Материалдар / Балалардың тіл кемістігінің түрлері және оны түзету жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың тіл кемістігінің түрлері және оны түзету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым. Логопедия пәні сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады. Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері мынадай: · Дислалия– есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тілдік дыбыстардың бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік. · Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық–функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігнің, тембрінің, дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Синонимдері мұрынмен сөйлеу. · Дизартрия– жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады .Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айрылады. · Тұтықпа-
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАҚ

Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.

Логопедия пәні сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады.

Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері мынадай:

· Дислалия– есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тілдік дыбыстардың бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

· Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық–функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігнің, тембрінің, дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Синонимдері мұрынмен сөйлеу.

· Дизартрия– жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады .Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айрылады.

· Тұтықпа- сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы.Синонимдері: логоневроз.

· Алалия- бас ми қабығындағы тіл аймақтары (зонасының) жастайынан зақымдануының әсерінен балада сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.Синонимі: мылқау.

· Афазия- бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жоғалуы, жойылуы.Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адамның сөйлеу қабілетінен айырылуы.

· Брадилалия –сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы.Тахилалия- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс жылдам болуы.

· Дисфония –дауыс шығару мүшелерінің( күші, биіктігі, тембрі) қалыптан тыс өзгеру себептерінен дауыстың жартылай бұзылуы.Афония-дауыстың толықтай жойылуы.

· Дислексия –оқу процесінің жартылай бұзылуы. Алексия оқу процесінің мүлдем қалыптаспауы.

· Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.Аграфия –жазу процесінің мүлдем қалыптаспауы.

· Жалпы тіл кемістігі– есту қабілеті мен ой–өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістектері.ЖТК үш деңгейі бар (1-2-3).

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады

Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс.Дәл уақытында қолайлы жағдай жасай отырып баланың тілінің дұрыс дамуына бағыт берген жөн.

Баланың тамаша сезімімнің дамуын тек қана дыбыс үндестігін айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, оны мәнерлі сөйлеуге үйретіп отырған жөн.Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тіл кемістігін уақытында жоймаса, ол барған сайын ұлғайып, нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте –мөте қарқынды дамиды.Бала 2 жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерде меңгереді.
•    2 жасында -300-400
•    3 жасында -1000-1500
•    4 жасында -1600-1800
•    5 жасында-2000-2300
•    6 жасында-3000-3500 дейін сөздік қоры болады.

Бала дүниеге келісімен оны көптеген дыбыстар қоршайды. Олар ән – әуендер, құстардың дыбысы, иттің үруі, ыдыстың салдыры, адамдардың сөйлеуі. Бала түрлі дыбыстарды естісе де ең бастысы сөйлеу тілі қарым-қатынас үшін қажет.

Сөздерді түсініп айтуы үшін бала интонацияға мән береді. Егер балаға сүйсіне қарап, жылы сөздер айтсақ, ол сөздерге мән беріп күлімсірейді. Егер айғайлап, қатты сөйлесек бала қорқады, ренжиді. Біртіндеп бала сөздерді тыңдап, салыстырып, оларды қайталауға тырысады, сөздердің дыбыстық құрамына көңіл бөле бастайды, дыбыстарды қайталап, ойнайды.

Кейбір кезеңдерде бала үндемейді, дұрыс сөйлемейді. Бұл жағдайда ата-аналар әртүрлі көзқараспен қарайды. Бала сәби кезден бастап ана тілінде еркін сөйлей бастауға дағдыланады. Ал тіл мүкістігі бар бала еркін сөйлей алмай, айналамен қарым-қатынаста көптеген қиыншылықтарға кез келеді. Тіл мүкістігін түзету қазіргі таңда ең үлкен мәселе болып отыр. Оның пайда болу себептері әртүрлі. Егер тіл кемістігін уақытында мектепке дейін түземесе, баланың айналамен қарым-қатынасы қиынға түседі. Көп жылдық тәжірибе бойынша мектепке дейінгі тіл кемістігі бар баламен күнделікті тұрақты жұмыс жасалса, сөйлеу тілінің жақсаратыны дәлілденген. Сондықтан дер кезінде логопедиялық көмек көрсету қажет.

Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей сипатталады:
1. өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді.
2. сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді.
3. баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсер тигізеді.
4. тіл білмейтіндік – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.

Дыбыстарды дұрыс, анық айту үшін алдымен түрлі дайындық жұмыстары, артикуляциялық жаттығулар, ауа ағымын дұрыс шығару үшін арнайы жаттығулар орындалады. Дыбысты дұрыс айтқызғаннан кейін, дыбыстың айтылу артикуляциясы еске түсіріледі. Дыбысты бекіту жұмыстары сөздер, сөйлемдер, өлең жолдары, мақал – мәтелдер , шағын әңгімелер қолдану арқылы жүргізіледі.

Жүргізілетін жұмыстар барысында артикуляциялық  жаттығулар арқылы балалардың тілдерінің, еріндерінің қимылдары жетіледі, ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтып үйренеді. Сөздік қоры толығып, байланыстырып сөйлейді. Сондықтан жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін мектепке дейінгі    4 – 7жас аралығындағы балалармен жүйелі түрде жүргізіп отырған жағдайда ғана тіл мүкістігін түзетуге болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!