Материалдар / Баланың өзіне деген сенімін қалай қалыптастыруға болады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың өзіне деген сенімін қалай қалыптастыруға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиеде 2,5 мен 5 жас аралығында балалардың ойын сабақтарының жүйесі баланың комплексті психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты көру, есте сақтау, елестету сияқты табиғи қабылдау сезімдерін және дене, қол қимылы мен дене қозғалысы үйлесімін дамытуға бағытталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2023
188
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың өзіне деген сенімін қалай қалыптастыруға болады?

Мектепке дейінгі тәрбиеде 2,5 мен 5 жас аралығында балалардың ойын сабақтарының жүйесі баланың комплексті психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты көру, есте сақтау, елестету сияқты табиғи қабылдау сезімдерін және дене, қол қимылы мен дене қозғалысы үйлесімін дамытуға бағытталады.

Сабақ бір топтың балаларымен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тәрбиешінің қалауымен баланың жеке қабілетін ескеріп, топқа басқа жастағы балалар қатыстырылады. Сабақтың өткізілу уақыты 25-30 минуттан аспайды.

Осы бағыттардың әрқайсысына қысқаша тоқталып көрейік. Баланың ойлау қабілеті қабылдау процесінің қалыптасуы барысында жүзеге асады. Сабақ барысында баланың заттың және оның жекелеген бқлшектерінің түр-түсінғ үлкен-кішілігін, қатты-жұмсақтығын, пішін өзгешеліктеріне қарай айыра білу қабілеті жетіледі. Ойын әрекеті кезінде бала белгілі бір затты зерттеу арқылы сол заттың өзіне тән ерекше сипатын, белгісін айыра алатын болады, сонымен бірге олардың түйсігінде жалпы адамзатқа ортақ заттардың атаулары мен қасиеттері жөнінде алғашқы ұғымдар қалыптасады.

Баланың ойлау қабілеті ойлаудың қимыл-әрекет, көзбен көру және логикалық түрлерін меңгерумен тығыз байланысты. Қимыл-әрекет арқылы ойлау-ол әр түрлі заттарды қолмен ұстап, түрлі ойыншықтармен ойнау барысында дамиды .

Сондай – ақ баланың ойлау жүйесінде көзбен көру арқылы әр заттың өзіндік ерекшелігі, бір –бірімен байланысты туралы түсінік қалыптасады. Ойын барысында бала әр түрлі сызбалармен, суреттермен жұмыс істеуге үйренуі тиіс.

Мектепке дайындық кезеңіне дейін баланың логикалық ойлауы жүйеге түсе бастайды, яғни біртіндеп логиканың заңдарына сәйкес сараптау, ой қорытындысын жасай білу қабілеті қалыптасады.

Сабақ барысында баланың таным қабілетін дамытуды жеңілдетудің бір жолы психикалық әрекетті бағыттауға, яғни қандай да бір тапсырманы орындаукезінде зейңндң, ынталы болуына тікелей байланысты.

Зейінділік, ынталылық кез келген психикалық процестен көрінеді: ойлау, сөйлеу, е те сақтау барысында. Зейіннің орнықтылығы-тұлғаның дамуының маңызды көрсеткіші.

Ойындар баланың негізгі зейін қабілетін дамытуға, оны қажет жағдайда белгілі мақсатпен байланысты жинақтауға , басқа жаққа аударуға немесе бөлшектеуге жаттықтырады.

Әлдебір затқа немесе құбылысқа ұзағырақ көңіл аудару зейін тоқтату арқылы жүзеге асады. Мектепке дейінгі кезеңде бала бір тапсырмамен 1сағатқа дейін айналысуға ынталы болады. Бір әрекет түрінен екіншісіне көшу немесе ойын түрін ауыстыру арқылы зейінді басқа жаққа аударуға болады.

Ал бір мезетте біреше затқа көңіл аудару зейінді бқлшектеумен байланысты. Мысалы көз алдындағы екі затқа ( айталық ,біреуі үлкен доп, екіншісі кіші доп , біріншісінің түсі қызыл, екіншіісінікі жасыл) бірден зейін аударудың нәтижесінде айырмашылығын тауып сиппатай алады.

Зейінді қалыптастыру ерікті түрден мектеп алды даярлығына қарай біртіндеп міндетті түрге ауысады. Ерікті зейін баланың сәт сайынғы қызығушылығын қарай әлсән-әлсән өзгеріп, түрленіп, жаңа заттармен, ойыншықтармен, ойындармен жаңаланып отырады.

Ал міндетті тапсырмаларда онша қызықты болмаса да зейін қойып талап етіледі.

Ойындардың келесі тобы есте сақтауды дамытуға арналып, зейін сияқты ол да біртіндеп еріктіліктен міндеттілікке ауысады. Есте сақтау қабілетін дамытуды құрғақ жаттау түрінде қалыптасатыру мүмкін емес, нәтижеге жету үшін сіздің ойға алған мақсатыңызды, нені есте сақтау керек екенін баланың өзі түсінуі маңызды.

Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы қалыпты ойлаудан өзгешелеу. Шығармашылық көп жағдайда баланың дүниетанымын, сезімін әртүрлі тәсілдер арқылы беру мүмкіндігін көрсете алады.

Ол үшін әр затты бірнеше қырынан көре білуі керек, заттың жекелеген сипаты арқылы образ жасай білу, қиял еркіндігімен бірге шығармашылық мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатқа бағыттай алуы керек.

Сондай-ақ қол икемділігін дамытуға, көзбен көру арқылы әрекет үлесімділігін қалыптастыратын, сурет салу қабілетін дамытуға арналған ойындардыңмаңызы зор. Көзбен бақылай отырып, қолмен түрлі пішіндерді қию, аяқталмаған суретті аяқтау сияқты ойындарды осы мақсатқа пайдаланудың берері көп.

Баланы тек бір нәрсеге үйретіп қана қоймай, оның өзіне деген сенімін орнықтыру, өзінің идеясын, қз шешімін қорғай білу дағдысын қалыптастыруға баса мән беру керек. Бұл әсіресе шығармашылықтапсырмаларға қатысты, өйткені оларда көбінесе кесімді «дұрыс», «дұрыс емес» деген екі қортындының бірі ғана емес бірнеше шешім болады. Баланың сынды өкпелемей қабылдап, жаңа идеялар ұсынуға икемді болуына мүмкіндік туғызу қажет. Бұл жерде де баланың табиғи болмысына тән қасиеттері маңызды. Егер ол өзіне-өзі сенімді батыл болса, өзінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалауды бастай беруге болады. Егер ұяң, батылсыз болса, оны әуелі алдын ала көтермелей мақтап алып, содан соң оның кез келген бастамасын қолдаған жөн. Егер бала бірінші аузына түскен жауапты айта салып, дереу екінші тапсырмаға көшкісі келсе, онда оны сол тапсырмаға қатысты жаңа сұрақтармен қызықтырып, белгілі бір нәрсені жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Керісінше, ойын тапсырманы орындау барысында ұсақ-түйекке көбірек мән беруі алға қарай жылжуына кедергі келтірсе, дер кезінде артық-ауысын алып тастауға, неге көңіл аударуды, бір идеядан екіншісіне ауысуға жаттықтыру керек. Бұл әдіс әсіресе шығармашылық бағыттағы тапсырмалар үшін маңызды.

Көру, есту, сезу арқылы бала заттың ішкі және сыртқы сипаттарын қабылдауды үйренеді. Ойнай жүріп ойлауға, заттардың бір-бірінен айырмашылығы мен өзара ұқсастығын, басқа да ерекшеліктерін салыстыруға, оның мағынасын сөз арқылы беруге үйренеді. Осылайша заттардың сыртқы сипаты жөнінде жалпыға ортақ ұғымдары қалыптасады.

Баланың қоршаға ортамен етене араласуы оның танымдық, эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты және белсенді түрде дамытуға мүмкіндік туғызады.

Сезіну және қабылдау.

Психологтар сезіну мен қабылдауды сезім мүшелеріне тікелей әсер етуден туған заттар мен құбылыстардың көрінісі ретінде қарастырады.

Сезіну арқылы заттардың жекелеген қасиеттері (түр-түсі, дәмі, иісі) жөнінде ақпарат алынады. Қабылдау бұдан гөрі күрделірек. Ол тек әр түрлі әсерлердің қосылуы ғана емес, ол қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың тұтас көрінісі. Ол тілмен, ойлаумен, есте сақтаумен, сондай-ақ дара тұлғалық қасиеттерімен байланысты.

Баланың өмірі бүкіл қоршаған ортаның бояуларын, түрлерін, дыбыстарын т.б. сезінумен ұштасады. Ойында, серуенде, еңбекпен айналысқанда, үй жұмысы кезінде белгілі бір заттың қасиеттеріне мән беруіне, тыңдауына, байыппен қарау арқылы танып білуіне көңіл аудару қажет. Білу-қабылдаудың есте сақтау ойлау, сөйлеу түрлерімен тығыз байланыстырып неғұрлым күрделірек сатысы, сондықтан о бастан баланың қабылдауын сөйлеумен тығыз байланыстырып, мән-мағынасына бар мақсатқа бағыттау маңызды. Баланың дамуы тікелей іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Әртүрлі заттармен танысу барысында бала олардың қасиеттері туралы біледі, ерекшеліктерін көруге үйренеді, сезім тәжірібиесін байтады, білуге деген қызығушылығы оянады. Мысалы заттың атын табуға арналған ойын түрі «менің кім екенімді тап» деп аталады.

Бейнеленген затың атын табу үшін қарындашты қағаз бетіндегі нүктелермен жүргізіп отырып қосып шығады. Ол үшін сурет балаға түсінікті болу керек. Атын тауып айтқан соң бояларына болады. Мұндай ойындар баланың аңғарпаздығын, қолының икемділігін дамыту үшін пайдалы.

Бала тұтас заттың бөлшегін көзбен көруді үйренеді, көлемін, түрін , түсін анықтай алады, соның арқасында әлгә зат жөнінде тұтас түсінігі қалыптасады. Сабақ барысында оның оң мен солын ажыратуына мән беруін, заттың орнын, бағытын болжауды, бірлесе отырып заттардың көлемін, оған дейінгі және олардың арасындағы қашықтықты көзімен мөлшерлеуге үйрету өте маңызды, өйткені о бастағы тәрбиеден кеткен кемшілік кейін мектепке дайындық барысында қиындық туғызады. Бала жазуда жол бағдарын сақтауда, әріп бөлшектерін жазуда, буындап оқуда, заттардың орнын, кеіңстікті анықтауда қиындықтарға ұшырайды. Қабылдауды дамыту үшін сурет салу, жапсыру, құрастыру, қимылды ойындар мен физикалық жаттығулардың пайдасы зор.

Кіші топқа арналған ойын түрлерінде баланың неғұрлым белсенді және еркін әрекет етуіне мүмкіндік берілсе, соғұрлым оның өзіне деген сенімі артады. Ал өзіне сенім оның ертеңгі жеңістеріне жол ашары сөзсіз. Сондықтан баланың кішкентай кемшілігін елемеуге тырысып, қателігін бетіне басып, ұрысудан гөрі, керісінше, жетістігін асыра бағалап, мақтап, қолпаштаудың тәрбиелік мәні әлдеқайда маңызды.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!