Материалдар / Банктік ресурстарды қалыптастырудың мәні мен ерекшеліктері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Банктік ресурстарды қалыптастырудың мәні мен ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Наурыз 2021
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Банктік ресурстарды қалыптастырудың мәні мен ерекшеліктері.


Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктерінің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең  бастысы, олардың балансы өтімді болуы керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе - теңдіктің сақталуын талап етеді.

  Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банкте жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялар мен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл банктің ресурстар  құрамында тек қана ақшалай  қаражаттар емес, сол сияқты  тауарлы материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіретінін білдіреді.

  Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

  Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және таратылған қаражаттарының жиынтығы.

  Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: банктің меншікті капиталы; банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға  қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болды. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,  коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

  Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Отандық коммерциялық банктер қалыптасқан нарықта өз орнын тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар меншікті  қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.

Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің ерекшелігі келесіде: оның көптеген ресурстары меншікті қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражаты есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің  өз клиенттерімен жұмыс істеу процесінде тартқан қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға алған қаражат жатады.

ҚР-ның Ұлттық Банктің деректері бойынша 2013 жылдың қыркүйек айында банктік мекемелермен халықтан 3 749 653 млн. тенге көлемінде қаражаттар тартылған еді, оның ішінде 2101307 млн.тенгесі ұлттық валютада (56%) салынған еді [1].

Депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке де  пайдалы.  Депозиттердің  көбеюі  ссудалық  капиталды  құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал процентіндегі айырмашылық, банктің еркін (бос) ақшалай қаражатты тарту бойынша және ссудалық капиталды орналастыру бойынша жүргізілген жұмысының сыйақысы болып табылады. Банктер бұл сыйақыны мөлшерін арттыру үшін «жалған салым ақшаны» құру арқылы өзінің ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал, бұл «жалған салым ақшаның» пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.

Ресурстар үшін жүріп жатқан бәсекелестік күресте банктердің қолданатын маңызды құралына әртүрлі процент саясаты жатады, өйткені салым қаражатынан алынатын табыс клиенттерді ынталандырады. Депозиттің процент мөлшерлемесін әрбір коммерциялық банк ҚР ҰБ-ның есептік мөлшерлемесіне, ақша нарығының жағдайына бағдарланып әрі өздерінің депозиттік саясатына қарай дербес белгілейді. Депозиттік шоттың жекелеген түрлері бойынша табыстың шамасы салым ақшаның мерзіміне, сомасын, шоттың өзіндік ерекшелігіне, тиісті қызмет көрсетулердің сипатына ауқымына және клиенттің салым ақша шарттарын сақтауына қарай анықталады.

Салым қаражатын тарту үшін коммерциялық банктер шетелдік тәжірибені қосымша пайдаланылады, оның ішінде:

-    халықтың қаражатын тарту бойынша әр түрлі бағдарламаларды әзірлеу; салымшылар мен клиенттерге кең ауқымды, оның ішіндегі банк сипатындағы қызметті көрсету;

-           «тыныш» мақсатты жарнаманы (пошта, телефон арқылы) пайдалану;

-           салым ақша мерзімі аяқталғанда сыйлықақысы төленетін инвестиция сипатындағы салым ақша бойынша жоғары процент мөлшерлемесін пайдалану;

-          тұрақты салымшыларға «банкке адалдығы үшін» сыйлықақы төлеу;

-          банк пен клиенттің экономикалық мүдделерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін НАУ және САПС сипаттарындағы аралас шотты пайдалану.

НАУ және САПС шоттарына ұқсас шотты отандық коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалардың шотына қызмет көрсету процесінде пайдаланады. Бұл арада жинақ ақша шотынан аударымдарды аудару барысында жинақ ақша шоты бойынша ең аз шамада ұйғарылатын қалдықтьң мөлшерін белгілеу мақсатқа лайықты болады [2].

 

Әдебиеттер:

1.     www.nationalbank.kz

2.     Тагирбеков К.Р. Анализ деятельности коммерческого банка.  М: 2007.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!