жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Балдәурен айнасы»
РОСО «Балдәурен-Шымкент»
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Ж.Садыкова
«Балдәурен айнасы» атты станциялық бекет ойынының сценарийі
Іс-шара түрі: станциялық бекет ойын
Мақсаты: Топтық сайыс арқылы оқушыларды көркем мінезге, адамгершілікке, ізгілікке, топ ішінде жұмыс жасауға, тапқырллыққа, Оқушыларға «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының тарихымен таныстыру. Қазақстан Республикасының танымал суретшілері, мүсіншілері, дизайнерлері туралы ақпараттар беру. Халқымыздың салт-дәстүрі, қолөнері жайында жан-жақты түсінік беру, мақал-мәтелдерді қолдана білу.
Міндеттері:
-
ауысымға келген қатысушыларға «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының тарихын таныстыру, еліміздің суретшілері, дизайнерлері, мүсіншілері туралы ақпарат беру, халқымыздың дәстүрлері, қолөнері, мақал-мәтелдері жайында білімдерін толықтыру;
-
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
-
еліміздің жас азаматтарының бойына рухани тәрбиені сіңіру;
Қажетті құралдар: Музыкалық құрал-жабдықтар, АКТ, слайд ,презентация
Іс-шараның барысы:
ЖҮРГІЗУШІ Қайырлы күн, қадірменді, жас достар!
ЖҮРГІЗУШІ Зерделіде зерек жастарымыздың «Балдәурен айнасы» станциялық бекет ойынына қош келіпсіздер.
ЖҮРГІЗУШІ: Достарменен бөлісетін шаттығын,
Білім, білік танытатын атты күн.
Дүбірлі бұл додадағы қайратпен,
Шын жүйрікті анықтайтын сәт бүгін, - дей отырып біз
ойынымызды бастаймыз.
ЖҮРГІЗУШІ:Сайысымыздың шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайыс топтық негізде жүргізіледі, сайысқа топта қанша оқушы болса, барлығы қатысады. Сұрақтарға жауап беруге мүмкіндіктері бар. Әр сыныпқа 5- сұрақтан қойылады.
Уақыт мөлшері 7-минут . Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда
1-ұпайдан қойылады.
ЖҮРГІЗУШІ: сайысымыз 9 бекеттен тұрады
ЖҮРГІЗУШІ: Билігімен қара қылды қақ жарғандай,
Тура биден тура бата алғандай,
Төрешілер келіп отыр төріме,
Ұстаздардың осындағы ақмаңдай
- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.Қалмаханов Жарқынбек Мүсіркепұлы
2. Данияров Ғазиз Бақтиярұлы
3.Аманбаев Ауелхан Абдыханұлы
ЖҮРГІЗУШІ:
І. «Дәстүрім –діңгегім» бекеті
«Дәстүрім – діңгегім!» Салт- дәстүр бекеті
Қазақ халқы дәстүрге бай халық.Үйге құдайы қонақ келсе,ырыс-несібе келді деп,төріне шығаратын болған.Қонаққа барын тосып, құрақ ұшқан.Қазақ келген қонаққа арнайы мал сойып,қонақпен ілесе үйге құт келді деп,батасын алады.Қонаққа қой не тай сойылып,жақын ағайындар жиналып,сый табақ тартылады.Белгілі бір себептермен келе алмаған туыстарға сыбаға беріп жібереді.Ауылдың алтыауызы айтылып,қонақтан да қонақкәде ретінде өнерін ортаға салуға өтініш жасалады.Тіпті, келген қонаққа дүние есігін ашқан сәбиге ат қоюға ұсыныс жасалып,баланы бесікке салып,сәбидің құлақ тұсына жақындатып, үш рет есімін айтып, «азан шақырып ат қою» рәсімі жүргізіледі.
Қыс ызғары кетіп,ел жайлауға шыққан тұста,әр үй шаңырақ көтеріп,жаңа жерге қоныстанып,қоныс той өткізеді. Алдымен киіз үйдің шаңырағын биіктеу етіп тұрғызып алып,керегелерді соған бекітеді.Үй құрылып біткен соң шаңырақтың от анасы не келіні адыраспан тұтатып,үйдің іші мен сыртын отпен аластап шығады.Бәле-жала үйге жоламасын,отбасында тыныштық орнасын деген ниетпен үйді тазартып турған жөн.
Сұрақтар:
-
Қазақ үйге келген қонақтан неге бата сұраған?
(бата сұрау себебі:қонақ құт әкеледі деп түсінген,қонақты құдайдай сыйлаған)
-
Батаның қандай түрлерін білесіңдер?
(Бата түрлері: ақ бата,теріс бата,серттесу батасы)
-
«Сыбаға» деген не?
(Қонаққа келе алмаған кісіге беріп жіберілетін сый)
-
Қазақтың киіз үйі қандай бөліктерден тұрады?
(уық,кереге,шаңырақ)
-
Үйдің іші-сыртын неліктен отпен аластайды?
(от тазалық белгісі)
ІІ . «Мақал-мәтелдер» бекеті
. «Мақал-мәтелдер»
Халық даналығының, ұлттық рухани –әлеуметтік бай тәжірибесінің арқасында мыңдаған мақал-мәтелдер дүниеге келді. Олардың көпшілігі есте жоқ ескі замандарда тапқыр шешен , данагөй сөз зергерлерінің аузынан айтылып ,біртіндеп бүкіл халыққа ортақ өсиет, үлгі сөз ретінде мақал-мәтел аталып кеткен. Мақал мен мәтелдің арасында айтарлықтай шекара болмағанымен өзіндік стильдік белгі-бедерлері бар екені мәлім. Мақалдар кейде ұзынды-қысқалы болып, бірнеше тақырыптық мазмұнды қамтыйды. Мәтелдер мақалдарға қарағанда әбден тұрақтанған канондық мәтінге ие.
1.Жеті рет өлшеп,
.............
(бір рет
кес)
2. Қол өнері
кілемде,.................
(сөз өнері
өлеңде)
3.Ұста пышаққа
жарымас,...............
(етікші етікке
жарымас)
4. Бейнетің қатты
болса,..................
(Татқаның тәтті
болады)
5. Адал еңбек, алғыр ой
................
(анық досың біліп
қой)
ІІІ. «Қолөнер» бекеті
Қазақтың ұлттық қол өнері
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, ұйсын өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық, өсімдік және астрономиялық бейнелерге байланысты кездеседі.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі – қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Ою-өрнектер ұсақ және ірі болып келеді. Ұсақ ою-өрнектерді зергерлік бұйымдарға, кесте үй іші жабдықтары мен сән салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған.
Ірі ою-өрнектерді үй жиhаздарын, сәндік тұрмыстық бұйымдар, киімдер және зәулім сарайлар мен үлкен кесенелерге қолданылған. Жаппай дамыған кезеңінде ХІХ ғасырдан кейін қазақтар үй жиhаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектердің бірі зооморфтық болған. Зооморфтық өрнектер халық арасында кең тараған. Кейде оларды өсімдік сипаты өрнектерімен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған. Зооморфтық өрнекте төрт түрлі малдың пішіні сипатталады. «Мүйіз» барлық ою-өрнектің атасы болып саналады.
Сұрақтар:
-
Негізгі ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
(ою-өрнектер 4 топқа бөлінеді)
-
Өрнектер неше түрге бөлінеді?
(екі түрге бөлінеді)
-
Оюдың атауын атаңыз? ( әр түрлі ою-өрнек суреттері көрсетіледі.)
-
Оюдың атауын атаңыз? ( әр түрлі ою-өрнек суреттері көрсетіледі.)
-
Оюдың атауын атаңыз? ( әр түрлі ою-өрнек суреттері көрсетіледі.)
ІV. «Суретшілер» бекеті
«Суретшілер»
Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды сақ-скиф, ғұндар және түрік қағанаты заманынан алады. Ал нағыз кескіндемелік кәсіби бейнелеу өнері ХІХ ғасырдағы ұлы бабамыз – ғалым
Ш. Уәлихановтан басталады.. Қазақстанның көрнекті суретшілері Қазақ суретшілерінің алғашқыларының бірі Шоқан Уәлиханов (1835-1865). Ол графикалық өнерде туған елінің табиғаты, көне ескерткіштер, костюм, портреттер сияқты көптеген тақырыпта сурет салумен айналысқан. Оның негізгі жұмыстары: Тезек төре, Мамырхан Рүстемов, Автопортрет т.б. Қазақстанның реалистік бейнелеу өнері. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы Н.Г.Хлудов ұйымдастырып, осы студияда көптеген суретшілер (Ә.Қастеев, Ә. Ысмайылов, Сергей. А. Чуйков, Г.А. Брылов, А.Н. Бортников, т.б.) білім алды. Одан бері бейнелеу өнерінің негізін қалаған классик суретшілеріміз: Ә. Қастеев, Н. Г.Хлудов, О. Таңсықбаевтарды атауға болады. Бұлардан кейінгі буын ұрпақ суретшілері қазақ өнерін әлем танитындай деңгейге көтерді.
Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан
халық суретшілері
баршылық.
Әбілхан
Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған
кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент
ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г.
Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін
үйренеді.
1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі
атағын алды.
Әубәкір
Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман
ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы жоғары техникалық
көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын
бітірген. 1933 жылы КСРО суретшілер одағының мүшесі болды.
«Қарағанды шахтасы», «Тың игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен
бірге», «Исатай Махамбет»т. б. толып жатқан шығармалары елге
танымал.
Айша Ғарифқызы
Ғалымбаева (1917-2008) Алматы облысы, Еңбекшіқазақ
ауданы, Есік ауылында дүниеге келген. Қазақ
қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш рет игерген қазақ
кескіндемешісі және кино суретшісі, қазақтың халық
суретшісі атағын да бірінші болып алған
кескіндемеші-суретші.
Молдахмет Кенбаев, Қанапия Тельжанов,
Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи
Романов, Айша Ғарифқызы
Ғалымбаева т. б. көптеген Қазақстан суретшілерінің
еңбектері тек еліміз ғана емес шет елдерде де
танымал.
Сұрақтар:
-
Қазақстанның ең тұңғыш халық суретшісі атанған кім?
(Әбілхан Қастеев)
-
Тағы қандай суретшілерді білеміз?
(Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев, Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи Романов)
-
Қазақ қыздарының ішінен шыққан тұғыш кескіндемеші-суретші?
( Айша Ғарифқызы Ғалымбаева)
-
Нешінші жылы Ә.Қастеев Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды?
(1937 жылы)
-
Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын қай ғасырда бастады?
(ХІХ ғасырда)
V. «Мүсіншілер» бекеті
Мүсін және мүсіншілер туралы ақпарат
Мүсін (лат. шекимін, қашаймын) бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары 3 өлшемнен (биіктік,ендік,аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.
Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев - қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұстаз, профессор, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Көпшілік қауым жақсы тани бермейтін азамат тарихи тұлғалардың мүсіндерін сомдауда зор табыстарға жеткен.
Белгілі Қазақстандық мүсінші, "Абылай хан", "Абай - Пушкин" ескерткіштерінің авторы Қазыбек Сатыбалдин.
Бостандық мүсіні - Америка мен Франция елдерінің біріккен жобасы. Мүсін алғашында Америкада емес, Египетте салуды жоспарлаған. Қазір Нью-Йоркте орналасқан.
Лондон қаласының Трафальгар алаңында адмирал Горацио Нельсонның құрметіне Нельсон колоннасы орнатылған. Монументтің биіктігі 46 метр болатын гранит тастан құйылған.
Сұрақтар:
1.Мүсін сөзі латын тілінен аударғанда нені білдіреді?
(шекимін, қашаймын)
2.Қазақстандағы тұңғыш мүсінші кім?
(Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев Қазақстанның халық суретшісі, ұстаз, тұңғыш мүсіншісі).
3. "Абылай хан"," Абай - Пушкин" ескерткіштерінің авторы кім?
(Қазыбек Сатыбалдин)
4.Бостандық мүсіні қай қалада орнатылған және оның биіктігі қанша?
( Нью - Йорк қаласында, биіктігі 46метр.
5.Лондон қаласының Трафальгар алаңында кімнің құрметіне мүсін орнатылған?
(Трафальгар шайқасында қаза тапқан адмирал Горацио Нельсонның құрметіне тұрғызылды).
VІ. «Кесенелер» бекеті
-
Кесене туристерді ерекше сәулетімен ғана емес, екі жас арасындағы шексіз махаббатты бейнелейді. Ғашығына бара жатқан жолында жылан шағып, қайтыс болған арудың жары аталған кесенені салдырады. Сұрақ: Бұл қай кесене?
Жауабы: Айша бибі кесенесі
-
Кесене ХІ ғасырда өмір сүрген діни көріпкелдің мазарының үстіне салынған. Деректер бойынша ХІІ- ХVІІІ ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, жаңартылған. Қазіргі кезде Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылмандардың киелі жерлерінің бірі.
Сұрақ: Мәліметте қай кесене туралы айтылған?
Жауабы: Арыстан баб кесенесі
-
Күмбездің әр түсті және әр көлемді кірпіштерді қиюластыра қалау арқылы геометриялық бейне жасап, беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектуі өзінен кейінгі мазарларға үлгі болған. 1894 жылы жарық көрген “Қырғыз даласының очерктерінде” орыс ориенталисі Е.И.Шмидт жазып өткендей Айша бибі, Қ.Йассауи кесенелерінде кездеседі.
Сұрақ: Бұл қай кесене?
Жауабы: Алаша хан кесенесі
-
Есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі, 6-7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген, Бәйдібек бидің үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Бұл күмбез- зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.
Сұрақ: Кесене кімнің атымен аталады?
Жауабы: Домалақ ана кесенесі, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила
-
Дүние жүзілік мәдени мұра тізіміне енген. Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған сақталған ең зәулім күмбезді қыштан соғылған ғимарат?
Жауабы: Қ.Яссауи кесенесі
VІІ. «Балдәуренге саяхат» бекеті
«Балдәурен тарихы» бекеті
«Балдәурен» Қазақстанның ең сұлу өлкелерінің бірі – Щучье – Бурабай курорттық аймағындағы Щучье көлінің жағасында орналасқан. Бұл орталық балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажет жағдайлар жасайды.
«Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығы (РОСО) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке тапсырысы бойынша 2000 жылдың 7 қарашасында құрылды. «Балдәурен» сөзінің мағынасы «балғын шақ», «балғын балалық шақ» дегенді білдіреді. «Балдәуреннің» әнұранының авторы Төлеген Қажыбай. «Балдәурендегі» күзгі және қысқы, көктемгі мезгілдерде ауысымдардың ұзақтылық мерзімі 20 күн, ал жазғы мезгілдерде ауысымдардың ұзақтылық мерзімі 15 күн.
2016 жылдың 6 маусымында «Балдәуреннің» Алматы қаласында «Балдәурен – Қапшағай» РОСО атты филиалы ашылды. Ал осы жылы, яғни 2018 жылдың 4 қыркүйегінде екінші филиалы «Балдәурен – Шымкент» РОСО ашылды. Бұл орталық Түркістан облысы Төлеби ауданы Нысанбек елді мекенінде тамаша тау бөктерінде орналасқан. Сіздер осы орталықтың 2 – ші ауысымының демалушыларысыздар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2005 жылдың 25-ші шілдесінде «Балдәурен» орталығының тарихында із қалдырған кездесу болды.
Сұрақ:
-
«Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке тапсырысы бойынша қашан құрылды.
(2000 жылдың 7 қарашасында)
-
«Балдәурен» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
(«балғын шақ», «балғын балалық шақ»)
-
«Балдәуреннің» әнұранының авторы кім?
(Төлеген Қажыбай)
-
«Балдәурендегі» күзгі және қысқы, көктемгі мезгілдерде ауысымдардың ұзақтылық мерзімі қанша күн?
(20 күн)
-
2005 жылдың 25-ші шілдесінде «Балдәурен» орталығының тарихында із қалдырған қандай кездесу болды?
(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу)
VІІІ. «Дизайнерлер» бекеті
«Дизайнерлер» бекеті
Дизайн - көркем сурет және сәулет өнерінің, өнеркәсіп бұйымдарының, ерекше киім түрлерінің ең үздік үлгілерін жасау. «Дизайнер» термині ең алғаш рет 1600жылы пайда болды, көрсету деген мағынаны білдіреді. Дизайнер мамандығы қазіргі уақытта алдыңғы орындардың біріне ие. Дизайн көптеген бағыттарды қамтиды: өнеркәсіптік дизайн, граыика және буып-түю, тоқыма, киім модельдеу, интерьер және жарнама, веб-дизайн. Ең алғаш рет дизайнер Вильям Морис өз жобасын көрсеткен. Қазақстанда дизайн өнері 1960жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 жылы дизайнерлер одағы құрылды. Қазақстандық дизайнерлер: Аида Кауменова, Құралай Нұрқаділова, Нейл Байкучуков, Аия Бапани, Салтанат Баймұхамедова, Сәкен Жакқсыбаев және т.б.
Шет елдік дизайнерлер, әлемге бейгілі Dolche Gabbani, Louis Vuitton, Мишель Обама, Эмма Стоун, Мадонна, Кейт Босуорт, Соланж Ноулз.
Сұрақтар:
1.«Дизайн» ұғымын қалай түсінесің?
(Дизайн - көркем сурет және сәулет өнерінің, өнеркәсіп бұйымдарының, ерекше киім түрлерінің ең үздік үлгілерін жасау)
2. Қазақстандық дизайнерлерді атаңыздар?
(Қазақстандық дизайнерлер: Аида Кауменова, Құралай Нұрқаділова, Нейл Байкучуков, Аия Бапани, Салтанат Баймұхамедова, Сәкен Жакқсыбаев және т.б.)
3. Әлемге белгілі дизайнерлерден кімді танисыз?
(Шет елдік дизайнерлер, әлемге бейгілі Dolche Gabbani, Louis Vuitton, Мишель Обама, Эмма Стоун, Мадонна, Кейт Босуорт, Соланж Ноулз.)
4. Ең алғаш өз топтамасын көрсеткен адам?
(Ең алғаш рет дизайнер Вильям Морис өз жобасын көрсеткен.)
5.Қазақстанда дизайндер одағы қай жылы құрылды?
(1987 жылы дизайнерлер одағы құрылды)
«Сазды сәлем» бекеті
Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы. Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл - қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы. Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді. Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты.
Сұрақтар:
-
«Ғашықтар әні»
Ғашық оты көзімізде
жанады,
Әлдилейді махаббаттың бан
әні.
Ғашық болған күннен бастап,
достарым,
Азамат боп қалғандаймыз
бағалы
Осы әнің авторы және орындаушысы кім? (әнді толық орында)
Жауабы: Әні:
М.Құсайынов
Сөзі:
Т.Молдағалиев
Орындайтын: Досмұқасан тобы
-
«Шақырады көктем»
Елестеттім көктемді гүл
ашқан,
Көздеріңе ғашықпын нұр
шашқан.
Алыстарға жетеле,
еремін.
Сені ғана бақыт деп
сенемін.
Осы әнің авторы және
орындаушысы кім? (әнді толық
орында)
Жауабы: Әні: Ә.
Бейсеуов
Сөзі:
Т.Молдағалиев
Орындайтын: Роза Рымбаева
-
«Өз елім»
Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан,
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан.
Осы әнің авторы және орындаушысы кім? (әнді толық орында)
Жауабы: Әні:
Н.Тілендиев
Сөзі: Қ.Мырза
Әли
Орындайтын: Музарт тобы
-
Айттым сәлем, Қаламқас"
Айттым сәлем, Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғаннан сені ойлап
Келер көзден ыстық жас
Осы әнің авторы және орындаушысы кім? (әнді толық орында)
Жауабы: Әні мен сөзі: Абай Құнанбаев
Орындайтын: Қарлығаш тобы
-
Қамажай
Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі
Осы әнің авторы және орындаушысы кім? (әнді толық орында)
Жауабы: Халық әні
ЖҮРГІЗУШІ: Ақ сандығын ашқанымда алтынның,
Алып шықтым ақ маржанын салтымның.
Өрелі өнер, білім-ғылым бұлағын,
Алдым тауып кітабынан халқымның – дей отырып сайысымызға қатысушыларға алғысымыз шексіз қош сау болыңыздар
|
7 «А» сынып |
7 «Ә» сынып |
7 «Б» сынып |
7 «В» сынып |
8 «А» сынып |
8 «Ә» сынып |
8 «Б» сынып |
8 «В» сынып |
8 «Г» сынып |
1.«Балдәуренге саяхат» |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2.«Дәстүр» |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
3. «Қолөнер» |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
2 |
4.«Мақал-мәтел» |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
2 |
3 |
5. «Мүсіншілер» |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
6. «Суретшілер» |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
7.«Дизайнерлер» |
7 |
8 |
9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
8. «Кесенелер» |
8 |
9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
9. «Сазды сәлем» |
9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |

