400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

балет онер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақстандағы балет өнері

Қазақ балеті - ұлттық сахна өнерінің бір түрі. Мазмұны музыкалық хореографиялық образдар арқылы ашылады. 

Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 жылы Қазақ академиялық драма театры жанында музыкалық студия құрылды. Осы студия классикалық би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934). Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін ("Қара жорға", "Келіншек", "Бүркіт - қоян") көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің пьесесын негізге алып, Әли Ардобус қойған "Айман - Шолпан" музыкалық спектаклінде тамашалады. Осы жылы студия негізінде Қазақ музыка театры (қазіргі академия опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935) ашылды. Театрдың "Шұға", "Қыз Жібек" спектакльдеріне аралаған балетмейстер А.Александров балет студиясының оқу бағдарламасына классикалық би сабақтарын енгізіл, ұлттык қазақ хореографиялық өнерінің алғашқы кәсіби мамандарын тәрбиеледі (Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, Қ.Қарабалинова, Х.Байзақов, т.б.).

30-жылдардың аяғында Қазақ балеті жеке жанр болып қалыптасты. Тұңғыш ұлттық туынды "Қалқаман - Мамыр" балетінің (24.6.1938) тұсау-кесер қойылымы Қазақ балеті үшін тарихи күн болды (либреттосын жазған М.Әуезов, комп. В.Великанов, балетмейстері Л.Жуков, суретшісі О.Таңсықбаев). 1937 жылы 17 қаңтарда музыкалық театр негізінде Қазақ опера және балет театры құралды.

40-жылдардан бастап Қазақстанның жас хореографиясы балет классикаларын игере бастады ("Аққу көлі", "Коппеллня", "Шопениано", "Жизель"). Республика балет өнерінің дамуына Куйбышев көшпелі опера және балет театры 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматыға КСРО-ның еуропа бөлігіндегі қалаларынан көшіп келген хореографиялық өнерінің артистері игі ықпал етті. Балет мектебінің жаңа жетекшісі А.Селезневтің ұсынысымен оқу бағдарламасына Ленинград хореографиялық училищесінің 9 жылдық оқу мерзімі негіз етіп алынды. 1950 жылы балет труппасының жетекшісі М.Моисеев В.Великановпен бірге "Қамбар - Назым" балетін сахнаға шығарды.

50- жылдардың соңында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстері Д.Әбіровтің келуімен Қазақ балетін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Ол классикалық орыс балеті дәстүрлерін сактай отырып, "Қамбар - Назым", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" секілді эпостық, фольклор мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне үлкен театр сахнасында "Достық жолымен" балеті (балетмейстер Әбіров, Р.Захаров) қойылып, астана өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онжылдықта Қазақ биі сахнасында Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, т.б. бишілер өз өнерлерімен көзге түсті.

60-жылдары "Шопениана", "Болеро", "Франческа да Римини" бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті. 1974 жылы. Хачатурянның "Спартак" балетінің қойылуы Қазақ балеті өнерінің дамуында үлкен белес еді. Спартак партиясын орындаушы Р.Бапов және қоюшы Райбаев Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алды. 70 - 80-жылдары балет сахнасы балетмейстер мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған "Фрески" балеті (1981) Қазақстан музыкалық-хореографиялық өнері жетістігі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрарасын соны көзқараспен игеру үлгісі комп. М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың "Ақсақ құлан" балетінде (1975) көрінді. 1978 ж. Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың "Әлия" балетінде Ә.Молдағұлованың ерлігін бейнелеумен қатар, қазақ қызының бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды.

80 - 90-жылдары Қазақ балеті үшін тың ізденістерімен сипатталды. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде жақын алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар балеттер қойды ("Мадам Баттерфляй", 1996, балетмейстерлері Асами Маки мен Киози Меиани; "Корсар", "Ұйқыдағы ару", 1991, В.Владимиров).

1991 - 2000 жылдары аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңілілі Ғаббасовалар, т.б. Қазақ балетінің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. "Дәстүр сыйлығы" балет фестивалі, 'Талша Уланова сыйлығы", "Қазақстандықтар - әлем балетінің жұлдыздары" атты байқау дар өтті.

21 ғасырдағыдың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістерімен белгілі.Б.Аюханов жетекшілік ететін Классик, би ансамблі республикалары балет өміріне 60- жылдары "Алматының жас балеті" би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылды. Ұжым - камералық, аспаптық және симфониялық музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классикалық әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды ("Гамлет", музыкалық А.Исакова, "Қылмыс пен жаза", музыкалық Д.Шостакович, т.б.). Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты.

Қазақтың алғашқы опера және балет театрының тарихы, құпиялары мен қызықты оқиғалары. Қазақ халқы көне заманнан бері өнерді жоғары бағалап, талай тамаша туындыларды өмірге әкелген. Әсіресе ел өміріндегі маңызды оқиғалар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, ән және музыка арқылы болашақ ұрпаққа жеткізе білген. Ұлы даланы мекендеген көшпелі жұрттың жадында жат қалған мыңдаған жыр-дастан соның дәлелі. Уақыт өте келе қазақ жерінде заманауи өнердің жаңа түрі пайда болды. Көп ұзамай осы опера мен балет өнері ұлтымыздың ажырамас бір бөлігіне айналып, дами бастады.

Тапсырма: Тақырыпты түсініп оқы, Қазақ бает өнерінің даму тарихын хронологиялық кестеге сал.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі