Баланың балабақшаға бейімделуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланың балабақшаға бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қалалық әкімділігінің № 9 Арман» балабақша-бөбекжайы» КМҚК

Ата-аналар жиналысының

1 ХАТТАМАСЫ 14. 09. 2016 жыл Қатысты: ата-ана. Қатыспады: ата-ана себепті.

Жиналыстың тақырыбы: Баланың балабақшаға бейімделуі Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым –қатынасты қалыптастыру;Тәрбиеші мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.

Күн тәртібінде:

1.Күн тәртібімен таныстыру. Шаттық шеңбері. 2.Баяндама: « Балабақша жетістіктері» 3. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы (трениг) 4. Ой қозғау сұрақтары. 5. Әр түрлі мәселелер

Барысы: 1.Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгіміз келіп тұр. Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын. Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып шаңырақ құрады. Бүгінгі кездесуде сіздер балаларыңызды таңертең қалай және қандай көңіл күйде оятасыз. Соны бір - бірлеріңізге қарап айтып көрейік. Міне осындай жылы сөздерден баламыздың жүзінен қуаныш көре аламыз.

2. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түсірейк. Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

1.Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар? 2.Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз? 3.Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

3. Ой қозғау:

Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын ата- аналар айтуы тиіс.

1.Бала таңертең балабақшаға жылап келсе қалай жұбатасыз?

3.Сіз жұмыстан баланы алуға ашулы келдіңіз, топта бала абайсыз құлап қалған екен.Сіздің іс- әрекетіңіз?

4.Сіздің балаңыз басқа бала соққанын ескертіп тұрса, ал сізге балаңыз жайлы ескертулер ұнамаса. Сіздің іс-әрекетіңіз?

Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазғ жазып сыйқырлы сандығымызға салайық. Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді .Ата - ананың басты қуанышы - бала. Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Балабақшадағы баланың жан - жақты жетілуне ең бірінші ықпал ететін – тәрбиеші болса, оның сүйеніші ата – анна. Келгендеріңізге көп- көп рахмет.Осымен жиналымыз аяқталды.

Дауысқа салынды:

«қарсы емес»:21 ата-ана

«қарсы» : 0.

«қалыс қалғандар»:0

Ата-аналар жиналысының төрайымы: _____________

(қолы)

Жиналыс хатшысы: _____________

(қолы)









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі