Материалдар / Балғын түлек - 2017
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балғын түлек - 2017

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның ән-саз жетекшісінің ертеңгілік сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Маусым 2018
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балдырған» бөбекжайы







Балғын түлек – 2017

«Айгөлек» ортаңғы тобының бөбекжаймен қоштасу ертеңгілігі











Өткізген:

Тәрбиешілер:Бекмурзина М.Е.

Ниязова С.Е

Музыка жетекшісі:Ахметова Б.О

Би жетекшісі: Ахметова А.Б.















2017 ж


Балғын түлек – 2017

        Баланың өмірдегі ең алғашқы балабақшамен қоштасу мерекесі   -

ол бала үшін өте маңызды және де толғандыратын мереке.Олар үшін мектеп қабырғасы қуанышқа, кішкене және үлкен жеңістерге толы болады.

Енді міне меніңде балаларға керемет ,ұмытылмас кешін сыйлауыма мүмкіндігім туып отыр.  Ол мереке балабақшамен қоштасу кеші.                                       

Мақсаты:       Балаларға мерекелік , қуанышты көңіл-күй сыйлау. 
Міндеті: Балалардың мерекелік іс - шараларға қатысуына деген қызығушылығын арттыру, балабақшада алған білімдерін көрсетуге

жағадай жасау.

Слайд – шоу «Балабақшадағы күндері».
Тәрбиеші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды балабақшамен  қоштасу ертеңгілігіне  қош келдіңіздер. Әр  баламызды  қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз

Қарсы алыңыз! «Айгөлек» ортаңғы тобының түлектері.

Қоңырау соғады.
Залға балалар шармен  музыка әуенімен кіреді.

Балалардың есімдері.

1.Аманғали Диляра

2.Ғарифолла Саян

3.Ербулатов Ришат

4.Еркен Дияс

5. Есенғали Гүлсезім

6.Жайлқан Сезім

7.Қайпқали Айнамгүл

8.Қадырбек Едіге

9. Маратов Радмир

10. Нұржанова Жанна

11. Сәбит Мирас

12. Самиғолла Әниса

13.Серікқали Санжар

14.Утеулі Кәусар

15.Халимат Ясмин

Дияс: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Гүлсезім:                 Ақ тілекті ағытып бір тастайқ
 Қоштасатын кешімізді біз бастайық
  Жүздерінен көркем шаттық арайлы
                  Болсын солай әрбір күнің , әр айың.


Барлығы:                                  

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Тәрбиеші:

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Балаларым балапан балғындарым      
Кілең беске оқыңдар жарқындарым

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын

Тақпақтар.

Кәусар:

Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Саян:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

Әниса:

Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты

Диляра:

Білім алған бақшадан 
Біз көңілді балдырған 
Шақырады мектепке 
Сыңғырлаған қоңырау! 





Сезім:
Мектепке ертең барамыз, 
Оқимыз, сауық құрамыз. 
Қашық та болмас арамыз, 
Сіздерге келіп тұрамыз. 
Балабақша қош енді, 
Әркез аман бол деймін. 
Әкем менен шешемді, 
Ертіп енді келмеймін. 
Едіге:
Сезімді туған баламыз, 
Оянды ақыл санамыз. 
Адамдықтың бастауын, 
Өзіңнен алып барамын. 
Мирас:
Балабақшам сүйікті, 
Ән салдыртты, билетті, 
Шынықтырып денеңді 
Шымыр болуға үйретті. 
Жанна:

Тәрбие берген ұямыз, 
Тәртіпті бала боламыз. 
Қоштасып балабақшамен, 
Біріншіге барамыз. 

Ясмин:
Қызық күндер өткіздік, 
Балабақша бағында, 
Көп оқыдық, көп білдік, 
Ел мен Отан жайында. 
Айнамгүл:
Оқимыз, білім аламыз 
Болашақ жолын ашамыз 
Бақшамызды қимай 
Қоштасу әнін саламыз 

Радмир:

Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.


Ендеше біздің балаларымызды, бөбекжайда өсіріп оқытқан, баққан апайларына ,айтар сөздері бар:

Ясмин:

Орын береген бақшадан

Директор апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Орны бөлек басқадан.

Гүлсезім:

Витамин жеп қолынан

Өскен сәби баламын

Дәрігер апай сізге де

Алғыс айтып барамыз.

Ришат:

Тамылжыта ән салдырып үйреткен

Мың бұралта биімізді билеткен

Сазгер,биші апайлар сіздерге де алғыс айтамыз.

Мың қайтара сәби бала жүрекпен.

Дияс:

Ұстаздардың ұстазы

Тәрбиенің ұстасы

Ырза сізге бәрі де

Ұмытпаймыз сізді де.

Әдіскерге көп рахмет.

Санжар:

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып билеткен

Таныстырған ең алғаш

Әріптермен суретпен

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам болып шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс

Тәрбиеші апайлар.

Би: «Вальс» ортаңғы топ балалары

Ән: «Оқып білім аламыз»

Тәрбиеші: Балалар , сендерді құттықтауға кіші топтың балалары келді.

Тақпақтар:

Айболат:

Сендермен бірге өстік біз, 
Көп жақсы нәрсе үйрендік. 
Шығарып сап мектепке 
Құттықтауға біз келдік 
Малика:
Амал қанша бұл анық, 
Қоштасатын кез келді, 
Ойыншықтар мұңайып 
Іздейді-ау енді сендерді. 
Ақниет:
Өздеріңді олар да, 
Сағынады біліңдер 
Бізбен бірге ойнауға, 
Келіп-кетіп жүріңдер 
Ернүр М:

Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.

Ернүр А:

Өсті ақыл ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Әскер:

Ты сегодня выпускник

Ты закончил детскй сад

Ручка,ластик и дневник

В ранце новеньком лежат!

Ән: «Отан ана» ІІ кіші топ балалары

Би: Флешмоб ІІ кіші топ балалары


Кішкентай балалардың жанына келіп: 
Бірге ойнап, бір жүрген ,
Күндерді біз қимаймыз .
Естелік болсын біздерден, 
Ойыншықтар сыйлаймыз  -деп, сыйлықтарын береді. 


Тәрбиеші: балалар, міне осындай кішкентай балақандар болып ,балабақшаға келіп едіңдер сендерде. Енді міне қандай үлкен ,әдемі,ақылды болдыңдар.

Тәрбиеші: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1-    бала. - оқып білім алу үшін
2-    бала: - еліме еңбек ету үшін
3-    бала: Білімді азамат болу үшін
4-    бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Ендеше балалар сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:

1.Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан Мемлекеті)

2.Біздің ел басымыз кім? (президент ; Назарбаев Н.Ә)

3.Біздің мемлекеттік тіліміз қандай? (Қазақ тілі)

4.Бас қаламыз қалай аталады?(Астана)

5.Біздің еліміздің рәміздеріне нелер жатады? (Ту,елтаңба, гимн)

Жарайсындар ,балалар!Балалар, бізге қонақтар келе жатыр екен.

Мақта қыз, Маша, Минни Маус: Балалар, біздерді таныдыңдар ма?

Тәрбиеші: Балалар бізге кімдер келген?

Балалар: Ертегілер елінен қонақтар.

Тәрбиеші: Балалар, олар қандай ертегілерден келген?

Балалар: «Мақта қыз бен мысық» қазақ ертегісі , «Маша мен Аю» орыс халық ертегісі , «Микки Маус» америкалық ертегісінен.

Мақта қыз : Сендер үлкен ақылды балалар болды дейді, мектепке барайын деп жатырсындар дегенсің сендердің білімдеріңді тексерейін деп ,біздер келдік.

Мақта қыз: Шаттық шеңбері:

Жарайсындар!

Балалар, менің ертегімде қандай кейіпкерлер бар?

Мен сендерге сөздер айтамын ,ал сендер олар қандай дыбыстан басталатынын айтыңдаршы . Жарайсындар! Тамаша!

-Неше жыл мезгілі бар?

-Апта күндерін атаңдар.

Қәне енді ойын ойнап жіберейік.

Маша: Добрые слова.

Ребята ,а вы умеете считать?Балалар ,сендер санау білесіндер ма? Мен сендерге әдемі әуе шарларын алып келдім,бірақ олар шатасып кеткен, қәне маған сандарды орнымен қойып беріңдерші.

Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға 1ден- 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.      

Разминка : «Раз ладошка,два ладошка » 

Минни Маус:

 Балалар , жарайсындар. Біздер енді сендермен қоштасайық.

Сау болыңдар!

«Спорттық разминка»

Жанна:

Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол!

Бөбекжайыдың директоры Айгалиева Л.А сөз берейік.

Дипломдарды үлестіру.

Ата –аналарға сөз беру.

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                   Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
     Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
    Қадамдарың құтты болсын!

Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! 




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!