жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланы ерте жастан дамыту
Жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру балалық шақтан басталады.Балабақшадан берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болса ғана мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.Осының негізінде бала тәрбиесіне ата-ананы да жұмылдырып , тәрбие жұмысын бірге жүргізуіміз қажет.Сондықтан да біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,дамыту.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі - еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыты және бүгінгі педагогиканың басты міндеті.Бала өмірінің алғашқы үш жылы - оның дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі.Осы жас кезеңі – баланың қиялдауы, қарым – қатынасқа бейімделуі, өзінің іс – әрекетін ұйымдастыра білуі сияқты қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы кезең.Сондықтан баланы ерте жастан дамыту, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мәселенің өзектілігі мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын айқындай түседі.Қазіргі таңда білім беру жүйесінің міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты;оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып,жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.Ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» - атты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында. «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.Білім беру ісінде 4К моделіне:креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда».Осында атап өткендей балалардың сыни ойлау негіздері, ақыл – ой мен шығармашылық қабілеттері, жаңа дағдылары ,креативтілігі, сыни ойлауы, коммуниктивті дамуы және командада жұмыс істей білуі әрқайсысының бойынан табылуына қажетті қасиеттері мен құндылықтары, заманауи талаптарға ілесе алуы.Заман талабына сай әр педагог өз оқу қызметін жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.Мұндағы негізгі жұмыс балалардың сөздік қорларын молайту,жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге,қойылған сұрақтарға жауап беруге,естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге , әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға , анық сөйлей білуге үйрету.Баланың әлеуметтік дағдыларын ерте жастан дамытуда маңызды іс – әрекет түрлері мыналар:қарым – қатынас, қозғалыс, ойын, еңбек, құрастыру, бейнелеу т.б.Балаларды ұжымда оқытудың белгілі артықшылықтары бар, бірігіп жұмыс жүргізуде олар бір-біріне үлкен әсер етеді,белсенділік, өткірлік көрсетеді.Балалардың алдына бірігіп шешетін міндеттер қойылғанда, бірлесіп қам жеу пайда болады, ұжымдық сезімі қалыптасады. Сәбилік кезеңде ересектермен қатынас жағдайында жүзеге асырылатын үйлестіру – үйрету әрекеті жетекші қызмет атқарады, одан кейін танымдық әрекет және ойынға ұласады,осылайша қарапайымнан бастап,күрделі әрекеттерге бейімделе отырып,қоршаған ортасының ықпалымен дамып есейе береді.Баланың әлеуметтік дағдыларының ерте жастан дамуына педагогикалық – психологиялық қолдау жасау – оның мектепке дейінгі жүйелі қалыптасуын, мектепке даярлығын қамтамасыз етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз айтпақшы , бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке,отаншылдыққа, ұлтжандылықпен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап,жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармаған абзал.Бүгінде баршаның міндеті әдет-ғұрпымызды ,салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев ...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген.Баланың дамуына айтарлықтай үлес қосып,болашақ жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп еліміздің білімді де саналы ұрпақтарын тәрбиелеу біз үшін үлкен мәртебе.Еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылып, ұрпағымыз ұлағатты,саналы, патриоттық сезімі жоғары болса, сонан асқан бақыт жоқ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген