Бақыт деген не?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақыт деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материалда ата*аналармен өткізілген жиналыс түрі жарияланады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы, педагог, ата-ана

Жаңаөзен политехникалық колледжі

Өткізген: Суюндыкова Гүлнар

 

Мақсаты:

а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтыңын нығайту.

б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі:  Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.

Барысы:

 І. Сан сұраққа саяхат

 ІІ. Өз өнерлерін көрсету

 ІІІ. Сыңарын тап

 а) ата-аналар үшін

 ә) балалар үшін

 IV. Тыйым сөздерді оқушыларға беру.  «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» (ата-аналарға сөз беру)

 V. Сіздің пікіріңіз.

 Мұғалім сөзі:

- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

Отбасы мүшелерімен таныстыру. Топқа бөлу.

Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.

Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.

Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста- бала. Осы бала бағбаны кімдер?

Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата – аналардың, оқушылардың ұлттық салт- дәстүрден нені білетінін көріп, бағалар отыруларыңызды сұраймын.

І тур. «Сан саяхат»

Ата – аналарға:

 1. Малдың 12 мүшесін атаңыз

 2. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)

 3. Ұлттық ойындарды атаңыз?

 4. Нанға байланысты тыйым білесізбе?

 Оқушыларға:

 1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?

 2. Төрт түліктің пірлерін ата?

 3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)

 4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?

 (Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)

 5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)

 Әдепті бала ата-анасын ІІ. Өз өнерлерін ортаға салу

 ІІІ. Сыңарын тап

 Ата –аналарға:

 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

 2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

 4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

 5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

 Балаларға:

 1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

 2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

 3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

 4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

 5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

 IV. Тыйым сөздер

 1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру

 2. Тыйым сөздердің пайдасы туралы ата- аналардың пікірлерін тыңдау

 V. Сіздің пікіріңіз.

 Ата – аналармен өткізіледі.

 1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?

 2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?

 3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?

 4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?

 5. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

 Қорытындысы шығарылып, сыйлықтар үлестіру.

 Мұғалімнің қорытынды сөзі:

 Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.

 Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау.

 «Ақ сөйлеп адал күлетін бол.

 Шындықты жақтап жүретін бол,

 Сыйласудың сырын білетін бол.»

 

Назарларыңа рахмет! Амандықта жүздескенше!

 

Күн тәртібінде:

1. Отбасы мен ата-ана арасындағы, студент пікірталасы.

2. Тақырыпқа сай слайд

Тыңдалды: Жүргізуші: - Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

 - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

 Отбасы мүшелерімен таныстыру. Топқа бөлу.

 Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

 Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.

Сөз сөйледі: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Алдабергенова Гүлзира:

Осындай кездесулер көп болуы керек деп санаймын. Тәртіп тәрбие тал бесіктен делінген. Ата-ана, мұғалім, студент бір бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Осындай кездесулерді ұйымдастырушы Суюндыкова Гүлнар.ға рахмет!

Шешілді: Студенттердің тәрбиесі жайында көптеген кештер өткізілуі керек. ұрпақ тәрбиелейтін тәрбие сағаттары жиі өткізілсін!

 

Төраға: Суюндыкова Г.М. ______

Хатшы: Жалғасбаева З.Ж ________



















Ғали Орманов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Сарай Сәттігүл

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен бақытты баламын

Тәрбие сағатының мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу. «Бақыт», «қуаныш»,  «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, постерлер

Сабақтың барысы:

І. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Үнсіз сыйлық сыйлау» ойыны арқылы жүргізіледі.

Шарты: қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақтағы көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасалу керек. Барлық қатысушы сыйлықтарын сыйлап болғаннан соң, көршісі не сыйлағанын айтып, жақсы тілектер білдіреді.

ІІ. Топқа бөліну. Қиындылардан суреттер құрастыру арқылы 3-топқа бөлінеді.

ІІІ. Ой қозғау. Бақыт деген не? Әр топтан бір-бір оқушыдан өз пікірін білдіреді. «Мен бақытты баламын» шығарма оқу.

ІV. Мұғалім түсіндірмесі. Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Сонымен бақыт дегеніміз – біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз. Мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді. Өйткені қалам ұстап, оқуды, жазуды, достықты, сыйластықты үйренеміз.

V. «Бақыт деген не?» сахналық көрініс. Әкесі мен қызы

Айтшы,білсең егер де,

Әке,бақыт деген не?

Бақыт деген,шырағым,

Мына әсем тұрағың,

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт – дәні далаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!

Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесің!

Сонда ғана жетесің!

Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?! Бақыт деген,сөзім шын – Айналайын өзіңсің!

VI. Ойын. - Балалар, бүгін біздің ауылымыздың маңынан «Бақыт керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Біз оған көмектесейік. Бақытты адам күн сәулесіндей жан-жағына нұрын шашып тұрады. Сондықтан қалам алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөзді күн сәулелеріне жазып, бақыт керуеніне күннің жылы нұрын шашып, бағыт берейік.

VIІ. Сергіту сәті Бейнежазбадан «көңілді жаттығу» биін билейді.

VIIІ. Постер қорғау. 3-топқа тапсырмалар беріледі. Тақырыптар сырын ашу, мына жерде боялмаған суреттер салып тұр, осы суреттерді бояп бүгінгі тақырыппен байланыстырасыңдар.

1.Табиғат аясында біз бақыттымыз!

2.Жанұя жылы бақыт сыйлайды!

3. Тәуелсіз Отанымда бақыттымын!

IX. Қорытынды. Сонымен бақыт дегеніміз - ой-арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалық шағымыз екен. Ән «Бақытты балалық шақ»

X. Рефлексия.


 

 

















































ақырыбы: «Ата-ана бақыты —  бала»

Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайта отырып, ата-анадан бала тәрбиесіне  қатысты мәселелерден пікірлерін сұрау, еркін әңгіме тарату.

Әдісі: сұрақ-жауап, тренинг, талқылау, пікірлесу, шығармашылық тапсырма

Түрі: кездесу сағаты

 

Жоспары:

І. Ұйымдастыру. Тренинг Топқа бөлу (көбелек суырады)

ІІ. «Бақытты отбасы» (үйдің суреті беріледі, сыртына сөздер жазу)

ІІІ. «Бақытты отбасы» туралы зерттеулермен таныстыру

ІҮ. Қонақкәде (бақыт туралы өлең)

Ү. «Бақытты  отбасы эмблемасы»  (шығармашылық тапсырма) Әр топ қағаздан  эмблема жасауы керек. (қорғайды түсіндіреді)

ҮІ. «Бақыт» туралы аңыз-әңгімелер /тақпақ/

ҮІІ. «Кім бақытты?»

ҮІІІ. «Жақсы тілек менен» (көбелекке тілек жазып, гүлге жабыстыру)

 

Өту барысы:

1.Құрметті ата-аналар! Осы апта мектебімізде «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты ата-аналар апталығы өтуде. Бүгін 5-7 сынып ата-аналарымен «Ата-ана бақыты» атты кездесу сағаты жоспарланды. Ортаға шығып көңіл күйіміз туралы айтып көбелек таңдап алайық.

Түстері: қызыл-сары

Көк-ақ

Жазыс-қызғылт /топтарға бөлінеді/

2.Әр топқа үйдің суреті беріледі. Әр бөлігіне бақытты отбасына қатысты деген сөздер жазу.

3.Британ  зерттеу орталығының сарапшылары жүргізген зерттеулер үш параметр бойынша «бақытты елді» анықтапты. Қойылған талаптардың бірінішісі – тұрғындардың өз өмірлеріне қанағаттануы, екіншісі –өмір сүру ұзақтығы, үшіншісі – экологиялық жағдай.

Таңдауға Европаның 30 елі қатысқан. Нәтижесінде Скандинавия мемлкеттері ешкімге дес бермей, көш басына шыққан. Атап айтқанда, Исландия 1 ші, Швеция 2ші, Норвегия – 3ші, Дания 6 шы орыннан көрініпті. Төртінші орынға жайғасқан Швецарияда Еуроап бойынша ең ұзақ өмір сүретін адамдар тұрады екен. Ондағы халықтың өмір сүру ұзақтығы  әйелдерде-72,5 жас, еркектерде – 61,5 жасты құрайды. Европа бойынша  ең төмен өмір сүру ұзақтығы Латвияда 70,7 жас. Ал әлем бойынша бақытты елдер рейтингісінде Тынық мұхитында орналасқан арал мемлекет – «Вануату» деген ел көш бастайды екен. Демек мемлекет «бақытты» болуы үшін оның атышулы алпауыт болуы міндетті емес.

Бақытқа жеті, бақытты болу – бар адамның арманы. Патеиалар өздерінің  өздерінің зәулім сарайларында қалай бақытты болуды аңсап бас қатырса, кедейлер лашықтарында отырып, көздеген мұратына жетсем деп күнін күрсінумен өткізген. Әрқайсы өз бақытын табу жолында мына өмірдің сан қилы соқпақтарынан өтуге бел шеше кірісіп, қаншама тауқымет көрсе де, кідіріссіз алға ұмтылумен болған.

  1. Қонақкәде. Ата-аналар «Бақыт» туралы әндер айтады.

  2. «Бақытты отбасы эмблемасы». Әр топ «бақытт отбасы эмблемасын» жасайды. Эмблеманы таныстырады, қорғайды.

  3. «Бақыт» туралы аңыз-әңгімелер. Тарихта талай адамдар бақыт іздеп өмір сүрді. Қазіргі заманда бақыт та, байлық та, өмірдің мәні де – мал дүние дейтіндердің саны басым. (байлық,мансап, билік туралы аңыздар айтылады). Әр топқа өлең жолдары жазылған қағаз беріледі. Оқып, мазмұны туралы пікір алмасады.

  4. «Кім бақытты?» қорапша беріледі, қорапшаға қарап айнадан өздерін көріп бақытты сезіну.

  5. «Жақсы тілек – менен» әр адам көбелкке тілек жазып, тақтадағы гүлге қондырады.

9.Қорытынды.











































Тақырыбы: Ана-бақыт,ана-жыр,ана-өмір,ана-гүл. Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен байланысын арттыру.Оқушыларға ата-ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.Баланың жан-жақты өз елінің ,халқының қамын ойлайтын ,ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы,жүрекше. Жүрісі: 1.Ұйымдастыру Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар, қазақ елінің жарқын болашақтары! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздермен танысып алу мақсатында алдымен шеңбер ойынын ойнайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық. Шаттық шеңбер Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Қуанамын мен де, Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге. -Балалар ,біз нег шаттық шеңберін құрып бастадық? Шеңбер –бұл әлемдегі ең жақсылықтың нышаны.Ендеше бір-бірімізге қарап,мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші: 2.Психологиялық сәт -Әрбір сабақ? -Үйрену,ұғу,ұлағат! -Әрбір ісің? -Тірлік,тірек,адамдық! -Әрбір адам? -Туысым,досым,жұрағат ! -Әрбір сөзің? -Шындық,бірлік,адалдық! 3.Топқа бөліну ( төрт түлік малды таңдай отырып,топқа бөлінеді.) 1-топ:Ботақандар 2-топ:Қошақандар 3-топ:Құлыншақтар -Балалар біздің топтың бұлайша аталу себебі неде деп ойлайсыңдар? 4.Психологиялық сәт:Жүректен-жүрекке « Маған ең қымбат жан» (ата-аналарының еркелететін сөздерін атап шығады ) Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.Олой болса,бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ана-бақыт,ана-жыр,ана-өмір,ана-гүл» деп аталады. -Ана дегеніміз кім? -Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз!Ана ,ана ,ана!дегенде толқымайтын жүрек,толғанбайтын жан жоқ! Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық,жанға жақын,мағыналы да қастерлі сөз.Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де-ана.Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады,ана құшағына еніп,ана мейіріміне бөленеді.Қаншама байлық иесі болсаң да,әлемге әйгілі адам болсаң да,анаңды ,оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау-сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші,шіркін!Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.Дүниенің нұры,өмірдің гүлі,қызықтың қызығы-ананың қолында.Ана бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді.Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы ,ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады.Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні ,жұмсақ аялы алақаны ,жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады.Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек.Дүниеде не жақсылық болса,соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған.Анаға қаншама ақындар жыр арнаған.Қаншама жазушылар шығарма жазған.Ана-мәңгілік тақырып. Анам менің – көктегі күнменен тең, Анам менің – жауқазындай гүлмен тең, Әлпештеген асыл анам болмаса, Бұл өмірдің қадірін де білмес ем. Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым, Мен үшін қуанасың,нұрланасың. Осы өмірге жеткізген өзің үшін, Сен маған жыр анасың,нұр анасың, - дегендей, ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ шығар сірә? Олай болса, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік. Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен.... 5.Өлең жолдарынан: Ана деген-бәйтерегі өмірдің , Ана деген-қуанышы өмірдің. Ана деген-әр үйдің жылуы, Ана деген-гүлі туған өмірдің. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз, Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз, Егер біздің қасымызда болмасаңыз, Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз. Сіздер –күнсіз ,аспанда жарқыраған, Сіздер-өзен,тау суы сарқыраған, Сіздер-ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар, Сіздер-жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған. Өмірде ана бұлақ ,ана пана Өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай көсем ,талай шешен, Талай ер ,талай ақын,талай дана , Ана! Ол біздің елде ардақты адам. 6.Постермен жұмыс 1-топ: «Емен ағашы» 2-топ: «Ай мен жұлдыз» 3-топ:«Табиғат » (Бейнеленген суретке жетіспей тұрған бөліктерін жетістіріп,сурет бойынша әңгімелеп шығады. ) 7.Сергіту сәті: « Менің жүрегіме рахмет!» (Жүрекшені алып « Тілек ағашына » орналастырады.) -Менің жүрегімнің қайырымдылығына рахмет! -Менің жүрегімнің мейірімділігіне рахмет! -Менің жүрегімнің жылылығына рахмет! -Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көретініне рахмет! -Менің жүрегімнің жақсы көру сезіміне рахмет! -Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет! -Менің жүрегімнің кең пейілділігіне рахмет! -Менің жүрегімнің адалдығына рахмет! -Менің жүрегімнің сезімталдылығынак рахмет! -Менің жүрегімнің қамқорлығына рахмет! -Менің жүрегімнің кішіпейілділігіне рахмет! -Менің жүрегімнің тазалығына рахмет! -Менің жүрегімнің ізеттілігіне рахмет! -Менің жүрегімнің мөлдірлігіне рахмет! -Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы? -Ана ! 8.Ой-қозғау: «Менің анам қандай?» Тақтадағы суреттердің мағынасын ашу:күн, кітап,жер –ана. 9.Ана туралы сыр:Суреттерді көре отырып,ат қою,Ойларын жинақтап,сұрақтарға жауап беру: -Мен анамды қалай қуанта аламын? -Анам мен үшін кім? -Ананың ақ сүтін қалай өтей аламын? Қорытынды: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз. Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз. ЕКІ жұлдыз,бір тілек Кері байланыс: 1.Бұл сабақ не туралы болды? 2.Бұл сабақ ұнады ма? 3.Сабақтың қандай бөлігі ұнады? 4.Сабақтың қандай бөлігі ұнамады? 0 http://talimger.org/load/elektron/tarbie/ana_ba_yt_ana_zhyr_ana_mir_ana_g_l/32-1-0-5086



























"Бақыт" деген не? Өмірде мына сұрақтарды өзіңізге қойған боларсыз: "Бақыт деген не?" және "Бақыттың бар мәні неде жатыр?". Ұстап алуға соншалықты құмартатын, иеленгіміз келіп жүрген көзге көрінбейтін елес секілді, бірақ сол уақытында, баянсыз екендігі анық ұғынылатын... Бақыт артынан қуа отырған күннің өзінде өздері үшін бақыттың не болып табылатындығын білмейді. Жай ғана сөз, жай ғана секунд, минуттар мен сағаттар.  Алдағы ең басты мақсат - бақытты болу. Ал шынайы бақыт қуанышы деген не? Қалай бақытты болуға болады? Данышпан мен ғалым біткеннің басы көптеген ғасыр бойына қатып келеді. Көпшіліктің ұйғарымында, шынайы бақыт деген -  өз арман-тілектерінің ақиқат өмірде жүзеге асуы. Ал бұл солай ма? Бақыт деген не? Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен, бақыт деген - адамгершілігі мол адамдарда өмір сүретін жан. Рақымшылығы мол жан Аристотель заманында шынайы бақыт қуанышының иелері саналғанға ұқсайды. Бүгінгі таңда "Бақыт" сөзі қалай түсіндіріледі? Психология пәнінің көптеген оқулықтарында "бақыт" термині өз өмірінен толық қанағаттанушылық сезімін сезінген адамның психологиялық көңіл-күй ауаны деп түсіндірілген.  Бұған адам баласының еш уақытта толыққанды бақыт қуанышын сезіне алмайтындығын келтіре кетпеске болмайды. Заңдылық екеш заңдылық ретінде адамға үнемі бір нәрсе жетпей жатады. Бақыт бұл уақытта жоқ нәрсе және бұл уақытта қатты қалайтын нәрсе. Бақыт - бұл арман. Дегенмен, түсініксіз бір түйткіл орнайтыны, арман-тілек қалай жүзеге асысымен, артынша бақыт ізім-ғайым жоқ болып кетпей ме?! Арманыңыз ақиқат өмірде орын алған уақытта бақыт туралы ұғым жүрек түкпіріңізде белгілі бір уақытқа жатқандай болғанмен, алайда, аппақ таңның жарығында сол бір мол қуатты бақыт туралы ұғымның көлеңкесі кішірейіп, күн өткен сайын жарықтан артық жылдамдықпен күш-қуаты кеми бермек.  Адам нені армандап, нені ақиқат өмірде жүзеге асырып жатқанда өз-өзіне қуаныш сыйлайды? Адам белгілі бір іс-қимылдарды жасайды және онысы шырмалған шаруа тұрмысында қуаныш алып келеді. Қандай бір жаңалық ашпасын, өнер тудырмасын, бәрібір де оның барлығы мәңгілікке бақытты қыла алмайды. Адам үшін бақыт деген не? Әрбір адамның бақытқа берер өз анықтамасы бар. Бақытқа бастар бағыттың әрқилы болуы мүмкін, бірақ, негізінен көпшілік адам үшін бақыт деген бұл: Үйлесімділік (гармония) Отбасы Махаббат Өз-өзін табу Жетістік Қаржылық кең мүмкіндік Бақытқа анықтама беруде мұнан да өзге алғышарттарды тізе беруге болғанымен, басты мәнге ие болуы келесі бір ораймен түсіндіріледі - әр адамның өз бақыты.  Сонымен, егер сіз үшін бала мен отбасы бақыт болып табылатын болса, онда Сіз отбасы құрып, бала-шағалы болу жолында бәрін жасайтын боласыз. Ал егер Сіз үшін бақыт деген өз-өзіңізді табу (самореализация) болса, онда Сіз бар мақсат-мүддеңізді жұмылдыра отырып, өмірдің сізге айырған дәм-тұзын табуға бар күшті сарқа өтпексіз. Бақыттың алғышарты қаржылық кең мүмкіндік түрінде келеді, есен-саулық Сіздің материалдық қам-харакетіңізді жасап алуыңызға жол түзбек. Соған қарамастан, Сіз сырттай неге қол жеткізген болсаңыз, сізде соның бәрін жоғалтып алмайын деген қорқыныш орнары сөзсіз. Ал сол қорқыныштың өзі Сіздің толыққанды қуануыңызға және бақытқа қуануға жол бермейтінін біле кеткеніңіз жөн. Бақыт жолын жан дүниенің өсіп-өркендеуімен, рухани кемелділіктің шырқау шыңымен өлшейтін адамдар тобы бар. Мұндай адамдар көп оқып, практиканың әр қырында дайындалып, әр жолы өз рухани әлемін көркейтуге ұмтылып тұрмақ.  Бақытқа жетудің екі жолы Жоғарыда келтірілгендерден бір тұжырым шығарар болсақ,  бақытқа жетуде алдымызда екі жол бар.  Бақытқа жетудің сыртқы түрі Бұл бір есепте адам үшін бақыт - бұл сыртқы әлем. Осылай деп санаған адам үнемі қайырымды отбасыға, жақсы досқа, қаржылық кең мүмкіндікке қол жеткізуге тырысады. Сол адам, өз кезегінде, өзін шын мәнінде де шын бақыттыға жатқызады, бірақ, онысы ұзаққа созылмайды. Бұл тұста жаңа ойыншық сатып алып берген кішкентай бала мысалға алынады. Алғашында ол ойыншыққа қуанып, бар болғаны үшін бақытқа кенеледі. Бірақ біршама уақыт өткен соң, ол туралы ұмытып, жаңа ойыншықты қалап тұрады. Осылай жалғаса бермек, адам жаны тумысынан көп нәрсе алғысы келіп жаратылған. Қысқа уақытқа бақыт сыйлау... Бақытқа қол жеткізудің ішкі түрі  Іштей өсіп-өркендеу. Бұл таңдауда адам рухани өсіп, жеке басының кемелділігін арттыруда жұмыс жасап, және бірқатар уақытқа өзін бақытты сезінуі мүмкін.  Көпшілік бұл оймен келісе жатар, жаңа затты иелену немесе білім алу ұзақ уақытқа созылмайтын бақыт сезімі. Әрі тез ұмытылады. Мұндай бақыт түрі көбіне біздің өткен күнімізде жатқандықтан, дәл қазіргі сәтте бақытты болуға көмектеспейді.  Демек, бақыттың сыртқы түрі де, ішкі түрі де үнемі бақытты болып өмір сүруге кепілдік бермейді. Табиғи сұраққа ерік берсек: "Онда бізге не істеу керек?". Шынымен-ақ, сонда біз өмір бойына осы бір көп жалықтырған бақытты іздеумен өтеміз бе? Осы жерден аялдап, бақыт туралы ұғымға қайта көз жүгіртейік. Адамдар шындығында нені қалайды, бақыт туралы қай кезде ойланады? Адамға арналған жасанды бақыттың құпиясы Бақыт - қоршап алған қиял сағымы. Адам не істемесін, неге ұмтылмасын - ол тек қана бақыт туралы ойлаумен болады. Бұл ретте сол бақыттың өзі нақтылық жағдаяттарға тәуелді. Ал егер осы бір алғышарттар (орындалуы) көңіліміздегідей орын алмаса немесе сәйкес келмесе, онда біз бақытсызға айналамыз. Бақытқа қаншалықты қатты қол жеткізгіміз келген сайын, соғұрлым жету қиындай түспек.  Бақыт - біздің өміріміздегі №1 арман.  Өйткені, адам көлік, жұмыс, үйді емес, ең алдымен бақытты қалайды - бақытты болу. Бақыт - бұл біздің шын қалауымыз, бірақ, шын мәнінде, бізге шындап алғанда көп қажетті нәрсе емес.  Сонда бізге не қажет? Жауабы өте қарапайым әрі қарабайырлау - бізге ертеңгі күнімізге сенімділік сыйлайтын, өзімізде болып жатқанға түсінік беріп, үйлесімділікті тарту ететін нәрсені іздеп табу қажет. Өзімізді түсініп үйренсек, сезінсек және бүгінмен, осы жерде, осы қазір өмір сүрсек... Өз-өзімізді дәл осы жерде, дәл қазір зерделеп үйренуіміз дұрыс. Бізге өзіміздің шын мәнінде кім екенімізді, бұл әлемде қандай орын алатынымызды, біздің өмірлік мақсатымыздың неден тұратындығын және бұл планетаға не үшін келгенімізді зерделеу қажет. Зердемен өмір сүру арқылы, біз, ақыр аяғында, бізге тиесілі бақытты ала алмақпыз. Және бұл бақыт сыртқы жағдаяттарға еш қатыссыз орнайды. Бақыт әрқашан бізбен бірге табылып, толық қуатын сезіне алатындай халде өмір сүрмекпіз.  Балалық шақта біздер шын бақытты едік қой (еш себепсіз-ақ). Өмірге, табиғатқа қуанушы едік, айналамызды қоршап жатқанның бәріне қарай отырып, шат-шадымен күйге енуші едік қой. Сосын, жас ұлғайған сайын, жұмыс жасай бастаған уақытта, біз бүтіндей күтім мен күтуден тұратын ересектердің мазасыз әлеміне ендік. Ақ ұлпа қар секілді әр жолы бір жерге асықтық, әр жолы жылы желдің демінде еріп кетіп жаттық. Өмірлік мәреде толассыз талас-тартыс туындайды. Өйткені, санаулы жылдар ішінде, санауға келместей мейлінше көп нәрсе істеп тастауымыз керек. Белгілі қағидат бойынша: "Ағаш егу, үй салу және бала-шаға өсіру" деген ұранмен қоса, мақсат-мүдденің тізімі келіп қосылады: көлік сатып алу, мансап құру, бай болу және т.с.с. Күн астындағы күресте қоршап жатқан әлемнің кереметтілігін байқамаймыз, адамдарды елеп-ескеруден қаламыз, құстардың дауысын ұмыт қалдырамыз, басқаша айтқанда, өзіміздің тамаша өміріміздің қарапайым әрі сол уақытта ерекше көп сәттерін көрмей, жіберіп алып жатамыз. Қас-қағым сәттің қуаныштары бізді жиі шын бақыттыға айналдырады. Уақыт тоқтаусыз алға жылжиды және сағат тілі үнемі алға жүріп отырады, жақындарымыз бен достарымыз бізге қаншалықты жақын әрі қымбат болғандықтарын естіместен өтеді, балалар байқаусыз өсе береді және қажетті ата-ана қарауынсыз, аялы алақан күтімінсіз, жылуынсыз есейеді...  Есіңізде болсын, толыққанды бақыт үшін Сізге, және сіз секілді өзгелерге де әрқашан бір нәрсе жетіспей тұрады. Газет беттері мен теледидар экранынан берілетін апат, соғыс, кісі өлтіру жайындағы негативті ақпарлар өмір сүруді қиындата түспек. Егер осы бір жаңалықтарды естіп, көріп білетін болсаңыз, онда, кез келген адам ашу-ызалы күйге еніп, нәтижесінде өз өмірін қара-сұр көлеңкеде елестетін болмақ. Осы тұста біздің өмірге келеңсіздіктер орнап, бақытсыздықтар келіп, келіп қалғаны белгісіз, әрқилы жан жарасы мен ауру түрлері туындайды. Біздерге өмір деген - бұл бірыңғай проблема мен күтім-күтімшіліктен тұратындай ыңғайлы көрінбек.  Мұндай жағдайды қалай дұрыстауға болады, үй ішіне қалай бақыт орната аласыз? Мүмкін, бұл ойға сыймастай көрінер, бірақ, бұлай жасау әр адамның қолынан келеді. Психология мен эзотерика бойынша жазылған көптеген кітап авторлары өте жиі адам назарын мына бір "Адам өз өмірінің жаратушысы" деген қарабайыр, тым ескі шындыққа аударады. Шындық демекші, денеміздегі жан сыздауларға біздің өзіміздің кінәміздің бар екендігін мойындай кетелік.  Ашу, дұшпандық, кінәлілік сезімі мен негативті эмоциялар ауруға, жан жарасына бастап барады. Луиза Хей - америкалық жазушы осы бір тақырыпта ондаған кітапты жарыққа шығарып үлгерген және өзі жасап шығарған ерекше жүйесі бойынша әрбір ауру түрі арнаулы бір жаман ой немесе негативті эмоциядан құрылатындығы түсіндіріледі. Және өзіміздің негативті ойларымызбен өзіміздің соқыр сезімімізді сәтсіздікке бағдарламалап, өз өміріміздің жағымсыз сценарийін түзеді екенбіз. Соқыр сезім жүйек (атыз немесе арық деп айтылады) секілді ғажап әрі хош иісті гүлдер (жағымды ойлар мен эмоциялар) мен семіріп алған арамшөптердің өсіп-өркендеуіне жол береді (негативті ойлар мен эмоциялар).  Өз өміріміздің жаратушысы (жасаушысы) өзіміз саналғандықтан, онда бізге негатив орнына жақсы бір ойларды ойлау қажет-ақ шығар? Күш-қуатқа толы музыка тыңдап, әзіл-сықақшының тамаша тартуын тамашалап (мәселен, Уәлибек Әбдірайымов), не болмаса кез келген бір комедия көрсетілімін көруге болар? Бірақ, ешбір жағдайда Сізге жақын адамдардан бөлініп қалмаңыз, Сізге қаншалықты ауыр болса да... Есіңізде болсын, оларға да Сіздің көңіл аударғаныңыз қажет, олар Сіздің махаббатыңыз бен күтіміңізді көруге зәру. Олармен өз қуанышыңызбен бөлісіп немесе жай ғана өз проблемаларыңызды бөліске салыңыз. Маған сеніңіз, осыдан кейін Сізге әлдеқайда жеңіл тиеді. Егер дәл осы сәтте Сіздің ешкіміңіз жоқ болса - қайғырушы болмаңыз. Сіз өзіңізге мысық немесе ит-күшікті алдыра аласыз (олардың өмір сүруге деген талпынысын көрген сәтте, бар қайғыңыз ұмытылмақ). Сеніңіз, олар Сіздің бос уақытыңызды бояуға толтырады.  Осы өміріңіздің әр сәтін бағалаңыз, бұның еш қиындығы жоқ. Терезеден қараңыз, қоршаған әлемнің сұлулығын көресіз бе?! Жаздың ашық көк аспаны, ағаш жапырақтарының сыбдыры, өзен-көлдің күлім қағып аққаны, жауынның тамшылары, ақ қасат қарлар - осы бір сән-салтанат шын мәнінде біздегі депрессия мен стресске тегін ем-дәрі. Сіз кез келген сәтті пайдалана аласыз және Сіз өзіңізді бақытты әрі қуанышты адам ретінде сезінетін боласыз. Сезінесіз...

Толығырақ: 
https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/12748/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқ









ықты сақтаңыз

























Бақыт - алда тұрған арман, мақсат. Сабақтың мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу. Міндеті: Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Бақытқа жетелейтін адам бойындағы қасиетті қалыптастыру. Типі: Жаңа сабақты меңгерту Әдісі : Адамгершілік құндылықтар мен түсініктерді үйрету технологиясы Көрнекілігі: интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс. Сабақ барысы: І. Шаттық шеңбері Қане, оқушылар ортаға шеңбер құрып, бір-бірімізді таныстырып, бүгінгі сабағымызға өз тілегімізді айтайық. - Жақсы, осы айтылған тілектеріңіз қабыл болсын деп, мен сіздерге сәттілік тілеймін. ІІ. Мен ( визуализация) - жаттығу Қане, барлығымыз өзімізді біреудің, қызы, біреудің ұлы, оқушы, аға, әпке, бауыр, досы, құрбысы, т.б. рөлдерге қойып ойнайық. Қай рөлге қойғанда өзіңді бақытты сезінесіңдер? - Жақсы, міне көрдіңіздер біреу апасы, біреу анасының қызы, баласы, бауыры болғанда бақытты сезінеді. Ал енді осы бақыт сөзінің түсінігін анықтайық. - Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер? - Дұрыс бақытты әр адам өзінше, өз қалауынша қабылдайды. - Ал, осы бақыт сөзіне мағыналас сөздерді айтайық. - Жақсы, дегенмен, оқушылар өмірде жақсылық пен жамандық, ақ пен қара , түн мен күн барлығы қатар жүреді. Бақыт сөзіне қарама-қарсы қандай ұғымдар бар. Оқушылар қалай ойлайсыңдар бақытты адамның артықшылығы? Бақыт сонда бізге не сыйлайды. - Дұрыс, бақыт бізге қуаныш, достық, байлық, денсаулық т.б. сыйлады. - Бақыт сөзінің кемшілігі? - Дұрыс, адамдардың өз бақытын бағаламауда. - Кәне, оқушылар бір сәтке ойланып көрейік. ІІІ. Тыныштық сәті. Бақыт деген не өзі? «Бақыт деген не өзі?» деп, бастады топ таласты. Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты. Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе? Керегінше киіп ішсең бақыттысың демес пе?» Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой. Жұрттан гөрі жүрсең ирек, сонын өзі жақсы ат қой.» Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау. Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау.» Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой. Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой.» Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым. Бақыт, адам баласына келмес оңай, соны ұқтым. Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да, Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда. Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты, Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты. - Бақытқа жетелейтін не нәрсе ? - Міне, көрдіңіздер ме? - Бақыт - адам бойындағы баға жетпес сезім. - Бақыт - алда тұрған арман, мақсат. ІV. Өзіммен - өзім сәті. Ендеше армандайық. Оқушылар өздерің мен өздерің оңаша ойланып, «Армандар бағына» саяхат жасайық. Өз армандарыңызды бір бетке бейнелеңіздер. Міне, оқушылар біздің арманымыз осындай. Aл енді әлем балаларының арманын көрейік. V. Бейнекөрініс. - Міне дамыған Европа елінің баласымен, көп жылдар аралығында басқа елдің отары болған Африка елінің балаларының арманы. Осы екі көрініске қарап отырып, өзіміздің арманымыздың биік, асқақ екендігін және де бейбіт, тыныш дамыған елдер қатарына енген тәуелсіз елде өмір сүріп отырғанымызды мақтан етуіміз керек. - Ендеше осындай бейбіт, тыныш өмірге қалай қол жеткіздік? - Дұрыс айтасыңдар ата-бабамыз, батырларымыз жерім, елім аман болсын, ұрпағым бейбіт өмір сүрсін деген арман жетегінде бізге бейбіт өмір сыйлады. - Оқушылар, біздің елімізде қандай елеулі мереке тойланғалы отыр? - Дұрыс айтасыздар. Ұлы жеңіске 65 жыл. Ал енді осындай бейбіт заманда бақытты өмір сүру үшін мемлекет бізге қандай қамқорлық жасап отыр. - Міне, көрдіңіздер ме? Мемлекетімізде Ана мен бала құқығы қорғалады, Халықаралық бала құқығын қорғау конвенция, Балаларды қорғау декларация, білім алу, тегін емделу, шет елдерде оқу. Біз өз мүмкіншілігімізді қай салада болса да көрсете аламыз. Біздің мүмкіндігім зор. Сондықтан да біздің алдымызда айқында, анық мақсат болу керек, Біздің мақсатымыз: білім алу. Білім заңының 47 бабында: «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетілгендей Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруде ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті. Осы міндетті іске асырсақ мақсатымыз орындалады. - Ендеше бүгінгі сабақтың дәйек сөзін Әбу-Насыр Әл-Фараби сөзімен алсақ: «Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» деген екен. VІ. Жүректен –жүрекке. Оқушылар барлығымыз да бақытты болуға жаралғанбыз. Ендеше, өз бақыттарыңызды бағалай отырып, лайым бақытты болайық. http://talimger.org/load/elektron/tarbie/ba_yt_alda_t_r_an_arman_ma_sat/32-1-0-4823





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
1151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі