"Баланың бас ұстазы- ата- анасы"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Баланың бас ұстазы- ата- анасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударды. Қазақстан балалары хал-ахуалының негізі ретінде позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту мақсатында биылдан бастап «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы апробациядан өтпек. Академияның басты мақсаттарының бірі – ата-аналарды бала тәрбиесіндегі тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеулерге сүйенсек, 60 пайызға жуық ата-ана баланы тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

«Баланың бас ұстазы- ата анасы!»

Үйірме оқушыларының ата-аналарға арналған іс-шараның сценарлық жоспары


Өтетін күні: 11-қаңтар, 2024 жыл

Сағат: 10.00

Өтетін орны: Оқушылар үйі, АКТ зал

Қатысушылар: Үйірме жетекшілері, ата-аналар

Сценарийге жауапты: Г.Қапанова

Жүргізуші: Г.Қапанова

Орындалатын әндер: «Ән-терме» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Асыл мұра» тобының орындауында «Домбыра», «Қалқатайдың дауысы-ай», «Өлкетану» үйірмесінен Молдажан Жаухар, «Қолөнер» үйірмесінен Рамазан Ғалымжанұлы;

Сән көрсетіліміне жауапты: «Қазақ қыздары» «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі А.Мырзаева

Сурет көрмесіне жауапты: «Қылқалам» үйірмесінің жетекшісі Ұ. Шарханқызы

Лед экран, аппаратура жауапты: Бағдарламашы Д.Оралбаев

Фото, видео, тікелей эфир жасау: SMM маманы Азамат Ибрагим

Контингентке жауапты: Үйірме жетекшілері (әр үйірме өздері ұснған ата-аналардың толық қатысуына жағдай жасау)

Безендірілуі: Іс-шара өтетін орын алдын-ала дайындалып, лед экраннан тақырыптық фон беріліп, баяу музыкалық фон қосылады, ата-аналар өздерінің межелі орындарына жайғасады

Қатысушыларды тіркеу: Алмат Жарқынай

Кезекшілік: Алмат Жарқынай, Тажмағамбетова Кенжегүл

Марапаттау: «Күздің сырлы қолтаңбасы» отбасылық байқауымен, «Ән-терме» үйірмесінің оқушыларын марапаттау

Ата-аналардан кері байланыс алу: Г.Қапанова шара соңында ата-аналардан шара туралы кері байланыс алынады, ата-аналарға арнайы дайындалған парақтар таратылады.


Жиналыста сөйлейтін спикер:


  1. «Оқушылар үйі- өнер ордасы» жалпы ұйымының тыныс-тіршілігі үйірме бағыттары, мақсат, міндеттерімен, білім алушылар контингенті, педкадр, сапалық құрам, үйірме оқушыларының, үйірме педагогтерінің жетістіктерімен таныстыру –Директор



Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

«Баланың бас ұстазы- ата анасы!»

Үйірме оқушыларының ата-аналарға арналған іс-шара сценарийі


Фан-фар беріліп ортаға жүргізуші шығады


«Асыл мұра» тобының орындауында «Домбыра» әні


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударды. Қазақстан балалары хал-ахуалының негізі ретінде позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту мақсатында биылдан бастап «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы апробациядан өтпек. Академияның басты мақсаттарының бірі – ата-аналарды бала тәрбиесіндегі тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеулерге сүйенсек, 60 пайызға жуық ата-ана баланы тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж екен.

Осы орайды. Ел Президентінің үндеуіне назар салсақ, назарлараңызы экранда болсын!

ВИДЕОРОЛИК қосылады

https://vm.tiktok.com/ZM68f1GTC/

2023 жылдың 5 қазанында Республикалық мұғалімдер съезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ата-аналар алдында сөз сөйледі. Мен кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған адамдардың жазасын қатаңдатуды тапсырдым. Бұл бастама жақын арада жүзеге асады, деді президент.

Жалпы, балаға психологиялық қысым жасалмауына, ең алдымен, ата-ана жете көңіл бөлуі керек. Ондай оқиға болса, мектептегі медиация қызметі мұғалімге және ата-анаға ескертіп, кәсіби медиаторлармен бірге балаға барынша көмек беруге тиіс, - деп атап өтті президент. 

"Барша ата-анаға айтарым: балаларыңыздың зорлық-зомбылық жасауына, қоғамдық тәртіпті бұзуына ерік бермеңіздер. Әсіресе, оларды мұғалімдердің алдында қорғамаңыздар. Баланың бетінен қақпаймын деп, оның теріс қылықтарына көз жұма қараудың соңы келешекте қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Алдағы уақытта заңға қайшы әрекеттерге бармас үшін мектеп тәртібін бұзушыларға алдын алу шараларын қазір қолданған жөн"

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауынан



Жүргізуші: Құрметті ата-аналар Оқушылар үйі үйірме оқушыларының ата-аналарынан бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастардың қаншалықты жақын екенін анықтау мақсатында сауалнама алынған болатын.

Сауалнамаға 78 ата-ана қатысты. Сауалнама нәтижесін бірге көрейік, назарларыңыз экранда болсын:

  1. Балаңызды үнемі қадағалап отырасыз ба? сұрағына 93,6 % иә деп жауап берген екен

  2. Балаңызбен жиі әңгімелесіз бе? деген сұраққа 93,6 % иә деген

  3. Балаңыздың жеке ұялы телефонын ұстау уақытына шектеу қоясыз ба? сұрағына 84,6% иә десе, 12,8 % жоқ деген жауап айтады.

  4. Балаңыз Сізге сырын айта ма? деген сұраққа 92,3% иә десе, 5,1% жоқ дейді

  5. Бірге кітап оқисыздар ма? деген сұраққа 67,9% иә десе, 29,5% жоқ деген

  6. Үй шаруасына көмектесе ме? деген сұраққа 96,2% иә дейді

  7. Үйірме жұмысына көңіліңіз тола ма? деген сұраққа 96,2% иә деген жауапты береді.

  8. Сіз үшін балаңыздың өз таңдауы маңызды ма? деген сұраққа 96,2% иә деп жауап берген.

  9. Балаңыздың жақын достарының атын білесіз бе деген сұраққа 94, 9% иә деп жауап берген екен.

Жалпы сауалнама қорытындысы жаман емес, десекте бірге кітап оқуға келгенде көрсеткіштер төмендейді, бала біздің болашағымыз! Баланың болашағы жарқын болсын десек, онымен бірге өсуді сонымен қатар оқуды тоқтатпауымыз керек.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, Сіздерге «Оқушылар үйінің» тыныс-тіршілігі туралы мәлімет бере кетсек:

Спикер: Құдайбергенова Гаухар Отарәліқызы

«Оқушылар үйі- өнер ордасы» жалпы ұйымының тыныс-тіршілігі үйірме бағыттары, мақсат, міндеттерімен, білім алушылар контингенті, педкадр, сапалық құрам, үйірме оқушыларының, үйірме педагогтерінің жетістіктерімен таныстыру;

Ән: «Асыл мұра» тобының орындауында «Қалқатайдың дауысы- ай» әні

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, баршаңызға белгілі қазіргі таңда қазақы стиль мен этностильді дамыту бағыты бойынша біршама жұмыстар атқарылуда, біздегі «Қолөнер» үйірмесінің жас шеберлері «Киіз басудың жаңа технологиясымен» жасалған сәнді киімдерімен халықарпалық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Олай болса, «Қолөнер» үйірмесінің оқушыларының «Сән көрсетілімін» тамашалаңыздар!

СӘН КӨРСЕТІЛІМІ

ӘН: «Қолөнер» үйірмесінің оқушысы Бекболат Рамазан Ғалымжанұлының орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Оқушылар үйінде «Күздің сырлы қолтаңбасы» тақырыбында отбасылық байқау ұйымдастырылған болатиын, жеңімпаз отбасыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер!

/Марапаттау рәсімі/

Ата-аналарды марапаттау

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің ұйымдастыруымен өткен «Күздің сырлы қолтаңбасы» отбасылар байқауына қатысқан отбасыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер!

  1. І орын – Балымбетовтер отбасы «English is fun» үйірмесінің оқушысы Қобыландықызы Райана

  2. ІІ орын- Лепесовтер отбасы «Жас эрудит» үйірмесінің оқушысы – Лепес Еңлік

  3. ІІІ орын – Сейілхановтар отбасы «Қылқалам» үйірмесінің оқушысы Сейілхан Айжұлдыз

  4. ІІІ орын – Шынтеміровтер отбасы «Жас математик» үйірмесінің оқушысы Шынтемір Инабат

  5. Алғыс- Асанбектер отбасы «Жас эрудит» үйірмесінің оқушысы Науырыз Асылхан

  6. Алғыс- Кириченколар отбасы «Жас эрудит» үйірмесінің оқушысы – Кириченко Дарья

  7. Алғыс – Берімбаевтар отбасы «Жас эрудит» үйірмесінің оқушысы – Берімбаева Сара

  8. Алғыс- Аманқосовтар отбасы «Жас математик» үйірмесінің оқушысы- Аманқос Нарұл

  9. Алғыс – Қалмановтар отбасы «Би» үйірмесі Самат Інжу

  10. Алғыс- Дүйсенбаевтар отбасы «Би» үйірмесі Ғалымжанқызы Қарлығаш

  11. Алғыс – Сүлейменовтер отбасы «Би» үйірмесі Төлепберген Бибісұлу

Жүргізуші: Марапаттарыңыз құтты болсын, естелік суретке түсуге шақырамыз!

Жүргізуші: Біздің өнер ордасы өнерлі шәкірттерден кенде емес, шығармашыл шәкірттерімізді марапаттауға рұқсат етіңіздер! Айнұр Айжігітқызы жетекшілік ететін «Ән-терме» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Асыл мұра» тобы респбликалық, халықаралық байқауларда топ жарып Бас жүлде иеленіп жүр.

Атап айтсақ:

  1. Астана қаласы білім басқармасы ММ ұйымдастыруымен, ІІ Республикалық "Қазақтың 100 әні" әншілер байқауында "Ансамбль" номинациясы бойынша "Асыл мұра" дәстүрлі әншілер ансамблі ІІІ орын иеленді.

Қатысушылар: 11 бала
Жанболатқызы Жанерке,
Батырбекқызы Жанерке
Бөлеген Ақниет
Өмірсерік Гүлсезім
Айдархан Нұрила
Амангелді Дидар
Есенкелді Іңкәр
Айдосұлы Нөсер
Оразбай Рассул
Темірбек Айдос
Ерғабыл Жанерке
Осы байқаудың "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша Ақтұрған Мұхаммед Әли І орын иеленді.
Жұмағали Алихан сертификатпен марапатталды!

  1. Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен өткен Түркі халықтарының халық аспаптар ансамбльдері мен оркестрлері арасындағы "Түркі әлемі" атты ІІ халықаралық байқау-фестивалінде "Асыл мұра" дәстүрлі әншілер ансамблінің (ұлдар тобы) ІІІ орын алды.

Қатысушылар  7 бала:
Темірбек Айдос
Есенкелді Сұңқар
Жұмағали Алихан
Амангелді Дидар
Оразбай Рассул
Төленов Нәби
Темірбек Айдын

  1. Алматы қаласы. Балбұлақ орталығы ұйымдастыруымен "Өнерге қанат қаққандар" ҮІ халықаралық өнер байқауында "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша «Асыл мұра» Ансамблі Бас жүлде иеленді.
    Айдархан Нұрила
    Батырбекқызы Жанерке
    Темірбек Айдос, Темірбек Айдын
    Бөлеген Ақниет
    Оразбай Рассул
    Өмірсерік Гүлсезім



  1. Астана қаласы 13-17. 11. 2023 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұйымдастыруымен "Астана-Мерей" ХІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА
    Ақтұрған Мұхаммед Әли мен Жанболатқызы Жанерке сертификатталса,
    Маделханов Ғабиден "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша Кенен Әзірбаев атындағы арнайы диплом иегері атанды.
    Айдосұлы Нөсер І орын алып, А Жүдебаев дипломымен марапатталды



  1. Астана қаласына "Сұлу Сырдан, Ару Астанаға" атты сырбойылық өнер шеберлерінің гала концертінде Айдосұлы Нөсер Сыр жырауларымен бірге өнер көрсетті. 7-9.12.2023 ж.
    Айдосұлы Нөсер Астанада өнер көрсеткені үшін облыс әкімі Н.Нәлібаевтың алғыс хатымен марапатталды! Облыс әкімімен бірге Айдосұлы Нөсер 26.12.2023 ж. 2024 Жаңа жылдық шырша шамын жақты!

Әдеби монтаж: Үйірме оқушыларының ата-аналарына алғысы

АНАҒА ӘКЕГЕ АЛҒЫС

Жас математик Мақсат: Мені өмірге әкелгеніңіз үшін

Жас эрудит Шахназ: Жарық өмір сыйлағаныңыз үшін

Би Жансая: Бар жақсыны үйреткеніңіз үшін

Жас пилот Баубек: Бағып-қаққаныңыз үшін

Жас эрудит Ақзере: Мені тәрбиелегеніңіз үшін

Жас эрудит Қарақат: Ақ сүт беріп өсіргеніңіз үшін

Жас эрудит Темірлан: Бағыма жаралғаныңыз үшін.
Анамдай адал жар алғаныңыз үшін.

Жас эрудит Даша: Орысша айтады

Жас эрудит Асылхан: Ақылды болғаныңыз үшін

3 Д МодельдеуДиас: Маған төккен мейіріміңіз үшін

Өлкетану Іңкәр: Бар жақсыны бергеніңіз үшін

Өлкетану Жаухар: Бізге қорған болғаныңыз үшін

Жас математик Қадырбек: Аялы алақаныңыз үшін

Жас математик Нұрасыл: Мәпелеп өсіргеніңіз үшін

Жас математик Нарұл: Әкімім дер еркелететініңіз үшін

Жас математик Рабия: Бар еркелігімді көтеретініңіз үшін

Қылқалам: Немерем деп бар тәттіні әкелетініңіз үшін

Математика: Тәттім деп еркелететеніңіз үшін

Қолөнер Шұғыла: Біз деп еңбектенгеніңіз үшін

Қолөнер Әлімжан: Жылы үйіміз үшін

Қолөнер: Түн ұйқыңызды төрт бөлгеніңіз үшін

Жас математик: Қамқорлығыңыз үшін

Ағылшын тілі: Таза киіміміз үшін

Ағылшын тілі: Дәмді тағамыңыз үшін

Ағылшын тілі: Бақытты балалық шағым үшін

Ағылшын тілі: Мені қорғайтыныңыз үшін

Ағылшын тілі: Әперген тәттілеріңіз үшін

Ән-терме: Балама болсын деп бар жақсыны жинағаныңыз үшін

Ән-терме: Бақытты өмір сыйлағаныңыз үшін


Шұғыла

Алғысым шексіз анашым
Ойлаған күні – түні баласын
Жұмақты іздеп жүргендерге айтарым,
Жұмақты…
Ананың табанынан ғана табасың.



Еңлік

Болашақ ұрпақ балаңның атынан

Ежелгі бабамның атынан

Жеті милллиард адамның атынан

Он сегіз мың ғаламның атынан

Рақмет Сізге Ата! Рақмет Сізге Әже! Рақмет Сізге Әке! Рақмет Сізге Ана!


Барлығы бірге: Біз Сіздерге бас иеміз!

ӘН: «Өлкетану» үйірмесінің оқушысы Молдажан Жаухар Еркебұланқызы марапарт иелерінің құрметіне әсем ән салады, қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Қосымша білім беру ұйымы – баланың бүкіл оқу кезеңінде отбасымен өзара әрекеттесетін маңызды әлеуметтік институт. Баланың мүддесі үшін отбасы мен қосымша білім беру ұйымының ынтымақтастығы олар одақтас болған жағдайда ғана сәтті бола алады, бұл баланы жақсырақ тануға, оның қабілеттерін дамыту кезінде оның жеке ерекшеліктерін ескеруге, өмірлік бағдарлар мен құнды басымдықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тәрбие міндеттерінің көлемінің кеңдігіне байланысты ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Соңы

Естелік суретке түсу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
74
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі