Материалдар / "Бақшадағы гүлдері"

"Бақшадағы гүлдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл мезгілін талғап өсетін бақша гүлдері
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

 «Бақшадағы гүлдер»

Тақырыбы:  «Бақшадағы гүлдер»

Мақсаты: Гүлдердің  түрлерімен  таныстыру Гүлдердің  түр – түстерін  ажырата  білуге  баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру. Сөздік  қорын  молайту, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің  түр – түстерін  есте  сақтау, қабылдау, ойлау  сезімдерін  дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.

Жаңа  сөздер: қызғалдақ, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл.

Көрнекі  құралдар:  гүлдердің  суреттері, қойылған  бөлме  гүлдері, қиылған  гүлдердің суреттері.

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ  барысы: Балалар  жарты  шеңбер  болып  тұрып, бір- біріне  күлімдеп, келген  қонақтармен  амандасады.



















Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар

-Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті, кәне  бәріміз алдымен сәлемдесіп алайық.

Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достар
Келді қонақ бізге.

Ал енді  балалар мен сендерге бір шумақ өлең оқып беремін. Ол өлең не туралы айтылғанын  мұхият тыңдандар.

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер
Не деген бұл шоқ гүлдер,
Түрлі түске боялған
,
Исі жұпар аңқыған.

30 наурыз – гүлдер күні. Сұлулық символы ретінде қыздарға баланатын гүл әлемінің жұмбағы мен тылсымы көп. Осы сырлы әлем туралы көбірек білгіңіз келсе, біз ұсынған тың ақпараттарға көз жүгіртіңіз.

Тәрбиеші: . -Кәне, балалар бір дыбыс естіліп жатқан сияқты, тындайықшы. Су сылдырап, құстар сайрап, бақтың ішінен гүлдер ашылған сияқты.Оларен танысайықшы.

«Гүл бейнесіндегі оқушылар»  ортаға шығады.

Бал аралары гүлді тек хош иісіне қарай емес, түсіне қатысты да ажыратады. Барлық гүлге бірдей қона бермей, тек сары, күлгін, көк түсті тәрізді ең таңдаулыларына барады. Ал қызыл түсті гүлге мүлде қонбайды.

Гүл: Нұрәли

Буындары қатпаған,

Гүлде біздей бала ғой.

Оны өсіріп баптаған,

Жер де асыл ана ғой.

Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады.

Түймедақ: Жәудір

Түйме дейін  сары  дақ  ,

Тарала  өскен  ақ  гүлі .

«Түймедақ»  деп  аталған,

 Түймеге  ұқсас  сол  дағы.

Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл. 

Бәйшешек: Ғаділбек

 Бес  дегенім  бәйшешек,

Бірінші  гүлі  көктемнің

Бәйшешекті  оятар,

Баяулап түртіп, көктен  нұр.



Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен

Қызғалдақ: Аяна

Қырлардың  төрінен,

Лаулап  көзге  ұрады.

Қызғалдақтар  өңірді,

Қып- қызыл  ғып  тұрады.

Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады.

Лалагүл:  Жұлдыз

Лаулап  оттай  шілде ,

Лала  гүлмен  дала  бір.

Ләззат  алмау  мүмкін бе,

 Лалагүл  де, дара  гүл. 

Раушан  – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны.

Раушангүл: Нұрберген

Әдемімін, мен дағы,

«Гүл патшасы»  атанғам.

Хош  иістен  нәр  алған,

Әлемде көп   таралған.

Қазан – қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайдакөшетханада қалемшелеу әдісімен көбейтеді.

Бақытгүл: Алтынай

Күзде, ұзақ  гүлдейді,

Шілдеде өмір  сүрмейді.

Мереке  бар  жапондар  елінде,

Бақытгүлі  тұрады  оның  төрінде.

Дидактикалық ойын: « Гүлді ретімен орналастыр!»
(Балалар бүгін бізге сиқыршылар елінен хат келіпті,қәне бірге ашайық ойынның шарты бойынша қиындылардан гүл суреттерін құрастырады).

Сергіту  сәті: Жайқалады  ағаштар,

                            Бетімізге  жел  еседі,

                            Кіп- кішкентай  балалар,

                             Үп- үлкен  болып  өседі.

                            Біз  гүлдерше  өсеміз

                            Жапырағы  жайқалған

                            Сабақтары  салалы,

                            Желмен  бірге жайқалған    

 

Жарайсыңдар  балалар!  Балалар  орындыққа  отырады.
Балалар

Гүлге не қажет деп ойлайсыңдар?


Жылулық шеңбері:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық!


Күтілетін нәтиже:
Біледі: Гүлдердің түрлерін, олардың аттарын.
Игереді: Есте сақтау қабілетін дамытады, табиғаттың, гүлдің суретін салуды
Меңгереді: Түстерді ажыратуды, ұжыммен жұмыс жасауды





ЖИ арқылы жасау
30 Қазан 2020
446
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі