Балалрға керекті дәрумендер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалрға керекті дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаға қандай дәрумен және қаншалықты ұзақ беру – ата-ананы жиі мазалайтын сұрақтың бірі. Жас ата-ана баланы дәрумен жетіспеушілігінен және тұмаудан қорғау үшін дәрумен беру керек деп ойлайды. Балаға қандай дәрумен қажет және барлық балаға бірдей полидәруменді препараттар беру керек пе? Дәрумендер – тағамдағы химиялық қосылыс. Олардың өсуге, дамуға, зат алмасуға және энергияға өмірлік маңызы бар. Олар өте аз мөлшерде қажет болғандықтан миллиграммен (мг) немесе микрограммен (мкг) өлшенеді. Дәрумендер екі топқа бөлінеді: майда еритін және суда еритін дәрумендер. Майда еритін дәрумендерге А, Е, D және К дәрумендері жатады. К дәрумені ішектерде бактериялармен бірге синтезделеді. D дәрумені теріде ультракүлгін сәуле әсерінен түзіледі. А мен Е дәрумені тамақпен бірге келеді. А, Е, D дәрумендері бауырда және майлы тінде қорға жиналады, сондықтан олардың артық мөлшері синтетикалық дәрумендер түрінде ұзақ немесе дұрыс емес қолдану кезінде улы болуы мүмкін. Бала дұрыс тамақтанса, дәрумендер жеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаға қандай дәрумен және қаншалықты ұзақ беру – ата-ананы жиі мазалайтын сұрақтың бірі. Жас ата-ана баланы дәрумен жетіспеушілігінен және тұмаудан қорғау үшін дәрумен беру керек деп ойлайды. Балаға қандай дәрумен қажет және барлық балаға бірдей полидәруменді препараттар беру керек пе?

Дәрумендер – тағамдағы химиялық қосылыс. Олардың өсуге, дамуға, зат алмасуға және энергияға өмірлік маңызы бар. Олар өте аз мөлшерде қажет болғандықтан миллиграммен (мг) немесе микрограммен (мкг) өлшенеді. Дәрумендер екі топқа бөлінеді: майда еритін және суда еритін дәрумендер.

Майда еритін дәрумендерге А, Е, D және К дәрумендері жатады. К дәрумені ішектерде бактериялармен бірге синтезделеді. D дәрумені теріде ультракүлгін сәуле әсерінен түзіледі. А мен Е дәрумені тамақпен бірге келеді. А, Е, D дәрумендері бауырда және майлы тінде қорға жиналады, сондықтан олардың артық мөлшері синтетикалық дәрумендер түрінде ұзақ немесе дұрыс емес қолдану кезінде улы болуы мүмкін. Бала дұрыс тамақтанса, дәрумендер жетіспеушілігі орын алмайды.

Суда еритін дәрумендерге С дәрумендері мен В тобының дәрумендері жатады. Суда еритін дәрумендер (В12 дәруменінен басқа) ағзада қорға жиналмайды, олар күнде тамақпен бірге келу керек. Егер бұл дәрумендер артық болса, олар сіңбейді, пайдасын тигізбейді, жай зәрмен бірге шығып кетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша балалар дәрумендер мен микроэлементтерді табиғи жолмен азық-түліктер арқылы алу керек. Жақсы тәбетпен қамтамасыз ететін белсенді өмір салтында бала тағамдық топтардың барлық өнімдерін жесе, ол қосымша синтетикалық дәрумендерді қажет етпейді. Бала алуы қажет азық-түлік топтары:

- дәнді дақылдар (жарма, макарон, нан);
- көкөністер;
- жемістер:
- сүтті тағамдар;
- майлар;
- жануар және өсімдік текітілердің ақуыз көзі (ет, балық, бұршақтылар).

Фаст-фудта ешқандай дәрумен жоқ. Бала тамағын таблеткамен ауыстыру арқылы бала ағзасын маңызды нәрседен айыруыңыз мүмкін.

Дәруменнің ағзаға сіңуіне көптеген факторлар әсер етеді: жасы мен жынысы, бойы мен салмағы, физикалық белсенділік, тұқым қуалаушылық, өмір сүру салты, зат алмасу ерекшелігі, асқазан-ішектер жолының жағдайы, өткерген аурулары және т.б. Сондықтан балаға қандай дәрумен жетіспейтіндігін, ағзаға сіңу үшін әртүрлі дәрумендер бір-біріне кедергі келтірмес үшін қажетті мөлшерде дәруменді препаратты тек дәрігер жазып бере алады.

Бұрын біраз уақытқа жүзу сапарына кеткен кемешілер балғын көкөніс пен жеміс жемегендіктен діңгене (цинга) ауруына шалдығатын болған. Бұл классикалық авитаминоз қазір өркениетті елдерде кездеспейді, алайда тамақпен бірге аз дәрумен келсе немесе дәрумен ағзаға дұрыс сіңбесе, дәрумен жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. С дәрумені коллагенді синтездеуге қажет, өсімдіктен жасалған тамақтан темірдің сіңуін жақсартады, антиоксидант болып табылады және ағзаның қорғаныс реакциясына әсер етеді.

С дәруменінің жеткілікті мөлшері мына өнімдерде болады:

- 1 үлкен апельсин;
- 1 болгар бұрышы;
- 2-3 жас картоп;
- 200 г кез келген қырыққабат.

Тамақтағы дәрумендерді қалай сақтауға болады?

- Суда еритін дәрумендер жарық әсерінен, ұзақ сақтағанда, термиялық өңдегенде (25-тен 100 %-ға дейін дәрумендер жоғалады) және қайта-қайта қатырып-еріткеннен бұзылады;
- Жылыжайға қарағанда ашық топырақта өсірілген көкөністердің дәрумендері әлдеқайда көбірек болады;
- Дүкеннен әкелген тамақты қаншалықты жылдам пісіріп жесеңіз, соншалықты жақсы. Сондықтан дүкеннен азық-түлікті күнделіктісін күнде сатып әкелген жөн;
- Көкөністер мен жемістерді тек жердің алдында тураңыз;
- Көкөністер мен жармаларды суға салып қоймаңыз;
- Көкөністерді ұзақ қайнатқаннан және пісіргеннен гөрі аз қуырған жақсы;
- Міндетті түрде түрлі түсті шикі көкөністер мен жемістер жеңіз.

Егер балаңыздың тәбеті жақсы болса және күнде көкөніс пен жеміс-жидек жесе, оған қосымша дәруменді препарат берудің қажеті жоқ. Егер дәрумен бала ағзасына дұрыс сіңбеуі мүмкін деп ойлап, күмәндансаңыз, алдымен дәрігерге көрсетіп, тексерістен өтіңіз. Ал егер балаңыздың тәбеті нашар болса немесе көкөністер мен жемістер жемесе, бірден қосымша дәруменді препарат бермей, алдымен тәбет ашудың жолдарын іздеңіз. Ол туралы да дәрігерден кеңес алсаңыз болады. Себебі балаға тамақпен келген дәрумен аса қажет екенін ұмытпаңыз. 

Алматы қаласы Алатау ауданы Ақбұлақ ы/а

ЖШС «Ниет 7» балабақшасы









Кеңес:

"Дәруменнің бала ағзасына пайдасы "







Әдіскер: Сатқынбаева Г.Д.

Тәрбиеші: Абдухаликова А.Б.











2023 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі