрекетін
саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету
қабілеті дамытылады. Көрнекі - әрекетті ойлауды жетілдірудің
негізгі жолдарының бірі,балалардың алдына бір белгілі мақсат қоя
отырып, ойыншықтармен, құрылыс заттарымен жұмыс жүргізу көзделеді.
Мысалы: «Несі ұқсайды, қандай айырмашылығы бар?», «Қайсысы артық?»
ойыны арқылы балалар екі затты салыстырып, айырмашылығын айта
алады. Немесе «Бір сөзбен ата» ойыны арқылы балалардың заттарды
жинай білу қабілеті дамиды.Көрнекі- бейнелілік ойлау- заттардың
бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді
көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында
мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі
әдіс- тәсілдерін табу қабілеті дамиды. Жетілдіру жолдары:
сызбалармен жұмыс, тізбек құру, үстелге қойып ойналатын арнайы
ойындар (шахмат,текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар). Сөздік -
логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен
нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты
шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың
бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан
ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Мектеп
жасына дейінгі балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту құралы
ретінде жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығұларды,сан
- алуан сөзжұмбақ, ребустарды, логикалық ойындарды т. б пайдалануға
болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында
ойын әдісінің орны ерекше. Бала дидактикалық ойындардың
тапсырмаларын, сұрақтарын дұрыс түсініп, оларды орындауын
қадағалаймыз. Балабақшада әсіресе дидактикалық ойыншықтар арқылы
жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Белгілі тапсырма
міндеті, ережесі бар дидактикалық ойындар да ұйымдастырылады.
Дидактикалық ойындарда әр түрлі ақыл ой әрекеттері іске асады.
Мысалы; «Танграм» ойынын балаға ұсына отырып, қандай пішіндер,
олардың орналасуы, сан сияқты қарапайым математикалық ұғымдарды
кеңінен жеткізе аламыз. Олардың қарапайым математикалық түсінігін
қалыптастыру үшін де,тілін дамытып, грамматикалық құрылысты білдіру
үшін де, айналадағы дүниені таныстыру үшін де, ойын әдістері
қолданылады. Әр қашанда ойынның басшы рөлін тәрбиеші атқарып
отырады. Ойын барысында балалардың еркін қарым–қатынас жасай алуын,
сұрақтардың
жауабын тілектеспен тыңдай алуын қарастырып
отырады. Ойыншықтарды, керекті құралдарды салыстырмалы түрде,
үйлесімді және балалардың үнемі талдау жасай алуына, өз
қорытындыларын жасай алуға және дұрыс тиімді таңдай алуға
болатындай етіп жағдай жасайды. Баланың жеке-дара келу үрдістеріне
келетін болсақ, олар ақыл- ой дамуының әртүрлі дәрежелерімен
ерекшеліктерін біз білеміз.Сұраққа жауапты бірі тез табады,екіншісі
ұзақ ойланады, бірі білімді тез меңгереді, екіншісі баяу
қабылдайды. Тәрбиеші жұмысын балалардың осындай жеке -дара
ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастырады. Балалардың әдет –дағдысының,
мінез- құлық қалыптасуы да түрліше болады. Бұл үрдіс тәрбиешіден әр
баланың ерекшелігін білуді, қабілеті мен мүмкүндігіне қарай әдіс-
тәсілдерді таңдап алуды талап етеді, сүйтіп оқытудың түсінікті
болуына жол ашады.Біз тәрбиешілер аталған дидактикалық үрдістерге
жеке көңіл бөлсек, оқыту ісінде жақсы нәтижелерге жете
аламыз.
Дидиактикалық ойындар арқылы дамытып , көздеген
мақсатымызға жете аламыз. Мысалы: «Не артық?» ойыны барысында
балалардың үй жануарларымен жабайы аңдарды, не болмаса олардың
төлдерін ажырата алуын, не үшін үй жануарлары деп, не үшін жабайы
аңдар деп аталатынын салыстырып, дәлелдеп анықтайды Мысалы:
Логикалық тізбек ойындары.
Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру,
жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың
логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына мақсатты
түрде білім беру мамандарының, ата - аналардың, балалардың
бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Балалар ойыны заттық – қол қимылының
(пирамида жинау, текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап
интеллектуалды даму ойынына дейін жетеді. Логикалық ойлауды
дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады. Бұл ойындар
арқылы баланың интеллектуалды дамуы тек белгілі бір білім көлемін
ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге,
ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің;
танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды .
Мысалы, «Суреттерді есте сақта», «Керекті пішіндерді тап», «Қайсы
пішін артық?», «Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі
саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың
сөйлеу тілін деқалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды
интеллектуалды дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге,оның
тәжірибелік мәнін түсінуге септігін
тигізеді.
Қорытындылай келе, баланың жан – жақты үйлесімді
дамуы- ойлаудың әр түрінің өзіндік маңыздылығын ескере отырып дәріс
беруде деп айтуға болады. Олай болса, мектепке дейінгі балалардың
ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып білудің, олардың
арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін
қалайды. Ақыл - ойдың дамуы баланың өзін қоршаған дүние туралы
алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады. Сонымен,
ақыл - ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның
айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз
ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын
қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа
құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен
түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің
басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз,
кейде таяз,қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың
білім қорының бірізді молаюына, бірте- бірте, ретпен, жүйелі
жинақталуына көмектесу болып табылады. Баланың түйсік, қабылдау,
ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту
ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық
ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым
тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып ,көздеген
мақсатымызға жете аламыз. Мысалы: «Не артық?» ойыны барысында
балалардың үй жануарларымен жабайы аңдарды, не болмаса олардың
төлдерін ажырата алуын, не үшін үй жануарлары деп, не үшін жабайы
аңдар деп аталатынын салыстырып, дәлелдеп
анықтайды.
Әдебиеттер
1.
Равновесие Нэше, свободная
энциклопедия
2.
Қазақтың ұлттық ойындары
3. А.Ж.Едігенова «Ойната отырып тәрбиелеу»
2010ж