жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бақ-бақ дәрілік өсімдік
Ғылыми жоба
Бақбақ - дəрілік өсімдік.
Секция: Адам және табиғат
Жетекшісі: Сыздыкова Ж.К.
Ғылыми жоба орындаушысы: Байжигитова Салия 3 «г» сынып оқушысы
Үлбіреген бақбақ
Үлпілдеген аппақ
Уф!-десем бақбақ
Ұшасың ғой қаптап
«Екібастұз қаласының №18 жалпы орта білім беретін мектеп» -коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Зерттеу тақырыбым: «Бақ-бақ дәрілік өсімдік»
Бағыты: Таза табиғи орта- «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі.
Секция: Биология «Адам және
табиғат»
Орындаушы: 3 «Г» сынып Байжигитова Салия
Ғылыми жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Сыздыкова Жанагуль
Кайратовна
Алғы сөз
3 «Г» сынып оқушысы
Байжигитова Салия «Бақ-бақ дәрілік өсімдік» атты жобасында бақ-бақ
өсімдігінен дайындалатын дәрілердің адам денсаулығына маңызы мен
тигізетін пайдасы, олардың салауатты өмір салтына тигізетін әсерін
үйрене отырып кеңінен қолдануын, қорғап тани білуге негізделген.
Сондай-ақ бақ –бақ өсімдігінен дайындалатын дәрілердің түрлі ауру
түрлеріне тигізетін емдік қасиеті бар екендігі айтылады.
Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы мақсаттары оқушылардың бақ-бақ
өсімдігінен дайындалған дәрілердің адам өмірі үшін маңызы,
қажеттілігі және пайдасы туралы түсінік бере отырып, оны қорғауға
кеңінен қолдануды үйрету.
Сәлия «Бақ-бақ дәрілік
өсімдік» туралы ғылыми жұмысын жан – жақты зерттеп жазған. Әрбір
бөлімдерін өзінің шамасына қарап зерттеген. Алдағы уақытта бұл
жұмысын өмірде және құрбыларымен, сыныптастарымен қолдану,
дүниетану сабақтарында балаларға қосымша материал ретінде
пайдалануға көптеген көмегі
болады.
Ғылыми жетекшісі: Сыздыкова Жанагуль Кайратовна бастауыш сынып мұғалімі
Андатпа
Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Бақ- бақ дәрілік өсімдік» деп аталады.
Дәрілік өсімдіктердің
түрлерін, бақ-бақтың биологиялық қасиеттерін сонымен бірге
өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін сонымен
бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау көзделген.
Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер
пайдасы мол. Өсімдіктердің табиғатта ауаны тазартуы, емдік
қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттеу жұмыстарын
жүргізу.Тақырып мазмұнында бақ-бақ дәрілік өсімдік түрлерінің
алуандығы, ерекше емдік қасиеттері айқын көрсетілген. Оқушы ғылыми
жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер,
ғылыми мақалалардан жинақтаған.
Оқушы бұл материалдарды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында,
өмірде, күнделікті тіршілік барысында пайдалануға болатындығын
дәлелдеп келтірілген.
Сын пікір
Бұл жұмыста оқушы бақ- бақ дәрілік өсімдік түрлерін, сонымен бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау жолдарына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып бақ-бақтан дайындалатын дәрілердің ауру түрлеріне тигізетін емдік қасиеті бар екендігін айта отырып, сипаттама берген. Қазақ халқы ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келгендігін байланысын көрсете білген. Бұл берілген тақырыпты дүниетану пәнінен, сондай-ақ қосымша сабақтарда оқушылардың өсімдіктерге байланысты тақырыптарға қосымша мәлімет түрінде кіріктіріп, жинақ дайындатуға, емдеу әдіс - тәсілдерін кеңінен қолданылу жолдарын үйрету, салауатты өмір салтын ұстану шараларында кеңінен пайдалануға болатын маңызды жұмыс.
Кіріспе
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып бақ- бақ
өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттей бастадым. Менің бұл тақырыпты
таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Мені өсімдік атауының
адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері
қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері
орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің
адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре
алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің
құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер
қолданып келген.
Бақ- бақтың емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді.
Мектеп және қала кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген
мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз
бөлімше дәрігеріммен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін,
қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің
емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады. Жаз айында
өзіміздің елімізде өсетін бақбақты теріп, кептіріп емдік мақсатта
пайдаландым. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі
себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері
көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу
жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай
аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани
бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы
өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты
өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты
пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей
ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану,
оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты
мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,
сол мәселені шешу жолдарын
іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы
қорғанысында.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты бақ- бақ өсімдігінің түрлерін, олардың биологилық ерекшеліктерін зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Өсімдіктердің табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу. Оны мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау;
- бақ- бақ гүлінің биологиясын және морфологиясын анықтау;
- бақ- бақ гүлінің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
- өсімдіктің қоршаған ортаның әртүрлі кері әсерлеріне төзімділігін анықтау.
- бақ- бақтың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.
І. Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.[2, 75 бет]
1.1. Мың теңге тұратын дәрі, шарбағының дәл түбінде өсіп тұр. (Халық мақалы)
Қазақ емшілерінің ауру -
сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан
алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы
өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан
дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске.
Біздің Павлодар ауданы маңындағы жерлерде, елді мекендерде
өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты,
итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, жатқызуға болады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады,
өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың
шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек
заттардың арқасында ( мерует гүл, шегіргүл, гүл шетен) олардың
денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай - ақ біздің бау –
бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны
айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін
мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы
арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал
қалақай
– витаминдер қоймасы
саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың
пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек. Қазақ емшілерінің ауру -
сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан
алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты
өсімдіктер дүниесі.өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы,
қабығы, жемісі, шайыры және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ
емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер.
Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл,
жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан
оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы
дәрі - дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан
кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы
сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты
кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден
пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден
арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру,
көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру.
[1,23-бет]
* Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлерінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен , алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
* Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикі зат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
* Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеміздегі осындай шөптерді зерттеуге тырыссақ және қайсысының емдік қасиеті бар екенін біле жүрсек.
*Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға олады. [6, 48-53 беттер.]
Бақ-бақ гүлінің тарихы
Есте жоқ ерте замандарда төрткүл дүниенің бір бұрышында кішкентай ғана бір ауыл болыпты. Өзен жағасында орналасқан осы ауылдың шетінде жалғыз ғана үйшік болған деседі. Үйшіктің иесі – сүп-сүйкімді қыз еді. Қыздың негізгі кәсібі – ешкі бағып, соның сүтін сату. Бұрымды қыз күн сайын таңертең тұра салып, жасыл түсті көйлегі мен сары түсті орамалын байлап, тілек білдірген тұрғындардың ыдыстарына сүт құюдан шаршаған емес. Тап бір мейірімді перизат секілді. Көңілді, жүзі жарқын, ешкімнен де жылы сөзін аяған емес. Тек қана жақсы жаңалықтар айтып, ауырғанға ізгі тілектер арнап, ұрсысқандарды татуластырып жүреді екен. Бұқара халық та оны қатты жақсы көріп, жақсы жар кездесуін Тәңірден тілейтін. Тіпті ең қараңғы, ең көңілсіз күндерде оны сәуле шашар күн, шуақ себер көктем сияқты асыға күтетіндердің санында шек болмаған. Тұрғындар қызға «Бақташы-сүт сатушы» деген ат тағады. Бұл сөздің жылы әрі шын жүректен айтылатындығы соншалықты, әлемдегі ең сұлу сөз осы болып көрінетін.
Айлар мен жылдар өтіп, қыз да бойжетеді. Ауылдың күллі жігіті қызға сезім білдіріп жүрсе де, жаратылысы тым өзгеше сүт сатушы өзгеге емес, Бозторғайға ғашық болып қалады. Бозторғайдың әуезді әні қыздың жан-дүниесін дүр сілкіндіріп, тебірентетін. Оған әлемнің бәрі Бозторғай болып ән салып тұрғандай көрінетін. Күні соны аңдумен, түні түсінде көрумен өтеді... Оның бұл тылсым махаббаты ауыздан-ауызға тарап, әдемі аңызға айнала түседі.
Алайда, мұндай тәтті күндер өз мәресіне тым ерте жетті. Оның себепкері – қыздың өзі еді. Ол Бозторғай әндерінің мағынасын білгісі келеді де, Бозторғайды ұстап алып, жібермей қояды. Әндерінің сырын айтуды сұрап, жалынады. Бостандық сүйгіш құс қыздың бұл әрекетіне қатты ренжіп, ұшып кетеді. Қыз осы әрекетінің кесірінен Бозторғайдың өзіне деген махаббатынан біржола айырылып қалғанын түсінеді.
Жүзін мұң шалған бойжеткен басындағы орамалын жұлып алып, сілкіп қалғанда, одан алтын түсті тиындар түседі. Сол сәтте қатты дауыл басталып, алтын тиындарды жан-жаққа ұшырып әкетеді. Ал сол тиындар түскен жерлерге қыз секілді жасыл көйлек киіп, сары орамал байлаған әдемі гүлдер шыға бастапты. Бұл – біз білетін бақ-бақ гүлі еді... Ал баяғы Бозторғай сол гүлдердің айналасында өзінің сөзі жоқ әдемі әндерін шырқауды жалғастыра береді.
Бақ-бақ туралы қызықты деректер
• Кейбір елдерде бақ-бақтан тосап, шарап, шипалы сусын жасап шығарады. Енді бір елдер осы гүлді отбасы мүшелерін сәтсіздіктерден сақтап, денсаулық әкелетін қасиетті өсімдік ретінде құрметтейді. Сонымен қатар, бақ-бақты ақшаның нышаны санайтындар да жоқ емес.
• Көптеген халықтар бақ-бақты «күннің егізі» деп атайды. Кейде оны «күн мен айдың балалары» деп атап та жатады. Күннің егізі аталу себебі: гүл күн шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады, тас төбеге келгенде, басын тік көтереді, ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Келбеті де, түсі де тап бір күн сияқты...
• Аймен қандай байланысы бар дейсіз бе? Ежелгі аңыздар бұл туралы былай деп сыр шертеді: Бақ-бақтар о баста аспан гүлдері болған, ай оларға әрбір түн сайын жер бетіне жарық түсіріп тұратын шамның қызметін атқаруды тапсырады. Бірақ, гүлдер бұл бұйрықты орындаудан бас тартады. Ашуланған ай жел жіберіп, гүлдерді жерге үрлеп түсірген. Мұны сырттан бақылап отырған Күн-Әке оларға жұбату айтып: "Сендер жер бетінде де мен секілді жарқырап тұратын боласыңдар",- деп уәде беріп, сол уәдесінде тұрады.
• Бақ-бақтардың жаз келісімен үлпілдекке айналып кететіндігінің сыры да осында жатыр. Олар үлпілдеп ұшып, өздерінің ыстық ұялары - аспанға қайтады екен.
•
Бақ-бақтың
біз білетін сары түстісінен басқа да түрлері бар. Мәселен, Кавказ
тауларында қарақошқыл түстісі болса, Тянь-Шань тауларынан ақшыл
көк, қызғылт түстілері кездеседі.
2.1. Негізгі дәрілік бақ-
бақ өсімдігіне мінездеме
Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу
және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік
өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі
витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты
оларды тағамдыққа және басқада халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың
ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте
өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде
қолданылады.
Бақ-бақ
– орман ішінде өзен, арықтың жағаларында өсетін көпжылдық өсімдік.
Сап – сары болып сәуір айында гүл ашады. Өт – несеп жолдарын
тазартуға, қақырық түсіруге, қуық, бүйрек қатты түйіліп ауырған
жерді басуға қолданылады.
Бақбақ (Taraxacum) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23- і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. Offіcіnale), көксағыз Бақбағы (T. koksagnuz). Биіктігі 4- 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Еліміздің солтүстігінде ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі. Дәрілік бақбақ түймедағы мен мыңжапырақ сияқты күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады. Ұзын, дұрыс емес түрдегі қалақты және тістес жапырақтары сабақтың айналасында дамиды, оның атауы француздық «dent de lion» сөзінен шыққан. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді, мамыр - маусымда жеміс береді. Жемісі - дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады
Емдік қасиеті
Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар « писанли » ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латынша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
Бақбақ – дәрілік өсімдік. Гүл сабағын, жапырақтарын сындырсаң сүт тамшылары шып-шып шығады. Жапырақтары түп жағында топтасып орналасады.Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар мол. С және В2 витаминдері де оның бойынан табылады. Ал жапырақтарынан -инозит табылған
Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Жалпы бақбақтың біз білмейтін денсаулыққа тигізер пайдасы мол. [7, 1 – том 63бет]
Дәрілік бақ- бақтың адам өміріндегі маңызы
Бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасына толығырақ тоқталсам: бүгін өздеріңізге бақ-бақтан жасалатын тамаша тосаптың рецептін ұсынатын боламын. Дәмді, әрі пайдалы рецепт.
Жасалу жолы:
Таңертең бақ-бақтың 500 басын теріп алу керек (тек қана басын). Үлкен әрі ашылғандарын теріңіздер. Үйге әкеліп, ұқыпты жуып тазалап, салқын суға салып қойыңыз. Салқын суда 1 тәулік тұруы керек. Бірнеше рет суын ауыстырып қойғаныңыз абзал. Келесі күні суды мұқият төгіңіз, гүлдерді сығудың керегі жоқ. Одан кейін гүлдерді 1 литр суға салып, 10 минут қайнатыңыз. Қайнағаннан кейін гүлдерді жақсылап сығып, сүзіп алыңыз (гүлдерді жақсылап сығып алғаннан соң гүлдер керек емес). Содан соң қайнаған суға 1,5 кг қант, 2 лимонның шырынын қосыңыз. Отты жай жағып, 1 сағат қайнатыңыз. Тосап дайын. Стирильді банкаларға салып, жауып қоя берсеңіз болады.
Жалпы жақсы тосап, балаларғада ұнайды. Бірақ, балаларға көп беруге болмайды, 1-2 қасық. Ыстықты түсіретін дәрі ретінде әсер етеді. Мұндай тосапты әр-түрлі бәліштерге, нанға, блинчикке қосуға болады. Ештеңеге қоспай өзін ғана қолдансаңызда пайдалы.
Бұл тосап көпшілігімізге
таңсық шығар. Сіздер бұрын бақ-бақтан тосап жасайтынын
естігенсіздер ме? Мүмкін қолданып көргендеріңізде бар
шығар.
Қант диабетіне. Бақбақтың усақтап туралған тамырын 1 стақанға салып, шай секілді қайнатып ішіңіз. Күніне осылай 3-4 рет ішіп отырсаңыз, диабеттің алдын аласыз.
Онкологиялық аурулар. Бақбақтың 100 грамм жас жапырағын тұзды суға малып, оған 50 грамм ұсақтап туралған жуа мен 25 грамм ақжелек қосып, өсімдік майымен араластырып ішіңіз. Сонда сіз түрлі онкологиялық аурудың алдын аласыз. Әлсіреп қалған кезде де бұл дәрінің пайдасы мол.
Бүйректің қабынуы. Бақбақтың тамырын үккіштен өткізіп, күніне 2 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. Бүйрек ауруларына таптырмас шипа.
Жүрек аурулары. Бақбақ гүлінің тамырын құрғақ күйінде жеп, артынан су ішу керек. Осылай күніне 2-3 рет қайталап тұрсаңыз, жүрек ауруларынан құтыласыз.
Арықтау үшін. 2 ас қасық немесе 1 ас қасық бақбақ жапырағын суға салып қайнатып, 6-8 сағат аралығында термоста сақтаңыз. Кейін аз ғана жұтыммен ішіңіз, артық салмақтан құтылуға көмексетеседі.
Бүгінгі таңда бақбақ бөліп шығаратын ақ сұйықтықтан түрлі иісмай жасалады. Олар сүйел, мүйізгек, секпілді кетіру үшін және ара, жылан шаққанда қолданылады.
*Омырау безі қабынған кезде 31 г кептірілген бақбақ гүлін 250 г суға бір қайнатамыз. Сосын оны бұқтырып ішеміз. Ал бақбақтың шөбін омырауға жылы күйінде жаншып тартып қоямыз.
*Көздің мүйіз қабаты қабынған жағдайда гүл шөбінен 10 г, ақ гүлден 10 г қосып, қайнатамыз. Қайнатпа салқындаған кезде онымен көзді жуамыз.
*Бадамша безіңіз қабынған болса. Бақбақтың 15г, ошаған тұқымынан 3г, борпылдақ саңырау құлақтан 3 г, қызылмия тамырынан 3 г қосып, қайнатамыз. Содан оны бұқтырып ішіңіз. Сонда ауруыңыздан оңай айығасыз.
*Созылмалы іш қатуға бақбақты суға қайнатамыз. Содан онымен ауырып тұрған жерді дәке арқылы ысқылап, орап тастаймыз. Ол іштің жұмсаруына көмектеседі.
*Өт қалтасының қабынуына бақбақ тамырынан 62 г, ақ жусаннан 31 г, мысық жалбыздан 15 г қосып, қайнатамыз. Дайын болған қайнатпаны үздіксіз ішіп отырамыз. Осылайша аурудан тезірек сауығамыз.
*Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады. Бақбақ пен оның ащы заттарының сіріндісі Имупрет® препаратында бар, және басқа алты дәрілік өсімдіктермен бірге ол қабынуға қарсы қасиеті арқылы иммундық қорғану жүйесін нығайту үшін пайдаланылады.
Мұнан өзге кейбір елдерде бақбақтан тосап, шырын сынды сусындар жасайды. Енді бір елдер осы гүлді отбасы мүшелерін сәтсіздіктерден сақтайтын қасиетті өсімдік ретінде құрметтейді. Сонымен қатар, бақбақты ақшаның нышаны ретінде санайтындар да жоқ емес. Ал біршама ел бақбақты «күннің егізі» деп атайды. Дегенмен, кейінгі кездері бірқатар топ адамдар оны «күн мен айдың балалары» деп атап жүр. Оның сыры, гүл шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады. Тас төбеге келгенде, басын тік көтереді. Ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады да, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Оның үстіне, бақбақтың келбеті мен түсі тап бір күннің өзінен айнымайды.
Қорытынды
Өсімдіктердің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспанаң дәрі, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ұсақ- түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап, қорғай білу – әрбір адамның борышы.
Ұсыныс
1. Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар, мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
2. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
3. Дәрілік өсімдіктерге түрлі
дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі - түсті
кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай
білейік!
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 23-бет.
2. Биология оқыту әдістемесі. 1998 ж. 75 бет
3. Биология. «Атамұра», 2002 ж. 78 бет
4. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.-712 бет
5. «Келешек ұрпаққа арналған қоршаған орта», «Алматы-2004» 48-53 беттер.
6. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том 63 бет
7. «Табиғатты аялайық», «Алматы-2003» 40-41 беттер
8. Шарманов айтқан шындықтар Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010 жыл 23-28 беттер
9. Интернет желісі. /Yandex.kz; Google.kz/

