400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Балалардың ұжымдық қарым -қатынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылы,

№213 жалпы орта мектебінің мұғалімі Ереханова Зейнеш Төреханқызы



Балалар ұжымындағы қарым-қатынасты арттырудағы топтық жұмыстың маңызы

Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып, отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға-мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасетімен тығыз байланысты. Баланың ұжымдағы дамуы мен дұрыс қарым-қатынас жасауында сынып жетекшінің алатын орны зор деп айтуға болады.

Сынып жетекші сыныпта ұжымдық іс-шараларды, топтық сайыстар мен тәрбие сағаттарын жиі әрі сапалы етіп ұйымдастырған жағдайда оқушылардың бойында ұжымшылдық, бауырмалды, адамгершілік қасеттері қалыптасады. Ұжымдылық ол топтағы ынтымақтастық сезімдер, өз өзін топтың бір бөлігі ретінде сезіну, топпен қоғамның пайдасына қызмет етуге деген дайындық.

Сонымен оқу тәрбие ұжымы ол арнайы ұйымдасқан топ, оның мүшелері ортақ мақсаттарды, құндылықтары үшін ортақ екендігін сезеді. Ұжым әлеуметтік арнайы ұйымдастырылған оқушылар бірлестігі ретінде бір уақытта пайда болмайды. Ұжымды қалыптастыру арнайы кезеңдерден және сатылардан өтіп болған ұйымдасады.Алғаш рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрде анықтап негіздегендердің бірі А.С.Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда педагогтің міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процесі жатады деп атаған А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндеттеп, қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады.Оқушының көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі. Топта жұмыс істеу балалардың сыныпта ынтымақтастық орнату үшін, өзара әрекеттестік орнату үшін қажет. Ол үщін топтарды дұрыс ұйымдастырып, ережелерін құру керек. Балалар әртүрлі тәрбие сағаттарының тақырыптары бойынша барынша өз ойын ашық, еркін, жүйелі жеткізе біліуіне сынып жетекші жағдай жасауы қажет. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл әдісте оқушылар ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді. Әр оқушы өз тобының беделін, намысын қорғауға тырысады. Оқушы бойында қиял, шығармашылық дамиды. Қорыта келе, сынып жетекші сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында тәрбие шараларын барынша жетілдіріп, саналы, спалы етіп ұйымдастырған жағдайда, адамгершілігі мол, өз ойын толық жеткізе алатын, көпшіл, ұжымшыл тұлға қалыптастырады деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі