Материалдар / Балықтан әзірленген тағамдар. Бөктірілген балық түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балықтан әзірленген тағамдар. Бөктірілген балық түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөктірілген балық тағамдарын буландырылған деп те атаған. Себебі балықтың беттері бөктіру процесі кезінде пайда болған будың әсерінен толық дайындыққа жететін. Бұл әдіспен жоғары қоректік бағалылығы бар нәзік терілі және жұмсақ етті балықты дайындайды. Себебі пісіруден гөрі оны бөктіру балықта көп мөлшерде бағалы қоректік заттар мен оның формасының сақталуына мүмкіндік береді.Балықты тұтастай, үзбелеп және терілі сүбеден жасалған сыбаға кесектерінен және таза сүбеден бөктіреді. Бөктірілген балық. Жылы сыбаға ыдысқа бөшке түрінде жонылған картопты, не картоп пюресін немесе майда пісірілген көкөністі алады. Ыстық бөктірілген балықтың үстіне пісірілген саңырауқұлақ қосады. Тұздық құйып, көктермен әсемдейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2019
3460
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Балықтан әзірленген тағамдар. Бөктірілген балық түрлері

Теректі колледжінің оқытушысы

Ихсанова Жанат Жумабаевна

Сабақ мақсаты:

Білім беру: Оқушылырға бөктірілген балық түрлерін дайындау технологиясын үйрету, кәсіби білік-дағдыларын қалыптастыру

Дамыту: пәнге деген қызығушылығын арттыру,берілген тапсырмаларды орындауда шығармашылық қабілеттерін арттыру. алған білімдерін, дағдыларын, қабілеттерің, шеберліктерің, іскерліктерін шыңдап дамыту, өз ойын ұшқыр, әрі нақты және сауатты жеткізе білу.

Тәрбиелілік: пәнді қоғам өміріндегі рөлін көрсете білуді қалыптастыру,тәртіптілікке,уақытты үнемді жұмсауға тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас, АҚТ пайдалану

Сабақтың әдісі: баяндау

Материалдық –техникалық жабдықтар: интерактивті тақта, конспектілер, презентация.

Пәнаралық байланыс: Калькуляция және есеп негіздері, тауартану

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

II.Үй тапсырмасын қайталау:

Пісірілген балықтар тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. Балықтың сыбаға кесектерін қалай пісіреді?

  2. Балықты тұтастай қалай пісіреді?

  3. Құртпа балық үзбелерін пісіру.

  4. Пісірілген балыққа сипаттама.

Карточка тапсырма: Балық шала фабрикаттарының жылумен өңдеу түрлерін, ұзақтығын кестеге дұрыс толтыру.

Балық шала фабрикаттары

Жылумен өңдеу түрлері

Жылумен өңдеу ұзақтығы (орташа) мин.

  1. Звеноға оралған құртпа балық еті

  2. Звеноға буылған шоқыр балық

  3. Ақ балық

  4. Сыбағаға туралған кесектер

  5. Сыбаға кесектерге туралған құртпа балық еті

  6. Балық котлет массасынан әзірленген бұйымдар

  7. Шаян балықтар






Жылумен өңдеу түрлері:

1. Пісіру. Негізгі әдіспен қуыру.

2. Пісіру. Негізгі әдіспен қуыру.

3. Пісіру

4. Пісіру

5. Негізгі әдіспен қуыру

6. Негізгі әдіспен қуыру

7. Пісіру

Жылумен өңдеу ұзақтығы:

1. 60-90

2. 45-60

3. 120-150

4. 12-15

5. 15-20

6. 10-15

7. 10-15

III.Теориялық бөлім:

Балықты бөктіру

Бөктірілген балық тағамдарын буландырылған деп те атаған. Себебі балықтың беттері бөктіру процесі кезінде пайда болған будың әсерінен толық дайындыққа жететін. Бұл әдіспен жоғары қоректік бағалылығы бар нәзік терілі және жұмсақ етті балықты дайындайды. Себебі пісіруден гөрі оны бөктіру балықта көп мөлшерде бағалы қоректік заттар мен оның формасының сақталуына мүмкіндік береді.Балықты тұтастай, үзбелеп және терілі сүбеден жасалған сыбаға кесектерінен және таза сүбеден бөктіреді.

Бөктірілген балық. Жылы сыбаға ыдысқа бөшке түрінде жонылған картопты, не картоп пюресін немесе майда пісірілген көкөністі алады. Ыстық бөктірілген балықтың үстіне пісірілген саңырауқұлақ қосады. Тұздық құйып, көктермен әсемдейді.

Тұздық су ақ тұздығында бөктірілген балық. Балықтың сыбаға кесегін немесе бекіре балығының үзбесін қияр тұзды суы қосылған суда не сорпада бөктіреді.

Орысша балық. Орысша балық дайындау үшін бекіре балығы, лақа балық, ставрида пайдаланылады. Балықтың сыбаға кесектерін басты пияз, ақ тамыр, ақ саңырауқұлақ піспе суларын қосып бөктіреді.

Бекіре тұқымдас балықтарды ірі кесектеп, үлестеп сүбесін терісіз және қабырға сүйектерін 300 бұрышпен кесіп, суға бөктіруге болады.

Табаның ішіне бір қатарға үлестік кесектерді терісін жоғары қаратып тізіп орналастырады. Табаның түбіне май жағады. Үстіне (1кг-ға 0,3л) сорпа құяды. Тұз, тамырсабақтар, пияз салып қақпағын жабады. Қайнаған соң отты басып 10-12 минут бөктіреді. Бөктіру барысында берілетін балықтың тұздығына қарай лимон шырынын, жүзімнің ақ шарабын, қозықұйрық, тұздалған қиярдың суын құяды.

Бөктірілген балық

Жылытылған сыбаға ыдысына бөшке түрінде жонылған картопты немесе картоп пюресін немесе майда пісірілген көкөністі алады. Жанына ыстық бөктірілген балықты қояды. Оның үстіне пісірілген саңырауқұлақ қосады. Балықтың үстіне балық бөктірілген сорпада дайындалған бу тұздығын құяды, көктермен әсемдейді. Тағамды креветка немесе краб кесегімен, тазартылған лимонмен толтыруға болады. Гарнир май құяды. Бөктірілген балықты негізгі ақ тұздықпен, томат тұздығымен, т.б беруге болады.

Орысша балық. Бұл тағамды даярлау үшін бекіре балығы, теңіз алабұғасы, ставрида пайдаланылады. Балықтың сыбаға кесектерін басты пияз, ақ тамырлар, қозықұйрық немесе ақ саңырауқұлақ піспе суларын қосып бөктіреді. Бөктірілген балық сыбаға кесектерін жылытылған ыдысқа салып, жанына кеспекшеге жонылған піскен картоп қояды да томат тұздығын, онда қыздырылған арнайы гарнирмен бірге осы тұздықты құяды. Ұсынар кезде тазартылған лимон дөңгелекшесін салады және көкпен тағамды әсемдейді.

Бөктірілген балықты ұсыну

Бөктірілген балыққа гарнир есебінде қайнатылған картопты үгіп, әр түрлі пішінге келтіріп, сондай-ақ картоп езбесімен ұсынуға болады. Қыздырылған тәрелкеге балықтың кесегін қойып, оған тұздық құяды. Бір шетіне гарнир салады. Картопқа тортасынан айырылған май құйып, үстіне жасылкөк себеді.

Балықты үлестеп немесе сыбағалап ұсынған кезде лимонның бір тілігін және ақжелкектің бір сабағын қосады. Сондай-ақ, балыққа пісірілген ақ саңырауқұлақ немесе консервіленген шаянның бір тілігін қосып қоюға да болады.

Гарнирдің құрамына енетін тұздалған қияр мен корнишонды тұздық ретінде ұсынарда ғана қояды, себебі олар ұзақ тұрып қалса, қиярдың түсі қараяды. Балыққа майды безендіру кезінде құяды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту барысында оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:

  1. Бөктіру әдісімен қандай балықтарды дайындайды?

  2. Балықтарды қандай түрде бөктіреді?

  3. Бөктірілген балықты қалай дайындайды?

  4. Тұзды су ақ тұздығында бөктірілген балық қалай дайындалады?

  5. Орысша балық қалай дайындалады?

Венн диаграммасы: бөктірілген балық пен орысша балықты салыстыру

Бөктірілген балық Орысша балық









V.Сабақты қорытындылау және бекіту:

1. Оқушыларға бөктірілген балықтардан әзірленетін тағамдардың дайындау технологиясымен танысып, талқыладық.

2. Үй тапсырмасы: Конспекттерді оқу, сұрақтарға жауап беру.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!