«Мектеп, оқушы, ата-ана:
ынтымақтастық қырлары»
Тақырыбы: «Барлығы отбасынан бастау
алады: бала және қоғам, қарым - қатынас
мәдениеті»
Уақыты: 27.09.2024ж
Жүргізілді: 6 сынып
ата-аналарына
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана байланысын,
отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен оқушы арасындағы
қарым - қатынасты нығайту.Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы –
отбасы екенін ұғындыру. Ата - аналардың қарым -
қатынасын жақсарту.
Міндеттері:
1) өз баласын түсіну
мүмкіндіктерін кеңейту;
2) баламен өзара қатынасты
жақсы түсінудегі ата ананың рөлін
айқындау;
3) баламен өзара әрекеттің
жаңа дағдыларын меңгерту;
Қажетті құрал
жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4
формат, қалам, кәрзеңке, қағаздан жасалған доп, шарфтар және
т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ
жауап, тест, психологиялық
жаттығулар.
Тренинг
бағдарламасы.
1. "Сәлем сөздің анасы"
амандасу.
2. «Ғажайып тәжірибе» әдістеме
3. «Ха» дем шығару
жаттығуы
Тренинг
ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын
араласу
Тренинг
барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті
ата-аналар, мұғалімдер, Оқушылар! Бүгінгі
біздің «Мектеп, оқушы, ата-ана:
ынтымақтастық қырлары» атты тренингке қош
келдіңіздер!
Бүкіл әлемдегі ата –аналардың
тілегі баласының жақсы адам болып өсуін, еңбексүйгіш, кішіпейіл,
мейірімді болуын армандап және соған әрекет етеді. Бірақта өмірде
кейбір көп әрекеттің өзінде нәтижесіздік, сәтсіздіктер болады.
Дегенменде біз алдымыздағы ұл баланы тәрбиелей отырып, жер иесін
тәрбиелейтінімізді, қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты
тәрбиелейтінімізді ұмытпауымыз керек. Отбасындағы тәрбие әрбір
мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау
қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті
қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырып демеуші ата-ана.
-
"Сәлемдесу"
жаттығуы:
Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуал
тудыру
Нұсқау:
Бір күнгі танысыңа қырық күн
сәлем дегендей біз бүгін бір–бірімізбен дәстүрден тыс амандасу
түрлерін жасаймыз.
1- нұсқа. Алақанымыздың ішін
және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей
қарайық
2- нұсқа. Жанымыздағы адаммен
жауырындарымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3- нұсқа. Жанымыздағы адаммен
оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп
сәлемдесеміз.
Талдау: Сәлемдесу кезінде қандай
әсерде болдыңыздар? Ата - аналармен кері байланыс
орнату
2. «Үй» әдістемелік
тесті
Мақсаты:
отбасындағы эмоционалдық қарым-қатынасты
анықтау;
Нұсқау: Барлықтарыңыз қолыңыздағы
параққа қаламның көмегімен үйдің суретін салсаңыздар. Үйді салған
кезде міндетті түрде үйдің төбесін, іргетасын, қабырғасын, терезесі
мен шатырын, мұржасын, есік пен табалдырығын ұмытпаңыз. Суретті
салып болған соң айтылған үйдің детальдарына 7-8 адамның есімін
жазыңыз.
Талдау: Суреттер салынып болғаннан
кейін интерпретациясы оқылады.
-
«Доп
лақтыру» жаттығуы.
Мақсаты: бір-бірін түсіне білуге, тіл
табысуға баулу;
Нұсқау: Бұл жаттығу барысында мен
Сіздерге ерекше қолдан жасалған допты лақтыру арқылы сұрақ беремін,
Сіздер сұраққа жауап бересіздер.
-
Бала сіз үшін
кім?
-
Балаңызды еркелеткенде қандай
сөздер айтасыз?
-
Балаңыз сізді ренжітті, сіздің
іс - әрекетіңіз.
-
Сіздің бойыңызда, сіздің
ойыңызша қандай жақсы қасиеттер
бар?
-
Бала тәрбиесі үшін
отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым
ба?
-
Балаларда
қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы
неден?
-
Балаларыңыз игілік істер
істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
-
«Өнегелі отбасы» дегенді қалай
түсінесіз?
Талдау: Өте тамаша жауаптар,
белсенділік танытқандарыңыз үшін рақмет. Ендігі Сіздің міндетіңіз
бұл доптың ішінде не бар екен? Соны
анықтайсыздар?
-
«Байлаулы
бала» бала тәрбиесіне арналған
тәжірибе
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі
қателіктерді анықтай отырып, түзетуді
үйрену
Екі ата-ана ортаға шығады.
Екеуіне екі бала мен анасының рөлін сомдау ұсынылады. Төмендегідей
сұрақтар қойылады.
1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны
соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы
байланады)
2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын
жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы
байланады)
3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір
сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің
әрекетіңіз? (көзі байланады)
4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз
ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын
берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы
байланады)
Баладан сұрау: «Сіздің
жағдайыңыз қалай?» Еш жеріңіз ауырмай ма? Қандай шағымыңыз
бар?
Талдау: Міне, баламыз қандай күйге
түсті?
Мұндай күйге түспес үшін не
істеуіміз керек деп ойлайсыздар, қателіктер қай жерде кетті
екен?
ҚОРЫТЫНДЫ: Баламызға
неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз
керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете
аласыз.
«Шар»
жаттығуы
Мақсаты:
отбасындағы келеңсіз жағдайды болдырмау, алдын –алу,қарым
қатынас мәдениетіне үйрену;
Нұсқау: Барлығымыз шарларды үреміз
және есімімізді жазамыз. Ортаға шығып шарды аспанға лақтырып, жерге
түсірмеуге тырысамыз, шарларымызды араластырып лақтырамыз бір
бірімізге, енді кімнің шары қолыңызға түсті сол адамды тауып иесіне
тілек айта отырып, қайтарамыз. Және шарды аспанға лақтырамыз енді
өз шарымызды тауып алуымыз керек. Таба алдық
па?
Талдау: Сіздерге ұсынылған жаттығуда
қандай қиындықтар болды?
Қорытынды: Бәріміз біріміз үшін әрекет
жасау
«Ха» дем шығару
жаттығуы
Мақсаты: ата аналарға эмоциялық күйді,
жұмысқа деген қабілетті дем шығару арқылы іштегі
жақсартады.
Нұсқау: Денеңізді бос ұстап тұрыңыз.
Екі аяғыңыз екі егіздің деңгейіне сәйкес келуі керек. Қолыңыз
денеңізді бойлап, төмен тұрады, деміңізді жайлап ішке қарай тарта
бастайсыз. Деміңізді тартқан сайын көтере беріңіз. Төбеңізге
қолыңыз жеткен кезде,деміңізді бір сәт ұстайсыз да алға қарай
денеңізбен еңкейіп, қолыңызды салбырата отырып, «Ха» деп дем
шығарасыз. Бұл жаттығу 2-3 рет
қайталанады.
Талдау: Қандай көңіл күйде
болдыңыздар?
Қорытынды
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек
болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды
білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым
етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас
ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп
болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ
тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының
шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата
–ананың өнегелі тәрбиесінде.
Педагог-психолог:
К.Алдабергенова
Тренинг
қорытындысы
Тренинг
атауы: Мектеп, оқушы, ата-ана:
ынтымақтастық қырлары
Зерттеу
әдісі: пікір алмасу, сұрақ жауап,
тест, психологиялық жаттығулар.
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана байланысын,
отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен оқушы арасындағы
қарым - қатынасты нығайту.Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы –
отбасы екенін ұғындыру. Ата - аналардың қарым -
қатынасын жақсарту.
Жүргізілуі: ата-аналар
жиналысы.
Нәтижесі сандық
талдауы: Тренингке қатысуға тиіс 42 ата
-ана, 2 сынып жетекші
Нәтижесі сапалық
талдауы:
Тренинг
бағдарламасы.
1. "Сәлем сөздің анасы"
амандасу.
2. «Үй» әдістемелік тесті
3. «Доп лақтыру» жаттығуы
4. «Байлаулы бала» бала тәрбиесіне арналған тәжірибе.
5. «Шар» жаттығуы
6. «Ха» дем шығару
жаттығуы
Пікір,
ұсыныстар:
-
Келесі тренингке қай
тақырыпта өтуге ұсыныс қабылдау
-
Тренингтен алған
әсерлерімен бөлісу
Мектеп психологы:
К.Алдабергенова



