Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшадағы көкөністер
Мақсаты: көкөністерді тану жəне олардың атауын білу қабілетін дамыту; бау-бақша дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту. Балалардың ойлау қабілетін күшейту. Танымдық қызметке деген қызығушылығын ояту.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: көкөністердің суреті бейнеленген иллюстрациялармен; бақшадан жұлып əкелінген көкөністермен танысу; жемістер мен көкөністердің муляждары; «Шалқан» ертегісін сахналау; жұмбақтардың шешуін табу.
Құралдар мен материалдар:жемістер мен көкөністердің муляждары, иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, жас көкөністер. Əр затқа жетілу деңгейінің реті бойынша 3–4-5 карточкалар (мысалы: жасыл, кішкентай қызанақ, қоңыр жəне қызыл), өсу тəртібіне қарай (дəн, сабақ, бойы биік сабақ, өсіп жетілген өсімдік).
Сөздік жұмыс:көкөністер, түбір.
Билингвалды компонент: көкөніс – овощ
|
ҰОҚ кезеңдері |
Педагогтің басқарушылық қызметі (Əдіс, тəсілдер) |
Балалардың іс-əрекеті |
|
Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту |
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Педагог жұмбақта қандай көкөністер жайлы айтылып тұрғанын сұрайды. Сабақтың мақсатын балаларға түсінікті тілмен түсіндіріп береді: Мыршай көгөністер мен жемістердің бəрін шатастырып алды. |
Жұмбақтың шешуін табыңдар. Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дəу жатыр. (Қызылша) Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз) Болып жатқан оқиғаларға, ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады. |
|
Ізденістік- ұйымдастыру- шылық |
Педагог балалардан күзді қандай белгілеріне қарай анықтауға болатынын сұрайды. Күзде табиғатта қандай құбылыстар байқауға болады? Сол арқылы балалардың табиғат құбылыстарының атауларын ауа райындағы өзгерістермен салыстыра отырып атап көрсету қабілетін нығайтады. Мысалы, жаңбыр жауды –жер батпақ болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды; күн шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн бұлттанды. Балаларды жемістер мен көгөністер салынған себеттен тек қана көгөністерді іріктеп алуға шақырады. Анықтауды сұрайды: Көкөністер қайда өседі? Көкөністер қандай болады? Көкөністерді неліктен пайдалы дейміз? Балаларға дəруменнің не қажеті бар? |
Балалар өз болжамдарын айтады: Далада жаңбыр жауып тұр, күн суыта бастады, салқын жел соғып, сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр. Күн шығып тұрғанымен бұрынғыдай қыздырмайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр, аңдар да қыстың қамын қылып жатыр. Адамдар егін жинап, көкөніс пен жемістерден қыста жейтін азық дайындап жатыр. Тапсырманы орындауға атсалысады. Жұмбақты шешеді: Көкөніс бұл қалаулы, Жасамас онсыз палауды. (Сəбіз) Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр, Дер кезінде жинамасаң, Сарғайып кетер батыр. (Қияр) Жаңбыр одан өтпейді, Қабат-қабат тоны бар, Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ) Диалогке қатысады. Өмірде көргендеріне (жеке тəжірибесіне) сүйеніп, талқылайды: Көкөністер жеу үшін қажет. Олар үлкен жəне кіші, ұзын жəне қысқа, тəтті, тұзды, ащы болып келеді. |
|
|
Педагог көкөністер топырақтың үстінде жəне топырақтың арасында өсетініне балалардың назарын аударады. Көкөністерді əртүрлі себеттерге салуды ұсынады. Балаларға оларды бір сөзбен – КӨКӨНІСТЕР деп атайтынын айтады. Көкөністермен танысуға шақырады. Олар əртүрлі жəне бір- біріне ұқсамайды. Олардың бір- бірінен айырмашылығы қандай? Балалардан жасыл (көк) түсті көкөністерді табуды сұрайды – орамжапырақ, қияр, кəді; қызыл түсті көкөністер – шалғам, қыканақ; сары түсті көкөністер – шалқан т.б. Сергіту сəті «Дəміне қарап таны» ойынын ұйымдастырады. «Көкөністер» ойыны. Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеуге шақырады. |
Қоңыр себеттерге топырақтың арасында өсіп-жетілетін көгөністерді салады (картоп, сəбіз, шалқан, шалғам); сары түсті себетке – жер бетінде өсетін көгөністерді салады (қияр, қызанақ, кəді, орамжапырақ). Көгөністердің аттарын атайды. (Көгөністердің атаулары мен олардың бəрі КӨГӨНІС деп аталатынын бəрі бірге қайталайды). Көгөністер түсі мен пішіні жағынан əртүрлі болатынын атап өтеді. Педагог көрсеткен карточкалардың түстерін айтып шығады (бəрі бірге айтады). Ойын түріндегі жаттығуға қатысады. Белгілі бір түсті көгөністі атайды. Бақшаға біз барамыз, (Бір орында сап түзіп жүру). Өнімдерді жинаймыз. (Бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді айналып жүру). Сəбізді жұлып, картопты қазып, Орамжапырақтың түбін кесеміз. (Сəбізді кесіп, қазып, тасып жатқанын салады). Дəмді қымыздықтан (Қолдарымен көрсетеді). Аз-аздап жұламыз. («Жұлады»). Соқпаққа түсіп, қайтамыз үйге. (Бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді айналып жүру). Қияр, қызанақ, тəтті бұрыштан дəм татады. Атауларын атайды. Балалар шеңбер құрап отырады. Педагог көгөністің атын атайды, балалар қолдарымен қимыл жасайды: егер ол топырақтың үстінде, жүйекте өсетін көгөніс болса, қолдарын жоғары көтереді. Ал егер педагог топырақтың астында өсетін көгөністі атаса, қолдарын төмен түсіреді. Суретшінің салғандарын бір сөзбен қалай атауға болады? Топырақтың астында өсетін көкөністі қарындашпен қоршап сыз. |
|
|
«Бірінші қайсысы, кейін қайсысы?» дидактикалық ойынын ұйымдастыруға болады. |
Ол қалай аталады? Балаларға əртүрлі реттегі карточкалар таратылады. Жүргізушінің белгісі бойынша олар тиісті суреттің реті бойынша сапқа тұрады. |
|
Рефлексивтік- түзетушілік кезең |
Сабақты қорытады, алған əсерлерімен бөлісуге шақырады. |
Балалар көкөніске «айналады». Өздерінің қандай екенін айтады. Көңілді, қышқыл, ащы, тəтті жəне т.б. Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі. |
Күтілетін нəтиже:
айтады:көкөністің бірнеше түрінің атауы мен сипаттамаларын біледі;
түсінеді:бəрінің жалпы атауын біледі – «көкөніс»;
қолданады: алған білімін дидактикалық ойындар барысында пайдалана алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бақшадағы көкөністер" I кіші топ

шағым қалдыра аласыз