«Баланы балабақшаға
дайындау және бейімдеу»
ата анаға берілетін
кеңес
Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі» дегендей, балаға ерте жастан дұрыс тәрбие берілуі керек. Бала негізгі тәрбиені отбасынанда ата-анасынан алады, ал баланың жалпы жеке тұлға боп қалыптасу кезеңі мектепке дейінгі кезеңде басталады. Сондықтан баланың дұрыс дамуына игі ықпал ету ата-ана мен тәрбиеші педагогтердің басты міндеті.
Балалық шақ-бұл адам өміріндегі ерекше кезең, дәл осы уақытта денсаулық және жеке тұлға қалыптасады. Балалық шақ тәжірибесі көбінесе адамның ересек өмірін анықтайды. Бала ата-аналардың “қолынан” өмірді көреді, яғни ата-ана балаға уақыт өте келе “ұядан” шығуға, адамдар арасында өз орнын табуға, өзімен және басқалармен бірге өмір сүруді үйренуге мүмкіндік беретін өмір салтын құруда үлкен рөл атқарады. Олардың сүйіспеншілігі, қамқорлығы, эмоционалды жақындығы және қолдауы арқасында бала өсіп, дамиды, ол әлемге және айналасындағы адамдарға деген сенім сезімін дамытады.
«Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжіри-бе жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді»,- деген түсінік қа-лыптасқан. Сондықтан құрдастарымен қатынастарда қиындыққа ұшыраған балалары бар ата-аналар балабақшаға барса, бұл қиындықтан шығады деп үміттенеді.
Көпшілігі түрлі қиындықтарға
тап келеді. Оның ішінде балабақшаға бару кей балада қорқыныш, үрей
тудыруы да мүмкін.
Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас
ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның
алғашқысы және маңыз-дысы баланың анасынан және жанұясынан ажырауға
психологиялық дайын-дығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және
жанұядан тыс жерде ере-сектер және өзге балалармен жаңа
қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады.
Ересектердің назары өзінде болғанына үйренген баланың «көп ішіндегі
бір бала» екендігіне көнуі және өз қажеттіліктері үшін, өз күшін
жұмсап күресуі қажет болады. Бұл өзінің қажеттілігі бірінші орында
тұратын және ата-ана айтқан бойда, автоматты түрде
қанағаттандыратын жанұядағы жағдай емес. Тіпті кейбір ата-аналар
ойлағандай балабақша – бұл ұялшақтықтан құтқара-тын «дәрі» емес,
бұл бала үшін өз бетінше өмір сүру тәжірибесіне дайындық –
қиындықтарды жеңу, өзге балалармен қарым-қатынас орнату, жалпы
пси-хологиялық «жетілуге» сынақ боп
табылады.
Бірақ осы өз бетінше үйрену тәжірибесі бала үшін де, оны уайымдап жүрген ата-ана үшін де жағымды жағдай емес. Осы орайда ата аналарға бірнеше кеөңестер беруге болады. Мыс:
1.Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен әңгімелесіңіз. Бұл жерде балаға тиімді қолайлы қатынас табуға көмектесетін, негізгі әсер ететін фактор- тәрбиешінің баланың жеке жас ерекшеліктерімен санасуы және оның педагогикалық тәжірибесі.
1.Балабақшаға дайындық
Баланы балабақшаға, тәрбиешілерге үйрету үшін, алғашқы кездері
баланы тек балалармен серуендеуге әкеліп, одан соң жарты күн, кейін
күндізгі ұйқыға қалдыру қажет.
3. Баланың күн тәртібін
балабақшадағы тәртіпке қарай сәйкестендіріп, өзі киініп, өзі
шешінуге дағдыландыру;
Балаға ас дайындағанда әр түрлі көкөністер мен сүтті тағамдарды
қосып, өзі тамақтанатындай дағдыға үйрету;
Қандай тағамдарды жақсы көретінін, қандай тағамдарға аллергиясының
барын және баласын қалай еркелететінін тәрбиешіге ескерту;
Баласының қалай ұйықтайтынын, дәретке баруды қалай ататынын
ескерту;
Ата-ана баласын балабақшаға алып келген күні тәрбиешімен тығыз
байланыс жасап, «Міне, сенің сүйкімді апайың, керемет
достарың»-деп, тәрбиешімен таныстыру;
Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл
мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына
қарсылық білдіру, қыңырлық көрсету, ызалану немесе тұйықтық,
балабақша қызмет-керімен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту әсерлері
байқалады. Сонымен бірге ата-анамен қоштасу кезінде анасының қолын
жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді- бала
тынышталып анасы туралы есіне ал-майды.
Бұл неге көрініс табады? Бұл бала бойындағы үйден алыс кетіп, жаңа
ортаға, үйреніспеген жағдайға түсуге күйзеліс әсері: Балабақшаға
бейімделу кезеңі баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін, өйткені бала
өмірінде көп жағдай өзге-реді. Оған қарым-қатынас түрі, бала құқығы
өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. «Жалғыз және қайталанбас»
баладан «көптің бірі» болуға үйрену оңай емес, бұған уақыт және
баланың жоғары бейімделу қабілеті керек. Шартты түрде бұл кезең 2-3
айға ұласады, бірақ әр баланың жеке дара ерек-шеліктеріне
байланысты бейімделу кезеңі 2-3 аптадан кейін басталуы да
мүмкін.
Бұл кезеңнің аяқталу белгісі: баланың жағдайының, көңіл-күйінің
тұрақта-нуы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір-бірімен
сыйластыққа үйренеді. Бастапқыда бұл қарым-қатынас жанжалдан
басталып, содан соң жөнге келеді.
Бұл қиын кезеңді баламен бірге ата-ана да өткереді, сондықтан
ата-ана бұл баланың тәртібінде, іс-әрекетінде жағымды өзгерістер
бар ма біліп отыру керек.
Міндетті түрде тәрбиешіден баланың өзі кеткеннен кейін қалай
жүретіндігін сұраған жөн. Негізінен бала тәртібі балабақшаға кім
апарып, әкелгеніне бай-ланысты өзгере ме? Егер солай болса – бала
қыңырлығы және қиналуы нақты адамға байланысты болса, мысалы:
мамасы немесе әжесі, онда олардың өзде-рінің жеке уайымдары мен
үрейлері баланың балабақшаға бейімделу кезеңін қиындатып жатқан жоқ
па? деп ойлануы керек.
Баланың балабақшаға бейімделу кезеңі ата-анаға да қобалжу
әкелетінін түсі-нуі керек. Кей сәттері олар баладан да артық
күйзеледі. Сондықтан жанұя мү-шелері өз сезімдерін бақылап, негізін
түсініп отыруы қажет.
Балабақшаға баланы бергенде анасы не сезеді? — Менің балама менсіз
қиын шығар?
— Тәрбиешілер балама толық көңіл аудара ма?
— Балам қиналса көмектесе ме, жұбата ма?
— Бекер берген жоқпын ба?
— Менің өзіме де қиын болды-ау?
Ана баласын бауырына тартып, өзінің қасында ұзағырақ ұстауға
тырысуы, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін ұзартып жіберуі
мүмкін. Анасы үшін бала өзінің жалғасы сияқты, ол өз сезімдерін
балаға «көшіріп», өз күйзелісі мен бала күйзелісін араластырады.
Ана өзі ішкі сезімдерін реттеу жұмыс-тарын жүргізіп, баланы өзінен
эмоциялық тұрғыдан ажырату керек. Бала-бақшаға барған баланың
анасына баласының өзіне тәуелді болмай, дербес бола бастағанына,
анасының махаббаты мен бауыр басуын қатты қажет ет-пейтіндігіне
үйренуі керек.
Ата-ана не істеу керек? Балабақшаға барғанда баламен қоштасу қысқа
мер-зімді болуы керек. Бала жылап, анасына ұмтылса да, беттен
сүйіп, қол бұл-ғауға үйрету керек. Бұлай жасай келе, анасы баланы
артық уайымнан құт-қарады.
Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге,
бала-ның және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет.
Ата-ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз.
Бала балабақшаға ба-рудан «құтылуға» болмайтындығына көзі жеткен
соң, қарсыласуын қойып, өз өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайды.
Үйдің жайлы және әдеттенген атмос-ферасынан ажырап, ол балабақшадан
қажеттілігін және жағымды жақтарын тауып, өзге адамдармен,
тәрбиешілермен, балалармен жақсы қарым-қатынас-қа түсуге үйренеді.
Бала осы жаңа жағдайға қызықса, үйден алыстағанда қи-налмайтын
болады.
Анасы мен жанұя мүшелері «баланың жанұядан ажырауын және оның
әлеу-меттік ортаға шығуын» уайымдамай тыныштанса, бала да тез
тынышталады.
Кей жағдайларда ата-ана дұрыс іс-әрекеттер жасаса да, бала
балабақшаға бе-йімделуі ұзақ уақытқа созылады. Бала жиі ауырады,
ұйқысы бұзылады, тамақ алысы нашарлайды. Балабақшада бұрышта
тұрады, балалар арасында «бөтен» және тәрбиешілер үшін «жүктеме»
тіпті бала, қорқақ, үрейленгіш бо-лады. Анасы кеткеннен соңғы жылау
және қиналу күні бойы созылады. Бұн-дай бала өзге балалармен
қарым-қатынасқа түспейді, кейде тәрбиешілерден де оқшауланады. Оның
іс-әрекеті екі жақтың ортасында қалған: үйден ажы-рап, бірақ
балабақшаға үйренбегендей болады. Нәтижесінде бала өзін бәрі тастап
кеткен, бақытсыз жалғыз қалғандай сезінеді. Бұндай іс-әрекет бала
балабақшаға дайын еместігін білдіреді. Баланың балабақшаға
бейімделу мә-селесі туралы анасы бала психологымен ақылдасып алғаны
жақсы. Әр кез ата-ана баламен болып жатқан жағдайлардың себептерін
толық талдай ал-майды, бұл жерде тәрбиешіні себепсіз кінәлап,
баланың психикалық жағда-йына күмәнданбаған дұрыс. Бұл жерде
мәселе: осы уақыттағы бала баратын балабақша талаптарына, осы
уақыттағы баланың жеке дара ерекшеліктері сәйкес емес екендігі
туралы сөз болуы керек. Ең бастысы, ата-ана баланың балабақшаға
бейімделуіне өз ықпалы бар екенін түсінуі тиіс. Балабақшаға
бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі
жағдайлары өзгергенде (анасы іс-сапарға кеткенде, сәби дү-ниеге
келгенде және т.б жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бұл
жағдай-ларда бала қажеттілігін жанұяда қалыптасқан тәртіпті бұзбай
қанағаттандырып отыру қажет: бала-бақшада қалу уақытын азайтып,
апта арасында үзіліс ұйымдастырумен ше-шуге болады. Толықтыра айта
кетсек: әрбір туындаған мәселелер бірдей бо-луы мүмкін, бірақ одан
шығу жолдары әр ата-анада өзгеше.
Балабақшаның ережесінде
жаңадан келген бала алғашқы күндері 2 сағатқа қалу керек, алайда
кейбір ата — аналар өздерінің жұмыс тәртібін айтып, баланы күні
бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және
созылмалы мәселелер пайда болады. Әр балада бейімделу кезеңі әр
түрлі өтуі мүмкін.
Бейімделудің үш түрі болады:
1). Жеңіл бейімделу – баланың мінез-құлығы 10 -15 күнде қалпына
келеді;
2). Орташа бейімделу — 1 айдың ішінде;
3). Ауыр бейімделу — 2айдан 6айға дейін созылады;
Баланың тез бейімделуіне қойылатын талаптар:
Баламен тез қоштасып үйреніңіз.
Балабақшаға алып келіп, көрінбей қашып кетпеңіз.
Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз.
Бастапқыда балабақшаға барғаны үшін мадақтап қойыңыз.
Баланы алдамай, дұрыс түсінік беру керек.
Баланың алдында барынша сабырлы, әрі ұстамды болуға тырысу керек.
Бала бірдеңені бүлдіріп немесе бір бұзақылық жасаса баланы
жазаламау керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланы балабақшаға дайындау және бейімдеу. Ата-анаға кеңес.

шағым қалдыра аласыз