Екі жүргізуші ортаға шығады(Назерке. Асем)
1-жүргізуші:. Асем
2-жүргізуші:Назерке
1жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті қыздар мен
жігіттер. Біз сіздерді Жаңа
2018 ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс,
бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Абылайхан көшесінен үлкен тапсырма
ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен
қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды
емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес. Неге келіп едім? А иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі
маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және
сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам
шығады.)
1. Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2. Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің
бе?
Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған
екеуміздің
біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.
2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен
білмеймін, сен
кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Родник көшесінен келдім. Жаңа жылға
асығып
келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа
адамдарда мереке,
барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол
мерекені
қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
Би заманауи .
І жүргізуші: Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз келіп
тұр екен, қарсы алыңыздар!
Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.
Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не
Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен
болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта
алмаймын.
ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың
иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз
ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!
І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға
қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны
ортаға шақырайық.
Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар.
(Екеуі келеді)
Аяз ата: Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Аяз ата: Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім.
Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау
солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген
жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
IІ жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар.
Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір
тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
Аяз ата:
Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балам, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.
Əн : О.Куат (қаракесектікі)
1-жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі
жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды.
(Сол кезде жалмауызкемпір кіріп келеді)
Жалмауыз кемпір: сендер мені жаңа жыл кешіне шақырмадыңдар
хахаха.сендер мені осы жаңа жыл кешін бұзады деп ойлайсындар
.Сендер дұрыс ойлапсындар .Егер мен бұл кешке қатыспасам бұл кеш
болмайды деген сөз (деп ақшақарды алып қашады)соосын ит жылы келіп
айқайлайды тауыкта бірге келеди
Ит: тоқта жалмауыз кемпір (деп айқайлайды )
Сен бұл жана жыл кешін бұзаба ? Сен де кел жана жыл мейрамын бірге
тойлайық бөлінбей бірге бойлайық. (жалғасы 2 бетте)
1 жүргізуші:
ендеше достар ортамызға жаңа ит жыл мен ескі жылымыз тауыкта келіп
қалыпты ит пен тауық жылына сөз берсек:
Тауық жылы: Келе жатқан жылымыз ит жылы. Ит адамның досы. Ит
жылының басты сипаттамасы - махаббат пен адалдық. Сондықтан өз
махабаттарынды осы жылы табындар.(деп тілегін айтад)
Ит жылы : Ізгі тілектеріне рахмет тауык тагы соз керек
Ендеше достар əрі қарай жана жыл кешімізді жалғастырайық
.
2- жүргізуші: ендеше ортамызға феяларды шақырамыз.
1- ойын
Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
Ортаға 4 жұбымызды шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару
керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан
береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән
тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек
жəне шардың ішінде тағы бір тапсырма болады. Кімнің шары бірінші
болып жарылса сол екінші кезеңге өтеді. Екінші кезенің тапсырасы
шардың ішіндегі тапсырманы орындайды. Жұп тапсырманы жақсы орындаса
сол жұп жеңімпаз болып саналады, ал (шарды қолмен жаруға болмайды,
ішпен қысып жару керек). Қатысқан жұптарға мың алғыс.
1- жүргізуші: Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Заманауи би керек музыка