400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Балама ойын жағдайын құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу Ағарту министрлігі

Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Баламалы ойын жағдайларын құру

сабақ тақырыбы


Бөлім:

Шытырман және команда құрушы ойындар

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жұбаниязов Айбат Болатұлы

Күні:

05.03.2025

Сынып: 7 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Баламалы ойын жағдайларын құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.3.1 қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесе тиімді жұмыс жасау дағдыларын көрсетуді және талқылауды білу

Сабақтың мақсаты

-қауіпсіздік ережесін сақтайды

-баскетбол ойынының әдістерін меңгереді,  жаттығуларын орындай алады және көрсете біледі.

Құндылықтарға баулу

Адамгершілік,  бір-бірін құрметтеу,  ынтымақтастық және өзіне  деген сенімділік, өзара көмек көрсету

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

Оқушылардың спортзалға кіргізу. Сапқа тұру. Сәлемдесу, Оқушыларды түгелдеу, Спорттық киіміне көңіл бөлу.

Жағымды ахуалды қалыптастыру мақсатында сапта тұрған оқушылар сәттілік тілегін айту.

Өзім баскетбол добын алғашқы саптағы оқушыға лақтырып сәттілік тілеймін.

ЖДЖ орындау үшін спорт секторына нұсқау беру. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қозғалыста орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дамыту жаттығуларын орындау.





Қайта сапқа тұру. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Топтастыру. «Тәтті-тарту»

Сапқа тұру. Амандасу. Спорт секторы рапорт беру. Сабақ тақырыбымен мақсатымен танысу.

Жағымды ахуалды қалыптастыру мақсатында сапта тұрған оқушылар сәттілік тілегін айту. Сап бойынша допты бір-біріне беруі арқылы.

ЖДЖ орындау

1.Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.



Оқушылар тәттілерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.



Мадақтаулар мен ескертулер


Үлкен бос кеңістік, ысқырық доптар,

Сабақ ортасы

30 мин

Оқушыларға ойын шартын түсіндіремін.

1 -тапсырма Баскетбол добын қолданып жұптық ойын жаттығулары.

2- тапсырма Баскетбол ойынында доп беру тәсілдерін үйрену ойындары

3-тапсырма Үрілген шарлармен баскетбол ойыны

Тапсырма 1



Тапсырма 2

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді және әрқайсысы өз шеңберіне тұрады. Ысқырық бойынша кез келген бағытта доп беру басталады (алдын-ала келісілген тәсілімен). Қателік жасаған ойыншы шеңберден шығады. Ойын шеңберде тек қана бір ойыншы қалғанға дейін жалғасады, сол ойыншы өз командасында жеңімпаз болып табылады. Содан кейін әр команданың жеңімпаздары бір-бірімен ойнап чемпионды анықтайды.

Нұсқа: Ойыншылар ойыннан шықпайды, ал қателіктер үшін айыптық ұпайлар қосылады. Айыптық ұпайлар сомасы аз командасы ұтады.

Тапсырма 3

«Үрілген шарлармен баскетбол ойыны». Екі команда (4-6 оқушыдан) баскетбол алаңына еркін түрде орналасады (баскетболдағы секілді). Капитандар ортаға шығады. Мұғалім үрілген шарды ортадан жоғары лақтырады, капитандар секіріп өз командасына қарай бағыттап жіберуге тырысады. Ал, сол команданың ойыншылары секіре отырып, шарға соққы жасау арқылы бір-бірлеріне жалғайды. Шар қалқанға тиген жағдайда, тигізуші командаға ұпай беріледі. Ойын ортадан

шарды жоғары лақтыру арқылы кері басталады. Ойын 10 минутқа жалғасады, 5 минуттан соң командалар алаңдарымен ауысады. Көп ұпайға қол жеткізген команда жеңімпаз болып табылады.

Дескриптор

  1. қауіпсіздік техникасын сақтау 2) Жаттығуларды техника жағынан дұрыс орындау.






Дескриптор

қауіпсіздік техникасын сақтау 2) Жаттығуларды техника жағынан дұрыс орындау




Топтар бірін-бірі бағалайды. Әр топтан екі оқушы пікірі тыңдалады.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық Доптар

Сабақ соңы

5 мин

Тыныс алу жаттығуларын орындап, сапқа тұрғызу.

Сабақты қортындылау


Рефлексия Оқушылар өз қабілеттерін бағалайды, ол үшін шеңбер бойымен допты бір-біріне беру арқылы, сөйлемдерді толықтырады: Мен .......... (нені?) үйрендім. (Допты дұрыс жүргізуді). Мен ..........( не істей?) алдым. ( Допты серігіме бере). .................. менің қолымнан келді. (Допты себетке салу)

Мұғалімнің кері байланысы, кубок бағалау парақтары


-


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.03.2025
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі