Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балық өнімдерінің адам ағзасына пайдасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
Балықтың пайдасын
зерттеу
Орындаған: Умирбек
Әсел.
Жетекшісі:Құрбанбаева
Жақсыгүл
Жоспар
Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Балықтың түрлерін зерттеу
2.2 Балықтың пайдасын көрсететін тәжірибелер
2.3 Балықтан жасалынатын тағамдардың түрлерімен танысу оның жасалу жолдарын анықтау.
Қорытынды:
І.КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында көрнекі құралдарды пайдалана отырып зерттеу жұмыстарын жасауға өте үлкен мүмкіндік жасалынуда. Қазіргі бүкіл дүние жүзінде қоршаған ортаны қорғау , оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану , биологиялық әртүрлілікті сақтау проблемасына зор маңыз беріліп отыр. Әсіресе , жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау , қалпына келтіру және пайдалану мәселесі бүгінгі күн тәртібінде оларды зерттеу , олармен терең танысуға көңіл бөлінуде. Балықтың пайдасын анықтай отырып , жасалынатын тағам түрлерін анықтауда 6А сынып оқушысы Умирбек Әсел ғылыми жоба үсынғалы отыр. Мұнда қазіргі заман жағдайына байланысты , балықтардың түрлерін , құрамы , пайдасы , алынатын тағам түрлері көрсетілуде.
Жұмыстың мақсаты: Балықтың құрамындағы витаминдерді көрсете отырып , адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеп , жасалынатын тағам түрлерін анықтау.Балықтың жойылып кетуіне жол бермеу жолдарын ескере отырып , өсіп - өнуіне жағдай жасау.
Жұмыстың міндеттері:1. Балықтың түрлеріне талдау жасау;
2.Дәстүрлі емес әдіс терді пайдалана отырып балықтың адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау;
3.Балық тағамдарынның жасалыну жолдарын білу.
4.Балық шаруашылығының жойылып кетпеуіне үлес косу.
Зерттеудің болжамы:Балықтың түрлерін анықтау арқылы оларға дұрыс жағдайды анықтауға болады. Адам ағзасына пайдасын анықтап , балық тағамдарын күнделікті қолданысқа тағам ретінде ұсыну.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Балықтар –
РіscesБалықтар сулы ортада тіршілік
етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы
жануарлар. «Балықтың жаны –
суда» деген халық даналығы
соның айғағы. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы
ихтиология (грекше «ихтис»- балық, «логия»- ілім, ғылым) деп
аталады. Балықтар омыртқалылардың ішіндегі төменгі сатыдағы
желбезектерімен тыныс алатын аузында қозғалмалы жақтары бар, суда
тіршілік ететін жануарлар. Ауыз қуысында нағыз тістері бар,
көкірегінде және құрсағында қозғалыс мүшесі жұп, жүзу қанаттары
болады. Суда тіршілік етуіне байланысты балықтың дене құрылысында,
тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер кірген. Барлық балықтарда бір
қан айналым шеңбері өзгереді.Денесінің темперетурасы өзгеріп
отырады. Балықтар қоректерін жүзіп жүріп іздеп тауып ұстайды,
ортаға тез бейімделе алады. Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрлері
бар. Олардың түрлерінің көптігіне қарай, балықтарға толық сипаттама
беру үшін балықтарды екі топқа
бөледі.Балықтар
Шеміршекті
балықтар Сүйекті балықтар.
Сүйекті балықтар барлық жер
шарындағы мұхиттарда теңіздерде және тұщы суларда тіршілік
етеді.Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішінінде
алуан түрлі болып келеді.Барлық балықтардың 99% (20 мың түр) осы
сүйекті балықтар қамтиды.Сүйекті балықтардың қаңқасы сүйек
болғандықтан денесі ауыр болады. Осыған байланысты торсылдақ
жақсы дамыған.Сүйекті балықтардың көпшілігінің дене пішіні тез
жылдам жүзуге бейімделген.
1.Сазан - (латынша Cyprinus
carpio) – тұқы тұқымдасына жататын
балық. Саза́нның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар,
жұтқыншақ тісі жақсы дамыған.
Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100)
см-дей, салмағы 2,5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3
– 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай,
ірілері – 1,5 млн-дай) 2 – 3 бөліп, тереңдігі 1,5 – 2 м-дегі
өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0,5 м-дегі жайылма судағы шөп
үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы – 16 – 22ӘС, тұздылығы
9,6% болса жақсы жетіледі. Саза́ндар қорек талғамайды.
2.Табан
(Abramis) — тұқы балықтар тұқымдастарына жатады.
Тұрғылықты және жартылай тұрғылықты түрлері кездеседі. Жалаңаш төс
қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан соң орналасқан, анал жүзбеқанаттары
ұзын. Ең кең таралғаны табан балық. Дене ұзындығы ,
сапмағы дейін. Солтүстік, Балтық, Ақ Баренц, Қара, Азов,
Каспий және Арал теңіздері бассейінін тұрғылықты және өтпелі
түрлерін құрайды. Бағалы кәсіпшілік балық.Республиканың барлық
табиғи су алаптарында тараған.
3.Жылан
балық - қылтанақты балықтар тобына
жататын, ұзыңдығы 10 см-ден 3 м-ге дейін, массасы 15 грамнан 65
кг-ға дейін болатын балықтар. . Көп тараған жыланбалықтың ұзындығы
— 50—150 см (2 м-ге дейін), массасы — 4~6 кг болады. Етінің майы
22%-ға жетеді. Жас етінен тағамдардың барлық түрлерін дайындауға
болады. . Олардың 30-дан аса түрі бар. Каспий жыланбалығы — Каспий
теңізі мен Еділ өзенінде кездеседі.
Жыланбалықтың қаңқа сүйектері мен ішек-қарны
болмайды, сондықтан оның ішін жармайды, тек басын кесіп тастайды.
Балықтың сыртындағы шырышты қабат мұқият тазаланады
4. Лақа— нәлім тұқымдасына жататын балық; жіңішке әрі
ұзын, түсі теңбіл. Ұзындығы — 1,2 м-ге дейін, массасы 32 кг-ға
дейін жетеді. Арқа жүзу қанаты екеу, ауызының астыңғы жағында ұзын
мұртшасы бар, қабыршақ тары ұсақ. Кәсіпшілік маңызы
бар.
.2.3 Балықтан жасалатын тағамдардың түрлері мен жасалу жолдары.
1.Кептірілген
тағамдар. Өңделген балықтың дәмдік,
тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі
тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі –
оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты тоңазыту
үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды
қаз-қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 –
40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 50С
болады. Ыстау – тұздалған балықты 40%С-тан аспайтын
температурада түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді,
түтін балық етінің терең қабатына дейін сіңеді. Ыстауға көбіне
арша, қарағай, емен, жаңғақ ағаштарының жаңқаларының түтіні
қолданылады. Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі.
Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда
кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық қосып
немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын
дайын тағам алу
әдісі. Балықтан жасалған консерві құрамында белок,
май, кальций, фосфор, А, В, С,
Двитаминдері бар.
2. Қуырылған
балық сазан белдеме етіСұйық майТұзҰнБалықты
ірі бөлшектерге бөліп жуыңыз да тұзды суға 30 минутқа қойып
қойыңыз. Балықты сәл кептіріп екі жағын да ұнға малыңыз . Енді аз
майға екі жағын қуырыңыз. Қуырған кезде табаның үстін жабыңыз.
Майдың азайғаның көрсеңіз, үстінен қосыңыз. Гарнирға картоп пюресі
жасалынса жақсы.
3.Балық сорпасы 4- 5 адамға арнайы балық сорпасын әзірлеу үшін 500 – 600г балық , бір- бірден сәбіз , петрушка пияз қажет .Балықтың қабыршағын іш құрылысын тазартып, желбезегін алады да жақсылып жуады.Осыдан кейін балықты бірнеше бөлікке бөліп кастрюльге салады, оған балықтың басы мен құйрығын да , кесілген сәбіз бен пиязды да қосып , салқын су құйып (2-), тұз салып 25- 30 минуттай қайнатады.
4.Балық
уылдырығы (Балық тарысы) -
балықтар мезгіліне қарай көшеді, қыс түсіп, мұз қалыңдағанда тармақ
өзендегі балықтар ұлы өзенге, тереңге қарай тартады, ал көктемнен
жазға дейін ағынды өзендерден уылдырықтың дамуына қолайлы тармақ
өзендерге, суы жылы, ағыны баяу, таяз жерге жүзіп барып, уылдырық
шашады. Балық уылдырығы тарыға ұқсайтындықтан оны балық тарысы
деп те атайды. Балықтың құнарлы нәрлі болатын уылдырығын ұнға
аунатып алып қуырып та жейді. Ал Бекіре, қызыл балық уылдырығын
сүзгіден өткізіп, шырыш ажыратып, шикілей сақтау арқылы тағам
ретінде пайдалапады.
Қорытынды:Өлкеміздегі теңіздеріміз ,
көлдеріміз бен өзендерімізде бағалы кәсіптік балықтарды өсіруге
мүмкіндік туғызып , өларды көптеп аулауда негізгі міндеттердің
бірі. Балық – халық байлығы.Қазір әр түрлі елдерде адамға қажетті
белоктік заттар арасында балықтан жасалған тағам үлесі 17 пайыздан
83 пайызға дейін деп саналады.Қазақстан балық шаруашылығы жөнінен
Украинадан кейін үшінші орын алады.Балық өнімдерінің адам ағзасына
тигізетін пайдасы өте зор.
Жетістіктер:1.Балықта адам
сүйегінің қатаюына көмекберетін Д және С витаминдері бар.
2.Балықтан жасалынатын тағамдар күнделікті қолданысқа
енгізілді. Балықтың адам денсаулығына тигізетін пайдасын
дәлелдей отырып балық шаруашылығын қолға алып , балық өнімдерін
көбейтуді іске асыру қажет. Балық санының көбеюіне жағдай жасап ,
өзендер мен су қоймаларын ластану көздерінен қорғау керек. Сонда
ғана балық шаруашылығын қолға алып, күнделікті өндірісте
балық тағамдарын пайдалана аламыз. Балықтан жасалынатын
тағамдарды күнделікті қолдана отырып денсаулығымызды жақсартайық
ағайын.Балық шаруашылығын қолға алып қорғайық
Пайдаланған әдебиеттер:1.С.М.Махмұтов Зоология «Алматы»- 2006ж2.М.Қ
Смағұлова Оқушы анықтамасы «Арман- ПВ» баспасы 2005ж
286-287б3. А.Ф.Ковшарь, В.А Ковшарь Қазақстандағы жануарлар
әлемі «Алматы » кітап 2004-2005
ж 64-65б4. А.Ф Ковшарь Қазақстан қызыл кітабы
беттерінен
«Алматы» 2004 33-36 б