Балаларға өлкетану негізінде танымдық әңгімелерді құрастыру.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.
Өлкетану жұмыстары мектепке дейінгі балалардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы балалар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қоғамдық
қарым - қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру ісіне де ықпал
етуде.
Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында
білім негізін алуға, өзін - өзі дамытуға және адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, еркін бағдарлай
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық салада қызмет
жасайтын барлық ұстаздарға, әсіресе тарихшыларға зор міндет деп
санаймын.
Бүгінгі таңда оқу үрдісін ұйымдастыру білім
берумен ғана шектелмейді, ол баланың жеке дамуына арналған. Ол
үшін, ең алдымен, танымдық іс - әрекеттің маңызды жақтарына көңіл
аударуымыз керек. Ол дегеніміз танымдық әңгімелер жобалау керек.
Өйткені сезімдік таным (қызығу, құштарлық, ынта - ықылас) негізінде
қабылданған білім, іскерлік дағды, әрекеттер баланың даралық
психологиялық қасиеттері мен ақыл - ойының дамуына, танымдық
белсенділігінің артуына
жетелейді.
Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе,
іскерлікті игере отырып, мектептегі өзекті мәселелердің бірі -
өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдарын айқындап, бір жүйеге
келтіру де тарихшы ұстаздардың үлесіне тиіп отыр. Өйткені
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық тарихымызды оқытуға баса
назар аударылды. Әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір
- қасиетін ұққанда, өткен жолын, тар жол тайғақ кешулерін көз
алдынан өткізіп, елдің басын біріктірген тарихи тұлғалардың жат
жұрттан жерін, суын, даласын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған
ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген мақтаныш
сезімі оянады.
Мақсатты, жүйелі ұйымдастыра білсе өлкетану
жұмысының білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік маңызы зор.
Мысалы, сабақ үрдісіндегі жергілікті жерге байланысты деректерді
тиімді пайдалану балалардың тарихи құбылыс заңдылықтарын толық
түсініп, адамзаттың материалдық және рухани байлықты жасаушы
ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсіне білуіне мүмкіндік береді. Өлке
тарихын оқытудың күнделікті өтілетін сабақтардан өзгешелігі бар.
Өзіне жақын да таныс жерлер мен адамдар туралы айтылатын оқиғалар
мен деректер әр нәрсеге қызыққыш, эмоционалды болып келетін
балалардың жан - қуаттарының оянуына түрткі болып, мұндай
ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне қызығушылықпен, белсенділікпен
қатысады. Өлкетану жұмыстарына балалардың ерте кезден араласуы
олардың ой - өрісін дамытады, еліміздің тыныс - тіршілігімен,
шаруашылық өмірімен таныса отырып, қоғамға қажетті білімге
құштарлық, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке өз
бетімен шығармашылық іске ұмтылуына, болашақ мамандық таңдауына да
игі әсер етері сөзсіз.
Осы талаптарға сай ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде бірнеше бөлімдерді қарастыруға болады.
Олар:
1. «Мен, сен, ол, олар - барлығымыз тату отбасымыз» бөліміне оның ішіне:
«Менің сүйікті отбасым», «Отбасымның шежіресі», «Менің мекенжайым», «Сүйікті туған қалам», «Менің көшем», Менің сүйікті балабақшам» деген тақырыптар жатады.
2. «Менің Отаным Қазақстан» бөліміне:
«Менің Отаным», «Қазақстанның рәміздерімен таныстыру», «Туған өлкем», «Менің сүйікті қалам» т .б
3. «Туған өлкеңді біліп, сүйе біл!» бөліміне:
«Туған қаламның тарихы», «Әйгілі жерлестер», «Қаламның көрікті жерлері, мұражайлар».
4. «Біздің мерекелер мен салт дәстүрлер» бөліміне:
Туған елімнің мерекелерін білу, салт дәстүрлерді сақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Балаларға өлкетану негізінде танымдық әңгімелерді құрастыру"

шағым қалдыра аласыз