Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаңызды кім тәрбиелейді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаңызды кім тәрбиелейді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаңызды кім тәрбиелейді?

Балабақша қабырғасында жүрген бүгінгі жас бүлдіршін – еліміздің ертеңгі келешегі – Тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ азаматы.

Бүгінгі ұрпақ тым қатігез болып көрінеді.Үлкеннің алдын кесіп өтпеу, үлкенге қарсы сөйлемеу олар үшін ескіліктің қалдығы секілді. Өйткені қарапайым осы қағидаларды он балаға айтсаңыз, солардың 7-8-і тыңдауға құлықсыз. Асығыс-үсігіс.Сөзіңді аяқтатпай кетеді, не тыңдамайды.Ал олардың әке-шешелері жанбағыстың жарапазанымен тіршіліктің күйін күйттеп кеткен.

Бала тәрбиелеуге уақыттары жоқ. Баланы теледидар, компьютер тәрбиелеп отыр.Оның бір дәлелі көзбен көріп, құлақпен естігеніміз- көшеде айна-қатесіз орындалып жатса да таңқалмайтынымыз.Өйткені теледидарда баланы ізгілікке, адалдыққа баулиды дейтіндей бағдарламалардың жоқтың қасы. Бәрі керісінше.

Балалар сүйіп көреді дейтін мультфильмдерді де зұлымдық жаулап алған.«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сияқты тілі қазақша мультфильмдер өте аз. Қолымызда бары сөреде шаңға көміліп жатқанда, олардың орнын шетелдік қуғын-сүргінді мультфильмдер жаулап алды.

Көшенің берер тәрбиесі де шамалы.Көшеде жақсы да бар, жаман да бар.Жас жеткіншектің айналасындағылар тәрбиелі отбасынан шыққандар болса жақсы.Ал, ал өңкей нашақорлар мен атамандардың тобына қосылса «қолыңызды мезгілінен кеш сермегеннің» кері келеді. Айналып келгенде, мұның бәрі де тәрбие бастауының тұнба судай тұнық болмауында.Дәлірек айтқанда, бүгінде ұрпақтар сабақтастығы үзіліп қалғандай. Одан да дәлірегі ата-әжелер академиясының жойылып бара жатқандығы деуге негіз бар.Өйткені... Онын себебі көп. Ата- бабаларымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген ғой.

Атасының үлгі-өнегесін, әжесінің мейірімін, жан-жылуын сезініп өскен баладан қазақ жамандық күтпеген. Соғыстың соңғы жылдары туылғандардың дені мейірімді, қолындағысын көппен бөліскісі келіп тұратын кішіпейіл болып келетіндіген көз көрді.Бұл сол уақыттың ағымына да байланысты шығар. Дегенмен, олар коммунистік партияның ықпалымен қоғамдық құрылымның өрге өрлеуі үшін жан аямай еңбек етті. Олардың балалары мектепте комсомол, пионер сияқты ұйымдардың қанатының астында тәрбиеленді.

Қазіргі ұрпақ салт-дәстүрді ұстын қылмайды. Сол себепті де қатігез қоғам қалыптасып келе жатқандай. Мұның барлығының түп-төркініне үңіліп көрсек, ұрпақ тәрбиесін уыстан шығармаған ата-әжелер академиясының жоғалып бара жатқандығына көз жеткізетініміз анық. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы «Қазір немересіне ертегі айтып беретін әжелер азайып барады, содан қорқам...» деген екен. Расында ертегі, батырлар жырының бала қиялын шарықтатып ізгілікке ұмтылуына септігін тигізері сөзсіз. Ал оны тыңдап өспеген, тәрбие көрмеген ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді келешекке жалғастырушы болады дегенге сенгің келмейді. Ұлттың ұлы болып қалуын діттейтін ата-әжелеріміз әлі де ұрпақ тәрбиесін уыстан шығармай, баса мән берсе дейсің...

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
313
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12