«Баланың күлкісі-көркі,сәні әлем»
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен биылғы жыл Балалар жылы болып аталды. Осыған орай биыл жыл бойы облыста «Бақытты бала» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалмақ.
(Әдемілеп безендірілген бала бақшаның ауласы, фанфар әуені орындалады, ортаға жүргізуші Періште кейіпінде музыка әуенімен ортаға шығады).
Жүргізуші:
Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата – ананың арманы мен тілегін
Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Құрметті қонақтар,балалар,бөбекжай қызметкерлері 1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.
Құттықтау сөз кезегі «Балдырған»бөбекжайының директоры Косниязова Гулсара Тлековнаға беріледі.
Жүргізуші:Балалар бізге Ертегі әлемінен қонаққа Саңырауқұлақ келіпті.
Жүргізуші: Ендеше әдептен аспайық, әдепсіз болмайық, ертегілер әлеміне саяхатқа барайық. Балалардың сүйікті ертегілерінің бірі - « Саңырауқұлақ саясында» ертегісін бәріміз бірге тамашалайық!(Жаңбырдың жауғаны музыкасы ойнап тұрады)
Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады?
Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр.
Жүргізуші:Балалар Құмырсқаның көңілін көтеру үшін біздің өнерлі бүлдіршініміз Ильдисбай Кәусардың орындауында «Ойыншықтар»әні қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді:
— Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!
— Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол.
— Түк те етпейді, көңіліміз кең болса, жер тарлығы оқа емес. Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді.
Жүргізуші:Балалар көбелектің қанаттары кепкенше Күншуақ тобының қыздарының«Малинки »биін қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді.
— Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып.
— Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр!
— Сығылысып көрейікші?!
Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр.
Жүргізуші:Бүлдіршіндерімізді тақпақтарымен қарсы алыныздар.
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек берейік.
Илия: Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.
Нұржанат: Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Кәусар:Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық
Балаларды қорғау күнін тойлайық
Алақай-ау алақай!
Той-тойлайық балақай.
Мерей:Бала,балабаламыз
Бақшамызға барамыз
Одан көп-көп қызықтар
Күнде біздер аламыз.
Алихан:Бала бақша базарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты.
Аяна:Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып,ән шырқап
Билеп,билеп береміз.
Айзере:Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерге жол беріп
Біз әдепті боламыз.
Жүргізуші:Саңырауқұлақтың қасына секіріп Торғай келеді.
— Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді кішкентай Торғай.
— Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?
— Өтінемін, жылжып көріңдерші!
— Жарайды, кіре ғой!
Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғай ды да кіргізді.
Жүргізуші: Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,
Арайлы болашақтың ұл қызымыз.
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.
Балалар Торғайдың қауырсындары кепкенше Балбөбек тобының ұл,қыздарының орындауында спорттық би қанекей қол соғып барлығымыз тамашалайық.
Жүргізуші:Алқапқа осы арада ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды.
— Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!
— Тағы қысылысып көрейікші, Қоянның түрі сондай аянышты! — деді Құмырсқа.
Қоян да тығылып үлгерді
Жүргізуші:Қанекей балалар Қоянның Түлкіден қорықанын басу үшін
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап Жарбол Жангүлдің орындауында «Апам үшін»әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
сол кезде Түлкі жүгіріп келді.
— Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады.
— Жоқ, көрмедік. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады.
— Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?
— Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сидық!
Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды.
Жаңбыр осы кезде тоқтап, күннің көзі жарқырай ашылды. Саңырауқұлақтың астындағылардың бәрі қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты. Құмырсқа ойланып қалды:
— Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бесеумізге де орын табылып, кішкентай жерге сыйып кеттік!
— Бақ-бақ! — деп бақылдаған Бақаның дауысы естілді. Бәрі қараса, саңырауқұлақ үстінде Бақа күліп отыр.
Саңырауқұлақ:амансындар ма?Мен сендерді жаңбырдан қорғап өзімнің кең құшағымнан орын бердім.Мен сендерді татулыққа,достыққа,бірлікке шақырамын.Қанекей достар бәріміз көңілді би билейік.
Жүргізуші:Саңырауқұлақ пен барлық кейіпкерлер ортада «Көңілді күн» би билейді.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін.
Жүргізуші:Бақшаға біз гүл ексек ,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең! –деп, « Баланың күлкісі-көркі,сәні әлем» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.Сау болыңыздар!
МКҚК«Балдырған»бөбекжайы
«Баланың күлкісі-көркі,сәні әлем»
Тәрбиеші:Нұрғали Г.Ө
2017-2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз