Бақыт деген не?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақыт деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақыт кімге және не үшін керек екендерін білу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақыт деген не?

«Бақыт деген не өзі?», – деп бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең, бақыттысың емес пе?».

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой».

Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау».

Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой».

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.

Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты!» деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай. Менде өз ойымды ортаға сала кетейін.
Бақыт деген не?...... Бақыт дегенді адамдар әрқайсысы әрқалай түсінеді. Сол адамдардың бірі мен едім. Бақытты адам болу үшін - өзіңде жақсылық жасай білуің керек деп ойлаймын. Кейбіреуі бақыт байлықта деп ойласа, кейбіреуі өз еңбегіңмен тапқаны, кейбіреуі ата – ана атансам, сәби сүйсем сол бақыт деп ойлайды. Ал өзіме келетін болсам маған бақыт деген – ол жақындарым жанымда болса, балаларым, туған – туыстарым, бауырларым, ата – аналарым аман, денсаулықтары мықты, ешқашан ауырмай, отбасымда тыныштық, жылулық, сыйластық болса, балаларым аман – есен оқуларын оқып, өздері аңсаған армандарына жетсе солардың өзі жеткілікті.

Бақытты болу – ол адамдардың өз қолдарында. Алла тағала бақытты, байлықты, махабатты бірге береді дейді. Ол қаншалықты рас? Адам бақытты болса ол соншалықты махабатқа ие болады және байлықты адам еңбегімен табады.

Бақыт деген сөздің мағынасына ешқашанда сөзбен жеткізе алмайды екенсің. Сондықтанда бір шумақ өлеңімді арнап көрейін, бірақта мен ақын емеспін, өлең шумақтарын жүректен арнап отырмын:

Бақыт деген – көпшіліктің қанаты,

Бақыт деген – адамдардың бақыты.

Бақыт деген – балалардың анасы,

Әрқашанда аман жүрсін,

Қазыналы қарттарым.

Ойымды қорыта келе, әр адам өз болмыстарына сай болса, өмірлерін баянды ете білсе ғана шын бақытты бола алады демекпін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.12.2018
1174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі