Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер - бізді қоршап тұрған барлық нәрсе. Бұл дыбыстар мен түстерге, әсерлері мен ашылымдарымен ерекшеленетін үлкен әлем. Мен үшін Отанымыз алғашқы қадамдармен, алғашқы кітаптармен басталды. Әдемі әдемі елдердің әртүрлілігінен Отан - бұл жылы және жайлы жер, туыстық, тәрбиелеу және тәрбиелеудің түп-тамырымен байланысты орын. Біздің Петровка ауылы СҚОда орналасқан. Бұл ауылды 1891 жылы құрған, ауыл кішкентай болған, әрі қарай шіркеу және мектеп ашылғын, содан сон тұрғындар көбейіп ауыл көркейе берген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу

Еліміздің ертеңгі болашағы-жас ұрпақты азаматтық пен отаншылдыққа баулу.-тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Бұл саладағы күш-жігер алдымен бүлдіршіндерді отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Отан деген ұғым балаға дүне есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын-туыстары, құрбы-құрдастары, туған жері,кең байтақ гүлжазира даласы, тау-тасы, өзен-көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде танылуға тиіс. Азаматтық-Отанға, халыққа деген жоғары адамгершілік сезім, отаныңмен, халқыңмен мүдделес, екеніңе мақтаныш сезімің, досығың, жолдастығың, бірлігің.

Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстан-2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен..

Қазырғы заманда, қоғамда көп өзгерістер өтті, педагогикалық жұмыста ортанғы орын алып отырған бағыттардығ бірі туған жерге, өлкеге деген махаббат.

Мектепке дейінгі балаларға туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу күрделі, маңызды және өзекті процесс болып табылады. Мектепке дейінгі жас бұл балалардың тұлға ретінде қалыптасуға маңызды кезен болып саналады, осы кезде балалар тұлға ретінде қалыптасады, азаматшылық қасиеттері дамыйды, қоғам, адам, мәдениет деген түсіндіктерге ие болады.

Туған өлке – біздің кен-байтақ еліміздің бір бөлігі. Отанға деген сүйіспеншілік біздің туған жерден басталады.

Бұл ерекшеліктер балалардың кіші жасынаң бастап туған өлке туралы түсінік алуға маңызды, туған аймағының ерекшеліктерің балалар кіші кездерінен біле бастайды.

Отандық сезімі балалардың отбасындағы қарым-қатынастан басталады, ең жақын адамдардаң – атасының, әжесінен, әкесінен, анасынан. Отанға деген сезім – үйдегі махаббатан басын алады.

Педагогтармен ата-аналардың міндеті – туған жерге деген махаббаты өсіп келе жатқан жас балада ертерек ояту, алғашқы қадамнаң бастап балалардың адамгершілік мінезін қалыптастыру; туған үйге, балабақшаға, көшеге, туған өлкеге деген махаббаты тәрбиелеу керек, және еліміздің жетістіктері үшін балаларда мақтаныш сезімін ояту қажет.

Отансүйгіштік ұғымын қалыптастыру үшін жасалатын алғы шарттар:
Ана тілді ардақтап, құрметтеу - Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету

Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу - Бойында ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары бар рухани бай адам қалыптастыру

Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу - Азаматтық - патриоттық тәрбие беру. Тұлғалық, азаматтық сана - сезімін қалыптастыру

Бала - елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғаны абзал. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы ғана сіңеді. Оның басты құралы рухани тәрбие. Рухани сезім – ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себепті Кез - келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан - дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсете аламыз. «Өзіңді - өзің танысаң, істің басы»- деген екен Шәкәрім бабамыз. Өзін - өзі тани білу дегеніміз – адамның өзін - өзі тәрбиелеуі. Ал, өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамгершілік мінезді қалыптастыруға бастайтын жол. Адамгершілік бар жерде жақсылық үйлесім тауып тұрады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты, нақты әрекеттерден тысқары тұрған шалқар кеңістіктегі сан алуан құбылыстар мен адамдар әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын байытады. Көркем шығармалардың бала дамуындағы танымдық - адамгершілік, эстетикалық қызметінің маңызы жоғары. Оған бала қиялын дамыту, көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсер етуді, түрлі мазмұндағы өнер түрлерімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілін, баланың дербес сөздік шығармашылығын дамытуды айтуға болады. Тәрбиешіден көркем шығармаларды таңдауда бала ұғымына жеңіл, дамуы мен танымдық жетілуіне әсер ете алатындай мүмкіндіктерді қарастыру талап етіледі. Бала - ұлт болашағы. Бала тәрбиесінде ата - ана балабақша, тәрбиеші болып бірігіп белсене жұмыс жасауы қажет. Ынтымақ пен бірлік, сүйіспеншілік бар жерде тәрбие - береке тауып тұрары сөзсіз. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. 

Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Егер бала бойында адамгершілік құндылықтарын жастайынан көргіміз келсе, оның қалыптасуына тек көмектесуіміз, қолдау жасауымыз керек. Сонда ғана ертеңгі қоғамда бәсекелестікке түсе алатын өзінің біліктілігін жан - жақты көрсете алатын болашақ ұрпақ бойынан адамгершіліктің жоғары құндылықтарын көре аламыз.

Туған жер - бізді қоршап тұрған барлық нәрсе. Бұл дыбыстар мен түстерге, әсерлері мен ашылымдарымен ерекшеленетін үлкен әлем. Мен үшін Отанымыз алғашқы қадамдармен, алғашқы кітаптармен басталды. Әдемі әдемі елдердің әртүрлілігінен Отан - бұл жылы және жайлы жер, туыстық, тәрбиелеу және тәрбиелеудің түп-тамырымен байланысты орын.

Біздің Петровка ауылы СҚОда орналасқан. Бұл ауылды 1891 жылы құрған, ауыл кішкентай болған, әрі қарай шіркеу және мектеп ашылғын,
содан сон тұрғындар көбейіп ауыл көркейе берген.

Соғыс жылдары біздің ата-бабаларымыз фронтқа кеткен, елімізді қорғаған. Ал ақ жаулықты әжелеріміз қол өнерімен айналасып, фронтағы адамдарға жан-жақты көмек берген. 1950 жылдары Петровкада балалар үйі ашылған, соғыстан жетім қалған балаларға баратын жер болып табылады.

Біздың ауылдың тарихы бай. Баяғы кезде бірінші адамдар тұрған болып шықты, ол адамдар қола дәуір кезінде біздің жерде өмір сүрген және біздің тарихымызда үлкен із қалдырған. Тарих сабағында ол кезенді Петровка мәдениеті деп атайды.

Қазырғы кезде біздің туған жеріміз көркейіп жатыр. Бізде мектеп. Мектептің қарамағандағы шағын орталық бар, шіркеу, мешіт, медициналық пункт, дүкендер және тағы басқа мәдени орталықтары бар.

Петровка тарихы өте қызықты, сөйтіп біз балабақша балаларын ақрын тарихтан алған оқиғалар айтып, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12