«БАЛАНЫҢ БАЛҒЫН ТІЛІ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«БАЛАНЫҢ БАЛҒЫН ТІЛІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«БАЛАНЫҢ БАЛҒЫН ТІЛІ» атты мәнерлеп оқу іс -шара жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жақсы ауданы «Балауса» балабақшасы

















«БАЛАНЫҢ БАЛҒЫН ТІЛІ»

атты мәнерлеп оқу сайысы





«Балапан» ортаңғы тобы

Тәрбиешісі: Рахметова Д.А.

















Подгороное

Бала тілі – бал
Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға сұрақтар қою арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Жан жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру.

Сабақтың барысы:
Қымбатты әріптестер, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға 2 топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға сайыскер топтарымызды шақырып алсақ.
Топтарды ортағы шақырып таныстырамыз

Олай болса сайысымызды бастайық.
Балақайлар, ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1.Ширату /Сөз жасыру/

2. Сиқырлы әріптер /Сөздер жазу/

3. Антонимдер сайысы

4. Жұмбақ жасыру /Үй тапсырмасы/

5.Жаңылтпашты қайталау

6. Ұйқасын тап!

7. Кім жылдам? /10 сұрақ/

8. Өз өнерін көрсету


1-кезең. Ширату

1 - ші сұрақ: Ол бәріміздің үйімізде бар. Ол төртбұрышты. Түсі қара. Оның басқаратын тетігі болады. Біз одан көптеген бағдарламалар, мультфильм, кино қараймыз. (Теледидар

2 - ші сұрақ: Ол қазір көптеген үйлерде бар. Ол төртбұрышты. Теледидарға ұқсайды. Біз одан көптеген мәліметтер аламыз. Ойындар ойнаймыз. Ол арқылы ғаламторға шығамыз. Оның тышқан деп аталатын құрылғысы бар.(Компьютер)

3 - ші сұрақ: Ол байланыс қызметі. Бәріміздің үйімізде бар. Ол шырылдаса көтереміз. Онымен ағайындармен, достармен сөйлесеміз.(Телефон)

4 - ші сұрақ: Ол жүреді. Оны біздің папаларымыз жүргізеді. Ол жанармай арқылы жүреді. Оның төрт дөңгелегі бар. Түстері әртүрлі. Бір жерге барсақ соған мініп барамыз. (Машина)


2-кезең Сиқырлы әріптер

Мына жерде қазақ тіліне тән 9 әріп берілген. Соның ішінен әр топ бір әріптен таңдайды. 1 минут ішінде осы әріптен басталатын сөздер жазу керек. Қай топ көбірек сөз жазады екен?


Біз ойын барысында жинаған ұпай санын анықтағанша әр сыныптан өз өнерлерін көрсетеді.


Қорытынды шығару, жеңімпаз топты анықтау.

Осымен біздің «Бала тілі – бал » атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз!


Бірдей соққан жүрегі

Достық бізге керегі.

Бізден үлгі ал

Бала тілі – БАЛ!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі