Бақыршық (өлкенің тарихы туралы мақала)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақыршық (өлкенің тарихы туралы мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің өлкеміздің тарихы бай. Осы өңірді Құдас Матайдың ұрпақтары Амандық, Тума, Мұсат, Жауымберім Сыр бойынан келіп Ақша ханның тұсында мекен еткенге ұқсайды. Бұл, шамасы, XVII ғасырдың соңы болса керек. Ол заманда қазақтар рулас, аталас болып біріне-бірі жақын мекендеген ғой. Ағайынды Құдас, Тілес пен Бақы көрші тағы басқа өздеріңізге таныс елдімекендердің жерін мекендеген. Тілестің ұрпағы Көктаудың жерін, Бақы - Қалбаның сілеміне орныққан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақыршық


Біздің өлкеміздің тарихы бай. Осы өңірді Құдас Матайдың ұрпақтары Амандық, Тума, Мұсат, Жауымберім Сыр бойынан келіп Ақша ханның тұсында мекен еткенге ұқсайды. Бұл, шамасы, XVII ғасырдың соңы болса керек. Ол заманда қазақтар рулас, аталас болып біріне-бірі жақын мекендеген ғой. Ағайынды Құдас, Тілес пен Бақы көрші тағы басқа өздеріңізге таныс елдімекендердің жерін мекендеген. Тілестің ұрпағы Көктаудың жерін, Бақы - Қалбаның сілеміне орныққан.

Қазақ халқы аты еліне мәлім, пір тұтатын ұл-қыздарынан еш кенде болмаған. Солардың бірі - бүгін есімін атап отырған Бақыршық қажы. Сондықтан, оның қандай адам болғанына сипаттама бермей кетуге болмайды. Оның қасиеттерін, атқарған істерін ұрпағы білмесе, ел жадында сақталмайды ғой. Бақыршықтың аты осы Қызылсу өңіріне мәшһүр, еліне сыйлы болып, атымен елдімекен аталған. Ол Меккеге барып "қажы" атанған. Бақыршық Мамайұлы бірінші болып осы жерден алтын тапқан, Шалабай сияқты інілері мен жерлестерінен тұратын ұжым құрып, алтын өндіріп, оны сатып қаржы тапқан. Осыдан Бақыршық Мамайұлының тағы бір қасиетін көреміз. Яғни, ол ұйымдастырушы, кәсіпкер болған. Елдестеріне көмегін тигізген. Сондықтан біз оны парасатты адам болған дей аламыз. Яғни, көзі ашық білімді, оң-солын жақсы танитын, жай қарапайым адам емес, салауатты тұлға болды дегенге толық негіз бар. Ол келешекті болжай алатын, көріпкелдігі болған, артында қалған ұлағатты сөздері әлі де ел аузында сақталған. "Осы таудың асты алтынға толы" деп айтқаны көрегендік емей, немене? Міне біз, осы кездің азаматтары Бақыршық Мамайұлын осылай бағалаймыз. Сөз соңында айтарым, Бақыршық қажы - ел құрметіне тұрарлық тұлға. Қазақстанның әр өлкесінде аттары аталып жүрген тұлғалар бар, солардың санатына Бақыршық Мамайұлы да жатады.

Кентіміздегі ірі алтын өндіретін «Бақыршық» кенішінің атымен де аталып келе жатқан кентімізге қазақтың ұлы Жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі 1977 жылы 9 желтоқсанда берілген.

Ел арасында «шахтерлер кеніші» деп аталып кеткен Әуезов кентінде бүгінде татулығы жарасқан оннан астам ұлт өкілдері бар, нақты айтқанда 3 мыңнан артық халық тұрады. Оның ішінде 950-і әр салада еңбек етіп жатқандар болса,аталған іргелі кәсіпорында кенттің 500-дей адамы жұмыс істейді, 420-сы зей­неткер. Кентте іргелі шаруашылық пен әртүрлі мекемелер халыққа сапалы қызмет көр­сетуде. Ең үлкен шетелдік инвестор әрине, – үлкен кәсіпорын «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС. Сонымен қатар «Са­рыбас» шаруа қожалығы, аралас тілде оқытатын орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, учаскелік полиция, пошта, байланыс орталығы, өрт сөндіру бөлімі, екi мәдени ошақ (кітап­хана және «Арман» жастар шығармашылық орталығы), 26 сауда нүктелері, төрт қоғамдық та­мақтану орындары, яғни асха­налар, тойхана мен кафелер, шаштараз, екі киім тігетін шебер­хана, аяқ киім шеберханасы, дәріхана және наубайхана, көліктерді техникалық жабдықтау қызметін көрсету орталығы, жанар май стансасы, сұлулық салоны бар. Ауылда қызмет етіп жатқан бұл мекемелер бүгінде шағын және орта кәсіпті ны­ғайтып, елдің гүлденуіне әсерін тигізуде. 

Былтырғы жылы «Туған елге тазғым» акциясы аясында кенттің тумасы  Ж.Садуақасов орталық саябаққа «Бақыршық қажының» ес­керткішін орнатты. Сондай-ақ, осы акция аясында 9 мамыр «Ұлы жеңіс» мерекесінде кенттің тумасы, өз ауылының патриоты, елінің жанашыры, бұған дейін кентімізге имандылық ордасы – үлкен мешіт салғызып берген Оразхан Қалиев 25 млн теңгеге «ҰОС қатысқан ар­дагерлерге тағзым» атты ес­керт­кіш орнатты. Ме­мор­иалдың ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып қайтты.

Облыс орталығы Өскемен қаласынан 90 шақырым, Семей қаласынан 150 шақырымда орналасқан кент арқылы автомобиль жолдары, темір жол өтеді.

Мен өз туған кентімді жаныммен сүйемін,оны мақтан етемін. Алған сапалы білімім мен саналы тәртібімнің жемісін оған арнап, Абай атам айтқандай, туған кентімнің «бір кішкене ғана кірпіші» болып қаланып жатсам, еңбегімнің ақталғаны деп санаймын. «Отан-от басынан басталады»,- дегендей, туған ауылыма қосқан үлесім - менің еліме, Отаныма қосқан үлесім деп санаймын. Осы жолда талмай талаптанып, ізденіп, оқуымды үздік оқу – бүгінгі күнгі маған жүктелетін басты міндет осы деп білемін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
948
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі