Материалдар / БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ («БТА БАНК» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ («БТА БАНК» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Дипломдық жұмыс БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ («БТА БАНК» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
123
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ


БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ («БТА БАНК» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ................................7-41

1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдердің мәні және жіктелуі...................................7

1.2 Сыртқы тәуекелдерді басқару........................................................................20

1.3 Банктердің ішкі және банктің клиенттеріне байланысты тәуекелдер.....25

1.4 Банктің тәуекелдер және оларды азайту жолдары......................................31


2 БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ («БТА БАНК» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)...............42-93

2.1 Банк қызметіндегі қаржылық тәуекелдерді талдау......................................42

2.2 Банктегі валюталық және пайыздық тәуекелдерді талдаужәне оны азайту әдістері...................................................................................................................66

2.3 Банктегі сақтандыру және операциялық тәуекелін талдау........................74

2.4 Портфелдік тәуекелдер және жалпы нарықтық бағалардың төмендеу тәуекелі...................................................................................................................86


3 БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУДЫ ОНТАЙЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.........................................94-110

3.1 Банктік тәуекелдерді талдау және басқарудың шетелдік тәжірибесі.......94

3.2 Қазақстан Республикасы банктерінде тәуекелдерді талдау және басқарудың қазіргі жағдайы................................................................................98

3.3 Қазақстан Республикасы банктерінде тәуекелдерді талдау және басқарудың даму келешегі106


ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................111


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................114


ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ


Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Банктік тәуекелдер - банктік жүйені талдаудың маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Банк қызметіндегі тәуекелдер мәселесінде маңызды болып “жағдай” болып табылады. Ереже бойынша жағдай өмірде немесе тек жобада болады. “Жағдай” анықталған нақты бір тұлғаның қызметінен, яғни басқаша айтсақ жағдайды тудыратын тұлғалардан пайда болады.

Жағдайдың қатысушылары - бұл “жағдай” маңызды болып табылатын субъектіні айтады. Бұл субъектілерді активті және пассивті деп бөліп қарастыруға болады.

Активті қатысушылар болып отырған жағдайдың дамуына әсер ететін қызметтерді жүргізеді және шешім қабылдайды. Пассивті қатысушылар – тек өзін ойлайтын субъекті.

Қадағалаушылар - жағдайға көңіл аударатын субъекті. Ол жағдайдан пайда табу үшін өзінің ресурстарын және ақшасын жұмсайтын субъекті. Қадағалаушы жағдайдың қыры мен сырын толықтай талдаудан өткізетін және қатысушыға жақсы не болмасы нашар варианттарын шешіп беріп отырады. Қадағадаушы өзінің мақсаттарына сүйене отыра жағдайды бағалаумен айналысады.

Осының негізінде қадағалаушы мен қатысушының әрдайымда бір адамдай болып жұмыс істеген жеткілікті болып табылады.

Қадағалаушы жағдайды анықсыз деп таныса онда жағдай тәуекелді деп аталады, бірақ бір жағынан мұнда пайда көзі байқалады. Бұндай кезде жағдай тәуекелділікпен байланысты делінеді.

Банктік тәуекелділікті қараған кезде қағида бойынша артында шығын әкелетін банктік қызметтің дамуын жағымсыз варианттар делінеді.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелділіктің бақылау дұрыстығының маңызы артады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде.

Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелділік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою емес, оны алдын-ала болжау ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

Банктік тәуекелділік дегеніміз - тәуекелділік негізінде ынтымақтықты, ал нақтырақ айтатын болсақ банктік қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктің қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Диплом жұмысын жазуда коммерциялық банктердің халыққа қызмет көрсету проблемасының маңыздылығы “банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесі” тақырыбын таңдауға себепші болды.

Сондықтан мақсатым бұл тақырып, өзектілігін жоймайды деп айта отыра, осы мәселелерді нақты іс жүзінде іске асырудың қиыншылығына, күрделілігіне, тиімділігіне көз жеткізу болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты банк тәуекелділікті сақтандыруды есептеу әдістерін ұйымдастырудағы шешілу керек мәселелер. Оларды ұйымдастырып іске асыру күрделілігі тек қана банк қызметі заңдылықтарын жете меңгерген, әлемдік жүйе үшін кадр дайындауға қатысады, банк жұмысшыларына әдітемелік көмек көрсетеді.

Диплом жұмысымның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Банктік тәуекелдердің жітелуін, басқарылуын, әдістерін, құрылымын, сонымен қатар банктің клиенттеріне байланысты тәуекелдер, пассивтік және активтік операциялар тәуекелдері негіздерін қарастыру;

  • банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесіне байланысты сұрақтарды шешуде жаңадан тәжірибиелерді алуы;

  • «БТА банк» АҚ банктік тәуекелділікті талдау және басқару негізгі түрлерін сақтандыру мәселесін талдау.

  • Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерде банктік тәукелдер ретіндегі басқару қызметін дамытудың және шетелдік тәжірибені қолданудың жолдарын табу.

Диплом жұмысын зерттеу объектісі БТА банкі” АҚ Атырау филиалы және Қазақстан Республикасындағы банктер болып табылады. Диплом жұмысын зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктеріндегі банктік тәуекелдердің мәнін, түрлерін қарастыру және оларды есептеу әдістемесінің ерекшеліктері ұйымдастыру болып табылады.

Зерттеу болжамы – экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесін даму проблемалары шешуді жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің алға қарай даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін АҚШ, Гермения Сауд Арабиясы банк қызметіне негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған салымшыларының мүдделерін қорғау тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.

Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жарияланымдарды кездестіруге болады. Банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесін даму теориясы және тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Г. Марковиц, Дж. Тобин, У.Шарп, Ф. Модильян, М. Миллер, М. Дженсен, У. Меклинг, А. Смит, Дж. М. Кейнс, П. Роуз, Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гилл, Р. Смит, Т. Кох, Б. Улиямс, Дж. Неман, О. Моргенштейн, А. Чендлер, И. Ансофф, К. Эндрюс, Г. Клейнер, А. Мовсесян, И. Хоминич, П. Диетерин, А. Фурнье, С. Липп, Дж. Мак Колл, А. Куракие, Р. Сомерс және өзгелер.

Банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқарудың ақша-несие жуйесінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И.В. Ларионова, О.И. Лаврушин, В.М. Усоскин, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробова, М.А. Поморина, Ю.С. Масленченков, Н.Е. Егорова, И.Т. Балабанов, И.А. Бланк, Е.С. Стоянова, В.В. Ковалев, В.И. Колесников, О.М. Марков, Е.Ф. Жуков, Э.А. Уткин, Е.Б. Ширинская, О.В. Ефимова, В.В. Ковалев және т.б.еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Ғ.С. Сейітқасымов, О.Б. Баймұратов, Н.К. Кучукова, Ш.Р. Әбділманова, К.Ш. Дүйсенбаев, А.Б. Зейнелғабдин, Ұ.М. Искаков, Р.Е. Елемесов, С.Ж. Интыкбаева, С.С. Арыстанбаева, Н.Н. Хамитов, З.Д. Искакова, Ә.Д. Шелекбай, Г.Т. Абдрахманова, А.А. Мусина және т.б. еңбектерінде кездеседі.

Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің мәліметтері, Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, күрделі салымдар аясындағы ұйымдардың құжаттары, отандық және шетелдік монографияларда жарияланған ғылыми материалдар, әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:

  • бәсекеге қабілеттіліктің базалық тұжырымдамаларын жүйелік жалпылау негізінде Қазақстанда банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің даму проблемалардың әдістемелік көзқарастары айқындалды;

  • банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің даму проблемаларын тиімді пайдаланудың айрықша индикаторларын негіздеу арқылы бәсекеге қабілеттілік қағидалары нақтыланды;

  • қазақстандық экономикадағы банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесін дамытудың ұйымдастыру-экономикалық параметрлері жалпыланды;

  • экономиканың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі айрықша реттегіштерді көрсете отырып экономиканың нақты секторындағы банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесін дамытуды белсенділікке баға берілді;

  • дағдарысқа қарсы шараларды бағалау арқылы банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің даму проблемаларын оңтайландыру тетігін жасау.

Практикалық маңызы - Қазақстанда банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесін жетілдіру бойынша автордың ұсынған ұсыныстары әртүрлі шаруашылық құрылымдарының тәжірибелік қызметінде пайдаланылуы мүмкін. Нәтижелерді пайдалану ұлттық экономикадағы банк салымдарын ұйымдастыру әдістерінің нысандарын оңтайландыруға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыстың нәтижелерін осы мәселе бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі қарай жетілдіру үшін ғылыми қызметкерлер пайдалануы және «Банк ісі» мен «Банктік менеджмент» курстарын оқыту бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.

Практикалық базасы банк салымдары мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесі туралы толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, диплом бойынша қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды.

Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.

Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 115 бетте, оның ішінде 22 кесте, 22 сурет, 2 қосымшада баяндалған.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қосымшалардан құралады.

Бірінші тарауда банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің теориялық маңыздылығы және олардың жіктелуі қарастырылды.

Екінші тарауда “БТА банкі” ақ мысалындағы банктік тәуекелдерді талдау және басқару әдістемелері келтірілді.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы банк қызметінің тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің даму келешегі қаралды.


1 БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ


1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдердің мәні және жіктелуі


Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасы барлық бағыттар бойынша дамумен ипатталады. «Біздің экономикалық өсуіміздің стратегиясы мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді роліне және үлкен көлемдегі шет елдік инвестицияларға сүйенеді» деген Қазақстанның даму бағдарламасымен қарастырылған нарықтық қайта құрудың берік негіздері қаланған [1].

Экономикадағы мемлекеттің белсенді ролі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ісіне билік құрылымдарының тікелей қатысуын білдірмейді. Мемлекет еркін экономиканың кепілі болуы тиіс. Оның міндеті – нарықтық ережелерді орнату және содан кейін олардың қадағалануын қамтамасыз ету болып табылады.

Социалистік экономикалық жүйеге тән мемлекеттік басқарудан арылған қазіргі кәсіпкерлер, меншік иелері және басқа да тұлғалар өздерінің мүдделерін қолайсыз және күтпеген оқиғалардан қорғанудың тиімді жолдарын өз беттерінше іздейді. Мұндай үнемді, ұтымды және қол жеткізерлік механизм – ғасырлар бойғы адазат тәжірибесіен жинақталған – сақтандыру болып табылады [2, 12 б.].

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпкерлік қызмет сақтандырусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметте барлық жетістіктерге белсенділік, төзімділік, тапқырлық таныта алатын, дәстүрлі емес шешімдер қабылдай білетін тұлғалар ғана қол жеткізе алады. Ал бұлардың барлығы да нәтижесі анықталмаған, алайда табыс алып келуі мүмкін тәуекелдер болып табылады.

Көптеген экономикалық процесстердің қызмет етуі мен дамуына белгісіздік элементтері тән. Бұл бірдей нәтиже бермейтін жағдайлардың туындауына әкеледі. Кез келген экономикалық мәселенің шешуі тәуекелділіктің мағынасы мен оны зерттеу механизмінің дұрыс түсінігіне сүйенуі керек.

Нарықтық орта тәуекелділік түсінігінен ажырамасыз байланыста, тәуекелділік қаупі осы күнге дейін болды және ол болады да, сол себепті банктің бірінші орындағы мақсаты – тәуекелділігі жоқ іскерлік шешімдер іздеу емес, альтернативті және стандартты емес шешім іздеу болып табылады. Сонымен бірге тәуекелділікті бағалап үйреніп, оның мүмкін болатын шектерінен аспау қажет. Керісінше жағдайда банк басқарушысы ақпараттардан, сәйкесінше несиелік, депозиттік, инвестициялық саясат саласында қолайлы шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылады [3, 127 б.].

Тәуекелділік бұл – банкті нәтижесінде шығындарға немесе жоспарланған табыспен салыстырғанда аз табыс алуға әкелетін жағдайлардың басталу ықтималдығы (қаупі). Бұл жағдайлар болған кезде үш экономикалық нәтиже: кері (ұтылыс, залал, шығын); оң (ұтыс, пайда, табыс) және де нольдік нәтижелер болуы мүмкін.

Тәуекелділік дегеніміз – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің қызметінің жағдайлы сипаттамасы, яғни белгісіздік пен сәтсіздік жағдайда болатын мүмкін жағымсыз салдармен бейнеленеді. Тәуекелділік пайданы жоғалту және берілген несиелер бойынша төленушіліктердің болу салдарынан туындаған залалдар, ресурстық базаның қысқаруы, баластан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру және т.с.с. қалаулы емес нәтижелерді алу ықтималдығымен анықталады. Алайда, неғұрлым тәуекелдік деңгейі төмен болса, соғұрлым жоғары табыс алу мүмкіндігі де төмен болады. Сондықтан, бір жағынан, кез келген өндіруші тәуекелділік деңгейін минимумға жеткізуге тырысып, бірнеше альтернативті шешімдердің ішінен әрқашан тәуекелділік деңгейі минималды шешімді таңдайды, екінші жағынан, тәуекелділік деңгейі мен іскерлік белсенділік, табыстылық дәрежесінің қолайлы арақатынасын таңдау қажет.

Тәуекелділік берілген несие бойынша төлем төлемеуден пайда болатын шығындар және пайдадан айырылып қалу және қайта балансталмаған операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру немесе ресурстық базаның қысқаруы сияқты күтпеген нәтижелерді алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл жерде тәуекелділік деңгейі неғырылым жоғары болса соғырылым жоғары пайда табу мүмкіндігі жоғарыламайды. Содықтан бір жағынан, әрбір өндіруші тәуекелді минималдауға және бірнеше алтернативтік шешімдер арасынан тәуекелділік деңгейі минималдысын таңдайды, басқа жағынан табыстың іскерлік белсенділігі дәрижесін және тәуекелділік деңгейінің оптималды арақатынасын таңдау қажет. Тәуекелділік деңгейі ұлғаяды, егер:

  • проблеманы аяқ астынан туындауы;

  • банктің бұрынғы тәжірибиесіне сәйкес келмейтін қабылданған жаңа шешімдер.

  • басшылар қаржылық шығындарға әкелетін жылдам және қажетті шараларды қолдана-алмайтын жағдайда (қосымша және қажетті пайданы алу мүмкіндігінің нашарлауы).

  • Банктің қызмет тәртібінің және аяқталмаған заңдарының нақты және оптималды ситуацияда шешімдерді қабылдауға қарсы болады.

Кәсіпкерлікті сақтандыру негізінен нарықтық кеңістіктің адам көріп білмейтін жағдайларынан қорғайтын, күтпеген оқиғаларға қарсы кепілдіктер жасау арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізуге бағытталады [4, 243 б.].

Нарықтық экономика жағдайларында коммерциялық, биржалық, валюталық, қаржылық, техникалық, құқықтық, саяси тәуекелдерді сақтандыру өзекті болып табылады. Сақтандыру бұл жерде тек қорғаныс қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы қаржылық және құқықтық қарым-қатынастардың факторларын реттеу ролін де атқарады.

Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсаты табыс алу, іске салынған капиталды көбейту болып табылады. Сол себепті түптеп келгендегі сақтандырудың маңызы болжамдалған табысты жоғалту мүмкіндігін немесе күткен табысты қолдан жіберіп алуды болдырмауға келіп тіреледі.

Табысты жоғалтуды (немесе қолдан жіберіп алуды) тудыратын себептердің барлығын да шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. табиғи апаттар, авариялар және сол сияқты басқа да оқиғалар болған жағдайда өндірістік процестің бұзылуы;

  2. нарықтық конъюнктураның өзгерістері, әріптестер тарапынан келісімдерді бұзу;

  3. жаңа техниканы немесе технологияларды, басқа да техникалық және технологиялық тәуекелдерді игеру.

Факторлардың аталған үш тобы да сақтандыру саласына қосылуы тиіс.

Көптеген елдерде сақтандыру көлемінде ең үлкен үлес алатыны – бұл кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру болып табылады. Бұл, өз кезегінде, сақтандыру нарығындағы қаржы ағындарын көптеген есе көбейтеді./5, 221 б.].

Нарықтық экономика жағдайларында сақтандырудың өзі де коммерциялық қызмет саласы болып шыға келеді. Сол себепті, қандай-да бір тәуекелдерді қабылдай отырып, сақтандырушы алдымен өзі туралы, мұндай мәміледен қандай нәтиже алатыны туралы ойлайды. Демек, ірі тәуекелдердің жоғары қауіптілігі бар жерлерде сақтандырушы сақтандыру келісімін жасамайды.

Айта кету керек, келісімнің мерзімін анықтау кезінде мүліктік сақтандырумен салыстырғанда сақтанушы мен сақтандырушының мүдделері басқаша көрініс табады [6, 85 б.].

Сақтанушы кәсіпкерлік қызметтің тез өтелуіне тырыса отырып, объективті түрде сақтандырудың мерзімін қысқартуға тырысады. Сақтандыру ұйымы үшін қысқа мерзімді сақтандыру келісімі сенімді ақтамаған өтемақыларды төлеу тәуекелін арттырады. Сақтандыру мерзімін ұзарту өтелім нақты болады, демек, төленетін шығындардың пайда болу ықтималдығын төмендетеді.

Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша жарналардың мөлшерлемелері (тарифтері) көптеген факторларға тәуелді: қызмет түріне, сақтандыру мерзіміне, нарықтық қатынастардың тұрақтылық деңгейіне және т.с.с. Әрбір кәсіпорын үшін тәуекел жеке-жеке болып келеді, демек, мүмкіндігінше төлемдердің мөлшерлемелерін де жеке-жеке орнатқа дұрыс болады [7, 69 б.].

Банктік тәуекелділік дегеніміз - тәуекелділік негізінде ынтымақтықты, ал нақтырақ айтатын болсақ банктік қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктің қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелділікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзіңде шығындар мен залалдарды үйлестіреді, сондықтан тәуекелділік деңгейің жақсы деңгейде сипаттайды. Тәуекелділік пен жоғалту түсніктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынанда бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Шығындар, банктер өз қызметі барысында белгілі – бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төлетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттары және тағы басқаларды ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелділік, көзге көрінбейтін шығындарға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу түрінде көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелділігі нашар несиелік қоржымен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс жасайтын кез келген кәсіпорын сияқты банкте жоғалтулар мен банк тәуекелділігіне ұшырауы мүмкін.

Шынында банк жетекшілері пайданы жоғарлатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұтылады.

Мұның барлығы белгілі шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оғын банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Бріншілер қосымша пайда алу үшін тәуекелділікке баруға дайын болса, ал, екіншілері үшін банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды болып табылады. Табыстылық пен тәуекелділіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстау отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Банк үшін негізгі тәуекелділіктің түрлері оның қоржынымен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.

Тәжірибеде төрт басты қоржындық тәуекелділік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгерту тәуекелділігі, валюталық тәуекелдерді сақтандыру.

Берілген жағдайлар банктік тәуекелдер және оларды зерттеу әдістерінен туындайтын өзгерістерді қарастырады. Тәуекелділік теориясының дамуымен бірге оларды талдау әдістері және методологиясы дамуда.

Банктік тәуекелдерді талдаудың келесідей методологиясының негізгі этаптарын көрсетуге болады:

1. Банктің қызметінде, өзінің партнерларының, контрагентерінің, клиенттерінің, жеткізушілерінің қызметіндегі анықталған және жинақталған тәуекелдерінің қандай да бір түрінің деңгейін талдайтын барнктің спецификасы және түрі.

2. Тәуекелдер жиынтығына және бөлек тәуекелдеріне әсерін талдау ортасы.

3. Есептеу әдісі, абсолютті және белгіленген аутқуларды талдау деңгейі.

4. Нақты және талданатын тәуекелділіктерді басқару мүмкіндігі.

5. Тұтастай жағдайлардың тәуекелділігін басқару әдістері және құралдары.

6. Ұсынылған және талданған нәтижелердің тиімділігін бағалау.

Маркетинг тарихына байланысты барлық өндірушілер соның ішінде банкирлер тәуекелділікті минимализациялауға және пайданы максималдауға тырысады. Күтілетін тәуекелділік деңгейін және әртүрлі пайданың қатынасы объективті және субъективті факторлардан байланысты болады.

Уақыт бойынша тәуекелділікті ретроспективалық, ағымдық және перспективалық деп бөледі [3].

Ретроспективалық тәуекелділікті талдау перспкетивалық және ағымдық тәуекелдерді нақты болжауға мүмкіндік береді.

Банктің тәуекелділігін дәрижесі бойынша кіші, орташа және толық деп бөлуге болады. Тәуекелдердің пайда болу көздерін және себептерін дұрыс түсіну үшін негізгі банктік тәуеклдердің жіктелуін және олардың сипаттамасын келтірдік. Бұл банктік тәуекелдердің жіктелу құрылымын осы пәннің белсенді зерттеушісі, біздің отандық экономист Новиков.И.А. ұсынған (1 сурет) [8, 12 б.].

Пайда болу көздеріне қарай ішкі және сыртқы тәуекелдерді ажыратуға болады. Сыртқы тәуеклдер сыртқы ортада пайда болады және жартылай басқарылатын болып бөлінеді.

Басқарылмайтын тәуекелдерге келесілер жатады:

Апаттық тәуекел – бұл жер сілкінісі, тасқынның, дауылдың, өрттің және т.б. салдарынан банкке материалдық залалды келтіруді айтамыз. Бұл тәуекел банкке тікелей, сонымен қатар оның клиенттері мен қарыз алушыларына залал келтіре алады.

Саяси тәуекел - бұл саяси биліктің немесе мемлекетпен жүргізілетін саяси бағамның ауыстыруы салдарынан, сонымен қатар соғысты, революцияны, азаматтық соғысты жариялауынан банкке жағымсыз әсерін тигізетін тәуекел.

Саяси тәуекел банкті ұлттандыру кезінде немесе банктің және оның клиентінің жағдайын төмендетуі мүмкін жаңа шектеулермен заңды өзгерістерді бекіту кезінде көрініс табады. Жақсы дамыған бағдарламалары бар банктернесиелік рейтингтің күрделі жүйесін құрастырады.

DrawObject1

Оның бірі – құрамдас рейтинг жүйесі. Бұл жүйеде әр мемлекет 1-ден 9-ға дейін шкала бойынша құрамдас рейтингті алады. Рейтингті негізінен несиені бағалау үшін қолдану қажет. Мысалы, АҚШ банктері елге төнуі мүмкін қауіптержөніндегі Үкіметаралық комитеті дайындаған рейтингтерін қолдана алады. Саяси тәуекелдің рейтингі сыртқы міндеттемелерін төлеуден белгілі бір үкіметтің қалауы мен саяси мүмкіншілігін өлшейді. Сонымен қатар бұл рейтинг үкіметтің тұрақтылығын және сыртқы қарызын төлеуге қатынасын бағалау үшін де қолданылады.

Жалпы экономикалық тәуекел – елдің экономикалық жағдайының төмендеуі, яғни ЖҰӨ деңгейінің төмендеуі, мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі, инфляция деңгейінің жоғарылауы, экономиканың құрылымдық дағдарысы, мемлекттің теріс төлем балансы үкіметтің тұрақсыз экономикалық саясаты, ұлттық валютаның құнсыздануы, мемлекеттік шенеуніктер арасындағы жемқорлықтың өсуі кезінде пайда болатын тәуекел.

Елдік тәуекел – шетелдік серіктестер мен несие берушілер үшін банктің орналасуы тәуекелін, сонымен қатар егер банктің клиенті экспорттық-импорттық қызметпен айналысса, не банктің контрактісі басқа елде болса, не банк шетел қарыз алушыларды несиелендіретін болса, онда осы тәуекел бел алуы мүмкін. Елдік тәуекел саяси, жалпыэкономикалық және заңнамалық тәуекелдерді қамтиды. Банктер әлемдік экономиканың интеграциясы нәтижесінде кез келген елдермен, олардың тәуекел дәрежесіне қарамай операцияларды жүргізуге мәжбүр болады. Демек, банк тәуекелі төмен елдермен ғана қарым – қатынас жасауға өз бетінше таңдау жасай алмайды [9, 6 б.].

Сонымен қатар, сыртқы басқарылмайтын тәуекелдерге қаржылық тәуекелдердің бір бөлігін жатқызуға болады. Мысалы, банк егер әлемдік нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеруіне әсер ете алмаса, депозиттер ставкаларын басқаруға мүмкінлігі бар. Сондықтан да, бұл тәуеклдердің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне ұшыраған кездегі анықтамаларын беріп, ажырата алайық:

Депозиттік тәуекел - бұл сыртқы ортадан салымдарды, депозиттерді, зайымдарды және басқа да қаржыландыру көздерін тарту бойынша тәуекел. Яғни, егер олар банктен мерзімі жетпей алынса, онда банктердің осындай міндеттерін орындай алмау тәуекелі немесе банктің ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тартудың мүмкіндігінің жоқтығы салдарынан болатын тәуекел. Ішкі ортаның әсерінде бұл осы операцияларды орындау кезіндегі банктің пайыздық саясаттың дұрыс таңдалмауы немесе басқару кезіндегі қателердің пайда болу тәуекелі.

Несиелік тәуекел - бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуімен немесе банкроттылығымен және несиенің толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен байланысты тәуекел. Ішкі ортаның әсеріне қатысты бұл банк қызметкерлерінің клиенттің нәтижелерінің қаржылық және нарықтық көрсеткіштерін және қызметінің болашағын дұрыс бағаламау салдарынан потенциалды несие қабілеттілігі жоқ клиентке несие беру.

Валюталық тәуекел – бұл әлемдік нарықта шетел валюта бағамының күрт өзгеру нәтижесіндегі шығындар тәуекелі. Валюталық тәуекелге шетел валютасы бойынша ашық позициялары банктер ұшырайды. Ішкі ортада бұл шетел валютасын сату, сатып алу кезінде банктің ашық позициялары бойынша валюталық бағамының өзгеруі нәтижесінде шығындар тәуекелі

Пайыздық тәуекел – бір немесе бірнеше құралдар түрлері бойынша елде немесе әлемдік нарықта пайыз ставкаларының жағымсыз өзгеру тәуекелі. Ішкі ортаның шеңберінде бұл тартылған және орналастырылған қаражаттар бойынша банктік пайыздан келетін таза пайданың потенциалды өзгеру тәуекелі [10, 76 б.; 11, 71 б.].

Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарығының конъюнктурасының өзгеруі, спекуляция, пайыз ставкасының өзгеруі, саяси және экономикалық дағдарыстар,эмитенттің банкроттылығы салдарынан бағалы қағаздардың құнсызданы тәуекелі. Банк инвестициялар саласындағы стратегияны және нақты бағалы қағаздарды өзі таңдай алады, сол себептен бұл тәуекел басқарылуы мүмкін. Инвестициялық тәуекел жүйелік және жүйелік емес болады. Жүйелік тәуекел бағалы қағаздардың бағасы, табыстылығы, пайда ставкаларының деңгейі, күтілетін дивиденттердің деңгейі өзгерген кезде көрінеді. Жүйелік емес тәуекел сыртқы ортаға байланыссыз және әрбір нақты банктің қызметінің ерекшелігімен байланысты болады. Бұл тәуекелге әсер ететін негізгі фактор нарық коньюнктурасына сәйкес альтернативті инвестициялардың болу мүмкіндігі.

Жартылай басқарылатын тәуекелдер – бұл сыртқы ортада қалыптасқан, бірақ та банк оларды толық немесе жартылай басқара алатын тәуекелдерді айтамыз. Оларға келесідей тәуекелдер жатады:

Банк бағытының тәуекелі - банк қызметінің мақсаттылығы бағытына, оның қызмет ету аясына және даму өркениетімен түсіндіріледі. Банк бағытының келесідей типтері бар: аймақтық бағытта; өнім өткізу бағытында; клиентпен жұмыс істеу бағытында.

Банк бағытының тәуекелі банк дамуының приоритеттерін дұрыс емес таңдауын білдіреді, яғни, оның ұзақ мерзімді стратегиясы, географиялық орналасуымен пайдаланылатын құралдары, дұрыс емес ұзақ мерзімді несиелік және зайымдық саясаты, перспективті құралдарға мамндану, банк филиалдар жүйесінің қажетті деңгейде дамымауы, маркетингтік зерттеулер жүгізудегі қателер кіреді.

Клиент тәуекелі мен контрәріптестік тәуекел - банкті шығындарға алып келуге мүмкін экономикалық жағдайының немесе контрәріптестіктің банкроттылығын білдіреді [12, 117 б./

Ішкі тәуекелдер - бұл банк ішінде пайда болатын тәуекелдер. Олар әкімшілік, қаржылық, операциондық болып бөлінеді.

Стратегия тәуекелі - бұл ішкі стратегияны, құралдарды қолдану приоритетін дұрыс таңдамау, қате аналитикалық болжамдарды пайдалану және т.б. тәуекелдер.

Құрылым тәуекелі – шешім қабылдау мүмкіндігіне кедергі жасайтын немесе дәлелсіз кеңейтетін банктің тиімсіз құрылымы, жауапкершілікті өзіне алумен байланысты банк қызметін басқару немесе операцияларды орындау тәуекелі.

Басқару тәуекелі - банкте мамандандырылмаған және авантюралық басқарудың салдарынан пайда болатын тәуекел.

Кадрлық тәуекел - кадрларды дұрыс таңдамау немесе ұйымда жұмыс істеу атмосферасын тұрғызуға кедергі болатын қызметкерлердің психологиялық мінездемелерінің сәйкес келмеу тәуекелі

Ынталандыру тәуекелі - келесілерді қамтиды: қызметкерлерді дәлелсізжоғары ынталандыру тәуекелі;еңбектің соңғы нәтижесіне қызметкерлердің қызықтырмауға әкелетін дәлелсіз төмен немесе әрқашанда бейқам еңбекті ынталандыру; тең емес ынталандыру тәуекелі, яғни бірдей еңбек үшін әр түрлі ынталандырулар.

Қоқан-лоққы көрсету тәуекелі - қылмыстық топтармен, туған туысқандарына несиелеубойынша жеңілдіктер мен т.б. банктің жемқорлықтың болу қаупі.

Бақылау тәуекелі - банктің бөлек бөлімшелерінің қызметтеріне, құралдардың бөлек түрлеріне немесе бөлек операцияларына бақылау жүйесінің тиімсіз болу тәуекелі.

Қаржылық тәуекелдер - банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер. Олар келесілер:

Қаржыландыру тәуекелдер - банктің өзінің операцияларының қаржыландыруға немесе нарықта өзінің қызметін кеңейтуге мүмкіндікті таба алмау тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – төлемдер бойынша есеп айырысуға мүмкіндіктің жоқтығына немесе банктің төлем қабілетсіздігінің жалпы дағдарысына әкелетін талаптар мен міндеттемелердің қысқа мерзімді және орта мерзімді сомалардың сәйкессіздігі.

Диверсификация тәуекелі – бөлек қарыз алушыларға, не бағалы қағаздардың бөлек түрлеріне немесе бөлек салаларға ірі салымдар салу нәтижесіндегі мүмкін болатын шығындар тәуекелі.

Операция түрлері бойынша тәуекелдер - әрбір нақты құралдардың ерекшелігіне сәйкес операциялардың бөлек түрлері бойынша тәуекелдер. Мысалы: лизингтік, факторинг, фьючерстік немесе опциондық операциялар.

Сауда тәуекелі - депозиттер, бағалы қағаздар,валюталар,қаржылық құралдар және т.б. сияқты сауда құралдарын сату-сатып алу нәтижесіндегі шығындар тәуекелі.

Пайданың төмендеу тәуекелі – банктік тәуекедердің біреуін бірнеше түрлерін дұрыс емес басқарудың нәтижесінде банктік пайданың төмендеуімен сипатталатын банктік тәуекелдердің жалпы көрсеткіші.

Баланстан тыс операциялар тәуекелі – бұл тәуекел көбінесе банктің потенциалды міндеттемелеріне жатқызылады. Бұл тәуекелге банктің қаржылық кепілдемесі, әр түрлі саудалық аккредитивтер немесе қандайда бір акептелген бағдарламаларға қатысу, сонымен қатар форвардтық міндеттемелер, фьючерстік мәмлелер, опциондар, СВОП-тар және т.б. кіреді.

Операциондық тәуекелдер - банктің бөлімшелерді басқару деңгейінде банктің күнделікті қызметі процесіндегі пайда болатын ағымдық тәуекелдер.

Ақпараттық тәуекелдер – банк операциялардың нәтижесінде әсер ететін қажетті нарықтан ақпаратты ала алмау немесе жалған ақпаратты алу тәуекелі. Сонымен қатар, қызметкерлердің банк басқарушыларынан дұрыс емес жүргізілген операциялар бойынша ақпаратты жасырып қалу қаупі.

Қызметкерлермен байланысты тәуекелдер - қызметкерлердің ерекше тәртібінің салдарынан шығындарға ұшырау қаупі.

Техниканы қолданумен байланысты тәуекелдер – компьютерлік немесе басқа да техниканың жұмыстан шығу салдарынан шығындарды тарту тәуекелі [8, 23 б.].

Саяси жалпы экономикалық факторлар сыртқы ортада пайда болады және алдын-ала болжауға келмейді. 1997-98 жылғы қаржылық дағдарыс біраз елдің банктік жүйелері үшін саяси және жалпы экономикалық факторлардың қирату күшін көрсетті. Бұл дағдарыстан әсіресе Оңтүстік Кореяның банктері зардап шекті. Өндірістің өсу қарқыны ірі коорпарацияларды жаңа зайымдік банктерді зайымдарды алуға тарта берді. Оңтүстік-шығыс Азиядағы сауда серіктестіктерінің дағдарысы табыстардың күрт төмендеуінен болды. 1997 жылы Оңтүстік Кореяда 7 ірі корпорация өзін банкрот деп жариялады. Ал, оларға қызмет көрсететін банктер үлкен шығындарға ұшырады. Шығынды және өте күмәнді несиелердің сомасы 52 млрд. доллар немесе банктің несиелік портфелінің 17% құрады. Бұл жерде сыртқы тәуекелдің классикалық мысалын көріп отырмыз [13, 13 б.].

Дегенмен сыртқы тәуекелдердің біразын басқаруға болады. Егер банк бағытының тәуекелін алсақ, онда ол банк қызметінің мақсаттылығы бағытына, оның қызмет ету аясына және даму приоритетіне негізделеді. Бағыт тәуекелі банк дамуының приоритеттерін дұрыс емес таңдауын білдіреді, яғни ұзақ мерзімді стратегиясы клиенттер бойынша дұрыс емес мамандандыру, географиялық нүктелер мен пайдаланатын құралдары, дұрыс емес ұзақ мерзімді займдық және несиелік саясаты, перспективті құралдарға мамандану, банк филиалдар жүйесінің қажетті деңгейде дамымауы, маркетингтік зерттеулерді жүргізудегі қателер кіреді. Бірақ та банктің тәуекелдерді басқаруға қатаң әдістерді таңдап, оларға әсер етуге мүмкіндігі бар. Банк кейбір операциялардың түрлерінен немесе қандайда бір бизнес аясында дамуынан бас тартса, онда ол өзінді мүмкін болатын тәуекелден сақтандырады.

Банктің қаржылық тәуекелдерді көбісі пайда болу көздері бойынша екі жақты сипатқа ие болады. Мысалы, несиелік тәуекелді басқару, әрине, банктің өзіне байланысты болады, оның несиелік саясатына, несиелерді қамтамасыз етудегі қалыптасқан тәжірибеге және т.б. бірақ басқа жақтан қарасақ, бұл сыртқы факторлар тәуекелінің әсеріне де түседі, яғни бөлек салалардың дағдарысы, жалпы экономикалық және саяси тұрақсыздық, табиғи апаттар және т.с.с.

Жалпы банктік тәуекелдер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, Юэринг Банктің күйреуі, оның фьючерс мәмілелері бойынша Сингапурдегі филиалдарының шығынға ұшырауынан болды. Позицияның ашылуынан біраз уақыт өткеннен кейін, бағалы қағаздарды сатып алуға арналған мерзімді фьючерстік операциялары бойынша ашық позициялар бағалардың жағымсыз қозғалысы нәтижесінен шығындарға алып келді. Бэринг Банк биржаға күннен күнге өсетін маржаны өткізіп тұруға міндетті болды. Осы жерде шығындардың лимитін орындауға және болашақта болатын шығындарды болдырмау үшін позицияларды жабудың уақыты келді. Бірақ та дилинг бөлімшесінің бастығы қызметін орындаушы Ник Лиссен фьючерс бойынша сатып алынатын заттың жалпы позициялық бағасын төмендету мақсатымен ашық валюта көлемін ұлғайтады, яғни бағалы қағаздарға қосымша мәмлелерді сатып алады. Бұл дерде жағдай тығырыққа тіреледі. Долларға қатысты йенаның бағамы 1 доллар үшін 100 йенадан 83 йенаға өсті, Жапониялық Никкей биржалық индексі 225 пунктке түседі. Ашық позиция бойынша шығындар 1,2 млрд. құрады. Бэринг банк күйреді./13,14 б.].

Бұл мысал тек қана сауда тәуекелін көрсетпей, сонымен қатар әкімшілік тәуекелінің нақты үлгісі болып отыр. Себебі біріншіден, банк мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат беру банкте қалыптасқан жағдайды басқарудың жалпы мүмкіндігінің жоқтығын білдіреді (құрылым тәуекелі). Екіншіден, қызмет құрылымының функцияларын сақтамауы шығындарға әкеледі. Үшіншіден, ағымдағы ашық позицияларға бақылау жүргізілмеді (бақылау тәуекелі). Төртіншіден, пайда алу үмітімен және тиісінше жеке сыйақыны алу үшін диллерлер позицияларды жапқан жоқ (ынталандыру тәуекелі). Бесіншіден, бұл жағдай туралы біраз адам білді, бірақ та хабар берілмеді (қызметкерлермен байланысты тәуекел).

Баға (құн) тәуекелділігін әртүрлі жақтардан алып қарасақ кәсіпорынның қызметіне қауіп тудырады.

1. Кәсіпорынның қоры. Бұл жағдайда тәуекел нақты қолдағы тауарлармен және қаржы құралдарына саудаласу кезінде белгіленген бағада келісім шарттар жасаспайды. Мысал ретінде фирма өз меншігінде, яғни қоймасында металдар қоры немесе дилерінің облигацияларына иелік етеді, бұл жағдайда бағаның төмендеуінен белгіленген баға өз құнын жоғалтады.

2. Жартылайфабрикаттар қоры. Бұл тәуекелділік категориясы нақты қолдағы тауарларға бағытталған, яғни олар фьючерстік келісім шартта көрсетілуіне қарай қайта өңделген.Мысалы, мұнай өнімдерінің қоры немесе дайын өнімнің үлгі қалыпқа сәйкес сорты фьючерстік келісім шарттардағы хеджирлеудің ең сенімді тәсілі - тәуекелділікті төмендету.

3. Болашақтағы өнімдер. Бұл категорияға қатысты болашақтағы өнімдер немесе өндірілген тауарларға мәміле жасаспағандары кіреді. Бұл жағдайда тәуекелділік баға (құн) төмендеуі өндіріске ешқандай әсер етпейді. Кейбір жағдайда бағаның (құнның) төмендеуі өндіріс деңгейінің тоқтауы да шығын әкеледі.

4. Белгіленген бағада сатып алу келісімі. Форвардтық келісім шарттар арқылы сатып алушылар тауарларды немесе қаржы құралдарын белгіленген бағада қабылдауға міндеттейді. Бұл жағдайда баға ( құн) тәуекелділігі құнның төмендеуімен байланысты.

Бұл атап өтілген жағдайларда мүмкін болатын шығындар бағаның төмендеуімен байланысты болады. Соның ішінде әрбіреуі қазіргі немесе болашақтағы нарыққа бағытын көрсетеді және фьючерстік келісім шарттардағы сауда саттықты жабуы да мүмкін, дегенмен, тағы бір ахуал кездесіп отыр, ондағы тәуекелділік бағаның жоғарлауымен байланысты келеді.

5. Белгіленген бағада сатылым бойынша келісім шарттар. Бұл жағдайда тауар немесе қаржы құралдарына болашақта белгіленген бағаны қою арқылы сатушының міндеті болып табылады.

6. Келешектегі тауарлар. Өндірушілер шикізаттарды өзінің өндірісінде қолдану арқылы болашақ кезеңге сатып алып, күтілетін баға өзгерісінен тәуекелге ұшырау қаупі бар [4].

Негізгі тәуекелдердің түрлері нарықта кездесетіні мыналар.

Біріншіден, бұл төрт оқиғада бағаның төмендеуі салдарынан қаржылық құралдармен немесе шикізат тауарларына қауіп қатер тудырады. Ал, соңғы оқиғада бағаның жоғарлауы салдарынан қауіпті болады.

Қазіргі уақытта баға (құн) тәуекелділігін түгелдей қарастырсақ, операцияларды келесі дәрежеде көрсетуге болады:

  • Қолдағы тауарларды сату және сатып алу

  • Пайыздық құралдарына иелік ету немесе жеткізіп берудегі міндеттемесі

  • Шетел валютасына иелік ету немесе оны жеткізудегі міндеттемесі

  • Қаржылық міндеттемедегі құнның әртүрлі индекстермен байланысты болуы

Нарықта тәуекелділіктерді төмендетудің әртүрлі әдістері бар. Бірақта таңдап алынған әдіс тәуекелділікті төмендетуде келесі қасиеттері болу қажет:

    • Бағалық тәуекелділікті кредиттік тәуекелділікке ауыстырмау

    • Қымбатшылықты ұстанбау

    • Қолданыста қолға тез арада тиесілі жету

Бұл шарттарға кең көлемде фьючерстік келісім шарттар жауап береді, яғни жоғары ликвидтік құралдарды әрбір уақытта, тез арада сатып алады және сатып жібереді.

Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу эле­мент­тері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып сана­ла­ды. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.

1. Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Ма­ман­дан­дырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәу­екелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл ин­новациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жо­ға­рылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк – нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаз­дар­мен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерциялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез келген тәуекелге барады, дегенмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға аталмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.

2. Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күшті әсер етуі мүмкін. Олардың несие қабі­лет­тілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденциалды нормативке жатады.

3. Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәу­екелдердің туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (ел­дердің) тәуекелі; банктің өзінің қаржылық сенімділік тәу­екелі (капиталдың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-тең­ді­гі­нің сақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі); опе­ра­ция­лардың жекелеген түрлерінің тәуекелі – бұл уақы­тын­да төлемеу, қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.

4. Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. На­рық­тық экономика жағдайында елдің Орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау, өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операцияларының жекелеген немесе топтары бойынша тәуекел коэффициенттерінің шкалаларын құруға негізделетін жеке тәуекел болады.

5. Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәу­екелінің дәрежесі банктің аталмыш операциялар бой­ын­ша қаржы шығындарына әкелетін ықтималдылығымен си­пат­талады және пайыздармен немесе нақты коэф­фициент­тер­мен көрсетіледі. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың (өлшеудің) әртүрлі дәрежесіне ие болуы мүмкін.

6. Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бой­ын­ша тәуекел.

7. Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жер­де тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілетін жабық тәу­екелдерге бөлінеді.

Сонымен, банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қа­ланған элементтердің сипаттамасы бойынша банкте тәу­е­келдердің бүкіл түрлерін бағалау жүйесі құрылып, оларды туғызатын себептер мен жиынтық түрдегі барлық тәу­екел­дер­ді басқару мүмкіндіктері айқындалуы тиіс деген қоры­тын­ды жасауға болады. Банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (классификациясы) өзінің негізі мен банк қыз­метіне тереңдеп енуіне қарай алуантүрлі болып саналады.



1.2 Сыртқы тәуекелдерді басқару


Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валю­та­лық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін (форс-мажорлық жағдаяттар).

Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен меке­ме­ле­р (бірлескен банктер - БББ) қызметін интерна­цио­нал­дандырумен, ғаламдық тәуекелдердің болуымен ті­ке­лей байланысты және клиент-елдердің немесе контрагент-елдердің, импорттаушылар мен экспорттаушылардың сая­си-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады. Олар шетел капиталының қатысуымен (бірлескен банк­тер­дің – БББ) құрылған барлық банктер мен негізгі лицен­зиясы бар банк мекемелері үшін маңызды саналады. Банк басшылығының жіберетін негізгі қателіктері шетел контрагентінің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты болады. Тұрақты түрде жариялап отыратын БЕРИ индексі еларалық тәуекел деңгейін талдаудың ұсынылатын тәсілдерінің бірі саналады. Оның көмегімен еларалық тәуекел деңгейі күні бұрын анықталады.

Еларалық тәуекел белгілі ел валютасының өзге бір ел ва­лютасына еркін аударылу тәуекеліне, трансферт тәуе­ке­лі­не немесе төлем мораториі тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.

Еларалық тәуекел деңгейін талдаудың бірегей әдіс­те­месін Швейцарияның банк корпорациясы қолданады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ еларалық тәуекел дәрежесін анықтаумен айналысуға өкілеттік алған банктер мен банк мекемелерінің қызметі қызметтік тұрғыдан алдыңғы шептік және штабтық болып бөлінеді. Алдыңғы шептегілер ең маңызды бағалар беруді жинаумен айналыса отырып, сонымен бір мезгілде штабтық банк мекемелері сияқты нақты мемлекет немесе аймақтың экономикалық-саяси тәуекел жағдайларына тәуелсіз ғылыми болжамдар жасады. Одан кейінгі уақыттарда бұл зерттеулер тұрақты сипатқа ие болып, стандарттық үлгілер бойынша ресімделе бастады.

Шамамен 1980 жылы Швейцарияның банк корпо­ра­ция­сының экономикалық банк бөлімі еларалық тәуекел дең­гейін анықтаудың жаңа, жүйеленген және дәл де айқын мөлшерленген қағидаларын жасады. Бұл қағидалар постул­ат­қа негізделді, оның есебін әрбір ел үшін банк несие­ле­рі­нің жоғары көлемінің деңгейі мен құрылымына қатысты шешім қабылдайтын банктердің жоғары басшыларының қа­рауына берілетін материалдары пайдалы және жеңіл тал­да­натындай етіп жасауға тиіс бол­ды. Жоғарыда айтыл­ған­дардан келесідей негізгі қағидалар шығарылды: еларалық тәуекелді болжау мемлекеттік құрылыстың құрылымдық және сапалық сипаттамаларын талдауға, сондай-ақ сандық деректер мен арасалмақты зерттеуге негізделген көрсет­кіш­терге сүйенуі тиіс; жағдайдың жоғары тәуекелділігі туралы қорытын­ды­лар­дың себептері толық түсінікті болуға тиісті. Талдаудың екі үлгісінің (типінің) үйлесуі (сандық және сапалық) дәл және нақты болуы қажет: талдауды жеңілдету және оның тиімділігін арттыру үшін барлық кестелер мен салысты­ру­лар қысқартулардың мағынасын ашып көрсетуі тиіс.

Валюталық тәуекел немесе бағамдық (курстық) шы­ғын­дар тәуекелі банк операцияларының нарығын интер­на­ци­оналдандырумен, трансұлттық (бірлескен) кәсіпорындар мен банк мекемелерін құрумен және олардың қызметін ұлғайтумен байланысты болады және валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде ақша шығындарының болуы мүмкін екендігін білдіреді.

Валюта тәуекелін басқаруға алғашқы талпыныс өз­гер­мелі бағамдар енгізілген 70-ші жылдардың басынан бас­тап жүзеге асырыла бастады.

Өзінің тарапынан, валюталық тәуекелдер мынадай түр­де құрылымданады:

а) коммерциялық, яғни оның алдында борыштының (кепілдің) өз міндеттемесі бойынша есептесуді қала­май­тын­ды­ғымен немесе мүмкін еместігімен байланысты тәу­екел­дер;

б) конверсиялық, яғни нақты операциялар бойынша ва­люталық шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелдер нақты мә­се­лелер тәуекеліне негізделіп құрылымданады. Конвер­сия­лық тәуекелдерді азайтудың ең көп таралған әдістері болып мыналар саналады:

хеджирлеу, яғни әрбір тәуекел мәмілелер үшін орын толтырған валюталық айқындамалар (пози­циялар) жасау. Басқалай айтқанда, бір валюталық тәуекел – пайдалар немесе шығындардың – тиісті өзге тәуекелдермен орнын толтыруы болады;

екі түрге ие валюталық своп. Біріншісі әртүрлі екі ел­дегі екі тарап әртүрлі валюталарда көрсетілген, қайта­ру­дың бірдей мерзімдері және тәсілдерімен бір-біріне те­ңес­ті­рілген несиелер береді. Екінші нұсқа – екі банкі ара­сын­да­ғы «спот» ставкасы бойынша валютаны сатып алу не­ме­се сату жәй келісімін білдіреді. Своптың параллель (қатар) несиелерден өзгешелігі өзіне төлем пайыздарын енгізбейді;

«Мэтчинг» әдісі деп аталатын актив және пассив бой­ынша тәуекелдермен өзара есеп айырысу, мұнда валю­та­лардың түсімін оның сыртқа шығу (кету) көлемінен ше­ге­ру жолымен банк басшылығы оның мөлшеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады.

Өзге трансұлттық (бірлескен) банктер «кеттинг» әді­сін қолданады, ол валюталық мәмілелер санын аса жоғары көлемде қысқартудан көрінеді. Осы мақсатта банк меке­ме­ле­рінің бүкіл бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жоғары деңгейде болуы тиіс.

в) трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер баланс­тар­дың және шетелдегі филиалдар «Пайдалар мен шы­ғын­дар» шотының активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде туындайды.

Бұл тәуекелдер өз кезегінде валюталарды қайта санау мен оның тұрақтылығын және өзге де бірқатар фактор­лар­ды таңдауға байланысты болады. Қайта санау трансляция (ағымдағы бағам бойынша қайта санау күніне) әдісі немесе тарихи әдіс бойынша (бағам бойынша нақты операция жа­сау күніне) жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір банктер бүкіл ағымдағы операцияларды ағымдағы бағам бойынша, ал ұзақмерзімдік операцияларды – тарихи әдіс бойынша есеп­ке алады; келесі бір банктер қаржы операцияларының тәуе­кел деңгейін ағымдағы бағам бойынша талдайды, ал тағы бір банктер – тарихи әдіс бойынша; үшінші бір банк­тер есепке алудың екі тәсілінің бірін таңдайды және соның кө­ме­гімен өзінің тәуекел опе­ра­цияларының бүкіл жиынын бақы­лай­ды. Трансляциялық валюталық тәуекелдерді бас­қа­ру әдістері сыртқы және ішкіге бөлінеді. Олар страте­гия­ны айқындауға, сол сияқты банктер мен банк мекемелері қызметінің тактикалық бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалануы мүмкін.

Сыртқы әдістерге мыналар жатады: сыртқы клиент­тер мен контрагенттерге қатынасы, сол сияқты монопо­лис­тік құрылымдарға қатынасы бойынша шетелдік валюта түрінде төлемдерді жеделдету немесе кешеуілдету; негізгі банк оның филиалдары арасындағы төлемдерді реттеу; неғұрлым тұрақты валюталарды таңдау және т.б.

Стратегиялық тұрғыдағы валюта тәуекелдерінен қор­ғау банктің өзінің, сол сияқты оның контрагенттері мен клиенттерінің белсенді баға саясатымен, сақтандыру түрлері және оның құнымен, сақтандыру компания­ла­рының сенімділік дәрежесімен тығыз байланысты болады.

Одан тысқары, бүкіл ірі банктердің түгелі дерлік ва­лю­талардың түрлері мен мерзімдері бойынша активтер мен пассивтерді теңестіре отырып, өз валюталық опера­ция­ла­ры­ның қоржынын (портфелін) қалыптастыруға тырысады. Негізінен, валюталық тәуекелдерді басқарудың бүкіл сыртқы әдістері оларды көбейтуге бағдарланған. Осы мақсатта форвардтық, фъючерлік, опциондық (банкаралық нарықтарда және биржаларда) сияқты шұғыл валюталық операциялар неғұрлым кең түрде қолданылады. Валюта «спот» (тез арада немесе екі күндік есеппен), «своп» (спот/форвард, әртүрлі банктер арасындағы спот) немесе «фор­вард» (банк пен клиент арасындағы «аутрайт») жағ­дай­лары негізінде сатылады.

г) форфетерлеу тәуекелі, форфетер (банк жиі түрде фор­фетер болып саналады) регресс құқынсыз экспорттау­шы­­ның бүкіл тәуекелін өзіне алғанда туындайды. Со­ны­мен бір мезгілде форфетерлеу (коммерциялық тәуекелді қайта қар­жыландыру (рефинансирования әдісі) тәуекел дең­гей­ін:

- болуы мүмкін міндеттемелердің баланстық өзара қатынасын ықшамдау;

- қаржылық тұрақтылықты одан әрі нығайту мүмкін­ді­гін беретін өтімдік (уақытша болса да) жағдайын жақ­сар­т­у;

- болуы мүмкін қиындықтарды сақтандыру жолымен шығындардың ықтималдығы мен болу мүмкіндігін азайту;

- пайыздық ставкалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді азайту, тіпті болдырмау;

- валюталар бағамының ауытқуымен және борыш­кер­дің қаржылық тұрақтылығының өзгеруімен байланысты тәуекелдер деңгейін қайта азайту;

- векселдер және өзге төлем құжаттары бойынша ақшаны өндірудегі несие беретін мекемелердің қызметімен байланысты тәуекелдер мен шығындардың жоқтығы жолымен төмендету арқылы өзінің басымдығын көрсетеді.

Кездейсоқ апат тәуекелі.

Кездейсоқ апат тәуекелі немесе форс-мажорлық жағ­дай (РФО) сондай-ақ сыртқы тәуекелге жатады. Ол, негі­зі­нен, табиғаттың дүлей құбылыстарының болуы немесе болмауы және сонымен байланысты болатын зардаптарға қатысты болады.

Бұл тәуекелдердің банк мекемелеріне әсерін тек бір-біріне жағдайдың өзгеретіндігі туралы дер кезінде хабардар етумен ғана шектеуге болады.

Өздерінің банкпен немесе өзге банк мекемелерімен жүзеге асыратын экспорттық-импорттық операцияларының оңтайлы формаларын іріктеп таңдап алу, сыртқы тәуе­кел­дердің деңгейін төмендетудің негізгі тәуекелдерінің бірі болып саналады.

Тәжірибеде, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырудың келесідей негізгі екі формасы жиі түрде кездеседі:

а) тікелей операциялар, оған тікелей экспорт-им­портты, әртүрлі делделдардың көмегімен немесе еншілес кәсіпорындар мен филиалдар, инвестициялық операциялар арқылы сыртқы экономикалық байланыс­тар­ды жүзеге асыруды жатқызуға болады;

б) жанама операцияларға лицензияларды сату және сатып алу; франчейздік операцияларды жүзеге асыру; техникалық, басқару қызметін көрсету туралы шарт жасау; жаңа технологияларды сатып алу немесе «ноу-хау» кіреді.

Аймақаралық және сыртқы экономикалық байла­ныстарды жүзеге асырудың бұл формалары өзінің қызметін жоғары еларалық (странового), валюталық (өз елінде және әріптестердің елінде), несиелік, қоржындық тәуекелдер жағдайында жүзеге асырылатын банктер үшін ұсынады.

Елдік тәуекелділіктің талдау әдісін Швейцариялық банк корпорациясы алады екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банк және банктік ұйымдардың қызметінің негізі елдік тәуекелділіктің дәрижесін анықтау үшін функционалды масштабты және алдыңғы қатарларға бөлінді. Алдыңғы қатарлылар оптималды және осы замағы бағалауларды жинаумен айналысса, бұл уақытта масштабтылар нақты мемлекеттің және аймақтық, саяси-экономикалықтәуекелділік жағдайына тәуелсіз ғылыми талдаужасақтауды жүзеге асырады. Бұл зерттеулеркүнделікті сипаттамаларды алады және стандарттық талдау бойынша жасақталады [5].

Екінші талдау бөлімінде нақты саяси-экономикалық жағдай және елдік тәуекелділіктің жиынтық деңгейін тәуекелділік факторларының сызбасы көмегімен жүргізіледі (Қосымша В). Талдау процесінде және тәуекелділік факторларының сызбасы мен маркетингтік зерттеулердің мәліметтерімен салыстыру кезіңде коммерциялық банк талдаудың бірінші сатысы мәліметтерін түзеуге мүмкіндік алады. Осының негізінде тікелей (Швейцариялық банк корпорациясы - тұтынушы) және айналмалы (банк, өндіруші және басқа - Швейцариялық банк корпорациясы) байланыс пайда болады.

Осыған байланысты нәтижелердің туралығын қамсыздандыруға және тез арада болжауға мүмкіндік беретін ақпараттық есепті жасауға болады, сонымен бірге тәуекелділік факторларының сызбасы мәліметтерімен қадағалаушылардың және маркетингтік зерттеулердің мәліметтерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Бұндай бағытта пайда болатын көпжақты диалог – бұл тәуекелділік факторы негізінде талданатын қаржылық қызметтегі шешімдерді шешуге өз үлесін қосыды. Бұл тұжырым негізінде Швейцариялық банкте қолданылған тәуекелділік факторларының сызбасы алады. Статистика мамандары ұлттық қызметті талдауда тәуекелділік факторларының сызбасындағы мәліметтерді қолдана бермейді. Олар өзгеріске ұшырап отырады. Тәуекелділік факторларының сызбасы 25 пункттен құралады.

Елдік тәуекелділіктің деңгейінің бірден-бір талдау әдістері болып үнемі германдың фирмамен жарияланатын БЕРИ индексі болып табылады. Оның көмегімен елдің тәуекелділік деңгейі алдын ала анықталады. Олардың анықтауларымен 1 жылда 4 рет талдау жасайтын сараптамалық бағалаудың әртүрлі әдістердің көмегімен 100 саны айналысында эксперттер айналысады. Бұндай тәсілмен саяси-экономикалық жағдайлардың барлық жақтары талданады. әртүрлі елдердіңмамандары жасырын жауап беретін анкетасы 15 бағаланатын критериилерден тұрады. Оладың әрқайсысы жалпы саласында 100 пайыз көлемінде нақты салмағы болады. Әрбір сұрақ баллдық пайызды шкаласы бойынша бағаланады және 0-ден бастан 4-ке дейін 5 вариант жауаптары болады [6]






1.3 Банктердің ішкі және банктің клиенттеріне байланысты тәуекелдер


Ішкі тәуекелдер банктің түрі мен өзіне тән белгі­ле­рі­не, қызмет (операцияларының) сипатына және оның әріп­тес­терінің (клиенттер мен контрагенттердің) құрамына қатысты болады.

Банктің түріне байланысты тәуекелдер. Банктер мен банк мекемелері мемлекеттік және жеке­мен­шік (мемлекетті емес) болуы мүмкін, өздерінің тарап­та­ры­нан олар кооперативтік және коммерциялық банктерге бөлінеді. Коммерциялық банктердің – мамандандырылған, салалық және әмбебап үш үлгісі (типі) өмір сүреді. Тәуекелдердің барлық түрлері олардың әрбірінде болады, дегенмен олардың туындау жиілігінің ықтималдығы мен өзгешелікті белгілері банк мекемесі үлгісінің өзіне қатысты болады.

Әмбебап коммерциялық банктер іс жүзінде банк қызметінің барлық түрлерімен (несие беру, есеп айырысу және қаржылық) айналысады. Кейінгі уақыттарда әмбебап коммерциялық банктер әртүрлі бағалы қағаздар, лизинг, факторинг, клиринг және т.б.с. сияқты дәстүрлі түрде жүзеге асыруды қолға ала бастады.

Мамандандырылған коммерциялық банктер өздерінің қызметін, негізінен, нақты қызметтер көрсетуге бағдар­лау­да. Мысалы, инновациялық, инвестициялық, ссудалық жи­нақ, ипотекалық, депозиттік, клирингтік және өзге банктер.

Жекелеген банктер өздерінің жұмыстарын салалық (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс) немесе қыз­мет­тік (биржалық, сақтандыру, трасталық, кооперативтік, коммуналдық) белгілері бойынша бағдарлайды.

Сондай-ақ мамандандырылған коммерциялық банкт­ер қызметінің нарықтық бағдарлауы өмір сүреді, яғни олар аймақтық, аймақаралық, трансұлттық болуы мүмкін.

Алуан түрлі коммериялық банктер бетпе-бет келетін ішкі тәуекелдердің деңгейі мен түрлері, негізінен, олардың қызметінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты болады.

Мамандандырылған коммерциялық банктер, мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларға несие беру­мен байланысты тәуекелдерге барады. Іріктеп жасалған статистикалық талдаулар нәтижелеріне сәйкес, әлеуетті тиімділігіне алдын ала біліктілік тұрғысынан баға берусіз технологиялық жаңалықтарды іске қосу ең үлкен тәуекелді білдіреді. Соған қарамастан инвестициялық банктердің көп­шілігі, мысалы, қоржындық тәуекелдердің неғұрлым төмен деңгейіне ие, өйткені олардың клиент­те­ріне бағалы қағаздардың несие қоржындарын басқару бойынша алуан түрлі қызмет ұсыну мүмкіндігі бар. Сөйтіп, олар бел­гі­лен­ген кірістерді ала алады.

Салалық банктерде тәуекелдер деңгейі үшін нақты саланың түрі мен ерекшелігі (ескі немесе жаңа, болашағы зор, стратегиялық және т.б.) басты маңызға ие. Ал әмбебап банктердің қызметі екі үлгінің де тәуекеліне барады.

Банк операцияларының сипатымен байланысты тәу­екел­дер.

Банк операцияларының сипатына қатысты тәуекелдер баланстық немесе баланстан тысқары операциялардың ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін: екеуі де активті және пассивті операциялыр тәуекелдеріне бөлінеді.

Пассивтік операциялар тәуекелдері.

Банк осы пассивтік операциялардың көмегімен ак­тив­ті банк операцияларын жүзеге асыру үшін өз ресурстарын реттейді. Жарғылық капиталды қалыптастыруға (көбей­ту­ге) пайдадан аударымдар жасау; өзге заңды тұлғалардан алынған несиелердің мөлшері; депозиттік операциялар коммерциялық банктердің пассивті операцияларына жатады. Пассивті операциялардың тек бірінші тобы ғана банктердің меншікті қаржыларын қалыптастырады. Өзге заңды тұлғалардан банк ссудаларын алу ең алдымен банктер балансының өтімдігін жедел реттеу немесе болжап білмеген несиелерді беру үшін қажет болады.

Депозиттік операциялар – бұл салымдарға немесе талап еткенге дейін немесе белгілі бір мерзімге заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту операциялары. Депозиттер шұғыл, талап еткенге дейін, жеке тұлғалардың жинақ салымдары, бағалы қағаздар түрінде болуы мүмкін. Пассивтік операциялар тәуекелдері активтік операцияларды ресурстармен қамтамасыз етудегі болуы мүмкін қиындықтармен байланысты болады.

Банктер депозиттерді қалыптастыру бойынша тәуекелдің алдын алу үшін пассивтік және активтік депозиттік операциялары, яғни кәсіпорындардың банктегі салымдары мен бір банктің басқа банкте орналасқан салымдары арасындағы оңтайлы арақатынасты сақтауы; ұтқыр (мобильдік) қаржылардың деңгейі мен сапасын арттыру үшін сақтауға тартылатын бағалы қағаздардың мөлшері мен өтімдігін анықтауы, меншікті қаржылар мен тәуекел активтердің дұрыс саналатын ең төменгі арақатынасын табуы көзделеді.

Активтік операциялар тәуекелдері.

Активтік операциялар тәуекелдері банктер өз қыз­мет­терін жүргізуі процесінде тұрақты түрде кездесетін пайыз­дық тәуекел деңгейімен байланысты болады. Пайыздық тәуекелді басқару активтер (несиелер мен инвестициялар) мен пассивтерді (қарызға берілетін қаржыларды) басқару­дан тұрады.

Активтерді басқару банктің өзінің өтімдік деңгейіне және оның клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынына, сондай-ақ бәсекелестік дәрежесіне (баға және бағасыз), ал пассивтерді басқару – ссудаларды беру үшін қаржыларды ала алу мүмкіндігіне қатысты болады.

Қоржындық (портфельдік) тәуекел.

Қоржындық тәуекел бағалы қағаздардың жекелеген үл­гілері (типтері) бойынша, сондай-ақ ссудалардың бүкіл са­наттары бойынша шығындар ықтималдылығынан тұ­ра­ды. Қоржындық тәуекелдер қаржылық, өтімдік, жүйелі жә­не жүйелі емес тәуекелдерге бөлінеді. Банктердің, ак­ци­о­нер­лік қоғамдардың, кәсіпорындардың, оның ішінде бір­лес­кен банктердің қарызға берген қаржылары неғұрлым көп болса, олардың акционерлері мен құрылтайшылары үшін қаржылық тәуекел де соғұрлым жоғары болады. Сонымен бір мезгілде қарызға берілетін қаражаттар қар­жы­лан­дырудың маңызды және тиімді көзі болып саналады, өйткені бағалы қағаздардың қосымша санын шығарып, оны сатуға қарағанда, ол жиі түрде арзанға түседі.

Өтімдік тәуекелі – бұл қаржы активтерінің қол ақшаға жедел айналу қабілеті. Орталық биржаларда акциялары айналым жасайтын аса ірі және белгілі өндірушілер мен банктердің мұндай тәуекелдері аз болады. Ал шағын фир­малар, әсіресе жаңадан құрылған, венчурлық фирмалардың тәуекелдері неғұрлым жоғары болады деп айтуға болады. Мұндай жағдайда делдалдарды таңдауға айрықша назар аудару қажет болады. Қаржы делдалдарының негізгі түр­ле­рі, олардың құқықтары мен міндеттерінің өзіндік ерек­ше­ліктері банктердің іскерлік белсенділіктеріне үлкен әсерін тигізеді. Оларды дұрыс таңдау сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлерінің деңгейіне әсер етеді.

Жүйелі түрде болатын тәуекел акцияларға, олардың кіріс ­кел­ті­рушілігіне, облигациялар бойынша ағымдағы және кү­ті­ле­тін пайыздарға, күтілетін дивиденд пен жалпы нарықтық ауытқулардан туындаған қосымша пайдаға бағалардың өзгеруімен байланысты болады. Ол пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелін, жалпы нарықтық бағаның өзгеру тәуекелі мен инфляция тәуекелін біріктіреді. Ба­рын­ша дәл болжам жасауға болады, өйткені акциялардың бир­жа­лық бағамы мен нарықтың жалпы жағдайы арасындағы тығыз байланыс тұрақты және әртүрлі биржалық индек­с­тер­мен сенімді түрде тіркеледі.

Жүйелі түрде болмайтын тәуекел нарық жағдайына қа­тысты болмайды және нақты кәсіпорынның, банктің ерек­шелігі болып саналады. Ол сондай-ақ салалық және қар­жылық болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды салатын ба­ламалы салалардың болуы, тауар және қор нарық­та­ры­ның конъюнктурасы жүйелі емес қоржындық тәуекел дең­гей­іне әсер ететін негізгі факторлар болып саналады. Жүй­е­лі түрде болатын және жүйелі түрде болмайтын тәуекел­дердің жиынтығы инвестициялар тәуекелі деп аталады.

Жалпынарықтық бағаның түсу тәуекелі.

Жалпынарықтық бағаның түсу тәуекелі – бұл қандай да бір қаржылық активтер бойынша толық алынбайтын кірістер тәуекелі. Жиі түрде ол бүкіл бірмезгілде айналым жасайтын бағалы қағаздар нарығындағы бағаның түсуімен байланысты болады.

Инфляция тәуекелі.

Инфляция тәуекелі – бұл салалардың өмірлік кезеңімен (циклімен) айқындалатын тәуекел. Салалардың дамуына әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып саналады:

а) экономиканы қайта бағдарлау, ол әлемдегі, жеке­ле­ген аймақтардағы, елдердегі, нарықтардағы жалпы эконо­ми­калық тұрақсыздықпен, сондай-ақ ресурстарға бағаның өсуімен байланысты факторлар;

ә) ішкі және әлемдік өткізу нарықтарындағы сұраныстың өзгеруі;

б) өркениеттің жалпытарихи дамуы.

Несие тәуекелі.

Тәуекелдің бұл түрі бірдей дәрежеде банктерге де, сол сияқты олардың клиенттеріне де жатады және өнер­кә­сіп­тік (өндіріс құлдырауының ықтималдығымен немесе белгілі бір саланың өнімдеріне сұраныстың болуымен байла­ныс­ты); реттеу және тасымалдап жеткізу тәуекелі қан­дай да бір себептермен шарттық қатынастардың орын­дал­мауымен келісілген; ресурстардың түрлерін (жиі түрде мерзімі бойынша) трансформациялаумен байланысты тәу­е­кел және форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі болуы мүмкін.

Қарыз алушыларға несие беру тәуекелі берілетін несиенің түріне байланысты болады. Несие беру мерзі­м­деріне қатысты қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік; қамтамасыз ету түрлеріне байланысты - өз негізінде жеке және банктік болуы мүмкін, қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген; несие берушілердің ерекшеліктеріне қарай – банктік, мемлекеттік, коммер­ция­лық (фирмалық), сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың несиесі, клубтық (несие берушілердің саны шек­телген) және ашық (оған кез келген банк пен кәсіп­орын­дар қатыса алатын) түрде құрылымданатын консор­циалды (синдицияланған) болуы мүмкін. Ал дебиторлар түріне қатысты – ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік, комму­нал­дық, жеке; пайдалану бағыты бойынша – тұтыну, өнер­кәсіптік, айналым қаражаттарын қалыптастыратын – ин­вес­­тициялық, маусымдық, уақытша қаржылық қиындық­тар­ды жоюға арналған – аралық, бағалы қағаздармен опе­ра­циялар жасауға пайдаланылатын – импорттық және экс­порттық; көлемі бойынша – шағын, орта, ірі; берілу тәсілі бойынша – векселдік, ашық есептер көмегі жағдайындағы маусым­дық консигнациялар болады.

Қарыз алушылардың несие алуы мен төлем қабіле­т­ті­лі­гіне талдау жасау несие беру тәуекелін азайтудың не­гіз­гі әдісі болып саналады. Осыған орай банк кепілдік беруді талап етуге құқылы. Банк сондай-ақ қарыз үшін кепілге берген мүліктің сапасын, оның өтімдік деңгейін, несие кө­ле­мімен оның нарықтық құнының арақатынасын бақылап отыруы қажет.

Көлік тәуекелі.

Көлік тәуекелі айрықша қызығушылық туғызады. Олар­дың жіктеуі бірінші рет Парижде (1919 ж.) Халық­ара­лық сауда палатасында келтірілді және 1936 жылы ИНКО­ТЕРМС-тің алғашқы ережесі жария етілген кезде бір жүйеге түсті. Соңғы түзетулерден соң (1990 ж.) әртүрлі кө­лік тәуекелдері дәрежелері бойынша және жауап­кер­ші­лік­тері бойынша Е,Р,С және О төрт топқа жіктеледі.

Е тобы – жабдықтаушы (сатушы) тауарды өзінің мен­шікті қоймаларында (Ех\Уork) ұстаған кездегі бір ахуалды білдіреді. Жабдықтаушы мен оның банкі, сатып алушының тауарды қабылдап алған сәтіне дейін тәуекелдерді өздеріне қабылдайды. Сатушының қоймасынан соңғы нүктеге дейінгі тасымалдау тәуекелін ендігі жерде сатып алушы мен оның банкі көтереді.

F тобы тәуекелдерді өткізіп беру мезетін реттейді (бел­гілі жерде, белгілі бір портта немесе бортынан жүк­терді түсіріп болғаннан кейін).

С тобы экспорттаушы, сатушы, оның банкі сатып алу­шы­лармен (өзіне ешқандай тәуекел алмастан) тасымалдау шартын жасаған кездегі ахуалды білдіреді. Терминдердің соң­ғы Д тобы бүкіл көлік тәуекелдерін сатушы көте­ре­тін­дігін білдіреді.

Лизингтік және факторингтік тәуекел.

Лизингтік және факторингтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі баспа-бас (бартерлік) айырбас жасау тәуекелі және клирингтік мәмілелерде сондай-ақ тәуекел бар.

Лизинг – бұл жаңа техника мен технологияларды да­мытуды, нақты негізгі капиталдың жекелеген элементтерін жедел енгізудің қажеттілігі жағдайында әсіресе маңызды құрал-жабдықтардың сатылуын кеңейтуді, тауарлардың өмірлік кезеңін (циклін) қысқартуды қаржыландыру әдісі болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі лизинг жоғары тәуекелді операция болып саналады. Сондықтан да шығындарды жабуды банктің резервтік қоры есебінен жүзеге асырған дұрыс.

Ол лизингтік операцияларды жүзеге асырушы субъек­тілер арасындағы қатынастардың формаларына қатысты жедел, қаржылық, қайтымды, халықаралық болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген лизинг түрлерінің әрбірі тікелей жә­не жанама, шұғыл және қалпына келтірілетін (ре­воль­вер­лік); таза және толық болады.

Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді азайту үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне, олардың жабдықтаушылармен шаруашылық байланыстарының жә­не өзара қатынастарының сипатына, төлемдердің құрылы­мына, өнімдердің бәсекеге төтеп беру қабілеттілігіне, қарызды қайтару жағдайларына талдау жасау көзделеді.

Сараптық бағалау әдістерінің көмегімен нақты ахуалға әсерін тигізетін тәуелді және тәуелсіз, сыртқы және ішкі факторларды талдау, тәуекел деңгейін өлшеудің негізгі тәсілдерінің бірі болып саналады.

Одан өзге, нарықтық экономикасы дамыған елдердің коммерциялық банктерінің тәжірибесінде банк кепілдік­те­рі­нің жүйесі кең түрде қолданылады. Кепілдік операция­ла­рына қатысушы банктердің санына байланысты тікелей, жанама делдалдық операциялардың ара жігі ажыратылады.

Әдетте, төлемдердің сомасы, жағдайы мен мерзімі банк кепілдіктерінің негізгі элементтері болып саналады. Операциялардың сипаты ескеріле отырып банк кепіл­дік­те­рі­нің қандай бір үлгісі (типі) (жеткізу кепілі, аванс кепілі жә­не т.б.) қолданылуы мүмкін.

Банк клиентінің ерекшеліктерімен байланысты тәуе­кел­дер.

Банк өзінің негізі бойынша – коммерциялық кә­сіп­орын. Тәуекелдің барлық түрлерін азайту қағидасы мен аз шығын жұмсай отырып банктің пайда табу қағидасы «банк-клиент» өзара қатынасының негізі болып саналады. Банк шын мәнісінде өзінің меншікті капиталымен (кли­ент­тің капиталымен және оның пайдасымен емес) тәуекел ете ала­ды (ол өзінің қызмет процесінде күн сайын тәуекелге ба­ра­ды).

Банк тәуекелді азайту мақсатымен клиенттердің са­лым­­дарын банк қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша шо­ғырландырады; несиелерді неғұрлым шағын сомалар тү­рін­де клиенттердің көп санына беруге тырысады; клиент­тер­ге консорциалдық негізде үлкен несие сомаларын береді.

Банктердің тәуекел деңгейі клиенттердің санына қа­тыс­ты анықталады. Кәсіпорындардың көлеміне бай­ла­ныс­ты клиенттер – шағын, орта және ірі үш топқа жіктеледі. Ша­ғын және орта қарыз алушылар неғұрлым икемді, на­рық­тың, клиенттің қажеттіліктерін тез сезінеді. Олардың құ­рылымы неғұрлым жеңіл, сондықтан да оларға өздерінің іскерлік бағыттарын тез өзгертуге, сөйтіп жоғары пайда алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, олар меншікті ка­пи­тал­дың шектеулілігінен бәсекеге, саяси немесе экономикалық сипаттағы өзгеріс­тер­ге төтеп бере алмайды. Ірі кәсіп­орын­дар керісінше, не­ғұр­лым инертті болып саналады.

Олар нарық қажеттіліктеріндегі өзгерістер мен нақты тұтынушының қажеттіліктеріне тез шешім қабылдамайды, сондай-ақ өздерінің іскер белсенділік бағыттарын сирек өзгертеді, өйткені олардың салмақты мөлшерде меншікті капиталы бар, сол себептен де кейбір қолайсыз экономикалық ахуалдарға төтеп бере алады. Олар сондай-ақ кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетудің барлық түрлерін жүзеге асыру, әртүрлі жарнамаларға көп қаржы жұмсау мүмкіндіктеріне ие. Басқалай айтқанда, олар әрқашанда орташа пайда мен тиімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ банктер тәуекелі деңгейі мен клиенттердің әртүрлі меншік түрлеріне жатушылығы арасында өзарабайланыс бар. Меншіктің әртүріне жатушылығы бойынша өндірушілер – мем­ле­кет­тік, жеке меншік, кооперативтік, акционерлік топтарға бө­лінуі мүмкін. Соңғы екі түрі бірлескен (трансұлттық) және моноұлттық болады. Осыған байланысты тәуекелдердің алуан түрлері олардың қызметі процесінде көп немесе аз маңыз атқарады. Банктің мақсаты – активтік және пассивтік операциялар арасындағы оңтайлы ара қатынасқа ие болу, қызметтің үзбеліксіз деңгейін қамтамасыз ету үшін өзінің қажетті өтімдігі мен тиімділігінің деңгейін сақтау үшін өз клиенттерінің қоржынын (портфелін) таңдау болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мақсат үшін тәуекелдердің бүкіл түрлерінің деңгейіне тұрақты түрде талдау жүргізу, әрбір нақты кезең үшін олардың маңызын анықтау және оларды басқару тәсілдерінің бүкіл жиынын пайдалану қажет.

Банк тәуекелін реттеу қарыз алушының қаржылық жағ­дайын бағалауға емес, берілген несиелердің жиыны мен банктің өзінің меншікті қаражаты арасындағы белгілі бір арақатынасты белгілеуге негізделеді, яғни клиенттердің кедейшілікке ұшырауы жағдайында болуы мүмкін шы­ғын­дар­ды жабу үшін банктердің резервтік әлеует жасауын болжайды. Нормативтердің сандық сипаттамасы эконо­ми­ка­ның жағдайымен, банк жүйесін орталықтандыру деңгейі­мен келісілген. Дамыған елдердегі меншікті және қарызға алған капитал арасындағы арақатынас 1:10-нан 1:100-ге дейінгі деңгейде болады. Мысалы, АҚШ-тағы меншікті капиталдың қарызға алған қаржыларға қатынасы – 1:15, бұл қатынас Германияда – 1:30, Швейцарияда – 1:12, Жапонияда – 1:83. Австрияда бір қарыз алушыға берілетін несие банктің негізгі капиталының 50 пайызынан асып кетпейтіндей болады. Ал Ирландияда банк депозитінің жалпы сомасының 1 пайызынан асып кететін депозиттерді бір салымшының банкке орналастыруына тыйым салын­ған, сол сияқты ең ірі деген 10 салымшы банкте оның депо­зит­те­рінің 40 пайызынан асатын сомасын ұстамауы тиіс. Ұлы­британияда коммерциялық банктер барлық депозит­тер­дің 5% сомасын құрайтын әрбір депозит туралы Англия банкіне хабарлап отыруы қажет.

Белгияда банктер, реттейтін қалдыптар (нормалар) қаралмаса да банк комиссиясына депозиттердің жағдайы туралы хабарлап отырады.

АҚШ-та өздерінің АҚШ үкіметі алдындағы міндетте­ме­лерінен құтылмаған, Халықаралық валюта қорының мүшесі болып саналмайтын елдерге несие беруге тыйым салатын Джонсон (1934) заңы қолданылады.

Коммерциялық банктер өз тәуекелдерінің деңгейін қан­дай тәсілдермен талдайды және қалай болады, тек нақ­ты ахуалға ғана қатысты болады.



1.4 Банктік тәуекелдер және оларды азайту жолдары


Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығын­дар­ды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдіс­тер­ді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғы­лыми басқарудың басты міндеті болып саналады.

Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдіс­те­ріне) келесілерді жатқызуға болады:

  • тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пай­да­ла­н­у;

  • сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, ай­мақ­тық, сақтандыру);

  • банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлем­қа­білеттілігін, рейтингін және т.б. жүйелі тал­дау­ды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;

  • несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк опе­ра­цияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;

  • ірі несиелерді тек консорциалды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);

  • өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;

  • депозиттік сертификатты енгізу;

  • банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;

  • несиелер мен депозиттерді сақтандыру;

  • кепіл құқығын енгізу;

  • нақты жеке кепілдерді қолдану.

Тәуекелдерді танып білу үшін несие салымдарын орналастыруды бақылайтын (оларды өтеу мерзімдері мен тәуекел дәрежесі, ссудаларды қайтару формалары, кіріс келтірушілік деңгейі бойынша) арнайы жүйе құру талап етіледі. Осы мақсатта соның негізінде банк саясаты қалыптасатын аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті бүкіл ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік беретін деректер базасы жасалады. Әдетте, жасалған және жасалатын несие және депозиттік шарттар, басқа банктерден алатын қарыздар туралы шарттар, төлеу мерзімі келмеген тиелетін тауарларға жұмсалатын несие алу жоспарлы қажеттіліктері туралы мәліметтер, баланстық есептер бойынша қалдықтар айналымының күнделікті мәліметі, балансқа кірмейтін есептер бойынша мәліметтер, несиелердің айналымдылығы туралы мәлі­мет­тер деректер базасын құру көздері түрінде қаралады.

Банктің несиелік салымын: сенімділігі жоғары, сенім­ді, сенімділігі аз, жоғары тәуекелді төрт топқа жіктеуге болады. Коммерциялық банктің несие салымдарының жалпы сомасы несиелердің әрбір тобы мен оның өзгеруі үшін өтімдік коэффициентінің деңгейін болжаудың негізі болып қызмет етеді және бұрынғы саясатын жалғастыру немесе оны өзгертудің қажетті мүмкіндіктерін көрсетеді.

Деректер базасы негізінде күнсайын төлемқабі­лет­ті­лік пен өтімдік көрсеткіштерінің маңызы ашып көрсетіледі жә­не төлем қабілеттілік пен өтімдік қалыптары (норма­ла­ры) ескеріле отырып, банк операцияларын дамытудың болашағына талдаулар жүргізіледі. Бұл – банк қаржыларын орналастыру, банктің басқа кәсіпорындар мен банктердегі қатысуын кеңейту, қосымша кіріс көздерін іздеу мен оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігінің сақталуын талап ете отырып, коммерциялық банк операцияларын дамыту мәселелерін өзара байланыста шешуге мүмкіндік береді. Мұндай талдау негізінде банктің өтімдігі мен төлемқабілеттілігі деңгейінің өзгеруін көре білуге және оларды тұрақтындыру бойынша қажетті шараларды уақытылы жүзеге асыруға болады.

Коммерциялық банктің төлем қабілетсіздігі мен баланстың теңгерілмеген өтімдігі бойынша тәуекелдерді азайтуға, жасалған талдау мен жүргізілген маркетингтің нәтижелерін ескеретін саясат арқылы қол жеткізуге болады. Банк өзінің өтімдік шегінде тұрған жағдайда (бұл оның қате саясатынан, нарықты жете бағаламауынан, аналитикалық жұмыстардың жетімсіздігінен және өзге де себептер болуы мүмкін) шұғыл шаралар қолдануға еріксіз барады. Мұндай шараларға келесілер жатады:

  • мерзімдері бойынша пассивтерді қайта топтас­ты­ру көмегімен талап еткенге дейін міндет­те­ме­лер­ді қысқарту;

  • өтімді активтерді, оның ішінде несиелерді жеткілікті түрде өтеу есебінен көбейту;

  • қызметтің жекелеген түрлерін дербес баланстарға бөлу жолымен балансты «тазарту»;

  • меншікті қаржыларды көбейту;

  • басқа банктерден қарыздар алу және т.б.

Банктердің қызметі несиелік-қаржылық және құқықтық операциялардың спецификалық белгілерімен негізделетін, өзіне тән спецификлық ерекшеліктермен сипатталады.

Банктік операцияларды басқа кәсіпкерлік қызметінен өзгешеліктерін көрсететін келесідей белгілерді атап көрсетуге болады. Біріншіден, банктер өздерінің қаржылық жағдайы туралы ақпараттың анықталмағандығымен сипатталады.

Екіншіден, банк жүйесінің жағдайы елдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етеді және сонымен қатар өзі де экономикалық жағдайға қатты тәуелді.

Үшіншіден, банктер өз мүдделерінің алдына ең бірінші кезекте клиенттердің мүдделерін, атап айтар болсақ, салымшылардың мүдделерін, қояды [13, 27 б.; 14, 121 б.].

Банктік несиелеу операцияларын қорғаудың ең қолайлы, кеңінен танымал және өркенитетті әдістерінің бірі банктік тәуекелдерді сақтандыру болып табылады. Банктік сақтандырудың тәуекелдерді басқарудың өзге де әдістерімен салыстырғанда біршама артықшылықтары бар (2 суретті қараңыз).

Банктік сақтандырудың спецификалық ерекшелігі тек олардың несиелік-депозиттік операцияларының анықталмағандығымен емес, сонымен қатар қаржылық қарым-қатынастардағы түрлі заңсыз және қасақана әрекеттердің мүмкіндігімен де түсіндіріледі. Осы ерекшеліктеріне қарай банктік сақтандыру бұрын да, қазіргі кезде де, ертең де ең күрделі де, көкейтесті мәселелердің бірі болып қала береді.

Банктік тәуекелдерді сақтандыру, коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру секілді, сақтандырудың ең бір күрделі түрлеріне жатады. Сол себепті сақтандырушы сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемақысының шегін), франшизаны, сақтандыру тарифін орнату кезінде ұқыптылық пен сауаттылық танытуы қажет. Айта кету керек, тәуекел әрбір үшін жеке сипатта болады, демек, сақтандыру келісімінің шарттары да жекелеген банктерге арналуы тиіс.

Банктік тәуекелдермен байланысты ерікті сақтандырудың алуан түрлері бар:

  • несиелердің қайтарылмау тәуекелін сақтандыру (сақтанушы – банк);

  • несиелерді қайтармағаны үшін қарыз алушылардың жауапкершілігін сақтандыру (сақтанушы – қарыз алушы);

  • тұтыну несиелерін сақтандыру (сақтанушы – жеке тұлға);

  • коммерциялық несиелерді сақтандыру (вексельдерді және басқа да несиелік қағаздар мен операцияларды сақтандыру);

  • депозиттерді сақтандыру (сақтанушы – банк немесе жеке тұлға).

Банктік тәуекелдерді кешенді сақтандырудың түрлері де кездеседі:

  • банк жұмысшыларының алааяқтығы;

  • банктердің жалған ақша белгілерін қабылдауы;

  • бағалы қағаздарды қолдан жасау немесе жоғалту;

  • банк ғимаратында орналасқан ақша бірліктерінің, бағалы тастардың және металдардың, бағалы қағаздардың, бухгалтерлік кітаптардың ұрлануы, жоғалуы немесе бүлінуі [15, 91 б.; 16, 34 б.].

ОDrawObject2
сы орайда банктерде сақтандыру бойынша кешенді қызметтерді таңдаумен ғана емес (яғни сақтандырудың сандық жағымен), сондай-ақ сақтандырудың сапалы жағымен де біраз мәселелер туындайды. Сол себепті банк мынадай критерийлер бойынша сақтандыру компаниясының сенімділігін бағалайды: қызмет ету мерзімінің ұзақтығы; инвестицияларының табыстылық деңгейі, сақтандыру сомаларының шығындылық деңгейі; сақтандыру компанияларының өтімділік деңгейі және т.б.

Банктік тәуекелдерді сақтандыру, банктік сақтандыру – көптеген жылдар бойы экономикалық тұрғыда дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Бірінші банктік сақтандыру полисі банк капиталының 1911 жылы АҚШ-та берілген ірі шығындарынан қорғау қызметін атқарған еді. Ал қазіргі уақытта, ғасырлар бойы АҚШ-та жыл сайын банктік сақтандырудың екі мыңнан астам полистері сатылады. Әлемде абсолютті екі нақты зат бар - өлім және салықтар. Бірақ ешбір адам қашан өлетінін білмейді немесе болашақта салықтың қанша сомасын төлейтінін. Болашаққа әсер ететін біздің әрбір іс әрекетіміздің нақты бір ақырғы нәтижесі бар. Біз ақшаны өз шотымызға салған кезде, оның сатып алушылық қабілеті қандай болатынын білмейміз. Бүгін сатып алынған акциялардың болашақ құны белгісіз.

Өйткені жер мен капитал құндылығы табысқа тәуелді болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты – банктік салаға қатысты сақтандырудың мәнін ашу.

Сақтандыру техникалық, жеке және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен бірге банктерді қылмыстық қол сұғулардан қорғаудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Тәуекел мен бизнес – бұл бірінен бірі ажырамайтын екі ұғым, тәуекелден құтылуға болмайды, оны кемітуге мүмкіндік бар. Жалпы, ешбір компания ішкі және сырттай қылмыстық қол сұғулардан толық қорғалатындығын айта алмайды. Қауіпсіздік проблемаларын шешудің кешенді тәсілдері мен оның құрамындағы әртүрлі қосылыстарды, соның ішінде сақтандыруды дұрыс пайдалану есебінен өз-өзін қауіпсіз деп сезінуге болады.

Қылмыс жасау көзқарасы бойынша, банктердің ең тәуекелді операцияларына мыналар жатады: несиелендіру, ақшаны электрондық жүйе бойынша тасымалдау, сондай-ақ қолма-қол ақшаларды сақтау және тасымалдау және т.б. операциялар.

Несиелерді беру жоғарғы тәуекелді банктік операцияларына жатады. Несиелерді беру кезінде жасалатын, өте ірі мөлшердегі ұрлықтың көпшілігі осы қылмыстың жасалған уақытынан біршама кезеңнен кейін анықталады. Сонымен қатар, олар негізінен банктік қызметкерлердің қарызгерлермен келісімі кезінде жасалады, ал топпен жасалатын қылмыс түрі ең қиын іс-тергеуге жатады.

Банктік операциялардың осы түрін жүргізген кезде тәуекел дәрежесінің жоғары болуы олардың алдын-ала жасалған жоспары бойынша жүзеге аспауына да байланысты болуы ықтимал. Мұның барлығы несиелік бөлімше қызметкеріне клиенттің пара беруі салдарынан болып тұрады. (Мұндай оқиғаларды болдырмау үшін, банк қызметкерлері мен клиент арасындағы қарым-қатынас туралы нақты бекітілген ережелері бар). Несиелерді беруде тағы бір себебі несиені үшінші тұлғамен алынуы. Мұндай несиені берудегі қауіпсіздік шаралары мынадай іс әрекеттерді қамтуы қажет: қарызгердің несиелік қабілетін бөлшекті талдау және оның көзқарастарын білдіретін тұлғаның сенімділігі.

Қазақстандық Салымдарды кепілдендіру қоры сенімді қаржы институттары мен банкілік жүйеге деген сенімді бекітуші ретінде банкілердің репутациясына демеу көрсетуде маңызды рөл атқарады. Кепілдендіру қоры салымшылардың мүдделерін қорғаудан басқа мөлшерлемелердің шектік ауқымын орнату жолы арқылы реттеуші қызметті де атқарады.

Теңге бағамы серпінің АҚШ долларына бағытталуы әлемдік волюталық рыноктың конъюктурасына сәйкес болды, бірақ ақша массасының долларлануы әзірше жоғары болып қалуда.

Қазіргі кезде Қордың мүшелігіне екінші деңгейлі 22 банк бар. Егер сақтандыру жүйесінде депозит қабылдауды іске асыратын барлық банкілердің қатысуы туралы оң шешім қабылданса, онда жеке тұлғалардың барлық депозиттері кепілдендірілетін болады. Қордың сақтандыру нысандары болып табылатын депозиттер бойынша мөлшерлемелерді біртіндеп төмендету туралы қабылданған шешім тұрақты макроэкономикалық ситуация жағдайындағы тәуекелді біртіндеп қысқарту қажеттілігінен туындады. Бірақ жекелеген банкілер мөлшерлемелері кепілдендіру жүйесі қойған шектерден жоғары болса да, салымдарды сақтандырылған деп жариялап, қордың шешімін тікелей бұзады. Басқалары бонустар мен сыйлықтар төлеудің түрлі схемаларын енгізу жолдары арқылы бұл талаптарды айналып өтуге тырысады. Банкілердің арсыз істері салымшылар үшін тәуекелдің өсуіне және сақтандыру жүйесінің беделінің түсуіне алып келеді.

Тұтастай алғанда ҚР жеке тұлғалардың ұжымдық сақтандыру жүйесі депозиттерді сақтандырудың халықаралық, соның ішінде ХВҚ ұсынған стандарттарға жауап береді. Сонымен бірге бұлар әрі қарай да үлгілі халықаралық тәжірибені бетке ұстана беруі керек және болашақта бірнеше мәселені шешуі қажет. Біріншіден, кепілдендіру нысандарын анықтау процедураларын жетілдіру және оны кеңейте беру керек. Екіншіден, халықтан депозит қабылдау құқығы тең қорға қатысатын деңгейлі банкілерге ғана берілуі, және кепілдендірілуі жүйесіне қатысатын банкілерге қойылатын талаптардың тиімділігі арттырылуы керек. Үшіншіден, салымдарды кепілдендіру жүйесінің нысандары болып табылатын депозиттердің бойынша орнын толтыру резервін кепілдендірілген депозиттердің бараьар көлеміне деңгейге дейін жеткізу үшін салымдарды кепілдендіру жүйесін қаржыландыру тәртібін де жетілдіру керек.

Қазақстандық Салымдарды кепілдендіру қоры сенімді қаржы институттары мен банкілік жүйеге деген сенімді бекітуші ретінде банкілердің репутациясына демеу көрсетуде маңызды рөл атқарады. Кепілдендіру қоры салымшылардың мүдделерін қорғаудан басқа мөлшерлемелердің шектік ауқымын орнату жолы арқылы реттеуші қызметті де атқарады.

Теңге бағамы серпінің АҚШ долларына бағытталуы әлемдік волюталық рыноктың конъюктурасына сәйкес болды, бірақ ақша массасының долларлануы әзірше жоғары болып қалуда.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру ерекшелігі назар аударуды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ва­лю­талық тәуекел мәселелері мен оларды сақтандыру әдістері өзекті бола түседі. Шетел валюталары бағамдарының ауытқуы шаруашылық қызметінің нәтижелеріне маңызды түрде әсерін тигізеді. Кәсіпорындардың валюталық қор­ла­рына жасалатын аударымдар көлемінің өсуіне қарай жи­ын­тық бағам шығындары да өседі, сондықтан да валюталық тәуекелді шектеу әдістерін таңдау өмірлік маңыздылыққа айналады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз валюталық қор­ла­рын банк шоттарында сақтауы кезінде валюталық тәуе­кел­дер­дің келесідей екі түрі туындайды:

  • барлық шетел валюталарына ұлттық валюта баға­мы­ның түсу тәуекелі;

  • әрбір теңге құнын түзетуге әкелген шетел валю­талары бағамдарының өзара өзгеру тәуекелі.

Валюталық тәуекелдердің туындауы оларды сатып алу-сату кезіндегі мәмілерді жүзеге асыру барысындағы валюталар бағамының өзгеруінен болатын шығындар қауіпімен байланысты болады. Осыған орай сақтан­дырудың жалпы және өзіндік әдістері қолданылады.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру әдістері – бұл күтіліп отырған валюта бағамының өзгеруімен немесе алыпсатарлық арқылы пайда алумен байланысты туын­да­ған тәуекелден толық немесе жартылай жалтарып кетуге мүмкіндік беретін операциялар. Хеджирлеу – болашақта айырбас валюта бағамдарының өзгеру ықтималдылығын ескеретін және осы өзгерістердің қолайсыз зардаптарын болдырмау мақсатын көздейтін шұғыл контрактылар мен мәмілелер жасау жүйесі.

Нақты хеджирлеу (мәміле жасау мен тауарды жеткізу арасындағы уақытта бағаның өзгеруінен болатын жа­ғым­сыз өзгерістерден сақтандыру мақсатындағы қорғаныс операциялары) әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • құрылымдық теңдестіру (активтер мен пассивтер, кредиторлық және дебиторлық борыштар);

  • төлем мерзімдерінің өзгеруі;

  • своп үлгісіндегі (типіндегі) операциялар;

  • опциондық мәмілелер;

  • қаржылық фьючерстер;

  • шетелдік валютамен несие беру және шетелдік валютамен инвестициялар салу;

  • валюталық берешектерді қайта құрылымдау;

  • қосанжарлы (параллельді) ссудалар;

  • лизинг;

  • шетел валютасындағы талаптарды дисконттау;

  • «валюта себетін» пайдалану;

  • банк филиалдарының төлемдерді «өсіп отырған» валюталармен жүзеге асыруы;

  • өзін-өзі сақтандыру.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, 2-6және 11 әдістері қысқа мерзімдік хеджирлеу үшін, ал 7-10, 13 және 14 әдістері ұзақ мерзімдік хеджирлеу үшін қолда­ны­ла­ды. 1 және 12 әдістері барлық жағдайларда табыспен пай­даланылады, ал 9 және 13 әдістерін шетелдік филиал­да­ры бар компаниялар мен банктер қолданады.

Құрылымдық теңдестіру (балансировка) осы өз­ге­ріс­тер­ден банктің басқа позициялары бойынша алынған пай­даға валюта бағамының өзгеруінен болған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін активтер мен пассивтер құрылымын ұстап тұруға ұмтылуынан тұрады.

Төлем мерзімдерін өзгерту валюталар бағасы немесе төлем валюталары бағамдарының (төлем валюталары бағамының көтерілуін күту жағдайында тауарлар мен қыз­мет­терге мерзімінен бұрын төлем жасау немесе керісінше бағамның төмен түсуін күту жағдайында төлемді ке­шік­ті­ру; пай­да­ларды репатриациялауды жеделдету немесе бая­лату, не­си­е­лердің негізгі сомаларын өтеу және пайыздар мен диви­денд­терді төлеу; шетелдің валюта қаржысын алу­шы­ның түсімдер конверсияларының мерзімдерін ұлттық валютаға реттеуі) күрт өзгеруін күту жағдайында қолда­ны­латын есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімдерімен алаяқтық (манипулирование) жасауды білдіреді.

Форвардтық мәмілелер – шетел валюталарын сатып алу – сату операциялары бойынша тәуекелдерден жалтару мақсатымен қолданылады және уақытында жеткізуді қа­рай­ды. Мәміленің маңызы мынада: төлем валюталары ба­ға­мының көтерілуінен сақтанған импорттаушы банкке ер­те­рек өтініш білдіреді және бұл оған валютаны төлем мер­зі­міне жақындатылған жеткізіп беру мерзімімен сатып алу құқығын береді. Қарапайым түрде қарсы әрекет жасайтын экс­порттаушы валюта тәуекелдерін сақтан­ды­ру­ды фор­вард­тық операциялардың көмегімен жүзеге асыра алады.

«Своп» үлгісіндегі (типіндегі) операциялар форвард жағдайында одан кейін кері операциялар жасау арқылы «Своп» жағдайымен шетел валюталарын сатып алу кезінде жасалады. Мұндай мәмілелер нәтижесінде банктер халықаралық есепайырысулар үшін қажетті валюталарды сатып алады және өзінің валюталық позицияларын жабық ұстайды.

Опциондық мәмілелер – сатып алушы белгілі бір мерзім ішінде немесе белгіленген баға бойынша шетел валютасының қосымша ескертілген (оговоренную) со­масын сатып алатын немесе оны сату құқығына ие болатын контрактының түрі. Опционның иегеруі тап болатын тәуекел барлық жағдайда опцион бағасымен күні бұрын шектелген болады, ал ұтысқа шығуы теориялық тұрғыдан шектелмеген. Опциондық мәмілелер «форвардтық» операциялардан кәсіпорынның немесе банктің таңдау құқығын сақтайтындығымен, операцияның тиімділігін арттыратындығымен ерекшеленеді.

Қосанжарлы (параллель) ссудалар - әртүрлі елдерде орналасқан кәсіпорындар мен банктердің бір-біріне ұлттық валюта түрінде несие берулері болып саналады. Екі ссуда да тура сол бір мерзімге беріледі.

Төлем талаптарын шетелдік валютамен дисконттау векселдер дисконтының бір түрі болып саналады және банкке шетел валютасы түріндегі берешектерінің жиынын ұлттық (немесе өзге шетел валютасымен) валютаға айырбас түрінде тез арада төлеу құнын талап етуді банкке беруді білдіреді.

Осындай операциялар форфетирлеу деп аталады.

«Валютаның орташа мөлшері» - белгілі бір сәйкестікте алынған валюталардың жиыны.

Өзін-өзі сақтандыру тәуелсіз және жарыспа түрде жоғарыда сипатталған өзге де хеджирлеу әдістері арқылы қолданылады. Ол валюта бағамының өзгеруінен болуы мүм­кін шығындардың көлемі күні бұрын бағаға енгі­зі­ле­тін­дігінен және сақтандыру қорын құру үшін пай­да­ланы­ла­тындығынан тұрады.

Банктің хеджирлеумен байланысы екіжақты түрде кө­рінеді. Біріншіден, банк меншікті валюталық ресурстарын басқару кезінде валюталық сақтандыру тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген әдістерін күнделікті тәжірибеде қолдануы мүмкін. Екіншіден, хеджирлеу жағдайларында банктің өз клиенттеріне ұсынатын (клиенттерге кеңестер беру) қызметі болып саналады.

Сонымен, валюталық тәуекел – бұл келісім қорытындысы мен оны жасақтау мерзім кезінде шетелдік валютаның өзгеруімен байланысты ішкі тауарлы валюталық және басқа да операциялар жүргізгенде пайда болатын шығын қауіп-қатері.Көбінесе,валюталық тәуекел валюталық курстың өзгерісі кезінде шетел валютасын құнды қағаздарға салумен байланысты туындайды.

Валюталық тәуекел пайыздық тәуекелмен көптеген ұқсастығы бар. Олардың екеуі де баға және құн элементтерін, сонымен қатар болашақ табыс пен шығынды қамтиды.

Экспортер үшін тәуекел – бұл тапсырысты алғаннан бастап төлемді қабылдағанға дейінгі шетелдік валюта курсының төмендеуі.

Импортер үшін тәуекел – тапсырысты растау күнімен төлем күнінің арасындағы шетелдік валюта курсының жоғарлауы.

Осындай тәуекелдерді болдырмау үшін келесі шараларды қолданады:

  1. Ұлттық валютаға қатысты шетелдік валюта курсын құру немесе ұлттық валютадағы бағаны бекіту.

  2. Экспорт және импорт тәуекелдерінің байланысы,барлық талаптар мен міндеттемелер бір валютаға сай болуы керек екендігін ұйғару.

  3. Өздерінің ұлттық банктерінен қолайлы жағдайлар алу.

  4. Арнайы жедел валюталық келісімдердің банктермен келісудің қорытындысы.

  5. Валюталық опцион.

Валюталық тәуекелді үш категорияға бөлуге болады:

  1. Айырбас тәуекелі:болашақ курстың өзгерісі үшін болатын банктің активті және пассивті құндылықтың өзгеру тәуекелі.

  2. Аударма тәуекелі:бухгалтерлік табиғи сипатта болады,және шетелдік валютадағы активпен пассив есебінің айырмашылығымен байланысты.

  3. Келісім тәуекелі:шетелдік валютада сипатталған ұлттық валюта құндылығының болашақ келісім белгісіздігі.

Валюталық тәуекел қалыптасуының негізгі себебі: бұл курстың ауытқуы болып табылады. Айырбас курстың үш түрлі тәуекелдері болады: операционды, бухгалтерлік және экономикалық.

Операционды валюталық тәуекел – бұл шетелдік валюта түрінде жасалуы мүмкін болашақ төлемдер немесе құралдарды алу кезінде жеке адамдар мен іскер ортасы ұшырайтын тәуекелдер.

Тәуекелдің айырбас курсымен байланысты кеңінен таралған түрі – экономикалық валюталық тәуекел болып табылады. Экономикалық валюталық тәуекел айырбас курсының өзгеруіне тәуелді компания құнының өзгеруімен байланысты. Компания құны акцияның нарықтық бағасы болып табылады. Акцияның нарықтық бағасы – бұл сұраным мен ұсыныс тең болғандағы баға. Компаниялар экономикалық валютаның тәуекелін төмендетіп, оны өздерінің қолданатын валюта активтері мен пассивтерін теңестіруге мүмкіндігі бар.

Валюталық тәуекелділік банк және банктік ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуымен, банктік операциялардың нарықтық жағдайымен және олардың қызметінің диверсификациясы негізінде қаражаттан айырылып қалу нәтижесіндегі валюталық курстың тұрақсыздығын көрсетеді. Валюталық тәуекелділік келесідей негізде құрылады:[8]

1. Коммерциялық, яғни борышқор өзінің алған қарыздарын төлеу бойынша міндетін орындауы

2. Конверциялық, яғни нақты операциялар бойынша валюталық шығындар тәуекелділігі.

Валюталық тәуекелділік актив және пассивтік нарық құнын әртүрлі қайта бағалау кезінде айырып қалуларға әкелетін валюта курсының өзгеруіне байланысты анықталады. Валюталық тәуекелділік банктің ашық валюталық позициясы арқылы анықталады, яғни балансталған позициялар есебінен берілген валютаның актив және пассив құндарынының арасындағы айырмашылықты анықтайды. Егер банкте ашық позиция жоқ болған кезде, яғни берілген валюта негізінде пассив толықтай активпен жабылған болса, онда валюталыө тәуекелділік жоқ деп есептеуге болады.. себебі актив және пассивті қайта бағалау бірдей көлемде жүргізіледі.

Жабық позиция анықталған валюталардағы балансталған және балансталмаған талаптардың суммалық көдлемі балансталған және балансталмаған міндеттемелерінің суммалық көлемін қарастырады.

Валюталық позиция бір валютада көрсетілген белгілердің есебінен барлық ұзақ және қысқа позициялар құнының суммасы балансталған және балансталмаған міндеттемелерге сәйкес келеді. Банк тәжірибесінде ашық позицияларды құны мықты валюталарда ұстанады. Егер курс қозғалысы дұрыс болжанбағанда және банк әлсіз валюталарды аяқ астынан сату кезіндеұзақ позиция кезіңдң болса, онда курстық шығындары нақтыланған болады. Басқа варианттарда ұзақ позициялар жағдайында берілген валютаның қымбаттағанын күтеді. Ал қысқа позиция кезіңде арзандайды. Валюталық тәуекелділік берілген валютада оның қалыпсыздығын ашық валюталық позициялар көмегімен бағаланады. Валюталық позицияларды есептеудің мысал етіп қарастырайық. Төмен келтірілген кесте негізінде банк барлық позицияда өзінің лимиттерін АҚШ доллары бойынша позицияға сүйеніп отыр. 1986 жылы Лондонның 10 ірі бірлескен банктер операциялық шығындары және валюталық тәуекелділікті төмендету операцияларының өзіндік санын қысқарту есебі үшін “форекснет” компаниясын ұйымдастырды. Валюталық тәуекелділіктің орталықтануына байланысты нақты бөлімшелер мен фирмалардан орталық мекемеге ауыстырылды.

  1. Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелділік бұлар шетел филиалдарының клиенттері және контрагенттерінің пайдасы мен шығындарының есебін және пассив, актив баланстарын қайта есептеу кезінде пайда болады. Бұл тәуекелдер өз кезегінде валютаны таңдаудан, қайта есептеуден оның нақтылығынан және тағы басқа факторлар қатарынан байланысты болып табылады.

  2. Форфетерлеу тәуекелділігі бұлар форфитер (көбіне ол банк болып табылады) регресс құқынсыз экспорттердің тәуекелділігінің барлығын өзіне алу кезінде туындайды, бірақ осы уақытта форфитерлеудің ерекшелігі болады және осылардың арқасында тәуекелділік деңгейін төмендету жолдары пайда болады: [9]

  • мүмкін болатын міндетті баланстық қарым-қатынастың нақтылануы;

  • өтімділік жағдайының жақсаруы бұл қаржылық қауіптіліктің әрі қарай сақталуына мүмкін береді.

  • Пайда болған қиыншылықтардан сақтану жолымен айырылып қалу мүмкіндігін қысқарту;

  • Пайыздық ставкалардың қалыпсыздығы мен байланысты тәуекелділітің төмендеуін қарастыру;

  • Борышқордың қаржылық жағдайының өзгеруімен және валюталық курстың қалыптылығымен байланысты тәуекелділік деңгейінің жылдам төмендеуі


2 БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ («БТА БАНК» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)


2.1 Банк қызметіндегі қаржылық тәуекелдерді талдау


«БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.

Өндіріс Банкі туралы (1925-1991)

Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.

1932 жылдың 7 маусымында Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.

1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:

КСРО Мемлекеттік банкі;

КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;

КСРО Сыртқы экономика банкі;

КСРО Агроөнеркәсіп банкі;

КСРО Тұрғын құрылыс банкі;

КСРО Жинақ банкі.

1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.

ТұранБанк туралы (1991-1997)

1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

ӘлемБанк туралы (1992-1997)

1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.

ТұранӘлем Банкі туралы (1997-2008)

1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.

1998 жылдың 1 қазанында «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

2003 жылдың 26 қыркүйегінде «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

БТА Банкі туралы (2008 жылдан бастап)

2009 жылдың 2 ақпанындағы дағдарысқа қарсы шаралардың аясында ҚР Үкіметі ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 75,1 пайыз көлемінде «БТА Банкі «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларының бақылау пакетін сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Өтеуді төлеу банктің қосымша эмиссиясы арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде банк 251 319 485 теңге мөлшерінде қосымша капитал алды.

2009 жыл бойына БТА Банкі ҚР Үкіметінің нақты экономика секторын қолдауының аясында ШОБ-ты, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру мен тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру сияқты тұрақты бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыруға қатысты. Шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша банк 36,9 млрд. теңге Қазына-І, Қазына-ІІ және Қазына-ІІІ транш аясында қаражат иеленді.

2007 жылдан бастап БТА Банкі Әлемдік Банкпен бірлесе отырып, Ауыл шаруашылық министрлігінің «байқау гранттарының жүйесі» атты бағдарламасына қатысып келеді. 2009 жыл бойынша БТА Банкі арқылы қаржыланған грант сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады.

2009 жылы БТА тобы ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтап, 37 млрд. теңгеден аса соманы игеріп, 10 300 заимшымен келісімшартты қайта жасады.

Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан БТА-ның үлесі 37 млрд. теңге немесе жалпы сомадан 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан аймақтарының займшылары көп белсенділік танытты.

«Астана және Алматы қаласы бойынша құрылыс бастамаларын аяқтауды қаржыландыру» бағдарламасының аясында банк шотына төменде аталынған жобалар бойынша 20,4 млрд. теңге қаражат бөлінді:

«Гранд Астана» ТК, Астана қ. – 13 538 млн. теңге;

«Сәтті» ТК, «Отандастар» ТК, Астана қ. – 1 677 млн. теңге;

«Тау Самалы» ТК, Алматы қ. – 4 573 млн. теңге.

2009 ж. 23 сәуірінде банк борыштық міндеттерін мезгілінен бұрын өтеу талабына байланысты БТА Банкі 20 сәуірден бастап төлеу уақыты келгендерді де қоса, борыштың негізгі сомасымен барлық төлемдерді тоқтатты. Бұл шешім барлық кредиторлармен біркелкі қарым-қатынас жасау мақсатында құрылған болатын.

2009 жылдың 30 маусымында БТА Банкі банк міндеттерін қайта құрылымдау сұрақтары бойынша ҚҚА-мен келісім бекітті.

2009 жылдың 17 шілдесінде БТА Банкі ХҚЕС-на сәйкес Ernst & Young LLP компаниясымен тексерілген қаржы есептілігінің бірігуін жариялады. Бір уақыт ішінде KPMG LLP және Deloitte аудиторлық компаниясымен бірге банктің кредит портфеліне және басқа қаржы инвестициясына бағытталған Банк қызметтеріне тәуелсіз қаржылық тексеріс жүргізілді (due diligence). Тексерістің нәтижесі БТА Банктің қайта құрылымдау берешегі бойынша шешім қабылдау уақытында қаржы жағдайының тәуелсіз расталуы ретінде қолданылды.

БТА банкі” АҚ қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелділікті басқару шараларымен уатылы айналысып отыруға тиіс.

БТА банктің қаржылық қызметі үшін тәуекелдерді басқарудың маңызы зор. БТА банк қызметіне тән болатын негізгі тәуекел түрлері мыналар:

кредит тәуекелі;

өтімділік тәуекелі;

нарықтық тәуекел.

Тәуекелдерді басқарудың пәрменді әрі тиімді саясатын қамтамасыз ету үшін БТА банк тәуекелдерді басқарудың негізгі қағидаттарын айқындады, бұлардың басты мақсаты БТА банкті қазіргі бар тәуекелдерден қорғауға және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беруді көздейді. Бұл аталған қағидаттарды БТА банк мынадай тәуекелдерді басқару кезінде пайдаланады:

Кредит тәуекелі – контрагенттің өз қаржылық міндеттемелерін орындамауы, дер кезінде орындамауы немесе толығымен орындамауы салдарынан БТА банктің шығынға ұшырау тәуекелі.

Кредиттік тәуекелдерді басқару және бақылауда тәуекел-менеджмент қызметі маңызды рөл атқарады. Бұл бөлімше кредиттік тәуекелді сәйкестендіру, бағалау, бақылау және мониторинг шараларын енгізуді жүзеге асырады. Тәуекел-менеджмент бөлімшесі кредиттік шешімдер қабылдау, кредит беру ережелері мен бағдарламаларын келісу, кредиттік тәуекелді азайту үшін шаралар қолдану бойынша тәуелсіз нұсқаулар беру, лимиттерді бақылау, тәуекелдер мониторингі, есептеме құрастыру, сондай-ақ сыртқы заңнамалық/реттеу, сол сияқты ішкі талаптар мен рәсімдерге сәйкестікті бақылауды қамтамасыз ету процессіне тікелей қатысады.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелділікті басқару – бұл банктің негізгі қызметі болып табылады, несиелік тәуекелділікті басқару – бұл банктің іскерлігін көрсетеді.

  1. Тәуекелділік мөлшерін дұрыс бағалау және банктің өз дейгейіне қарап тәуекелділікке бару.

  2. Кез-келген уақытта тәуекелділіктің көлемін білу.

  3. қабылданған несиелік тәуекелділіктің көлемін көрсетілген мөлшерде алу және кез-келген уақытта өзгеруге бейімдеу.

Күшті банкті құру үшін несиелерді басқару тиімдігі түрінде жүргізілуі керек. Осыған сәйкес келесідей несиені басқарудың құпиялары тапсырмалары бар:

  1. Несиелік саясатпен әдістерінің дұрыс қалыптасуы.

  2. Портфельдік тәуекелділікті оптимальды түрде басқару.

  3. Тиімді несиелерді бақылау.

  4. Жоғарғы мамандығынан персоналдармен қолма-қол есептесу.

Активтердің сапасы басқарудың сапасына тікелей байланысты. Несиелік тәуекелділік ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Сыртқы факторларды басқару мүмкіндіктері шектеулі, бірақ кейде банк өзінің зиянын шегуден бұрын алдын алу керек. Бірақ несиелік тәуекелділікті басқарудың негізгі рыногы банктің ішкі саясатында жатыр [13].

Банктің несиелік саясаты анықталды:

  1. Жалпы жағымды операциялар арқылы клиенпен жұмыс жасау. Осы операциялар меморандумде қаралып, талданып шығарылады.

  2. Банктің персоналдардың практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде олардың пайда болуы. Несиелік тәуекелділіктерді басқару жүйесі қиын процесс. Процесс көбіне «тұтастай қарыз» деп аталатын неселеу нарығын анықтаудан басқалады.

Ол келесідей схемада көрсетілген.

Коммерциялық банктердің алдында несиелік тәуекелділіктерді басқару ісінде маңызды қиындықтар түрлері ішкі, саяси, сыртқы жағдайлардың, өндірістегі қиындықтар, қаржылық шектеулер, нарықтың ауытқуы, қалыпсыздықтың жеке жағдайлардың борышқорлардың қаржылық жағдайына әсер етеді. Бұдан басқа қаржылық ақпараттар сенімді болып келеді және құқықтық құрылымы қарызды өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуына негіз болады. Қазақстандық банктер негізігі несиелік тәуекелділіктерді басқарудың жасақталу процесін қарастырады. Көбінесе кездесетін мынадай жетіспеушіліктерді қарастыруға болады:

  • қабылданған несиелік саясаттың және процедуралардың хаттамасының жетіспеушілігі;

  • портфель концентрациясына қатынасы шектеулерінің жетіспеушілігі;

  • Жоғарғы неселік талдау;

  • Жабаланған кепілдеме құны;

  • Клиенттердің жеке контрактілерінің жетіспеушілігі;

  • Несиені бақылаудың жетіспеушілігі;

  • Несиелік құжаттардың нашар бақылануы;

  • Несиелік процестердің тиімді аудиттеу және бақылай ала білмеуі.

  • Толық есем несиелік құжаттама және тағы басқа.

2005 жыл бойынша “БТА банкі” АҚ несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар (Қосымша№-2):

  • нессиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау,

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру,

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау,

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзыретті бөлу – несиелерді авторизациялау;

  • несиелік мониторнг;

  • несиелік портфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктің несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылықы өнімдер, оның қайта өнделуін және басқа да шығындапрды ескере отырып анықтайды. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әртүрлі жағдайларға байланысты болып келеді.

Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақта бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиенің қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрижесіне;

  • маржа деңгейіне,

  • несиелік тәуекел дәрижесіне және банктің клиентке деген сенім дәрижесіне,

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелділікті төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг- несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару- бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар:

  • нақты қарыз алушылар мен олардың тобтары үшін несиелеудің ішкі банктің лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әртүрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау,

  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясаты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланатын басты тәсіл.

Проблемалық несиелерге:

  • несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

  • сақтандыру, кепілдікхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілдікхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелерді орындалмағандар;

  • несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім шартта көрсетілетін күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

  • қарыз алушының қызметін қайта құру;

  • несиені қайтару кестесін өзгерту;

  • пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін – несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады.

Әлемдік банктік тәжірибеде неселік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданады.

1) Активтер сапасындағы коэффиценттер:

  • k1 = Несие бойынша зияндар / Несие бойынша

қарыздардың орташа сомасы.


  • k2 = Несие бойынша зияндар/ Несиелердің жалпы сомасы

Екі коэффицент те (k1 және k2) банктердегі активтердегі

активтердің сапасын бағалау үшін пайдаланады. k1-дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5 - 1,0 %; ал k2-кі 0,7 - 1,5 %. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыз бар болса) k1 коэффиценттінің деңгейі 1,5 - 2,0 %. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несиелеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несиелер бойынша көптеп шығындануы кезеңінде k1-дің мәні 1% -ға жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерде k1 шамамен 0,45 - 0,6 %-ды құрайды.

1. Тәуекелге, шағылған маржа (RAM) = Таза пайыздық табыс –

- несие бойынша зиян / Активтер

Тәуекелге шағылған маржа (RAM­risk adjustet margin), бл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GM­gross interest margin) Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші басылмағаммен де шетелік банктер оны несиелік тәуекел деңгеін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3-3,5%-ды құрайтынын куәландырады.

Таза пайыздық маржа = Таза пайыздық табыс (NII) /Активтер(NIM)

Жалпы пайыздық маржа = Таза пайыздық табыс + басқа да табыстар/

/Активтер

2. Проблемалық несиелер / несиелердің жалпы сомасы

3. Бір қарыз алушыға келетін несие / Банктік меншіктің капиталы

Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің қарызын алушыларға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

4. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер /

/ банктің меншік капиталы

БТА банк өзінің кредит тәуекелінің деңгейін бір қарызгерге/контрагентке немесе қарызгерлер тобына қатысты, сондай-ақ салалық (және географиялық) сегменттер бойынша ең жоғары тәуекел сомасын анықтау арқылы айқындайды.

Экономика салалары мен өңірлер бойынша кредит тәуекелінің барынша жоғары шоғырлану лимитін Банктің Активтер мен пассивтерді басқару (АПКОМ) комитеті тоқсан сайын (жыл сайын) белгілеп және бақылап отырады. Кредит беру бағдарламалары (Шағын және орта бизнеске кредит беру, бөлшек кредиттер) бойынша кредит тәуекелдерінің деңгейіне қатысты шектеулерді Басқарма бекітеді. Әрбір қарызгер бойынша, оның ішінде банктер мен брокерлерді қоса алғанда, баланстық және баланстан тыс жекелеген тәуекелдер деңгейін тиісті Кредит комитеттері мен АПКОМ қарастырады. Белгіленген лимитті салыстырып отыру арқылы күн сайын тәуекелдердің нақты мөлшеріне мониторинг жүргізіледі.

Әрбір контрагент бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелі баланстық және баланстан тыс тәуекелдерді қамтитын лимиттермен шектеледі.

Баланстан тыс кредиттік міндеттемелер кредит желілері, кепілдемелер немесе аккредитивтер түрінде болады. Баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қаржы құралдары бойынша кредиттік тәуекел қарызгердің келісім-шарт талаптары мен мерзімін орындай алмауынан мүмкін болатын залал ретінде анықталады. Баланстан тыс қаржылық құралдармен байланысты кредит тәуекелдеріне қатысты БТА банк, әдетте, пайдаланылмаған кредит желілерінің жалпы сомасына тең мөлшерде шығын шегіп отырады. Дегенмен, мүмкін болатын шығын сомасы жалпы пайдаланылмаған міндеттемелер сомасынан аз болады, өйткені көпшілік жағдайда кредит беруге байланысты туындайтын міндеттемелер клиенттің кредит төлеудің ерекше стандарттарына сай келу мүмкіндігіне тікелей қатысты. Шартты міндеттемелерге қатысты БТА банк қаржы құралдарының балансында көрсетілген несие беруді бекіту, тәуекелді шектейтін лимиттер пайдалану және ағымдағы мониторинг жүргізу рәсімдеріне негізделген кредит саясатын ұстанады. БТА банк кредиттің өтелу мерзімін жіті қадағалайды, өйткені қысқа мерзімділерге қарағанда ұзақ мерзімді міндеттемелердің кредит тәуекелінің қаупі жоғарырақ.

Кредиттік комитеттердің құрылымы мен өкілеттігі БТА банктің Кредиттік саясатын жүзеге асыруды және кредиттік шешімдердің ретімен қабылдануын қамтамасыз етуші алқалық кредиттік органдарға кредиттік комитеттер, ПКОМ Басқарма және Директорлар кеңесі жатады.

Кредиттік операциялар және корпоративтік клиенттердің кредиттік өтінімдері бойынша Банктің ішкі кредиттік саясатын жүзеге асыру – басты мақсаты болып табылатын Банктің Алқалық органы. Филиалдардың және филиал желісінің кредиттік комитеттері (ФКК, ФЖКК) Филиалдар арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық құралдар беру бөлігі бойынша Банктің ішкі кредиттік саясатын жүзеге асыру – басты мақсаты болып табылатын Банктің Алқалық органдары.

ФКК мен ФЖКК кредит беру лимитін филиалдар бойынша Банк Басқармасы белгілейді. ФКК үшін белгіленген кредит беру лимиті шеңберінде филиал қаржылық құрал беруге байланысты мәселелер бойынша өз бетімен шешім қабылдайды. ФКК лимиттен тыс жобалары бойынша және олар бойынша шешім қабылдау ФКК өкілеттілігіне кірмейтін жобалар бойынша шешімді ФЖКК қабылдайды. ФЖКК шешімдер қабылдау рәсімінде сондай-ақ Банк қызметтерінің сарапшылық қорытындыларын кешенді талдау негізінде жасақталған кредиттік БТА банктаманы қарастыруды қамтиды. Филиалдар мен Бас Банктің бөлшек кредиттік комитеттері (филиалдың БКК, ББ БКК) Филиалдар арқылы бөлшек бизнес субъектілеріне қаржылық құралдар беру бөлігі бойынша Банктің ішкі кредиттік саясатын жүзеге асыру – басты мақсаты болып табылатын Банктің Алқалық органдары. Филиалдың БКК Банк Басқармасы бекіткен өкілеттіктер мен ББ БКК бекіткен лимиттер шеңберінде шешімдер қабылдайды. ББ БКК лимиттен тыс және нормативтен тыс өтінімдерді және Банк Басқармасы бекіткен өкілеттіктер шеңберінде басқа да мәселелерді қарастыруға уәкілетті.

Еншілес кәсіпорындардың кредиттік өтінімдерін қарастыру және бекітуді тиісті клиенттер сегментіне кредит беруді реттейтін еншілес кәсіпорының ішкі құжаттарына сәйкес еншілес кәсіпорынның уәкілетті/алқалық органы жүзеге асырады. Лимиттен тыс және нормативтен тыс кредиттік өтінімдерді, Бас Банктің тиісті Кредиттік комитетінде Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған тәртіппен алдын-ала қарастырылған жағдайда, еншілес кәсіпорынның Директорлар кеңесі бекітеді.

Ақша тарту және оны орналастыруға байланысты банктік қызметтің кірістілігін ұлғайту және тәуекелдерді шектеу мақсатын көздейтін Банктің Алқалық органы. АПКОМ-ның басты мақсаттары: өтімділікті басқару, пайыздық мөлшерлеме тәуекелін басқару, бағалық тәуекелді басқару және басқа да банктік тәуекелдерді басқару.

Банктің жеке капиталының 5%-нан асатын сомаға берілген кредиттік өтінімдер, сондай-ақ Банкпен айрықша қарым-қатынаспен байланысқан тұлғалармен жасалатын мәмілелер Директорлар кеңесінде қаралады. Кредит тәуекелінің ең жоғары мөлшері БТА банктің кредит тәуекелінің ең жоғары мөлшері нақты активтерге тән жекелеген тәуекелдер мен жалпылама нарықтық тәуекелдердің әсеріне қарай айтарлықтай өзгеріске ұшырап отырады. Төменде беріліп отырған кестеде қаржылық активтер мен шартты міндеттемелер бойынша кредит тәуекелінің ең жоғары мөлшері көрсетілген. Баланс шоттарындағы қаржылық активтер үшін кредит тәуекелінің ең жоғары мөлшері осы активтердің баланстық құнына тең болады. Қаржылық кепілдіктер мен басқа да шартты міндеттемелер үшін кредит тәуекелінің ең жоғары мөлшері кепілдеме бойынша төлем қажеттігі туындағанда немесе ашылған кредит желілері шеңберінде несие талап етілген жағдайда БТА банк төлеуге тиіс болатын ең жоғары сомаға тең болады.

Қамтамасыз ету кепілдігі әрбір жекелеген қарыз бойынша шектелген кредит сомасының әділ құнымен көрсетіледі (Кесте 1).

Кесте 1 - Қамтамасыз ету кепілдігі әрбір жекелеген қарыз бойынша шектелген кредит сомасының әділ құны


Қаржылық активтер халықаралық рейтинг агенттіктерінің ағымдағы кредит рейтингіне немесе БТА банктің ішкі бағалау жүйесіне сәйкес жіктелінеді. Ең жоғарғы мүмкін болатын рейтинг – ААА. Инвестициялық класқа жатқызылған қаржылық активтерге ААА-дан ВВВ-ге дейінгі рейтинг берілуі мүмкін. ВВВ-төмен рейтинг берілген қаржылық активтер тәуекелді класқа жатқызылған актив болып жіктелінген.

БТА банктің қаржылық активтерінің кредит рейтингі құнсыздану резервіне дейін 2-кестедегі түрде берілген:


Кесте 2 - БТА банктің қаржылық активтерінің кредит рейтингі құнсыздану резервіне дейін


Банк секторының мекемелері тұтастай алғанда қаржы құралдары мен шартты міндеттемелерге қатысты кредит тәуекеліне ұшырап отырады. БТА банктің кредит тәуекелдері, негізінен, Қазақстан Республикасында шоғырланған. БТА банктің өз шешімімен бекітілген Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес кредиттер бойынша лимитті орындау және кредитті өтеу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында кредит тәуекелінің деңгейіне ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады.

Клиенттерге берілетін қарыздар ішкі бағалауға сүйене отырып және басқа талдау рәсімдерінің негізінде жіктеледі, тиісті департаменттер кредиттерді олардың тәуекел туғызуына және БТА банк үшін қауіп тудыратын потенциалдық шығындар тәуекеліне сәйкес жіктемелейді, ал мұндай жіктемелеуді Тәуекелдерді басқару департаменті бекітеді.

БТА банк заемдарды түрлі тәуекел санаттары бойынша ішкі жіктемелеу моделін пайдаланады. Қарыздың құнсыздануға ұшырағандығын куәландыратын оқиға басталғаннан кейін осы модель қарызгердің қаржылық көрсеткіштері, оның кредиттік тарихы, қарызгердің өтімділігі мен дебиторлық берешегінің сапасы, қарызгерге, экономика секторына қатысты нарықтық тәуекел және басқа факторлар негізінде құнсыздану резервінің сомасын бағалауға көмектеседі. Кредит менеджерлері ақпаратты мерзім сайын модельге енгізіп отырады. Жүйеге енгізілген ақпарат пен клиенттерге берілген қарыздардың құнсыздану резерві сомасын бағалауды Тәуекелдерді басқару департаменті тексеріп отырады.

Рейтингтік модель мынадай жіктемелеуді пайдаланады:

Рейтингтік балл 1 – қарыз бойынша ең жоғары рейтинг, кредит тәуекелінің дәрежесі барынша төмен;

Рейтингтік балл 2 – қарыз сапасы өте жоғары, кредит тәуекелінің дәрежесі өте төмен;

Рейтингтік балл 3 – қарыз сапасы жоғары, кредит тәуекелінің дәрежесі төмен;

Рейтингтік балл 4 – қарыз сапасы қанағаттанарлық, кредит тәуекелі болмашы дәрежеде;

Рейтингтік балл 5 – экономикалық жағдайға байланысты кредит тәуекелі ұлғаюы мүмкін;

Рейтингтік балл 6 – экономикалық жағдайға байланысты кредит тәуекелінің дәрежесі жоғары болуы мүмкін;

Рейтингтік балл 7 – дефолт тәуекелінің дәрежесі жоғары, қарызгердің төлем қабілеті экономикалық қолайлы жағдайлармен байланысты;

Рейтингтік балл 8 – дефолт тәуекелі өте жоғары;

Рейтингтік балл 9 – қарызгерге қатысты банкроттық рәсімдері басталған, дегенмен қарыз бойынша төлем жүргізу жалғасуда;

Рейтингтік балл 10 – дефолт. Бірыңғай қарыздар пулы – кредиттік сипаттамасы жағынан бір-біріне ұқсас активтер тобы қағидаты (мәселен, экономика саласы, бизнес тұрпаты, кредит беру бағдарламасы, дефолт деңгейі, ішкі рейтингтер және өзге факторлар) бойынша біріктірілген активтер бойынша біріктірілген клиенттер заемы. Бірыңғай қарыздар пулына ұжымдық негізде бағаланатын активтер жатқызылады (Кесте 3).


Кесте 3 -БТА банк заемдарды түрлі тәуекел санаттары бойынша ішкі жіктемелеу моделі



Келесі 4 -кестеде құнсызданған активтердің баланстық құны, кешіктірілген мерзімі, мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған активтердің мерзімі көрсетіледі:


Кесте 4 - Жеке-дара негізде бағаланатын қаржылық активтер 2011



Жеке-дара негізде бағаланатын қаржылық активтер 2010-11ж.ж. 5- кестеде келтірілген.



Кесте 5 - Ұжымдық негізде бағаланатын қаржылық активтер



Өтімділік тәуекелі – БТА банктің өз міндеттемелерін дер кезінде өтеуі үшін ақшалай қаражаттың жеткіліктілігін қамтамасыз ету қабілетсіздігіне байланысты тәуекел. БТА банктің өтімділік тәуекелі активті операциялар бойынша талаптардың мерзімі міндеттемелер бойынша өтеу мерзімімен сәйкессіздік (сәйкес келмеу) салдарынан туындайды.

БТА банкта өтімділік тәуекелін басқаруда өз міндеттемелерін дер кезінде және толығымен орындауды аз шығынмен қамтамасыз ету мақсаты көзделеді. Ол үшін БТА банк:

өтімділіктегі күтпеген үзілістерді жылдам әрі тиімді өтеу үшін валюта түрлері мен өтеу мерзімдері бойынша әртараптандырылған өтімді активтердің белгілі бір деңгейін ұстап отырады;

міндеттемелердің белгілі бір мерзімге тартылған ресурстарды да, талап еткенге дейінгі қаржыны да қамтитын тұрақты және әртараптандырылған құрылымын ұстап отырады;

қаржы нарықтарынан қысқа мерзімге қаржы тарту мүмкіндігі бар. Өтімділік тәуекелін бағалау және азайту үшін, сондай-ақ осы тәуекелді басқару үшін БТА банк мынадай тәсілдерді пайдаланады:

Шарт бойынша өтеу мерзімдерін талдау және ақша ағындарын болжамдау (үзілістерді талдау), сондай-ақ депозит базасының шоғырлануын талдау;

Өтеу мерзімдеріндегі (үзілістер мәніне лимиттерді) алшақтықты шектейтін ішкі лимиттер белгілеу;

Қысқа мерзімді өтімділікті басқару үшін бағалы қағаздар портфелін бөлу және пайдалану;

Өтімділік дағдарысы (CFP) болған жағдайдағы іс-әрекеттердің жоспарын жасау.

АПКОМ келесі қаржылық кезеңге БТА банктің стратегиясын анықтай отырып, өтеу мерзімдері бойынша талдау жасау арқылы өтімділік тәуекелін бақылайды. Ағымдағы өтінімділікті басқаруды Қазынашылық жүзеге асырады, ол ағымдағы өтімділікті тұрақты ұстау және ақша ағындарын оңтайландыру үшін ақша рыноктарында операциялар жүргізеді.

БТА банктің қысқа мерзімді өтімділік тәуекелін басқару үшін Қазынашылық клиенттердің шоттарындағы ақшалай қаражаттың қозғалысының күн сайынғы болжамын жасайды. Ұзақ мерзімді өтімділік тәуекелін басқаруды өтімділіктің ұзақ мерзімді позицияларын талдау және елеуді кері позицияны түрлі әдістермен басқару бойынша шешімдер қабылдау арқылы АПКОМ жүзеге асырады. Төменде келтірілген 6- кестеде БТА банктің қысқа мерзімді өтімді қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін қашан да қолда болатын қаражат ретінде «1 айдан аз» деген бағанға қамтылған, пайда немесе шығын арқылы әділ құнмен бағаланатын қаржылық активтерді қоспағанда, келісім-шарт бойынша төлем жүргізілген күнге дейін қалған кезең негізінде топтастырылған қаржылық активтер мен міндеттемелерге талдау берілген.


Кесте 6 - БТА банктің топтастырылған қаржылық активтер мен міндеттемелер.


2011 жылғы 31 желтоқсан

2010 жылғы 31 желтоқсан

ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР:



Ақшалай қаражат және оның баламасы

519,991

392,898

Міндетті резервтер

52,533

27,284

Пайда немесе шығын арқыл әділ құнмен бағаланатын қаржылық активтер

3,752

6,051

Кредит мекемелеріндегі қаржы

21,096

20,123

Сатуға арналған, қолда бар инвест. бағалы қағаздар

305,890

281,294

Өтелгенге дейін ұсталаты инвест. бағалы қағаздар

78,854

174,419

Клиенттерге қарыздар

1,184,240

1,089,273

Өзге қаржылық активтер

309,399

5,131

ҚАРЖЫЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР:



Клиенттер қаржысы

1,557,476

1,415,755

Кредиттік мекемеле қаржысы

41,634

71,403

Пайда немесе шығын арқылы әділ құнмен бағаланатын қаржылық міндеттемелер

2,547

2,910

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

311,068

252,167

Өзге қаржылық міндеттемелер

6,179

1,009

Нетто-позиция

176,235

(634)

Жинақталған айырма

251,433

253,229

БТА банк міндеттемелерінің елеулі үлесі клиенттердің мерзімді депозиттерінен, корпоративтік клиенттер мен жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарынан, облигациялардан құралады. Басшылықтың пікірінше, талап етілгенге дейінгі және 1 айға дейінгі мерзіммен тартылған ағымдағы шоттар мен клиенттердің депозиттерінің ауқымды бөлігін құрайтынына қарамастан, мұндай депозиттерді салымшылардың санына және түріне қарай әртараптандыру, сондай-ақ БТА банктің өткен кезеңдерде жинақтаған тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл депозиттер БТА банк қызметін қаржыландырудың ұзақ мерзімді және тұрақты көзін құрап отыр. Тиісінше, ағымдағы шоттардың айтарлықтай үлесі өтімділікті талдау және басқару үшін тұрақты ресурс болып табылады.

Өтімділік тәуекелінің одан арғы талдауы және пайыздық мөлшерлеменің өзгерістері төменде келтірілген кестеде 7-ҚЕХС ережесіне сәйкес берілген. Аталған кестеде көрсетілген сома қаржылық жағдай туралы біріктірілген есепте берілген сомаға сәйкес келмейді, өйткені осы тұсаукесерге қаржылық міндеттемелер бойынша болашақта жасалатын төлемдерге шарт бойынша төлем мерзіміне қарай жасалған талдау қоса енгізілген (оның ішінде пайыздық төлемдер).

Нарықтық тәуекел дегеніміз – БТА банктің табысына немесе капиталына немесе оның іскерлік мақсатқа қол жеткізу қабілетіне пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамдары, бағалы қағаздардың котировкалары және басқа да негізгі параметрлері секілді нарықтық параметрлер өзгерістерінің кері әсерін тигізу тәуекелі.

БТА банк нарықтық тәуекелдерді мынадай құрамды бөліктерге бөледі:

Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі (пайыздық тәуекел);

Шетел валюталарының айырбас бағамдарының өзгеру тәуекелі (валюталық тәуекел);

Бағалы қағаздар портфелінің бағасы өзгеру тәуекелі (бағалық тәуекел).

Нарықтық тәуекелді басқару мақсаты тәуекел/кірістілік арақатынасын оңтайландыру, қолайсыз оқиғалар жүзеге асырылған кезде шығынды азайту және іс жүзіндегі қаржылық нәтиженің күтілген нәтижеден ауытқу мәнін төмендету болып табылады.

Нарықтық тәуекелді басқару бағалы қағаздардың портфельдерін басқарудан, валюталар бойынша ашылған позицияларды басқарудан, пайыздық мөлшерлемелерді басқарудан және туынды қаржылық құралдарды басқарудан құралады. Осы мақсатта АПКОМ бағалы қағаздар портфельдерінің, ашылған позициялардың, стоп-лосс лимиттерінің және басқа да шектеулердің лимиттерін белгілейді. Нарықтық тәуекел лимиттері жылына бір реттен сирек емес қайта қаралып отырады және тұрақты бақыланады.

Жоғарыда келтірілгендердің есебінен 2011 жылғы “БТА банкі” АҚ Несиелік тәуекелдерді сақтандыруды басқару жүйесін Қосымша В келтірілген.

Тарифтік жүктемені есептеу әдістемесі.

Әдістеме қолданылатын негізгі ұғымдар:

Сақтандыру тарифы (бутто-тариф)-бірлік сақтандыру суммасынан немесе сақтандыру объектісіненұсталатын сақтандыру салымының жүктемесі (ставка). Сақтандыру тарифы нетто жүктемеден (ставка) және жүктемеден тұрады.

Сақтандыру тарифының нетто-жүктемесі (ставка)-сақтандыру келісім шарттары бойынша ағымдық сақтандыру төлемдерін қанағаттандыруға арналған сақтандыру тарифының бөлігі.

Жүктеме (нагрузка)-сақтандыру ісін жүргізудегі шығындарды жабуға және алдын-алуқорын құруға арналған сақтандыру тарифының бөлігі.

Жаппай тәуекелді сақтандыру түрлері бойынша тарифтерді есептеу

әдістемесі.

Тәуекелді сақтандыруға

-сақтандыру келісім шартының мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандырушыны сақтандыру салымдарын қайтаруға міндеттемейтін;

-сақтандыру келісім шарттарының жарамды мерзімі кезінде сақтандыру суммаларын жинақтаумен байланыссыз;

Өмірді сақтандырудан басқа сақтандыру түрлері жатады.

Бұл әдістеме кеклесі шарттар орындалғанда ғана жарамды:

  1. келесі шамаларды анықтауға мүмкігдік беретін қарастырылып отырған сақтандыру түрі бойынша қандайда бір ақпараттар немесе статистика бар болса;

-бір сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру оқиғасының болу ықтималдығы;

-бір сақтандыру келісім шарты бойынша орташа сақтандыру салымы;

-сақтандыру оқиғасы болғанда бір сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін орташа төлем;

  1. бір оқиға өзінен кейін босқа бірнеше сақтандыру оқиғаларын тудырмайды деп есептелінеді;

  2. тарифтер сақтандырушылармен жүргізілетін келісім шарттар саны алдын ала белгілі болғанда есептеледі.

Қарастырылып отырған сақтандыру түрі бойынша статистика (санақ) бар болса, шарттарын былай жазамыз:

(1)

(2)

(3)

мұндағы -бұрынғы қандай да бір уақыт мерзімінде жүргізілген келісім шарттарының жалпы саны;

келісім шарттағы сақтандыру оқиғаларының саны;

-ші келісім шартты жасақтаудағы сақтандыру суммасы (немесе сақтандырусалымы);

-шы сақтандыру оқиғасы кезінде яғни шамалары туралы статистика болмасаб олар эксперименттік әдіспен бағаланады немесе олардың орнына көрсеткіштер мәні аналогтары пайдаланылады. Бұл жағдайда экспериметтер пікірі немесе аналогтарын таңдаудың түсініктемесі болуы қажет және орташа төлемніңорташа салымға қатынасын ( ) мына шамалардан төмен алмау ұсынылады:

0,3-кездейсоқ жағдайдан және аурудан сақтандыруда,медициналық сақтандыруда;

0,4- жерустілік транспорт құралдарын сақтандыруда;

0,5-жүкті және транспорттан өзге меншікті сақтандыруда;

0,6- ауа және су транспорттарын сақтандыруда;

0,7-автотранспорт құралдарының иелерінің жауапкершілігін сақтандыруда, жауапкершіліктің басқа түрлерін және қаржылық тәуекелді сақтандыруда.

Нетто жүктеме(ставка) екі бөліктен тұрады: негізгі бөлік және тәуекелдік жүктемесі :

(4)

Нетто жүктемесінің негізгі бөлігі ( ) сақтандырушының сақтандыру оқиғасының болу ықтималдығынан ( ), орташа сақтандыру салымынан ( ), орташа өтемінен ( )тәуелді орташа төлеміне сәйкес келеді. 100 теңгелік сақтандыру салымының нетто жүктемесінің негізгі бөлігі келесі формуламен есептеледі:

(5)

Тәуекелділік жүктемесі сақтандыру оқиғаларының санының орташа мәнінен арту мүмкіндігін ескеру үшін енгізіледі. Тәуекелділік жүктемесі параметрлерінен басқа да үшпараметрден теуелді: -келісім шарттар санынан, -өтемдердің орташа ауытқуынан және - кепілдіктен –жиналған салымдардың сақтандыру оқиғалары бойынша төленетін өтемдерге жету ықтималдығынан.

Тәуекелділік жүктемесін есептеудің екі нұсқасы бар.

1.Тәуекелділік жүктемесі әрбір тәуекел үшін есептеледі.Бұл жағдайда

(6)

мұндағы қауіпсіздік кепілдемесінен тәуекелді коэффициент. Оның мәні келесі кестеде алынады:

0,84

0,90

0,95

0,98

0,9986

1,0

1,3

1,645

2,0

3,0


-сақтандыру оқиғасы болған кездегі өтемнің орташа квадраттық ауытқуы. Сақтандыру өтемдерінің статикасы бар жағдайда төлемдердің дисперсиясы келесі түрде бағаланады:

(7)

мұндағы -шы сақтандыру оқиғасы кезіндегі өтем;

келісім шарттағы сақтандыру оқиғаларының саны;

-сақтандыру оқиғасы болғандағы бір келісім шарт бойынша орташа өтем.

Егер сақтандыру мекемесінде шамасы туралы берілгендер болса, тәуекелділік жүктемесін келесі формула бойынша есептеуге болады:

(8)

2. Бұл жағдайда, сақтандыру мекемесі бірнеше тәуекел түрлері бойынша сақтандыру жүргізсе, тәуекелділік жүктемесі тұтас сақтандыру портфелі бойынша есептеледі және бұл оның мөлшерін азайтады:

(9)

мұндағы - орташа квадраттық ауытқудың күтілетін сақтандыру өтіміне қатынасына сәйкес келетін сақтандыру өтіміне қатынасына сәйкес келетін сақтандыру өтемінің варияциялық коэффициенті. Егер -ші тәуекел - оның болу ықтималдығымен, - өтемнің орташа өтемімен және -өтемінің орташа квадраттық ауытқуымен сипатталса, онда

(10)

-ші тәуекел орындалғанда өтемнің орташа квадраттық ауытқуын ауыстырғанда болады:

(11)

Егер барлық белгісіз болса, онда келесі формуламен есептеленеді:

(12)

(6),(9),(10)- тәуекелділік жүктемесін есептеу формулалары және шамалары үлкен болған сайын дәлірек. Егер және болса, (6),(9)және (10) формулалар жуық шамаларды береді.

Брутто жүктеме (стафка) Тб келесі формуламен есептеледі:

(13)

мұндағы -нетто-жүктеме;

-жалпы тарифтегі жүктеме үлесі.

Жаппай тәуекелді сақтандыру түрлеріндегі тарифтерді есептеудің (II) әдістемесі.

Бұл әдістемені белгілі бір уақыт аралығына сақтандыру статистикасы бар немесе ондай ақпараттар болмаса статистикалық ақпараттық қорды (димографиялық статистика, өлім-жітік, мүгедектік, өндірістік жарақат және тағы басқа) пайдаланылатын жаппай сақтандыру түрлеріне қолданған дұрыс.

Бірнеше жылдық сақтандыру статистикасы кезінде сақтандыру тарифын анықтау келесі жылға сақтандыру салымының болжалатын шығындылық деңгейін ескеру арқылы жүргізіледі.

Ұсынылып отырған әдістеме келесі шарттар орындалғанда қолданылады:

  1. әр жылға сақтандыру өтемдерінің сомасы және жинақталған сақтандыру салымы туралы ақпараттар бар болса;

  2. шығындылықтыңуақыттан тәуелділігі сызықтығы жақын болса нетто – жүктемені (ставка) есептеу келесі ретпен орындалады.

а) әр жылдағы сақтандыру салымының нақты шығындылығы сақтандыру өтемінің сақтандыру салымына қатынасы ретінде анықталады ( ).

жыл

Жалпы су салымы ( )

Сақтандыру өтемі ( )

Нақты шығындылық ( )

2007

2278

410

0,18

2008

2942

765

0,26

2009

2755

799

0,29

2010

3094

1114

0,36

2011

3346

1305

0,39

б) алынған мәліметтер негізінде сақтандыру салымының болжамды шығындылық деңгейі есептеледі. Ол үшін сақтандыру салымының болжамды шығындылығы сызықтық теңдеу негізінде теңестірілетін сызықты тренд үлгісі пайдаланылады.

(1)

мұндағы сақтандыру сомасының теңестірілген шығындылық деңгейі;

-сызықты тренд параметрлері;

-сәйкес жылдық реттік нөмері.

Сызықты тренд параметрлерін еңкіші квадраттар әдісі арқылы келесі екі белгісізді теңдеулер жүйесін шешіп айтамыз:

(2)

мұндағы - талданатын жылдар саны.

Берілген теңдеулер жүйесінің коэффициенттері 9 кестеден табылады.


Кесте 10 - Теңдеулер жүйесінің коэффициенттері

Жыл

Нақты шығынның

Есептеу көрсеткіштері

2007

1

0,18

0,18

1

2008

2

0,26

0,52

4

2009

3

0,29

0,87

9

2010

4

0,36

1,44

16

2011

5

0,39

1,95

25

15

1,48

4,96

55

10 кестелдегі берілгендерді (2) теңдеулер жүйесіне қоямыз:

(3)

(3) теңдеулер жүйесін шешіп келесі мәндерді аламыз:

.

(1) теңдеулер жүйесіне қажетті берілгендерді қойып, әр жылдағы теңестірілге шығындылықты анықтаймыз.

Сонымен 2008 жылға күтілетін шығындылық деңгейі:

Бұл мән нетто-жүктеменің негізгі бөлігі болып табылады.

в) тәуекелдік жүктемесін анықтау үшін келесі формула бойынша нақты шығындылықтың теңестірілген шығындылықтан орташа квадраттық ауытқуын есептеу қажет:

(4)

Тәуекелдік жүктемесін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштер 11 кестеде көрсетілген:


Кесте 11 - Тәуекелдік жүктемесін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштер

Жыл



Нақты шығынның

Теңестірілген шығынның

Ауытқу

Ауытқу квадраты

2007

1

0,18

0,192

0,012

0.000144

2008

2

0,26

0,244

-0,016

0.000256

2009

3

0,29

0,296

0.006

0.000036

2010

4

0,36

0,348

-0.12

0.000144

2011

5

0,39

0,400

0.010

0.000100

сумма





0.000680

Есептелген көрсеткішті (4) формулаға қойып, табамыз:

2)нетто-жүктеме (ставка) келесі түрде есептеледі:

мұндағы -тәуекелдік жүктемесін есептеуге қолданылатын коэффициент шамасы -қауіпсіздік кепілдемесінен (жинақталған салымдық сақтандыру өтемдеріне жету ықтималдығы) және талданатын жылдар санынан тәуелді және 12 кестеден алынады.


Кесте 12 - Талданатын жылдар санынан тәуелді

0,8

0,95

0,975

0,99

3

2,972

6,649



4

1,592

2,829



5

1,184

1,984



6

0,980




Айталық сақтандыру мекемесі ықтималдықпен жинақталған салдымдар сақтандыру өтемдерін төлеуге жетеді деп секімді бағысы келеді. Сонда 4 кестеден болғанда ( ) .

100 теңгелік сақтандыру салымынан ұсталатын нетто-жүктемеге:

Бутто-жүктеме ( ) келесі формула бойынша есептеледі:

мұндағы -нетто-жүктеме (ставка);

-жалпы таривтегі жүктеме үлесі.

Егер сақтандыру мекемесі жүктемені бутто-жүктемесінің 30%-і мөлшерінде анықтаса, бутто-жүктеме:

100 теңгелік сақтандыру салымының бутто-жүктемесі (ставка) 0,69 теңгеге тең.


2011 жылы Банк 2007–2009 жж. дағдарыс кезеңінде жағдайы нашарлай түскен заемдар портфелінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырды. Бұл ретте Банк нашарлай түскен кредиттер санатына жатқызылған кредиттер портфелі деңгейінде де, сол сияқты борышкерлер деңгейінде де мониторингті күшейтіп, аталған кредиттер санаты бойынша бекітілген іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізуде. Сондай-ақ мерзімі өткен берешек үлесін төмендетуге бағытталған, есептеме жүйесін және ерте жауап қату әдістерін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді.

Кредиттік портфельдің сапасын сақтауға бағытталған Банктің белсенді әрекеттерінің арқасында 2011 жыл жаңа және әрекет етуші сапалы заемшыларды қаржыландыру жұмыстарының одан әрі жалғасын табуы есебінен экономика секторлары және бизнес түрлері бойынша несиелік портфельдің теңдестірілген өсімі байқалған жыл болды (Сурет 3).




Сурет 3 - Экономика секторлары бойынша Банктің несиелік портфелінің құрылымы, %


2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдаймен Банктің несиелік портфелінің құрылымында елеулі үлесті мыналар иемденеді: бөлшек заемдар (19.52%) (оның ішінде 11.44%-н тұтыну заемдары және 8.08%-н ипотекалық заемдар), бөлшек сауда секторы (19.52%), құрылыс (11.39%), қызметтер (8.27%) және жылжымайтын мүлікке (8.17%) берілген заемдар.

Активтерді/пассивтерді басқару. Өтімділіктің мерзімі мен валюталарының сәйкессіздігін, оның ішінде көзделмеген сәйкессіздіктерді тиімді жабу үшін Банк активтерді басқару кезінде валюта түрлері мен өтеу мерзімдері бойынша әртараптандырылған активтерге салымдар жасауды жүзеге асырады.

Банк активтерінің құрылымы 2011 жылы болымсыз өзгерістерге ұшырады және ол былайша көрсетілген:

2011 жылдың қорытындысы бойынша Банк активтері 8.4%-ға өсті, бұл ретте негізгі ұлғаю несиелік портфелінің өсуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде және банкаралық рынокта ақшалай қаражат орналастыру есебінен болды. Уақытша бос ақшалай қаражат барынша өтімді активтерге, атап айтсақ, шетелдік банктердегі қысқа мерзімді депозиттерге (АҚШ долларындағы және евродағы), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигацияларына (теңгемен) орналастырылды.

Банктің несиелік портфелі Банк активтерінің құрылымындағы аса ірі бап күйінде қалып отыр және 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдаймен оның үлесі 2010 жылғы 51.92%-ға қарсы 52.07% болды, несиелік портфельдің өсімі (нетто) абсолюттік мәнінде 95.0 млрд. теңгені құрады (Сурет 4).

Сурет 4 - Банк активтерінің құрылымы, %


2011 жыл ішінде Банк банкаралық рыноктағы орналастыру үлесін ұлғайта отырып, бағалы қағаздарға салатын инвестицияларының үлесін төмендетті. Бұл ретте табысы төмен мемлекеттік бағалы қағаздарды алмастырған кезде жоғары сапалы корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздары үлесінің артуы байқалды. Бағалы қағаздар портфелінің жоғары сапасы мен қолайлы мерзім ұзақтығын (дюрация) сақтау Банкке қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды сату және/немесе РЕПО операциялары жолымен өтімді құралдарды тез алу мүмкіндігін қолдауға мүмкіндік берді. Банкаралық рынокта қаражат орналастырғанда Банк уақытша босап қалған ақшалай қаражатты қысқа мерзімге және мақұлданған лимиттер шеңберінде орналастыру арқылы консервативтік саясат ұстанды, 2011 жылдың нәтижесі бойынша барлық қаражат бір жылға дейінгі мерзіммен орналастырылды.

2011 жылдың аяғында Банк 24 банкте ашылған «ностро» түріндегі және 48 банк пен қаржылық мекемелерде ашылған «лоро» түріндегі корреспонденттік шоттарға қолдау көрсетті, бұл Банкке клиенттік және өз төлемдерін ұлттық және шетел валюталарының қай-қайсысында болмасын жоғары сапалық деңгейде және оперативтік режимде жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Банк контрагент-банктер үшін әрекет ететін лимиттердің ағымдағы позициясына Банктің тәуекел тәбетіне сәйкестік тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. 2011 жылы Банкте акциялар бағасының, CDS бағасының, жетекші агенттіктер тағайындаған рейтингтің өзгеру көрсеткіштеріне, сондай-ақ Контрагент-банктердің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне негізделген контрагент-банктер бойынша ерте бастан ескерту жүйесі қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ Банк контрагент-банктер бойынша жаңалықтарға тұрақты шолу жасап отырады. Контрагент-банктер бойынша жүргізілген мониторингтің қорытынды нәтижелерін апта сайын АПКОМ мүшелері таныстырып отырады және оны Тәуекел-менеджмент қызметі күнделікті жұмысында пайдаланады. Кері факторлар анықталған жағдайда Банк белгіленген лимиттердің мөлшері мен мерзімін қысқарту бойынша түзету іс-шараларын жедел түрде жүргізіп отырғандықтан, ерте бастан ескерту жүйесін қолданысқа енгізу Банкке 2011 жылы Евроаймағы мен АҚШ-тағы контрагент-банктердің кредиттік сапасының нашарлауына дер кезінде әрі жедел түрде жауап қатуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ өтімділікті басқару мақсатымен Банк белгілі бір мерзімге тартылған ресурстарды және та-лап етілгенге дейінгі қаражатты қамтитын пассивтердің тұрақты әрі әртараптандырылған құрылымын қолдайды (Сурет 5).

Сурет 5 - Банк міндеттемелерінің құрылымы, %



2011 жылдың қорытындысы бойынша клиенттердің қаражаты абсолюттік мәнінде 10.01%-ға өсті және міндеттемелер құрылымында ең жоғары үлес салмақ (79.32%) иеленуде (Сурет 6).

Сурет 6 - Клиенттер қаражаты, млрд. теңге




2.2 Банктегі валюталық және пайыздық тәуекелдерді сақтандыру


Валюталық тәуекел. БТА банк валюталық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Бұл тәуекел БТА банктің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізе алатын, шетел валюталары бойынша ашық позициялардың болуына және нарықтық айырбас бағамдарының қолайсыз өзгерістерінің болуына байланысты туындайтын тәуекел.

Қазынашылық БТА банктің ашық валюталық позициясының реттеуші орган талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында оған күнделікті бақылау жасап отырады. БТА банк шетел валютасының (негізінен АҚШ долларының) әрекет етуші айырбастау бағамдарындағы ауытқулардың салдарынан туындайтын, қаржылық жағдайға, қызметтің нәтижелеріне және ақшалай қаражаттың қозғалысына әсерін тигізетін, күнделікті қадағаланып отыратын тәуекелге ұшырауы ықтимал. АПКОМ валюта түрлеріне қарай тәуекел деңгейінің лимиттерін Директорлар Кеңесі бекіткен өкілеттік шеңберінде белгілейді. Бұл лимиттер реттеуші орган белгілеген ең төменгі талаптарға сәйкес келеді. БТА банктің валюталық тәуекелге ұшырағыштығы 13 кестеде берілген.


Кесте 13 - БТА банктің валюталық тәуекелге ұшырағыштығы

БТА банктің негізгі ақша ағындары негізінен теңгемен және АҚШ долларымен генерацияланады. Соның әсерінен теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының келешек тербелістері БТА банктің АҚШ долларымен өрнектелген ақшалай активтері мен міндеттемелерінің баланстық құнына ықпалын тигізе алады. Валюталық тәуекелге сезімталдықты талдау

Төменде келтірілген 14 кестеде 2011, 2010 және 2009-шы жылдардың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес БТА банкті айтарлықтай тәуекелге ұшыратып отырған валюталар және БТА банктің болжанған қаржылық ағыны туралы мәлімет берілген. Талдау валюта бағамының табыстар мен шығыстар туралы біріктірілген есепте тұрақты мән ретінде пайдаланылатын барлық өзгермелі мәндерінің негіздемелі ықтимал қозғалысының әсерін есептейді. Кестеде көрсетілген теріс мәнді сома пайда мен шығын туралы біріктірілген есептегі таза потенциалдық азаюды, ал оң мәнді сома таза жоғарылауды (көбеюді) білдіреді.


Кесте 14 - БТА банкті айтарлықтай тәуекелге ұшыратып отырған валюталар және БТА банктің болжанған қаржылық ағыны туралы мәлімет


Пайыздық тәуекел. БТА банк пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекеліне ұшырайды. Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгерісі салдарынан пайыздық табыстың азаю, пайыздық шығыстардың ұлғаю немесе капиталға кері әсер ету тәуекелі ретінде айқындалады.

БТА банк пайыздық тәуекелдің екі түрін бөледі:

Әділ құнының өзгерісі капитал арқылы көрсетілетін бағалы қағаздардың портфельдері бойынша пайыздық тәуекел;

Пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне сезімтал (сыйақы мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі) активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуінен туындайтын (пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарау) пайыздық тәуекел.

АПКОМ оң пайыздық маржаны қамтамасыз ете отырып, БТА банктің пайыздық мөлшерлемелер бойынша позициясын басқару арқылы пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелін және нарықтық тәуекелді басқарады. Мониторинг және бюджеттеу департаменті БТА банктің қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелерін қадағалап отырады, пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне және БТА банктің пайдасына тигізетін әсеріне қатысты БТА банктің осал тұстарын бағалайды.

БТА банк пайыздық тәуекелдерді басқару және бақылау қағидаттары туралы Базель құжатында сипатталған көзқарасты пайдалана отырып пайыздық тәуекелге ұшырағыштық дәрежесін анықтау жолымен пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелін басқарады. Бұл көзқарас активтер және міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің 200 базалық пунктке параллель өзгеру әсерін тестілеу жолымен БТА банктің пайыздық тәуекелге ұшырағыштық дәрежесін анықтайды.

Пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне сезімталдықты талдау Төменде келтірілген кестеде өзгерістер негізінде мүмкін деп табылған пайыздық тәуекелдің өзгерісі негізінде пайыздық тәуекелге сезімталдыққа талдау жасалған. Салық төленгенге дейінгі пайдаға ықпал ету – пайыздық мөлшерлемедегі жол берілетін өзгерістердің қаржылық активтер мен міндеттемелердің құбылмалы мөлшерлемесі негізінде 2011, 2010, 2009-шы жылдардың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес әділ құнмен есепке алынатын бір жыл ішіндегі таза пайыздық табысқа тигізетін әсері және тіркелімді пайыздық мөлшерлемелі құралдарды қайта бағалаудың әділ құнмен есепке алынатын әсері. Капиталға ықпал ету – бұл бөлінбеген пайдадағы өзгерістер нәтижесінде туындаған пайыздық мөлшерлемедегі жол берілетін өзгерістер әсері және сатуға арналған, пайыздық мөлшерлемесі тіркелімді, қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды қайта бағалаудың әсері.

2011, 2010, 2009-шы жылдардың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес салық төленгенге дейінгі пайданың активтер құнына әсері 15 – кестеде берілген.


Кесте 15 - 2011, 2010, 2009-шы жылдардың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес салық төленгенге дейінгі пайданың активтер құны



Сезімталдықты талдауға шектеу. Жоғарыда келтірілген кестелерде ең басты болжамға негізделген өзгерістер көрсетілген, себебі басқа жорамалдар өзгеріссіз қалады. Шынтуайтына келгенде, жорамалдар мен басқа факторлар өзара байланысты болады. Сонымен қатар сезгіштіктің желілік емес сипаты бар екендігін де ескеру керек, сондықтан алынған нәтиже бойынша интерполяция немесе экстраполяция жүргізілмеуге тиіс.

Сезімталдықты БТА банктің активтер мен пассивтерді белсенді түрде басқару әрекетін есепке алмайды. Бұған қоса, БТА банктің қаржылық жағдайы нарықта болып жататын өзгерістерге қарай өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Мәселен, БТА банктің қаржылық активтерді басқару саласындағы стратегиясы нарықтағы ауытқулар тәуекелін басқаруға бағытталған. Бағалы қағаздар нарығында кенеттен бағалық шұғыл ауытқулар болған жағдайда басшылық инвестицияларды сату, инвестициялық портфель құрамын өзгерту, сондай-ақ басқа да қорғаныс әдістерін қолдана алады.

Ендеше, жорамалдардың өзгеруі міндеттемелерге әсер ете алмайды және баланста нарықтық бағамен есепке алынатын активтерге айтарлықтай ықпал ете алмайды. Мұндай жағдайда активтер мен міндеттемелерді бағалаудың түрлі әдістері меншікті капитал көлемінің айтарлықтай ауытқуына әкеп соғуы мүмкін. Әлеуетті тәуекелді ашып көрсету мақсатында жоғарыда келтірілген сезімталдықты талдаудағы басқа шектеулерге нарықтағы гипотетикалық қозғалыстарды пайдалануды да қосуға болады, бұлар БТА банктің нарықта болатын болашақтағы өзгерістерге жасалған жорамалы ғана болып табылады, өйткені жорамалды қандай да бір сенімділікпен жасау мүмкін емес. Мұнымен қатар пайыздық мөлшерлеменің барлығы бір-біріне ұқсас түрде өзгертіледі деген жорамал да шектеу болып табылады.

Бағалық тәуекел – бұл нарықтық бағалардағы өзгеріс нәтижесінде қаржылық құрал құнында болатын өзгерістер тәуекелі және бұл жағдай жекелеген бағалы қағаз немесе оның эмитенті үшін ерекше факторлармен не болмаса рынокта айналымдағы бағалы қағаздардың барлығына ықпал ететін факторлардан туындайтындығына байланысты емес. БТА банк тәуекелге рыноктағы оның өнімдеріне ықпал ететін жалпылама немесе арнайы өзгерістер әсеріне байланысты бағалық тәуекелге ұшырап отырады.

Бағалық тәуекелді шектеу мақсатымен БТА банк сауда портфелінің потенциалдық шығындарын азайту мақсатымен сауда портфеліндегі әрбір жекелеген бағалы қағаз бойынша ең жоғарғы шығын (stop-loss) лимитін белгілейді. Бағалық тәуекелді бағалау Банк іс жүзіндегі шығындар VaR мәніне сәйкес келетін шығындар деңгейінен артуы мүмкін жағдайда бір күн ішінде өзіне қабылдай алатын күтілген шығындар деңгейіне Expected shortfall (ES) лимиттерін белгілеу арқылы VaR әдісінің негізінде жүзеге асырылады.

VaR есептеулері мынадай параметрлердің негізінде жүргізіледі:

есептік кезең – 252 жұмыс күні;

сенімділік интервалы – 95%;

пайдаланылатын әдіс – тарихи модельдеу әдісі.

БТА банк 2011, 2010 және 2009-шы жылдардың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес бағалық тәуекелді болымсыз деп санайды, соған байланысты сандық ақпаратты ашудың қажеті жоқ.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру курстың қолайсыз өзгеру ықтималдығымен айрықшаланады, активтер мен пассив құндарының қаншалықты зиян шегетінін тергеу жұмысын атқарады. Валюталық тәуекелдерді сақтандыру банктің ашық валюталық позициясының ахуалымен немесе байлығымен ерекшеленеді, яғни актив пен пассив құндарының арасындағы айырмашылық берілген валютадағы басқару.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық баланстық позицияны түгендеуде. Егер де банктерде ашық позиция болмаса, яғни берілген валютадағы активтер түгелдей кең ауқым көлемінде шығарылған басқа не сол пассивтермен жабылып, келесі ашық позиция түрлерімен ажыратылады.

Ұзақ-жалпы баланстық және баланстық емес талаптар белгіленген валюта жалпы баланстық және баланстық емес міндеттерді жоғарлатады.

Қысқа жалпы баланстық және баланстық емес талаптар белгіленген валютада жалпы баланстық және баланстық емес міндеттерді төмендетеді.

Жабық позиция – мұнда, қысқа және ұзақ позициялардың құны бір валютада берілген. Банк тәжірибесінде ашық позицияларды күрделі валюталарда сақтайды, әсіресе мына жағдайларда егер олардың курсында жоғарлаған тенденция болса. Егерде курс қозғалысы дұрыс болмаса, банк ұзақ позицияда болады. Байқаусызда нашарлаған валюталардың сақталу кезінде курстық зияндар анықтап белгіленді. Іспеттес ситуация, нашарлаған валютада ашылған қысқа позиция, ол одан әрі жалғасуда. Басқа да варианттарын күтуге болады, әзірше берілген валюта тағы да ұзақ позиция жағдайында кіріс алуға және позицияны жабуға еліктетеді. Алыпсатарлық операциясы жүргізілген тәжірибеде тәуекелділік байқалады, яғни валюталық курс өзгеріп, нашарлайды да төмендейді және зиян, шығындар жоғарылайды. Бұл жағдайды алдын алу үшін шығындарды лимиттеу әдісі қолданылады.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру берілген валютада оның курсының құбылмалығымен және ашық валюталық позициядағы көлемімен бағаланады. Валюталық курс ережесінде нарықтық ауытқуға шалдығу, оданда маңыздысы ұзақ мерзімді курстық болжамның болуы. Валюталық курстың ауытқуы экономика құрлымында шартты; елдегі саясат жағдайы, тенденцияның дамуы, қатысушылардың болжамы, сыртқы нарық жағдайы. Стратегияны түсінуде маңызды ролді үкімет пен орталық банк атқарады.

Маңызды фактор, шартты валюталық тәуекелдерді сақтандыру мемлекеттік тәуекелділік болып табылады. Конвертирлеу дәрежесі оның валютасымен және курс тұрақтылығымен ерекшеленеді.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыруті басқарудағы маңызды әдіс; курс болжамы, шығын лимиті, хеджирование.

Курс болжамында ықпал ететін факторларды ескеру, өтпелі дәуір белгілерін қолдану, курс динамикасының мерзімдік ерекшелігін білу, техникалық анализді қолдану. Рубль курсы күрделі реттеуге шалдыққан, үкіметтің белгіленген стратегиясына және орталық банкке байланысты, нақты тенденция курсының өзгеруін білу өте қиын. Әсіресе девалвация жағдайында болжам беру өте қиын және курстық ауытқуы айрықша 1998 жылғы дағдарыстан бұрынғы мамандардың пікірлері бойынша девалвацияға болжам жасаған бірақ ешкім рубль курсының төмендеуіне ешкім болжам жасай алмады. Валюталық позицияны лимиттеу валюталық тәуекелдерді сақтандыруке шек қояды, валюталардың жағымсыз жағдайға сай өзгеруі банк өзіне қабылданған жағдайда ғана болады. Лимиттер әрбір валютаға қалай бөлінсе, барлық валюталардағы біріккен позицияларда да солай болады. Барлық лимиттер операция жүргізілместен бұрын барлық валюталық диллерлерге персональды лимиттер тағайындалады. Шығын лимиті Stop loss әдісімен ең ақырғы шығынға валюталық операция негізінде шек қояды.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыруті жою үшін хеджирование қолданылады. Сонымен қатар хеджерование тәуекелділікпен түйіндес.

Форвардтық мәміле-болашаққа жасалған келісім, бір жағынан сату, екінші жағынан берілген валюта суммасын белгіленген курсқа сай сатып алу. Келісім шарт банкаралық нарықта белгіленеді және биржалық емес характер жүктеп алады, келісім шарттағы тәуекелділік нарық жағдайындағы курс арасындағы айырмашылыққа тең келеді және курс контрактісіне, мысалы курс USD/RUR 275, ал курс форварды 27,8 сатушы ұтады, валютаны өте жоғары курсқа сатады. Оны сатып алушы ұтылады, өйткені ол нарықтағы бағамен сатып алады және курстың өсуінен сақтандырады, мысалы 28.0 дәрежесіне дейін фьючерстық контракт-биржалық келісім ол да сол жағдайда, бірақ стандартталған параметр түрінде.

Своп-келісім шарт, бұл кезде бір мезгілде сатып алу және бір валютаны екінші бір валютаға сату. Валюталық тәуекелдерді сақтандыру немесе курс шығынының тәуекелділік интерұлттық нарықтық банк операциясымен, трансұлттық түрде жаратылған ұйымдар. Банктік мекемемен және оның диверсификациядағы қызметі және ақшалай шығын мүмкіндігін өзімен бірге көрсетуге нәтижесінде валюталық курсқа шек қоюмен байланысты. Валюталық тәуекелдерді сақтандыру басқарудағы бірінші тәсіл жетпісінші жылдары орын алған. Ол кезде курстың кіріспесі болды. Өзінің қыры жағынан валюталық тәуекелдерді сақтандыру құрылысы келесідей жағдайлармен сипатталады.

а) Коммерциялық, яғни төмендеу немесе борышқордың өз міндеттері жөнінде есеп айырысуының мүмкін еместігі.

б) Конверционды, яғни валюталық шығындардағы тәуекелділік нақты операциялармен байланысты. Бұл тәуекелділік нақты келісім шарттағы тәуекелділікпен құрылады.

Пайыздық тәуекелді сақтандыру – бұл банктің пайыздық ставкасын нашар өлшеуге әсер етеді және қаржылық жағдайын реттеп отырады. Бұл тәуекелділік “БТА банкі” АҚ табысына, экономикалық активтеріне, міндеттемелеріне және балансталмаған құралдарына әсерін тигізеді.

Банктер ұстанатын пайыздық тәуекелдерді сақтандырутің формалары мынадай:

  1. Жаңа бағаны құру тәуекелділігі. Бұл тәуекелділік банктік актив, пассив және балансталмаған позицияларына байланысты жаңа бағаны құру және пайыздық ставкалардың өзгеру мерзімдеріне байланысты пайда болады;

  2. Қисық табыстылықты өлшеу тәуекелділігі. Бұл қисық табыстылық формалары мен олардың сызылу бағыттарының өзгеруіне байланысты (сызба түрінде қарағанда) пайда болады;

  3. Базистік тәуекелділік. Бұл төленген және пайда болған пайыздардың әртүрлі құралдары корреляциясына байланыс пайда болады;

  4. Опционды тәуекелділік. Бұл банктік актив, пассив және балансталмаған портфелдеріндегі опциондар тікелей көріне бастағанда пайда болады.

Пайыздық ставкаларды өлшеу болашағы банктің қаржылық жағдайының нашарлауын қарастырып қана қоймай, сонымен бірге осы жағдайдың жақсаруын қарастырады. Пайыздық тәуекелдерді сақтандыруті өлшеу және олардың басқару кезінде банктің қаржылық жағдайын нашарлауын да жақсаруында қарастыру қажет. Пайыздық тәуекелдерді сақтандырутің әртүрлі формалар келесідей 6 сурет бойынша қарастырайық. Пайыздық тәуекелдерді сақтандыруті басқару активтерді (несиелер мен инвестициялар) және пассивтерді (қарыздық қаражаттары) басқарудан тұрады.

DrawObject3









Сурет 6 - Пайыздық тәуекелдерді сақтандырутің формалар


Активті операциялар бойынша тәуекелдерді басқару банктің өзінің өтімділігінен, клиенттерінің бағалы қағаздарының портфелінен, сондай – ақ бәекелестіктің дәрижесінен (бағалық және бағалық емес) байланысты, ал пассивті операциялар бойынша тәуекелдерді басқару ссудалар беру үшін қолдағы қаражаттарының бар болуына байланыс болады.

Пайыздық тәуекелдерді сақтандырутерді басқарудың бірнеше концепциясы бар:

  1. банктің пайыздық маржасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайыздық тәуекелдерді сақтандыру төмен. Басқаша айтқанда, маржа активтен болған пайыздық табыс және пайыздық шығын арасында жағымды болуы қажет;

  2. «Спрэд» концепциясы, бұнда алынған активтер бойынша орта ставкасы мен пассив бойынша төленген орташа ставкасы арасындағы айырмашылықтарына талдау жасалады. Бұл айырмашылықтар осы екі көлемдердің арасынға жоғары болса, сонша пайыздық тәуекелдерді сақтандыру төмен болады.

Пайыздық тәуекелдерді сақтандырутің деңгейі мыналарға байланысты болады:

  • нарықтағы баға динамика, тұрақсыз ставка және несиелер мен инвестиция көлемдерінің қатынасын қосқандағы активтер портфелінің өзгеруі;

  • пассивтер құрылымдарының өзгеруі, яғни қайтаруға дейінгі депозиттердің, меншік және қарыздық қаражаттардың және жинақтаушы депозиттеердің арсындағы қатынастарының өзгеріске ұшырауы;

  • пайыздық ставканың динамикасы.

БТА банкі” АҚ пайыздық тәуекелдерін азайтуға банк қызметіне байланысты стратегия қарастыралады (Кесте 16 )


Кесте 16 - “БТА банкі” АҚ пайыздық тәуекелдерін азайту тәсілдері.

Р/с

Жағдай

Ұсыныстар

1.

Жеткілікті пайыздық ставкалардың жоғарылауы байқалуда.

  • Заемдық қаражаттардың мерзімінің ұлғаюы;

  • Нақтыланған пайыздық ставкасы бар несиелер қысқарту;

  • Инвестиция мерзімін қысқарту;

  • Инвестицияның мерзімін қысқарту;

  • Ұзақ мерзімді қарыздарды алу;

  • Кейбір тәуекелділігі бар несиелік желілерді жабу.

2.

Жақын маңда пайыздық ставкалардың максимумға дейін өсі байқалуда

  • Заемдық қаражаттар мерзім қысқартуды бастау;

  • Инвестиция мерзімін ұзартуды бастау;

  • Нақтыланған ставкалы несиелер үлесін ұлғайтуды бастау;

  • Бағалы қағаздардағы инвестиция үлесін ұлғайтуға дайындалу;

  • Қарызды ұзақмерзімді уақытта жабу мәселелерін қарастыру;

3.

Жеткілікті жоғары пайыздық ставкалардың төмендеуі байқалуда

  • Заемдық қаражаттардың мерзімін қысқарту;

  • Несиелер үлесін ұлғайту;

  • Инвестиция портфелінің көлемі мен мерзімін ұлғайту;

  • Жаңа несиелік сызықтарды ашу.

4.

Пайыздық ставкалар төмендеуде, олар минимумға жақын

  • Заемдық қаражаттардың мерзімін ұзартуды бастау;

  • Инвестиция мерзімін қысқартуды бастау;

  • Тұрақсыз ставкалы несиелердің нақты көлемін ұлғайту;

  • Бағалы қағаздар бойынша инвестицияларды қысқарту;

  • Нақтыланған табысы мен ставкасы бар активтерді таңдамалы таңдау.



2.3 Банктегі сақтандыру және операциялық тәуекелін талдау


Сақтандыру тәуекелі дегеніміз БТА банктің күтулеріне қатысты сақтандыру сәтіндегі сақтандыру оқиғаларының уақыт ішінде өзгеруіне, жиілігіне немесе күрделілігіне байланысты тәуекел. Сақтандыру тәуекелі Қазақстан Республикасында шоғырланған.

Сақтандыру және баға түзілу тәуекелі. БТА банк қабылдануы мүмкін, классы, табиғаты және қызмет түрі бойынша сақтандырудың егжей-тегжейін көрсететін сақтандыру жөніндегі нұсқауларды, өнімнің түрлері және сауда маркалары бойынша баға саясатын, сондай-ақ полистерді құрастыруды және бұдан кейінгі кез-келген өзгерістерді орталықтандыра бақылауды пайдалана отырып сақтандыру және баға түзілу тәуекелін басқарады.

Өтемдерді басқаруға байланысты тәуекел. Өтемдер сәйкессіз түрде реттеулі немесе төленуі мүмкін екені тұрғысынан тәуекелді басқару АТ жүйелердің бірқатар бақылауларын және тәжірибелі қызметкерлер қолмен жүзеге асыратын бақылауларды пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл жан-жақты саясаттармен және рәсімдермен қатар барлық өтемдер тиісті түрде және дұрыс нысанда, дер кезінде реттеледі деген сенімділікті қамтамасыз етеді.

Қайта сақтандыру тәуекелі. Қайта сақтандыру негізгі зілзалалардың әсерінен қорғану үшін немесе жекелеген елеулі өтемдер кезінде күтілмеген ауқымдарға немесе қолайсыз ағымдарға қарсы және БТА банк үшін қабылдауға тұрарлық тәуекел мөлшерінен артық тәуекелді аудару үшін пайдаланылады. БТА банк үшін қабылдауға тұрарлық тәуекел мөлшерінен артық тәуекелді қайта сақтандыру контрагент қаржылық тұрғыда қорғалған компания болып табылған және қайта сақтандыру сыйлықақысы пайдалы болған жағдайда ғана тиімді болмақ. Акцептіленуі мүмкін болатын қайта сақтандырушылар, арнаулы бекітілген жағдайларды қоспағанда, А немесе одан жоғарғы рейтингке ие.

Резервтерді жасақтау тәуекелі – резервтерді жасақтау тәуекелі сыйлықақыларға да, өтемдерге де қатысты. Резервтердің дұрыс бағаланбауы салдарынан өтемдерді төлеу немесе оларды реттеу талап етілуі ықтимал болған жағдайда, бұл қаржы тапшылығына алып келу тәуекелі бар. Өтемдер туралы ақпарат резервтерді жасақтау тәуекелінің тарихи сипаты туралы мәліметтер береді.

Сақтандыру өтемдеріне резервтер, залал туралы хабарламалардың реттелмеу мүмкіндігін және ұқсас өтеулер бойынша тәжірибенің негізінде қазіргі сәтте бар ақпараттың негізінде жасақталған. 2011, 2010 және 2009 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жылдар үшін сақтандыру өтемдерін төлеу резервтерінің қоғалысы 17 кестедегідей түрде берілген.


Кесте 17 - 2011, 2010 және 2009 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жылдар үшін сақтандыру өтемдерін төлеу резервтерінің қоғалысы


2011, 2010 және 2009 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жылдар үшін әлі алынбаған сақтандыру сыйлықақысы бойынша резервтер қозғалысы 18 кесте түрінде берілген.


Кесте 18 - 2011, 2010 және 2009 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жылдар үшін әлі алынбаған сақтандыру сыйлықақысы бойынша резервтер қозғалысы

Сақтандыру қызметінен алынған табыс және сақтандыру қызметінен алынған шығыстар 19,20 кестедегідейді құрады.


Кесте 19 - Сақтандыру қызметінен алынған табыс


Кесте 20 - Сақтандыру қызметінен алынған шығыстар


Операциялық тәуекелдерді басқару. БТА банк өз қызметі барысында операциялық тәуекелге тап келу ықтималдығы бар. Қалыптан тыс ішкі үдерістер, жүйелер, адами фактор немесе сыртқы оқиғалардың салдарынан шығынға ұшырау тәуекелі операциялық тәуекел болып табылады. Операциялық тәуекелді басқару Банктің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Банктің Тәуекел-менеджмент қызметінің құрамындағы операциялық тәуекелді басқару жөніндегі бөлімше өз қызметінде операциялық тәуекел-менеджменттің мынадай алуан түрлі құралдарын жасап қолданады:

Банк бөлімшелерінің операциялық тәуекелдер мен ішкі бақылауды өзі бағалауы. 2011 жыл ішінде Банк ішкі бақылау жүйесін өзі бағалау құралын жетілдірді, ол Банк бөлімшелерінің егжей-тегжейлі тәуекелдер картасын жасауға мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ең елеулі тәуекелдер бойынша бақылаулардың тиімділігін жақсартуға бағытталған тиісті іс-шаралар әзірленді.

Банкте жаңа өнімдерді/қызметтерді, жүйелер мен бизнес-үдерістерді қолданысқа енгізген кезде операциялық тәуекелдің бар-жоқтығы бағаланады. 2011 жылы мұндай бағалауды мейлінше құрылымдандырылған түрде жасауға мүмкіндік беретін жаңа үлгі жасалды.

Банктің операциялық тәуекелдері жүзеге асырылатын оқиғаларды жинақтау және талдау тұрақты жүргізіліп отырады. Бұл оқиғалар тіркеледі және арнаулы мәліметтер базасында тиісті түрде жіктеледі, базаның ақпараты бұдан әрі операциялық тәуекелдерді азайту/шығындардың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарастырылып отырған кезеңде операциялық тәуекелдер бойынша Басқарма мен Директорлар кеңесіне ұсынылатын басқарушылық есептеменің жүйесі пысықталды, ол кең ауқымды филиалдар желісін қоса, бүкіл Банктің операциялық тәуекелінің деңгейін ескере отырып ақпаратты мейлінше құрылымдалған түрде ұсынуға мүмкіндік берді.

Банк сондай-ақ операциялық тәуекел-менеджменттің құралы – Тәуекелдің шешуші индикаторларын (ТШИ) одан әрі дамыта түсуде. Индикаторлар мен олардың деңгейлері мезгіл-мезгіл қайта қаралып/жаңғыртылып отыруға тиіс және басқарушылық есептеменің құрамды бөлігі болып табылады.

Бұған қоса, банктік БТА банктің іс-қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету аясында алдын-ала болжанбаған жағдаяттар тындаған кезге арналған Банктің резервтік алаңы жасақталды.

Комплаенс-тәуекелді басқару Комплаенс-тәуекел – Банк үшін қолайсыз залал-зардаптар туындау, оның ішінде шығындарға (залалдарға) ұшырау және Банктің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, ережелерді, реттеу талаптарын, күні бұрын жинақталған тәжірибені, Банктің ішкі рәсімдері мен саясаттарын, сондай-ақ этикалық стандарттарды, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, нарықта өзін-өзі ұстау бойынша, мүдделер қайшылығын реттеу бойынша, клиенттерге адал қызмет көрсету бойынша, клиенттерге жоғары сапалы кеңес беру бойынша стандарттарды бұзу немесе орындамау салдарынан Банктің іскерлік беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін болатын қазіргі жағдайда бар және келешекте туындауы ықтимал тәуекел деп Банк айқындайды.

Корпоративтік басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ комплаенс-тәуекелді бағалау және бақылау мақсатында Банкте Compliance Division басқармасы құрылған.

Compliance Division басқармасы өз қызметінде Compliance – бақылаушыға есеп беретін, ал оны өз кезегінде лауазымға Банктің Директорлар кеңесі тағайындайтын, тәуелсіз бөлімше болып табылады.

Compliance Division басқармасының басты мақсаты мен функциялары мыналар:

1) комплаенс-тәуекелді сәйкестендіру, бағалау және Банктің құрылымдық бөлімшелеріне, Банк басшылығына комплаенс-тәуекелді азайтуға және басқаруға бағытталған нұсқаулар ұсыну;

2) Банктің заңсыз жолмен алынған табысты жария етуге (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет жасауға бағытталған іс-шараларды сақтауын қамтамасыз ету (ЗТЖ/ЛҚ).

Болуы ықтимал комплаенс-тәуекелдерді азайту мақсатында Compliance Division басқармасы мынадай іс-шараларды жүргізеді:

1) Банк бөлімшелерінің өз қызметінің ҚР заңнамасының талаптарына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан өзін-өзі бағалау құралын қолдануын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Комплаенс-тәуекелдерді өзі бағалау бойынша есеп Банк Басқармасының қарауына жолданады.

Банк бөлімшелерінің өз қызметін өзі бағалау қорытындысы бойынша өзін-өзі бағалау барысында анықталған тәуекелдер деңгейін төмендету іс-шараларының жоспары жасалады, оның орындалуын Compliance Division басқармасы бақылайды;

2) Банкте оған тән комплаенс-тәуекелдерді сәйкестендіру және деңгейін бағалау жүргізіледі, Банкте бар бақылау жүйесінің тиімділік деңгейі бағаланады, қалдық комплаенс-тәуекелдердің деңгейі айқындалады.

Мұндай бағалаудың нәтижелері тиісті есеппен рәсімделеді және Басқарма мен Директорлар кеңесіне жолданады. Бақылау тиімділігін жақсарту және қалдық комплаенс-тәуекелдердің деңгейін төмендету үшін іс-шаралар жоспары жасалады, оның орындалуын Compliance Division басқармасы бақылайды.

Compliance Division басқармасының басты мақсаттарының бірі Банк қызметінің ҚР заңнамасының ЗТЖ/ ЛҚ бөлігі бойынша талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады, ол үшін Банкте мынадай процедуралар жүргізіледі:

1. Клиенттермен іскерлік қарым-қатынас орнатар алдында клиенттерді тиісті түрде тексеру («Know your customer» – «Өз клиентіңді біл» рәсімін өткізу (KYC). Клиентті тиісті түрде тексеру бойынша шара қолдану мүмкін болмаған жағдайда мұндай клиентпен іскерлік қарым-қатынас орнатылмайды, операциялар жүргізілмейді.

2. Қаржылық мониторинг субъектісі болып табылатын Банк ҚР заңнамасының ЗТЖ/ЛҚ бөлігі бойынша талаптарына сәйкес Банк клиенттерімен жүргізілген, қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы және сезікті операциялар туралы уәкілетті органды хабарландырады.

Ойластырылған технологиялар, схемалар мен сценарийлердің негізінде қаржылық мониторингке жататын операциялар мен сезікті операция ларды айқындауға және мәліметтерді уәкілетті органға жіберуге мүмкіндік беретін, қажетті ақпараттық жүйелер бар.

3. Compliance Division басқармасы ЗТЖ/ЛҚ мәселелері бойынша Банк қызметкерлерін тұрақты оқыту жүргізеді. 2011 жылы ЗТЖ/ЛҚ мәселелері бойынша және халықаралық экономикалық санкциялар бойынша оқыту жүргізілді. Жоғарыда аталған іс-шаралар жауапты қызметкерлердің ЗТЖ/ЛҚ рәсімдері бойынша хабардарлық деңгейін көтеруге бағытталған, бұл да Банктің ЗТЖ/ЛҚ бойынша талаптарды сақтамауына байланысты комплаенс-тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Compliance Division басқармасы Банктің инсайдерлік ақпаратты пайдалану мәселелерін реттейтін

ҚР заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландияның Листинг жөніндегі агенттігінің талаптарына сәйкестік мақсатында инсайдерлік ақпаратты пайдалану және ашу тәртібін айқындайтын, инсайдерлер тізімін жүргізу тәртібін реттейтін құжатты қайта қарады. Сонымен қатар құжатта Банк инсайлерлеріне белгіленген шектеулер, инсайдерлік ақпаратты пайдалануды бақылау, инсайдерлік ақпаратты жария еткені үшін жүктелетін жауапкершілік алдын-ала қарастырылған.

Көрсетілген құжатқа сәйкес Банк инсайдерлер тізімін жүргізеді. Инсайдерлер инсайдерлік ақпаратты жария етпеу туралы хат-міндеттемелерге қол қойды.

Капиталды басқару 2011 жылы Банк Топқа кіретін барлық ұйымдардың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және заемдық және жеке қаражаттың арақатынасын оңтайландыру мақсатымен капиталды басқаруды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырды. Есептік кезең ішінде Банк реттеушінің нормативтерімен және Капитал туралы Базель келісімінің талаптарымен капиталға қатысты қойылатын талаптардың сақталуына бағытталған жұмыстарды жүзеге асырды.

Банк капиталындағы 2011 жылғы елеулі өзгеріс Банктің 2011 жылғы 30 наурызда қарапайым акцияларға опционды сатуына байланысты болды, соның нәтижесінде бұған дейін «Самұрық-Қазынаға» тиесілі болған 259 064 909 қарапайым акцияның 213 000 000 дана қарапайым акциясын Банк 27 млрд. теңгеге және 46 064 909 қарапайым акцияны «Алмэкс» 5.8 млрд. теңгеге сатып алды. Бұл ретте Банктің қарапайым акцияларына опционды Банктің сатуына байланысты жарғылық капиталы 39.8 млрд. теңгеге азайды (акцияларды сатып алу сомасы екі бөлікке бөлінді: 27 млрд. теңге «Самұрық-Қазынаға», 12.9 млрд. теңге «Алмэкске» талап ету құқығынан шегіну шартына сәйкес төленді). «Самұрық-Қазына» АҚ бүгінгі күні Банк акционері қалпында қалып отыр және Банктің 196 232 499 дана артықшылықты акцияларын иеленеді.

Банк 2011 жылғы желтоқсанда Банк акционерлерінің шектеусіз тобына орналастырылған артықшылықты акциялары мен Банктің қарапайм акцияларына айырбасталатын артықшылықты акцияларының (бұдан әрі – Артықшылықты акциялар) бір бөлігін сатып алуға оферта ұсынды. Акционерлердің сатып алуға жариялаған Артықшылықты акцияларының жалпы көлемі мен бағасы Банк жариялаған көлем мен бағаның индикативтік көрсеткіштеріне сәйкес келмеуге байланысты Банк Артықшылықты акцияларды Банк акционерлерінің шектеусіз тобынан сатып алуды жүзеге асырмау жөнінде шешім қабылдады.

2013 жылдан 2019 жылға дейін Базель III келісіміне сәйкес банктердің капиталын кезең-кезеңмен реформалау жоспарлануда, бұл келісімге сәйкес банктердің капиталының жетімділігіне қатысты мейлінше жоғары талаптар қойылып отыр. Бұл ретте Базель III банктердің капиталын реформалауды көздейді. Банктің пікірінше, жаңа стандарттарға көшу Банктің капиталын қосымша ұлғайту қажеттігіне алып келмейді.

Инвесторлармен жұмыс Банк акционерлермен, инвесторлармен және тәуелсіз талдаушылармен (IR) қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударады. 2011 жылы Банк алты инвесторлық конференцияға, роуд-шоуға және инвестициялық форумға қатысты.

Банк қол жетімді қазіргі заманғы технологияларды пайдалана және жетекші әлемдік тәжірибеге бағдар ұстай отырып, инвестициялық қоғамдастықпен өз жұмысын одан әрі етілдіре түсуді жоспарлауда. Миноритарлық акционерлермен жұмыс Банкте миноритарлық акционерлермен ықпалдастық жүйесі тұрақты жетілдіріле түсуде, соның арқасында акционер өзі үшін ыңғайлы кез-келген тәсілмен өз сұрағын қоя және қажетті кеңесті ала алады (хатпен және/немесе электрондық почта арқылы). Миноритарлық акционерлердің арыз-өтініштерінің және олардың арман-тілектерінің құрамы тұрақты талданады, оның негізінде әрекет етуші байланыс арналары жетілдіріледі және жаңалары пайда болады. Банк өз акционерлерін барлық маңызды жаңалықтар мен жоспарланып отырған іс-шаралар туралы Банктің корпоративтік сайты арқылы және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сайты арқылы тұрақты хабардар етіп отырады.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау Рөлдер және жауапкершілік Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөліктері бойынша функциялар Банкте былайша бөлінген (Сурет 7):

Директорлар кеңесі ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша банк қызметіне стратегиялық басшылықты жүзеге асырады, тәуекелдерді басқару бойынша саясатты бекітеді және мезгіл-мезгіл қайта қарап отырады, ірі мәмілелер мен байланысты тараптармен арадағы мәмілелерді қарастырады. Директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау мәселелері бойынша жұмыс органы Аудит жөніндегі комитет болып табылады.

Басқарма тәуекелдерді басқару саясаттарының жүзеге асырылуы үшін жауапты орган болып табылады. Банкте Басқармаға есеп беретін және тәуекелдерді басқару және бақылау бойынша түрлі функциялар орындайтын мынадай шешуші комитеттер жұмыс істейді: кредиттік комитеттер (Коммерциялық Дирекция (Бас Банктің Кредиттік комитеті), Филиал желісінің Кредиттік комитеті, Бөлшек кредиттік комитет, Проблемалы кредиттер жөніндегі комитет), Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет (АПКОМ).

Тәуекел – менеджмент және комплаенс тәуелсіз қызметтері кредиттік, операциялық, нарықтық және комплаенс тәуекелдер мен өтімділік тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау, бақылау және қадағалауды қамтамасыз етуші тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру үшін жауап береді. Тәуекел-менеджмент және комплаенс қызметтерін Тәуекел-менеджмент басшысы, Compliance-бақылаушы басқарады, ол Басқарма Төрағасына бағынады және және Директорлар кеңесіне тікелей есеп беру құқығына ие.

Тәуелсіз бақылау функциясын атқарушы ретінде Ішкі аудит Банк пен оның еншілес ұйымдары қызметінің барлық аспектілері бойынша тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің лайықтығы мен тиімділігін бағалайды. Ішкі ау-дит қызметі Аудит жөніндегі комитетке және Директорлар кеңесіне есеп ұсынады, Басқармамен бірлесіп тәуекелдерді азайту және ішкі бақылау жүйесін жақсартуға арналған іс-шаралар жоспарын жасайды.

Сондай-ақ Банктің құрылымдық бөлімшелері өз қызметтеріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, бақылаулардың тиімділігі және өз қызметінің үздіксіздігі үшін тікелей жауап береді. Үш қорғаныс сызығының негізінде тәуекелдерді басқару жүйесі Банктегі тәуекелдерді басқару үш деңгейлі қорғаныс жүйесінің базасында құрылады. Бірінші қорғаныс сызығына топ-менеджмент және құрылымдық бөлімшелер, екінші қорғаныс сызығына – тәуекел - менеджмент комитеттері/ тәуекел - менеджмент қызметі және Compliance, үшінші қорғаныс сызығына – ішкі аудит жатады.

Банктегі бірінші қорғаныс сызығы Банктің түрлі бизнес-құрылымдарының күнделікті операцияларды дұрыс орындауын қамтамасыз ету үшін жасалған бақылаулардан құралады. Бақылауларды бизнес-құрылымдар әзірлейді және бизнес үдерістердің ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылаулардың айқын дизайны тәуекелдерді азайту және ішкі құжаттардың талаптарын сақтау үшін, сондай-ақ сыртқы реттеу талаптарын сақтау үшін лайықты деңгейі болуы қажеттігін меңзейді. Бақылауларды басқару және мониторингті бөлімшелердің өздері жүзеге асырады, ол бизнес-құрылымдардың тәуекелдерді, бизнес үдерістердің әлсіз жақтарын, болуы мүмкін болжаусыз оқиғаларды анықтай алу және оларға дер кезінде жауап қату қабілеттілігі болуы қажеттігін болжайды.

Екінші қорғаныс сызығына тәуекелдерді басқару комитеттері және тәуекел – менеджмент қызметі және Compliance жатады. Тәуекел –менеджмент комитеттері мен қызметі белгіленген тәуекел-тәбет шеңберінде тәуекелдерді басқару үшін жауап береді. Екінші қорғаныс сызығының негізгі буыны тәуекел –менеджмент қызметі болып табылады. Лайықты бақылаулар деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекел – менеджмент қызметі тәуекелдерді (кредиттік, қаржылық, операциялық) бағалау, тәуекелдер мониторингі рәсімдерін айқындайды. Тәуекел –менеджмент қызметі тәуекелдерге тұрақты тәуелсіз мониторинг жүргізеді, бірінші қорғаныс сызығы деңгейінде тәуекелдерді тиімді басқару үшін бақылау құралдарын әзірлейді, Compliance қызметімен бірлесе отырып бизнес-бөлімшелерге тиісті салалардағы реттеу талаптарына сәйкестікке қатысты қолдау көрсетеді.

Үшінші қорғаныс сызығы ішкі бақылау ортасының тиімділігін тәуелсіз түрде растау функциясын білдіреді. Үшінші қорғаныс сызығына ішкі аудит қызметі жатады. Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесін аудиторлық тексерулер жоспарының негізінде жүргізеді, ол өз кезегінде түрлі бөлімшенің қызметіне тән тәуекел деңгейіне негізделеді. Аудиторлық тексерулер жоспары бірінші, екінші және үшінші қорғаныс сызықтарын қамти отырып Банктегі жалпы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.

Банк қызметіне тән тәуекелдерді толығымен жоққа шығару мүмкін еместігін банк мойындайды. Алайда Банк қолданысқа енгізілген тәуекелдерді басқару жүйесі оларды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді деген сенімде.




Сурет 7 - Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау


Сақтандыру бойынша келісім-шарттар – егер болашақтағы көрсетілген белгісіз оқиға сақтандыру полисін ұстаушыға теріс әсер ететін болса, сақтандыру полисінің ұстаушысына өтемақы төлеуге келісім берумен қоса екінші тараптан едәуір сақтандыру тәуекелін беретін келісім-шарттар. БТА банк Қазақстандағы сақтандыру компаниялары үшін ҚҚК белгілеген есепке алу саясатын пайдаланады.

БТА банк мүлікті сақтандыру, жазатайым жағдайдан сақтандыру, құқықтық жауапкершіліктен сақтандыру, жеке басты сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша түрлі өнімдер ұсынады.

Андеррайтингтен түсетін табыс

Андеррайтингтен алынатын табыс еңбекпен өтелмеген сыйлықақы резервіндегі таза өзгеріс шегерілген қайта сақтандыруға берілгеннен алынған комиссиялар мен сақтандыру бойынша таза сыйлықтан тұрады.

Келісім-шарттың әрекеті басталғанннан кейін сыйлықтар полисте көрсетілген сомада есепке алынады және сақтандыру шартының әрекет ету кезеңі ішінде тепе-теңдік негізде табысқа жатқызылады. Еңбекпен өтелмеген сыйлықтар резерві сақтандыру шартының аяқталмаған мерзіміне жататын барлық қабылданған сыйлықтардың бөлігін құрайды және қоса берілген қаржылық жағдай туралы біріктірілген есепте сақтандыру талаптарын реттеу резервіне қосылады.

Шығындарды реттеу бойынша залалдар мен шығындар пайдалар мен шығындар туралы есепте олардың шығуына қарай болуы мүмкін пайдалар мен шығындар резервін шығындарды реттеу бойынша қайта бағалау арқылы есепке алынады және қоса берілген пайдалар мен шығындар туралы біріктірілген есепте іске асырылған сақтандыру төлемдері құрамына қосылады.

Қайта сақтандырушылармен келісім-шарт бойынша алынған комиссиялар қайта сақтандыру шартына қол қойған және ол күшіне енген сәттен бастап табыс ретінде есепке алынады.

Сақтандыру полисін сатып алу құны жаңа бизнесті ашумен тікелей байланысты және түрленеді, мерзімі кейінге қалдырылған болып табылатын және сақтандыру активтерінің құрамында қоса берілген қаржылық жағдай туралы біріктірілген есепте сақтандыру активтерінде көрсетілетін сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленген комиссиядан тұрады. Мерзімі кейінге қалдырылған сатып алу бойынша шығындарға жататын активтер соңынан тиісті сыйақы еңбегі ақталған кезең ішінде амортизацияланады және оның баланстық құнының орны толатын болмауы мүмкін жағдайларда құнсыздануы тұрғысынан текксеріледі. Егер актив сомасы орны толтырылатын құн сомасынан көп болса, ол дереу есептен шығарылады. Қалған өзге шығындар пайда болу ретіне қарай шығын болып танылады.

Сақтандыру қызметі бойынша мүмкін болатын шығындар және сақтандыру шығындарын реттеу шығындары қоса беріліп отырған қаржылық жағдай туралы біріктірілген есепке қосылған және әлі реттелмеген есептік күнге дейін сұратылған шығындардың ақысын төлеуге болжанған сома және болған, бірақ есептік кезеңге жатқызылатын жарияланбаған шығындар бойынша бағалауға негізделген.

Өткен, бірақ тапсырылмаған автокаско және жауапкершілікті сақтандыру бойынша «РПНУ» шығындар резерві актуарлық негізде анықталады және бизнестің санаттар мен қосалқы санаттар шығындары пайда болуы үшін қалыпты кезең үшін сақтандыру төлемдері бойынша статистикалық деректерге және БТА банктің алдыңғы тәжірибесіне негізделген.

Алдыңғы тәжірибенің жоқтығы және бизнестің басқа бағыттары бойынша салыстырмалы салалық деректердің болмауы себебінен «РПНУ» резерві (резерв произошедших, но не заявленных убытков – келтірілген, бірақ жарияланбаған шығындар) ҚҚК ұсынған нұсқаулықты қолдану арқылы анықталған. Осы басшылыққа сәйкес «РПНУ» бойынша резерв бизнестің әр бағыты бойынша шығындар есептемесінде нақты көрсетілген шығындар шегерілген күтілген шығын коэффицентін пайдалану арқылы есептеледі.

Мұндай бағалауларды анықтау тәсілі және соның нәтижесінде алынған резервтерді жасау тұрақты түрде қайта қаралып және жаңартылып отырады. Осының нәтижесінде алынған түзетулер олар анықталған кезеңде пайда мен шығындар туралы біріктірілген есепте көрінеді.

БТА банк өзінің әдеттегі қызметін іске асыру барысында қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асырады. Қайта сақтандыру туралы мұндай келісім бизнесті одан әрі әртараптандыруды қамтамасыз етеді, басшылыққа тәуекелдерді сақтандыру нәтижесінде пайда болатын ықтимал шығындарды бақылауды іске асыруға мүмкіндік береді және өсімге қол жеткізу үшін қосымша мүмкіндік туғызады.

Қайта сақтандыру активтері басқа қайта сақтандыру компанияларының төленген және төленбеген шығындар үшін берешек сомасынан және шығындарды реттеуге жұмсалатын шығыстардан, сондай-ақ әлі алынбаған сақтандыру сыйлығынан құралады. Қайта сақтандырушылардан алынатын ақша сомасы қайта сақтандыру полистеріне байланысты сақтандыру өтемдерін төлеуге жұмсалатын шығын ретінде бағаланады. Қайта сақтандыру активтері егер қайта сақтандырушыдан алынған комиссияға қарсы есепке алу құқығы жоқ болса, жиынтық сомамен ескеріледі және қоса берілген қаржылық жағдай туралы біріктірілген есепте сақтандыру активтерінің құрамына енгізіледі.

Қайта сақтандыру бойынша келісім-шарттар сақтандыру тәуекелі едәуір шығынның ақылға сыйымды мүмкіндігі ретінде анықталғанына, ал уақыттық тәуекел БТА банктің қайта сақтандырушыға берген ақша қаражатының қозғалысы мерзімінің едәуір ауытқуының ақылға сыйымды мүмкіндігі ретінде анықталғандығына көз жеткізу үшін қайта бағаланады.

БТА банк өзінің қайта сақтандыру активтеріне құнсыздану мәні бойынша үнемі бағалау жүргізеді, егер БТА банк келісім-шарт талаптары бойынша өзіне тиесілі соманы ала алмауы мүмкін болса және бұл оқиғаның қайта сақтандырушыдан БТА банктің алатын сомасына сенімді анықталған әсері бар екендігі туралы объективтік куәландыру болса, қайта бағаланатын актив құнсызданады. Сақтандыру шарттары бойынша туындайтын сақтандыру талаптары мен резервтері Сақтандыру шарттары үшін бағалау сақтандыру талаптарының күтілетін түпкілікті құнына қатысты да, сол сияқты есеп жасалатын күнгі РПНУ бойынша сақтандыру талаптарының болашақтағы түпкілікті құнына қатысты да жасалуы мүмкін. Бизнестің кейбір бағыттары үшін РПНУ талаптары қаржылық ахуал туралы есептегі талаптар бойынша резервтің басым көпшілігін құрайды.

Сақтандыру талаптарының түпкілікті құнын айқындау үшін ұзақ уақыт кезеңі талап етіледі. Автокаско және сақтандыру полистері үшін БТА банк жауапкершілігі бойынша талаптарды өтеудің келешек сомаларын болжамдау үшін талаптарды өтеудің өткен ағымдарын пайдалана отырып міндеттемені актуарлық жолмен анықтайды. Жария етілген талаптар құны мен РПНУ бизнестің қалған бағыттары үшін бағалау жүргізгенде басшылық жеткілікті тарихи мәліметтер жоқ болғандықтан, ҚҚК ұсынған ағымдағы мемлекеттік басқаруды қолданады. Осы басқару нұсқаулығына сәйкес РПНУ талаптарының резерві бизнестің әрбір бағыты бойынша күтілетін шығын коэффициентін пайдалана отырып, нақты жарияланған шығындар жиынтығын шегеру арқылы есептеледі.

Сақтандыру талаптарының жалпы резерві ақша қаржысының уақытша құнын есепке алу үшін дисконтталмайды. Талаптардың брутто резервтері және тиісінше қайта сақтандыруды өтеудің тиісті дебиторлық берешегі басшылықта бар ақпаратқа негізделген және түпкілікті сомасы одан арғы ақпарат пен оқиғалар нәтижесіне байланысты өзгеше болуы мүмкін әрі өтеу сомасына түзету жасауға әкеп соғуы мүмкін. Талаптар бойынша нақты тәжірибе баға негізделетін тарихи шаблоннан басқаша болуы мүмкін, осыған байланысты жекелеген талаптардың құны бұрынғы жұмсалған шығындардан өзгеше болып шығуы мүмкін. Резервтер сомасындағы кез келген түзету біріктірілген қаржылық есептеменің қажетті түзетулер белгілі болған және бағалануы мүмкін кезеңде көрсетілетін болады.

Банктің сақтандыру активтері мен міндеттемелері 21,22 кестелерде келтірілген.


Кесте 21 - Сақтандыру активтері




Кесте 22 - Сақтандыру міндеттемелері




2.4 Портфелдік тәуекелдер және жалпы нарықтық бағалардың төмендеу тәуекелі


БТА банкі” АҚ портфелдік тәуекелділігі бағалы қағаздардың барлық түрлері және ссудалардың барлық категориялары бойынша айырылып қалулардан байланысты болып табылады. Протфелді тәуекелділік қаржылық, өтімділік, жүйелі және жүйесіз болып бөлінеді [23].

Қаржылық тәуекелділік келесідей негізде болады: неғұрлым кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және банктердің заемдық қаражаттары көп болса, соғұрлым олардың акционерлері мен құрушылары үшін тәуекелділік жоғары болады. Заемдық қаражаттар қаржыландыру дың тиімді көзі болып табылады, себебі бұл бағалы қағаздарды шығарғаннан гөрі тиімді болады.

Өтімділік тәуекелділігі. Оның балансталманған өтімділіктің тәуекелділі деп атаған дұрыс. Ол қаржылық активтердің төлем қаражатына жылдам айырбастылуының ысыпарсыз жүзеге аспайтынымен байланысты, яғни баланс активі мен пассивінің балансталмауынан ысыраптың болу қаупі бар. Банктер өтімділікті қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы түрін қолданады:

Ішкі өтімділік – бұл жылдам өтетін активтер. Ол үшін нарық тұрақты болуы қажет. Бұл нарық инвестор үшін ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылады. Бұған мемлекеттік бағалы қағаздар – 1, 3, 6, 9, ай мерзіміне арналған қазынашылық вексельдер жатады.