Материалдар / Баланың психологиялық денсаулығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың психологиялық денсаулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың психологиялық денсаулығы. баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2024
94
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көкпекті ауданының білім бөлімі»ММ

«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі»


(Баяндама)


Байжакупова Ш.М.


Тақырыбы: Баланың психологиялық денсаулығы

Мақсаты: Баланың психологиялық денсаулығының маңыздылығын түсіндіру және кеңестер беру.

Қатысқандар: Ата-аналар


Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымының анықтамасына сәйкес, денсаулық бұл тек аурулардың немесе жарымжандық ақаулықтың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық дене күші мен психиканың және әлеуметтік жағдайдың жақсы болуы.

Жағдайдың жақсы болуы адам өмірінің барлық аспектілеріне қатысты: өмірдің әлеуметтік, физикалық, интеллектуалдық, эмоциональдық және рухани элементінің үйлесімділігі қажет. Егер денсаулық пен жақсы жағдайда ұмтылатын болсақ, онда олардың бірде біреуіне немқұрайлы қарамауымыз керек.

Сонымен денсаулық: дене саулығы, рухани саулығы, психикалық және психологиялық саулық болып бөлінеді.

  • Физиологиялық денсаулық – адам ағзасының, он екі мүшесінің сау болуы.

  • Рухани денсаулық- жан дүниесінің сұлулығы, адамдарға деген сүйіспеншілігі, жомарттығы, ақкөңілділігі, жанашырлығы.

  • Ал психологиялық денсаулық дегеніміз не ???

Психикалық және психологиялық денсаулық-бұл адам өз әлеуетін іске асыра алатын, күнделікті өмірлік стрестерді еңсере алатын, жемісті және өнімді жұмыс істей алатын, әрі қоғамға өз үлесін қоса алатын аман-сау күйі.

Жақсы психикалық денсаулық барлығы үшін маңызды.Сіздің, балаңыздың өмірі үшін психикалық денсаулықтың маңызы физикалық денсаулықтың маңызымен бірдей.

Психикалықденсаулық-бұл жай ғана психикалық сырқаттардың жоқ болуы ғана емес, өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылардың болуы. Егер психикалық денсаулықтағы кінәрәттарға мән бермесе, олар балалардың оқуына, дамуына, қарым-қатынастарына және физикалық саулығына кедергі келтіреді.

Сондықтан психикалық денсаулық физикалық денсаулық сияқты маңызды! Психикалық денсаулықсыз физикалық денсаулық жоқ!

Баланың психологиялық денсаулығында кінәрәт барын қайдан білеміз?

Ойлау қабілетіндегі өзгерістер:

  • Өзі туралы теріс пікір айтады немесе бақылай алмаған жағдайларға өзін кінәлі сезінеді.

  • Зейін қоюы нашарлайды, көп жағдайда айтылған нәрселерге көңіл қоймайды.

  • Жиіжағымсыз ойларға беріледі, оқу үлгерімі өзгереді


Сезімдеріндегі өзгерістер:

Өздерін бақытсыз сезінеді немесе бірнәрсеге алаңдаулы, кінәлі, қорыққан, ашулы, мұңды болып көрінеді.

Мінез-құлқындағы өзгерістер:

Жиі жалғыз қалғысы келеді, әдетте жақсы көретін ойындарына, істеріне қызығушылығы жоғалады, болмашы

жайттарға тез реакция көрсетеді, ашуланады не жылайды, белсенділігі төмендейді, ұйқысыздық орын алады,

көп қиялдайды, достарымен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болады.

Физикалық өзгерістер:

Басы, іші, мойны жиі ауырады, жалпы ауырсыну сезімдері болады. Күш қайраты жоқ немесе шаршаңқылық басады, ұйқысы мен тәбеті нашарлайды, жиі күйгелектенеді, мысалы: тырнақ кеміру, саусағын сору, шашын ширату т.


Есіңізде болсын!

Балада осы өзгерістердің біреуін немесе бірнешеуін байқасаңыз,

Психологиялық денсаулығында кінәрәт пайда болды деген сөз.

Жылдам уақытта сіздің көмегіңіз қажет.


Баланың психологиялық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлар:

Отбасындағы ауа-райы:

- отбасы мүшелерінің бір-бірлерімен қарым-қатынастары, оны біздің балаларымыздың дұрыс түсінулері және қабылдаулары

Стресс не өміріміздегі өзгерістер

  • балаңыздың мектеп ауыстыруы,

  • мекен ауыстыру,

  • отбасының ажырасуы,

  • жақын адамды жоғалтулары, т.с.с.


Өміріміздегі жағдайлар:

  • экономикалық және материалдық мәселелер,

  • психобелсенді заттар қолдану,

  • интернет желісіне тәуелділік, ойынқұмарлық,

  • білім алуға мүмкіндік бермейтін нашар денсаулық немесе

созылмалы сырқаттар,

  • Жанға жара салатын жайттар,

  • Үйде жеткілікті көңіл бөлінбеуі немесе қамқорлықтың болмауы


Біздің өзіміз ұстанымдарымыз, көзқарасымыз, әрекетіміз, қимылдарымыз,

тілдесуіміз

Балаға мәселелерін шешуге көмектесіңіз


  • Балаға құлақ салыңыз және сезімдерін құрметтеңіз. Баланың мұңаюы мен ашулануы қалыпты жайт, сондықтан оның сезімдерін теріске шығармаңыз.

Кез-келген сезім қалыпты құбылыс.

  • Әуестенетін не шұғылданатын істері жайлы сұраңыз. Балаңыздың істеріне не мәселесіне қызығушылық танытыңыз.

  • Дербестік танытуға, өздігінен шешім қабылдауғ рұқсат беріңіз.Балаға өз қателіктерінен сабақ алуға көмектесіңіз.

  • Жақсы іс тындырса, мақтаңыз.

  • Үстемшіл болмаңыз. Өз эмоцияларыңызды тізгінде ұстаңыз. Басқа адам емес, өзіңіз үлгі болыңыз.

  • Үйде қауіпсіз, жайлы орта қалыптастырыңыз. Балаңызбен не олардың көзінше қаржы, отбасылық мәселелер, сырқаттар сияқты мәселелерді талқылағанда мұқият болыңыздар.

Бұл жағдайлар баланы қатты алаңдатуы мүмкін.

  • Балаңыздың әлеуметтік желіде қанша уақыт отыратынын, онлайн ойындарда кіммен әрекеттесетінін біліп жүріңіз.












Ата-ана білу керек 7 қағида:


1.Егер балаңыз сізге мінез көрсетіп одыраңдаса, ауыр сөздер айтатын болса, онда ол осы әдетті ата-анадан немесе өзімен тұратын адамдардан алады.

2. Егер балаңызға қажетті заттың әперсеңіз де,бала өзінікі емес заттарды алатын болса, ол сіздіңбалаға таңдау жасауға мүмкіндік бермегендігіңізден

болуы мүмкін.

3. Егер балаңыз өтірік айтса, сіз ол жіберген қателеріне қатал қарадыңыз деген сөз.

4. Егер балаңыз қорқақ болса, олсіздің балаңызға жылдам көмекке келіп оған өздігінен әрекет етуге мүмкндік бермеуіңізден болуы әбден мүмкін. Балаңыздың жолындағы әр кедергіні ала беруді қойып, оны жеңуге өзіне мүмкіндік беріңіз.


5. Егер балаңыз тез ашуланса, оның себебі сіздің оны жеткіліксіз мақтағандығыңыздан болуы әбден мүмкін. Ол өзінің жаман әдеттерімен өзіне назар аударғысы келеді.

6. Егер балаңыз өзін қорғай алмаса,ол сіздің оны кішкентай кезінен бастап

көпшіліктің алдында тәртіпке шақыруыңыздан деуге де болады. Ата-ана мұндай жағдайды баланың өзімен жеке сөйлесуі арқылы шешу керек.

7. Егер балаңыз қызғаншақ болса, оның себебі сіздің оны үнемі басқа

балалармен салыстыруыңыздан деп біліңіз. Ол сіздің балаңыз!

Оны ешкіммен салыстырмаңыз.


Ендеше құрметті ата-аналар мен өз дәрісімді А.П.Чеховтың сөзімен аяқтағым келіп тұр.

«Барлық бала пәк, әрі таза, сондықтан оларды өз көңіліміздің ойыншығына айналдырмайық».






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!