Материалдар / БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ


Бирмагамбетова Гулназ Самалыковна

Есет батыр атындағы мектеп – бақша тәрбиешісі

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.

Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.  

Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады.

Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балалардың икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық ойлаудың көрсеткіштері:

1.Қойылған сұраққа ойланып жауап берулері.                                                       2. Тың идеяны қабылдай  алуы.

3. Өз қабілетін көрсете  білулері.

4. Жаңа бір нәрсені  ашуы.

Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, бұрынғы материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар арасында жұмыс жүргізгені абзал.

Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды ретінде шығармашылық жаттығулар қолданылады. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып балалардың  тек қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамытуға мүмкіндік бар.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамауға тиіс. Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр оқу қызметі сайын тапсырмаларды қиындатуға болады, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.

Берілген тапсырмалардың міндеті - баланың ой- өрісін, тілі мен сөйлеуін үш бағытта дамыту:

1. логикалық;

2. жаңалық ашу;

3. шығармашылық.

Оқу қызметі балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында тапсырмалардың мынадай түрлерін  пайдалануға болады:

1. Ми қозғау жаттығулары.

2. Ойлау сәті.

3. Психикалық механизмдерді  жаттықтыру.

4. Көңілді үзіліс.

5. Логикалық тапсырмалар.

Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі баланың қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз.

«Ойын - бұл өзінше бір мектеп. Осы ойын түрлері арқылы балалардың мінез-құлқы, олардың өмірге, қоршаған ортаны танып білуге деген, бір-біріне деген танымдық көзқарасы қалыптасады». В.А. Сухомлинскийдің осы сөзі ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалатынын дәл көрсетеді. Ойындарды қолдану қызметі әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.




23 Желтоқсан 2023
229
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі