«Балаңыз мектепке дайын
ба»?
Баланы мектепке жан жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды іс.
Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді,
қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы
болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген
сұрақтың ата-ана үшін маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл
сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар
алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді
мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса,
барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы
пікірлердің алтын ортасын қалай
тандаймыз?
Баланы мектепке физикалық
жағынан да, психологиялық жағынан да қалай
дайындаймыз?
Бірінші сыныпқа баратын бала
жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте
үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының
тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп
табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны
дұрыс.
Балаңыз мектепке бармас бұрын
оқу-жазуды білсе — жақсы! Балаға жазу-сызу барысында
қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз.
Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің
мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы
қажет.
Жазып санауымен ғана шектеліп
қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере
алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп
нәрсені жақсы түсінеді.
Көрнекі әрекеттік ойлау
қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,
заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді
шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып
шығарады.
Кез-келген ата-ана баланың
өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі
қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани
және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы
керек.
Баланың мектепке дайын болу
жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз
жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау
қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай
алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу
қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға
деген көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай
білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына,
мектептердің талабына сай болуы;
4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты
түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс
қабылдап, әрекет ете білуі;
Әлеуметтік-психологиялық
дайындық
Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді
танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа,
баланың мектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса
назар аударады.
Әрине, бұл дайындықтарсыз
баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға
дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен
шектеліп қоймай, оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды
қарастыру қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және
басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне
мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті
ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама
қиындықтар туғызады.
Осы кезде әрбір ата-ана өзінің
баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке
деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып
тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен
қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға
үйрету.
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ
БӨЛІМІНІҢ
№15 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕБІ»КММ
Мектепке дейінгі тәрбие
әдіскері
Тасмагамбетова
К.А
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға
болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін
жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Міндеті:
1. Ата - аналармен ұстаздардың кездесуі;
2. Ойынға қатысушылар арасындағы қарым - қатынасты орнату;
3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу.
1. Танысу жаттығуы. Мен «баламды сүйемін» деп алақаның жүрегіне
қойып баласының және өзінің есімін айтады. Бейнетаспа
көрсетіледі
Адамдар да өсімдік тәрізді жақсы күтілмесе, жайнап өспейді (Ш.
Монтескье)
Егер: баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
- Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
- Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды.
- Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
- Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.
- Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
- Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі.
- Бала түсіністік және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен
махаббатты тануды үйренеді.
2. Ассосация «Жанұя» (доп беру арқылы ата - ана жауап береді)
Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
-
Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға
түседі?
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық - суығына
күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырушы, демеуші – ата - ана.
Құрметті
ата-аналар
сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас
құруға арналған
10 қағиданы назарларыңызға
ұсынамыз!
1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай
болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға
көмектесіңіз.

2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың
өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол
сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы
үшінсісіне өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық
заңы.

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз
реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны
орасың».

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар,
өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі
жоқ.

5.Қорлық-зомбылық
көрсетпеңіз.

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның
балалармен кездесуі екендігін
ұмытпаңыздар.

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз,
өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.

8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес.
Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі,
өміріңіздің жалғасы.

9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз
балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық
істемеңіз.

10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы
болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната
отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын
МЕЙРАМ!