Материалдар / Баланың өз-өзіне сенімділігін арттырудағы ата-ана рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баланың өз-өзіне сенімділігін арттырудағы ата-ана рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бойында үрей-мазасыздықты жою бағытында кеңес беру кепілдемелер беру.Психологиялық дайындық барысында, оқушы саулығын қамтамасыз ету, қорқыныш пен үрейдің алдын-алу бағыттарында ақыл- кеңестер беру. Ата-аналар арасында жағымды психологиялық климат орнату. Бүгінгі тренинг барысында ортамен жағымды қарым- қатынас,психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2021
442
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Баланың өз-өзіне сенімділігін арттырудағы ата-ана ролі

Мақсаты

Оқушылар бойында үрей-мазасыздықты жою бағытында кеңес беру кепілдемелер беру.Психологиялық дайындық барысында, оқушы саулығын қамтамасыз ету, қорқыныш пен үрейдің алдын-алу бағыттарында ақыл- кеңестер беру. Ата-аналар арасында жағымды психологиялық климат орнату. Бүгінгі тренинг барысында ортамен жағымды қарым- қатынас,психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Өтілу түрі:

Психодиагностикалық, психокоррекциялық жаттығулар

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ парақ қағаз,гүл шоғы,әуен,құрал-жабдықтар

Қатысатындар: Ата-аналар

Жүру барысы: I Ұйымдастыр

Ата — анаға арналған жадынама барысы

Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөгіп, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.
Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.
Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді көбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.
Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады.
Балаңазға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз. Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз.
Алдын ала тестері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу барысында зейінін бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұл өз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алып тастайды. Емтихан кезінде балаңыздың қолына сағат тағуға ұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн.
Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.

Есіңізде болсын:

Бірінші. Күйгелектенбеу. Ата — ананың кернеулік жағдайы балаға ауысуы мүмкін.

Екінші. Ата — ананың бағдары көп кедергі келтіруі мүмкін.Бала анасының айтқан жауабынан аса алмай, өз жауабын ұмытып қалуы мүмкін.

Үшінші. Баладан жоғары нәтиже көрсетуін талап етпеу керек

Баламен тест алдында мектепке бару, мектепті аралау, мұғалімдермен таныстыру. Бұл баланың тест беру барысында өзіне -өзі сеніп, жайлы сезінуіне көмектеседі.

Кейбір ата — аналар өз балаларын данышпан деп бағалайды, кейбіреуі балаларының жетістіктеріне көп көңіл бөле қоймайды

II     Амандасу: Жаттығу: «Геометриялық пішіндер»

Белгіленген уақыт ішінде тренингке қатысушылар айтылған геометриялық пішінді бейнелеп тұра қалуы қажет.

Адам бойындағы жеті қасиет арқылы топтарға бөлу. (ұялшақ, батыл, ақжарқын, еңбекқор, қатал, әділ, ақылды)

Топтарға бөліп, топтар өз орындарына жайғасқанша бүгінгі тренинг барысымен таныстыру.

Барысы: Мұғалім

- Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингімізді ашық деп жариялауыма рұқсат етіңіздер.Тренингтің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

Бүгінгі ғылым отбасының тәрбие типтерінің класификациясын жариялаған: Бұл типтердің жетеуінің бәрі ата-аналардың отбасындағы беделділігін көрсетеді. Әр топқа осы типтерді мен кәзір беремін сіздер талқылап, осындай тәрбиеден бала ертеңгі күні кім болып шығатынын айтасыздар.

1. Өктемділік беделі

Бұл көбінесе жанұяда әкелерде болады. Әкелер әр нәрсеге бола өзінің оғаш мінезін байқарып, дауысын көтеріп айқайлап, болмаса  ременді қолға алуға дейін барады. Осындай әкелік террордың қарым-қатынасының негізінде шешенің жанұядағы ролі нолге тиесілі. Балалары қандай болып өседі....басылып қалады (забитыми), еркіндіктің не екенін сезінбейтін (безвольными), есерсоқ (самодурами), кекшіл (мстящими)

2. Авторитет чванства 

Ата-аналары өркөкірек, жан менсінбей, өздерінің жетістіктерін, беделін әр кез айтып отырады. Оны көрген баласы өзінің ортасында «Сен білесіңбе менің папам кім?» немесе «Мен сені папама айтам, сені жоқ қылады» т.б. Бала қандай болып өседі? (мақтаншақ, өзінің қылықтарына сын көзбен қарай алмайды)

  3. Авторитет педантизма

Ата-аналар балаларымен қ/қ бұйыра сөйлейді, өзінін айтқанымен жүргізеді, бала ақылдасып, ойымен бөліспейді. Мұндай ата-аналардың жанұядағы беделі баланың қандай болып өсуіне әсер етеді.

4. Авторитет резонерства

Мұндай ата-аналар балаларының жас ерекшеліктерін ескермейді, Балалық өмір ұзақ болып көрінеді. Балаларына бір мағынада қайталана беретін ескертулер менен әңгімелер айтады. Осындай жанұядағы бала қандай болып шығады?. (заланғыш, ашуланшақ, ата-анасын тындамайды, сыйламайды)

5. Махаббат беделі

Бұл жанұяда балаларын жөнсіз қолпаштау, мақтау, өздерін балалары жақсы көруге міндетті деп санайды. Бұл ата-аналар бала тамақ ішпесе де, өзін тындамаса да анаңды жақсы көрмейсің бе, сыйламайсын ба деген сауалдар қояды. Бұл жағдайдағы бала қандай болып шығады? (игоист, екі жүзді, қу, салқынқанды, өтірікші,)

6. Кеңпейілдік беделі.

Ата-аналары балаларының сөзін аяқ асты қылмайды, олардың айтқаны заң. Баласымен конфликтіге келмеу үшін ол осылай жасауға өзін мәжбүрлейді. Осы әрекетімен ол өзінің отбасының бірізділігін сақтаймын деп түсінеді. Бірақ... (копризный, ата-анасына талап қойғыш, ата-анасына бұйыра сөйлейтін) бала.

7. Сатып алу беделі.

Бұл ата-аналар өздерінің балаларын қандай да бір іс-әрекетке немесе жұмысқа баулуда қандайда бір уәде беріп қызықтырады. М/ы: «Сен кәзір осы жұмысты аяқтасаң мен саған велосипет әперем» немесе анасы егер сен менің айтқанымды істесең мен саған туған күніңді балалармен қарсы алуға клубқа жіберем. Міне осындай әкесі мен анасының екі жақты тәрбиесінен қандай бала шығады... (ішкі дүниесімен санаспайтын, өзіндік шешімі жоқ адам шығады, ата-анасын жек көретін, өктемшіл)

Уақыт: 10 мин.

Жаттығу : «Бір-біріңе»

Нұсқау : Сіздер осы жерде еркін жүріп, менің айтқан тапсырмамды орындауларыңыз қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұптарыңызды табуларыңыз керек. Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін.

   Сонымен бастадық: «Бір-біріңе». Енді бір-біріңіздің қолдарыңызды қысыңыздар, аяқтарыңды-аяққа, мұрныңды-мұрынға, басты-басқа, құлақты-құлаққа, беттеріңізді-беттерге тигізіңіздер. Залда қайта еркін жүріңіздер, жаңа жұп табыңыздар. Ойын жаңа жұппен жалғасады.

Талдау : Көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

Бұл ойын неге бағытталған ?

Жаттығу : «Аааа» дыбысынан энергия алу.

 Нұсқау : Мен сіздерге өздеріңізді жаңа күшпен толықтыруыңызға көмектесемін. Тұрып терең демалып, оны шығарып таста. Сосын ауаны толтырып, оны дыбыспен шығарып таста. «Аааа» деп ұзақ етіп дыбыста. Сіздер осы сәтте шаршаудан, қайғыдан арылғандай әсер аласыздар. Ауа жинағанда көңілді және қуанышты ойлар бірге еніп жатқандай әсер алыңыздар.

Әрбір тыныс алғанда «Аааа» дыбысын шаршау, жағымсыз сезімдер, кеткенше бірте-бірте қатты айтып қайталайсыздар.

Жаттығу «Орын ауыстыру»

Ата-аналар жұп болып дөңгеленіп тұрады.Ортада музыка ойналып тұрады.Мұғалім тараңыздар деп белгі бергенде ата-аналар «тарайды»

Музыка тоқтағанда жұп болып тұрады. Жұптасқан топқа рольдік ойын беріледі

Мұғалім мен оқушы

Ата-ана мен бала

Дәрігер мен емделуші

Мұғалім,оқушы, ата-ана

Өзіндік рефлекция

Мақсаты: Мазасыздану деңгейінен тыныштандыру

Мәтіні: Көздеріңізді жұмыңыздар,өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіз.Жапырақ исін искеп,құстар әнін тыңдап,орманда қыдырыңыздар.Қыдырып жүріп,үңгірге жақындаңыздар.Қабырғасын қолмен ұстап,тастың қаттылығын сезініңіз.Үңгірдің қасында сарқырап мөлдір су ағып тұр.Судың мөлдір сылдырын,құстардың әнін естуге тырысыңыз.Осының барлығына ішкі жан-дүниеңізді ашыңыз:өзіңізді ыңғайлы,тыныштықпен,үйлесімділікте ұстаңыз.Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын ішіңізден «Ия» деп қайталаңыз.Осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін.Ия менің бүгініммен,ертеңім әр уақытта тамаша,ішіңізден күлкіні сезініңіз.Өз өткеніңізбен,бүгінгі күніңізге күлімдеңіз,бұл күлкі өте майда,жұқа,жаңа ашылған раушан гүлі сияқты ол сіздің ішіңізде ашылып бүкіл денеңізге хош иіс таратады.Өзіңіз айтып қайталаңыз «мен бақытты,салмақты балдарымның сүйікті анасымын,отбасының ұйтқысымын,әліде сондай боламын,қиындықты жеңемін»



Ұлың өссе, күндей болсын деп тіле,

Қызың өссе, гүлдей болсын деп тіле.

  Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең.           (Д.Бабатайұлы)

Адам-азамат атанса, әйел-ана атанса,

Адам баласы бір-біріне жолдас атанса,

Ана біткеннің сонан басқа іздегені бар ма?

Қорытынды:  Данышпан Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі-ата-анасы, екіншісі-ұстазы, үшіншісі-құрдасы» - десе біз бүгінгі тренингімізде ата-ана ретінде баламызға қандай мінез қалыптастыруға ықпал етіп жүргенімізді ортаға салдық. Құрметті ата-аналар шынай әрекет арқылы ғана біз балаға үлгі бола алатынымызды естен шығармағанымыз абзал.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!