Материалдар / Баланың бас ұстазы- ата- ана
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баланың бас ұстазы- ата- ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп - ата-ана- бала бұлар құралған үшбұрыш, осы жіктер құралса жұмыс қарқынды дамиды. мектептегі жұмыс барысы, оқұшылармен жүргізілетін таусылмас жұмыс барысы, жүйелі жүргізу осы үш бұрышқа тікелей байланысты. ата- ана біздің тіреуішіміз .
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Сауран жалпы орта мектебі»



Ата-аналар жиналысы

Баланың бас ұстазы ата-ана

Shape1

Shape2



8»а» сынып жетекшісі: Жүсіпбекова А.






2023-2024 Оқу жылы



Тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата ана
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.
Ата аналарды отырғызу

Күн тәртібі:

1. Танысу

2. «Жұбыңды таныстыр»

3. «Қызықты сұрақтар» айдары

4.Мен қандай ата-анамын?

5.Тыныштық сәті, бала тілегі

6.Ұстаз-ұлағатты есім. Видеоролик

7. Кері байланыс және ұсыныс

2. Кіріспе
Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.




2. «Жұбыңды таныстыр»-әр қырынан бірін-бірі таныстыру

Ата-аналар өзара сөйлесу арқылы жақынырақ танысып, бір-бірін таныстырады.

Мақсаты: сөйлесу арқылы бір-бірін танып, әрдайым жақсы қарым-қатынаста болу.


3. Қызықты сұрақтар айдары

Әр ата-ана баласы жайлы сұрақтарға жылдам жауап беру.

Мақсаты: ата-ана баласына қаншалықты назар аударады, қаншалықты баласын біледі, кіммен дос, кіммен араласады, жалпы жағдайын білу.

Допты бір-біріне лақтырады. Кімге түссе, сол ата-ана жылдам жауап береді.

1. Балаңыздың туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?

3. Балаңыздың аяғының өлшемі?

4. Балаңыздың парталасы кім?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?

9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?

10. Балаңыздың ең жақын досы кім?


4.Мен қандай ата-анамын?

Ата-аналарға үлестірме қағаздар таратылып, өзінің баласымен қарым-қатынасы қандай екенін анықтайды. Баласымен жақсы және нашар қарым-қатынаста екенін біледі.

Мақсаты: баламен жақсы қарым-қатынастарын одан сайын жақсарта түсуге, ал жаман қатынастарын азайтуға ықпал етеді.


5.Тыныштық сәті, Бала тілегі, Ана тілегі.

(баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»


Терең демалайық!

Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлді елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі. Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.


Ол гүл-сіздің балаңыз. Сіздің жаныңыз. Сіздің ұрпағыңыз.

Гүлдеріңіздің сіздерге деген Бала тілегін қабыл алыңыздар және сіздерде балаға деген тілектеріңізді жазасыздар.


6. Ата-аналарға арналған видео.

Баланың тәрбиесіне арналған тәрбиесі, мән-мағынасы бар видеоролик.


7. Кері байланыс және ұсыныс

Жиналыстың қандай дәрежеде өткенін білу мақсатында, ата-аналар тақтада тұрған ұл-қыздарының суретіне, стикерлерге кері байланысын жазып, жабыстырады. Және әрбір ата-ана мектепке және сынып жетекшіге айтар ұсыныс тілектерін білдіреді.


Қорытынды бөлім.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!