жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың балабақшаға бейімделуі
Кез-келген ата-ананың алдында баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру туралы сұрақ туады. Отбасында қалыптасып қалған өмір сүру ережесі, балабақшаға келген күннен бастап ауысқан баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске ұшырайды. Баланы балабақшаға орналастыру кезеңінің алғашқы күндерінде ата-аналардың эмоционалды болуы балаға теріс әсерін етіп,көбінесе жағдайды қиындатады. Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді ,өйткені ата-ананың қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Балабақшаға алғаш келгенде, балаға жақсы қамқорлық жасалғанның өзінде,ол мазасызданып, мінез-құлығы өзгереді.
2 -3 жастағы балаға үйренбеген жаңа орта, анасынан тыс, таныс емес адамдармен қарым-қатынас орнату күрделі құбылыс. Әр бала жаңа ортаға әртүрлі бейімделеді. Осы кезде ата – ана- бала-балабақша арасындағы байланыс үзілмей керек. Балалардың балабақшаға бейімделу уақытының барлық кезеңінде балабақша психологы мен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі баланы бақылауға алады. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада екі сағат, одан әрі түске дейін, егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
Баланың балабақшаға бейімделуінің үш кезеңі бар
Жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді .
Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде
Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді
Осы жағдайдан өту кезеңіндігі ата –анаға берілетін кеңестер;
- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа жағымды ой қалыптастырыңыз.
-Балабақшаға алғаш келген күні баланы балабақшада күн ұзағына қалдырмау.
- Баламен
тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.Бала сіздің
қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа созылады.
- Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп
көрінбей қашып кетпеңіз.
- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз
және оны қатал ұстаңыз.
- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып
алып, балаңызды алдарқатыңыз.
Ауыр бейімделетін
балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс болғандықтан
,бұл жағдайдағы ата-анаға берілетін
кеңестер:
- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн
режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып
баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз.
- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет
етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну
өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа
сұрану.
-Балабақшаға алып келгенде
балаңыздың киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуын
қадағалаңыз.
- Баланың «социалдық көк жиегін»
кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз,
жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с.Осындай
тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез
үйренісіп, тіл табысатын
болады.
- Балабақша туралы жаман айтпаңыз,
- Балаңыз балабақшадан берген тапсырмаларға, қызығушылық танытып, балабақшада өміріне араласып, тығыз қарым-қатынаста болыңыз .
Балабақша тарапынан да ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні ұйымдастырылып тұрады.Ашық есік күні-мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.Біздің мақсатымыз заманына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты,денсаулығы шымыр жеке тұлға тәрбиелеу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген