«Қапшағай қаласының білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылындағы «Ақбота»
балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балабақша
педагог – психологы Жолдас Индира
Артықбайқызы
Баланы тыңдауға үйретудің
10 ережесі
Психологиялық көзқарас
бойынша, ата – ана үшін баланың психикасы негізгі тәртіп ережелерін
«жазуға» болатын таза парақ. Барлығы тек ата – анаға байланысты.
Баланы тыңдауға тәрбиелеудің қарапайым
жолдары:
-
Аса қажет болмаса, қойылған
талаптар мен бұйрықтарды өзгертпеңіз. Бала белгіленген уақытта
ұйықтау немес ұйықтамау талқыланбайтын ереже екенін білу
керек.
-
Өтініш немесе бұйрықты анық
әрі түсінікті айту керек. Мысалы, «Түсінбедім, бұл не шу?» дегеннің
орнына «Өтініш, әзірге мені мазаламашы. Мен қазір маңызды жұмыс
жасап отырмын».
Балаға риторикалық сұрақ
қоймаңыз! «Сенің киімің неге кір?», «Киімдерің неге шашылып жатыр?»
деген мазмұнсыз сұрақтардың орнына «Кір киіміңді шешіп, таза
киіміңді ки», «Киімдеріңді жинастыр» деген сияқты сөздермен
алмастырыңыз.
-
Баланы бір айтқан тыңдауға
үйретіңіз! Егер, сіз 5 рет «теледидарды өшір немесе сөмкеңді орнына
қой» деп айтып, оның орындалғанын қадағаламасаңыз, бала сіздің
сөздеріңізді жәй дыбыстар деп есептейтін
болады.
-
Баланың көзінше ата – ананың
арасында тәрбие мәселесі бойынша түсініспеушіліктер болмауы керек!
Егер, сондай жағдай болып қалса, баланың көзінше екеуара ортақ
шешімге келу керек. Сонда ғана бала анасы «болмайды» деген нәрсені
әкесі деп құптамайтынын білетін болады.
-
Тыңдамағаны үшін жазасыз
қалдырмауы керек. Егер, келесі жолы тағы қайталанса, жаза түрін
күрделендіру керек. Тек баланы ұрсып немесе ұрып, айқайлап
жазаламаңыз.
-
Кеше рұқсат етілмеген нәрсені
бүгін рұқсат етпеңіз!
-
Әрине, ешқашан бұйырып сөйлеп,
тапсырма бере бермеңіз! Балаңыз әлі де бала. ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!
Сондықтан, балалық тентектігіне дұрыс көзқараспен қарап, еркелетуді
де ұмытпаңыз.
-
Тапсырмалар және қойған
талаптарыңыз баланың түсінігіне және күшіне сәйкес болу
керек.
-
Үлкен адамға «сіз» деп сөйлеу
дағдысын қалыптастырыңыз.
-
АЛТЫН ЕРЕЖЕ: қанша
үйретсеңізде, бала сізді қайталайды. Сондықтан, балаға рұқсат
бермеген нәрседен өзіңізді де тиыңыз.
Расында, ата – ана – баланы
үйрететін жансыз робот емес! Әр қашан дұрыс емес, қате әрекеттің
себебін тауып, шыдамдылықпен балаңызды үлкеннің тілін алуға
үйретіңіз!
Тіркеу № Q
1726