"Бақбақ гүл" тех.карта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бақбақ гүл" тех.карта

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегілер еліне саяхат жасап, сонымен қатар қызықты ойындар өтізіп кішкетай бүлдіршіндеріміздің ой өрісін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Сенсорика

Тақырыбы: «Бақбақ гүлдер»

Мақсаты: фланелеграфта түрлі түсті геометриялық пішіндерді – шеңбер мен үшбұрышты орналастыруды үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: балалар назарын белгілі бір түстегі фигураны әртүрлі заттарды бейнелеу (Бақбақ гүлді) үшін қолданылуы мүмкін екеніне аудару.

Дамытушылық: саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын дамыту

Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бақбақ гүлінің суреті, фланелеграф, жасыл жолақшалар, көрсетуге арналған сары дөңгелектер (бақбақ гүлдер), үлестірмелі қағаздар – өсімдіктер бейнеленген алаңқай, әрбір балаға бақбақ гүлдерге арналған сары дөңгелектер (тәрелкелер).

Сөздік жұмыс: бақбақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Бақбақ туралы тақпақ оқу:

«Үлбіреп бақбақ,

Шалғынды сазда

Өзіңді қаптап» .

Бақбақтың суретін қарау.

Сөздік жұмыс: бақбақ.

-Бақбақ гүлінің түсі қандай?

-Гүлді не ұстап тұр?

Балалар тақпақты тыңдап, бақбақтың суретін қарастырады.

«Бақбақ» сөзін қайталайды.

-Сары.

-Гүлдің сабағы.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Балалар, бүгін біз сендермен өз бақбақ гүлімізді жасаймыз.

Қараңдаршы, мынау қандай пішін және оның түсі қандай?

Бұл сабағы болады.

-Ал, мынау қандай пішін және оның түсі қандай?

-Бұл бақбақ гүлі болады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

-Балалар, алаңқайға қараңдаршы, онда өсімдік сабағы бар, бірақ бақбақ гүлінің күлтешелері жоқ.

-Кәне, балалар, бәріміз бірге алаңқайымызды толықтырайық.

Тәрелкелердегі пішіндер қандай?

Әрбір сабаққа бір-бірден бақбақ гүлін орналастырыңдар.

Shape1

Жеке жұмыс жүргізеді.



-Қараңдаршы, біз қандай әдемі бақбақ гүлі өсіп тұрған алаңқай жасадық.

-Жасыл түсті жолақша.

-Сары, дөңгелек.

-Сары дөңгелектер.

Балалар жұмысты орындайды.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

«Гүлдер шешек атты» дидактикалық ойын. Педагог балаларға бақбақ гүлінің қалай ашылатынын бейнелеп көрсетулерін сұрайды.

Қолдарын бастарына қойып тұрады (гүл жабылады), қолдарын ашып жаяды (гүл ашылады).

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: пішіндерден бақбақ гүлін жасауға болатынын.

Түсінеді: өсімдікті сабағы ұстап тұратынын.

Қолданады: бейне шығатындай етіп түрлі түсті геометриялық пішіндерді орналастыруды.

Есеп:

+

-



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.07.2018
4795
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі