Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балапандар" оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар мен тәрбиешілерге көмек болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру

Тақырыбы: «Балапандар» қағаздан умаждап жасау

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, қағазды умаждау арқылы белгілі бір затты жасауға болатынын түсіндіру.

Дамытушылығы: Балалардың саусақ қимыл- қозғалыстарын жетілдіру, ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелілігі: Үй құстарына, балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының, балапанның суреттері, үлкен және кіші сары түсті қағаз

Сөздік жұмыс: умаждау

Билингвальді компонент: балапан- цепленок


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс- әрекеті

Балалардың

іс- әрекеттері


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларға резеңкеден және жұмсақ матадан жасалған ойыншық балапандарды көрсетіп, неден жасалғанын сұрау, әңгімелесу.

Балалар ойыншық балапандарға қызыға қарайды.


Іздену

ұйымдастырушы

-Балалар, осындай балапандарды қағаздан жасауға да болатынын білесіңдер ме?

-Ол үшін, балалар, алдымен мына суретке қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?

-Иә, жасыл алаңқайда жүрген көңілсіз балапанды көріп тұрмыз. Неліктен көңілсіз деп ойлайсыңдар?

-Бұл балапанның бірге ойнайтын достары жоқ. Сол үшін көңілсіз екен. Ал біз балапанға көмектесеміз бе?

-Олай болса, бүгінгі оқу қызметінде қағаздан балапан жасаймыз. Көңілді болу үшін балапанға «дос- балапан» жасап береміз.

Әр баланың алдына үлкен және кіші сары түсті төртбұрышты қағаздан таратып беру.

Балалардан қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін сұрау.

-Балалар, үлкен қағаздан балапанның денесін, кіші қағаздан басын жасаймыз.

-Ал енді үлкен қағазды алақан арасына салып умаждаймыз. Бұл- денесі.

Сөздік жұмыс: умаждау.

-Енді кіші қағазды да осылайша умаждаймыз.

Дайын болған балапанның дене бөліктерін біріктіріп, оның тұмсығын, құйрығын, және аяқтарын дайын қиылған бөліктермен толықтыру.

Сергіту сәті:

Балапандар жем жеді, су ішті, қанаттарын қақты, секірді т.б. қимылдар жасау.


Назар аударып, тәрбиешіге қарайды.





-Көңілсіз балапанды.



Балаларға ой тастау.





-Иә, көмектесеміз.






Бірінші үлкен қағазды умаждап, ашып, қайта умаждап домалақ пішін жасайды.





Екінші қағазды да осылайша жасайды.



Қайталап айтады, түсінеді.


Екеуін бір- біріне біріктіреді. Алдын ала дайындалған бөліктерін жапсырады.



Қимылмен жасап көрсетеді.


Рефлексті

коррекциялаушы

Қағазды умаждау арқылы балапан жасауда балалардың іс- әрекеті мадақталады, балапан ойыншықтардың қайсысына ұқсас болды деп салыстырылады, «дос- балапан» жасағандарына рахмет айтылады.

Өздері дайындаған балапандарына жем, су береді, қалай дайындағандарын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Умаждау арқылы балапанды жасай алуды

Нені игереді: «Умаждау», «бүктеу» ұғымдарын игеріп, оны іс- әрекет барысында көрсете алуды

Нені біледі: балапанға қамқор болуды, достықты сақтауды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
1127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі