Материалдар / Баланың дамуындағы психологиялық ерекшеліктер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың дамуындағы психологиялық ерекшеліктер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
554
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың дамуындағы психологиялық ерекшеліктер.

Дүниеге келген күннен бастап белгілі бір әлеуметтік ортада бала өседі, және тәні де жаны да дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезеңдерінде әртүрлі ерекшеліктерге ие болады. Бір жастан екінші жасқа өту шекарасы, және олардың арасында бөгет болмаса да, әр жастағы ерекшеліктер өзгеріссіз қалмаса да, дегенмен де, педагогикалық теорияда бұрыннан балалық шақтың төмендегідей кезеңдері белгіленді: сәбилік жас — 3 жасқа дейін, мектепке дейінгі жас -3 тен 7-ге дейін, төменгі мектептік жас -7 ден 11-12 ге дейін, т.с.с

Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады. Өйткені балалардың сөз құрауында тітіркендіргіш күшінің (сыртқы әсердің) маңызы үлкен, яғни буындардың дыбыстың күші. Осыдан педагогикалық практика үшін қорытынды: 2-3 жасқа дейін және одан әр балалардың сөзді айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі.

Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады.

Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.

Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады.

Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер, т.б түрлері анықталады.

Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т.б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.

Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:

Тіл: Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.

Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екенін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады ( егер бала балабақшаға барып жүрген болса). Алты жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.

Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар — бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі).

Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.

Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты ( ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де балса нашар дамыған.

Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның зейінін зерттеу обьектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер алты жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс әрекетпен айналыса алады.

Алайда бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.

Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.

Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз есте сақтау жемісті бола бермек.

Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.

Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады.

Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау–алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.

Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады (импровизация), өз шығармасына рахаттанып оған басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде (үлкендерге қарағанда) үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі байқалады.

Қиялдың үздіксіз жұмысы — баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.

Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі әлдеқайда көбірек меңгере алады. Ал бұл мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаның танымдық мазмұнын мағыналы байытуға және бағыттар береді. Дегенмен баланың мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі.

Белгілі психолог Л.С.Выготский айтқан: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары немесе төмен ауытқу, яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан алғанда әрқашан зиянды болып саналады, баланың ақыл-ой даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді».

Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын және жүргізілетін ойын сабақтарының негізгі түрі ойын – осы жастағы іс-әрекеттің жетекші –негізгі түрі болып табылады.



100 «Жұлдыз» жалпы орта мектебінің педагог-психологы

Бекеева Н.Е

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!