«Бақыт сыйла» (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы
түсінік беру. Оқушылар мен ата-анаға адам өміріндегі қуанышты
сәттерінен, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және
жалпы адам бақыты туралы түсінік бере отырып рухани адамгершілік
қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірдің әр сәтін
бағалай алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Өмір ағашы» плакат, дәйексөздер, түрлі-түсті
қағаздар мен қарындаштар, баяу әуен жазылған
үнтаспа.
Шаттық шеңбері
Сәлеметсіңдер ме, балалар шаттық шеңберін құрайық. Енді
бір-бірімізге деген көңіліміз комплиментімізді айтайық.
Екі оқушы шығып, екеуі де көзін жұмады. Қолдарын алдыға созады. Мен
1,2,3 деп шапалақ ұрғанда ІІ топ болып жиналып қалуымыз керек.
«Бақыт сыйла» атты тренингімізді бастамас бұрын барлық
жаманшылықтарды, қайғы-мұңды, күнделікті өмірде кездесетін
мәсәлелерімізді, бір-бірімізге деген ренішімізді ұмыту үшін бір
сәтке ұмыта тұрып, Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт» туралы өлеңін естіп
жіберейік.
Балаларға арналған тапсырма. Алдарыңызға ұсынылған ойды
жалғастырып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер:
Сіздің жеке пікіріңіз…
Бақытты отбасы, ол — ….
Сәби бақыты,ол — ….
Ата-ана бақыты,ол- …..
Ұстаз бақыты,ол-….
Ұлт бақыты,ол-….
Қоғам бақыты,ол-….
Бақытқа жету үшін адам не істеу керек?
«Бәрі сенің қолыңда» видеоролик тамашалау
Психолог сөзі:
«Бақытты адамның ұстанымдарын» тыңдап көрсек.
Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.
Бақыт – бұл жаныңа жақын істі таңдап алу және шығармашылықпен
еңбектену.
Бақыт – достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу.
Бақыт – қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы.
Бақыт – ертеңгі денсаулығыңнын мықты болуы және өзіңнің,
айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу;
Бақыт – әр күннің нұрлы шуағын сезіну.
«Менің ойымдағы бақыт бейнесі» атты сурет сайысын ұйымдастырамыз.
Барлық бала қарындашты бірге ұстап сурет саласыздар. Салған
суретімізді ортаға шығып қорғаймыз.
Майшам жаттығуы
От жарық жылулық белгісі. Осы отқа қарап отырып « Бақыт» сөзін бір
ауыз сөзбен айтып, күнді шуақтандырайық.
Рақмет, осымен бүгінгі тренингіміз аяқталды.
Пайдаланылған дәйексөздер:
Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат
қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы
игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін
ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби.
Кімде-кім ниетін имандылыққа, тазалыққа, тілін
шындыққа, өзін тыныштыққа, мінезін туралыққа, құлағын тыңдаушыға,
көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол
бақытты.
Құран кәрімнен.
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына,
жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып
жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта
дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен
өткізгендер аз емес.
Б.Момышұлы.
Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында
шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан
қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенше өз заманын түсіне білу, өз
қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет
істей білу.
Б.Момышұлы.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым–қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым–қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым–қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым–қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
- бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
- түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
«Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген ұстанымды туындатады.
Өзіндік бағалауы жоғары жағдайда да адекватсыздық байқалады. Бұл баласын көп мақтап, кішкентай жетістіктері үшін де сыйлық беретін отбасында да кездеседі. Жоғары, бірақ шамадан тыс өзіндік бағалауы жоқ отбасында балаларға бағытталған көңіл бөлушілік қажетті деңгейдегі талапшылдықпен сәйкес келеді. Өзіндік бағалауы төмен балаларға отбасында шамадан тыс еркіндік ұсынылады, алайда бұл еркіндік ата-ана мен бала арасындағы қатынас бұзылуы нәтижесіндегі бақылаусыздық болып табылады.
Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар эмоционалды қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзі мимика, жест және поза көмегімен жүзеге асырылады. Бала ата-анасы және жақындарының қарым-қатынас стиліне еліктей отырып, санасыз түрде соған бейімделіп кетеді. Сөйлеу мәдениетіне ие отбасы баласының бойына қолданылып жүрген қарым-қатынас стилін бейімдейді. Эмоционалды қатынастың бұзылуы нәтижесінде бала бойында үрейлілік дамиды. Жоғары үрейлілік тұрақты сипатқа ие болады. Егер оның бойындағы уақытша қиындықтарды ересектер тітіркендірсе, бір нәрсені қате жасап қою қорқынышы, үрейлілік туындайды.
Мұндай жағдай ата-аналар тым жоғары талап қойғанда да туындайды. Үрей мен оған байланысты төмен өзіндік бағалаудың өсуі нәтижесінде баланың танымдық жетістіктері төмендеп, сәтсіздік сезімі беки түседі. Өзіне деген сенімсіздік нәтижесінде келесідей ерекшеліктер де туындайды. Ересектердің нұсқауын орындау, үлгі бойынша ғана әрекет ету, өз ойын білдіруге қорқу, білімдер мен әрекет тәсілдерін ресми түрде меңгеру. Өз баласының оқу әрекетінің нәтижелілігінің төмендеуіне көңілі толмаған ересектер қарым-қатынас барысында аса үлкен көңіл бөле отырып, бала бойындағы эмоционалды дискомфортты үдете түседі. Балаға жақын ересек адамдар бала жетістіктерін байқап, оны қателіктері үшін аса қатал жазаламау арқылы оның үрейлілік деңгейін төмендетеді және сол арқылы оқу тапсырмасының сәтті орындалуын қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі эмоционалды сәтсіздіктердің басқа формасы ата-ананың диктат болуы нәтижесінде пайда болады. Оларға қорқыныш – адам санасындағы нақты қауіпті сезінуі; үрей – болашақтағы қауіпке эмоционалды түрде тұрақталып қалу. Үрей қорқынышқа қарағанда әрқашанда теріс сезім емес, өйткені ол қуанышты қобалжу кезінде де орын алады. Қорқыныш пен үрейді біріктіруші– мазасыздық сезімі болып табылады. Оны баланың сасқалақтап, қажетті жауапты бере алмай, дірілдеген дауыспен сөйлеп, мүлдем үндемей қалуынан көреміз. Ол мүлдем көп қимылдарды жасайды немесе мүлдем қозғалыссыз қалады. Мұндай симптомдар ағзаның психофизиологиялық функцияларына шамадан тыс қысым түскенін білдіреді.
Қорқыныш жасқа немесе жүйке жүйесіне байланысты болады. Жасқа байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда кеңінен көрініс табады. Олар келесідей факторларға байланысты болады: ата-анасында қорқыныштықтың болуы, баламен қатынастағы үрей, шамадан тыс қамқорлық және оны құрдастарымен қатынасынан оқшаулау, ата-ана тарапынан тыйымдардың көп болуы немесе шамадан тыс еркіндік және отбасындағы ересектердің көптеген қорқытулары, ата-ана арасындағы конфликтілік қатынас, қорқыныш сияқты психикалық жарақат, құрдастары және ересектерімен қатынастағы қорқынышты психиканы жұқтырып алу.
Жүйке жүйесіне байланысты қорқыныштың сипаттары: жоғары сезімдік және қысым жағдайында болу; тұлға және оның мінез-құлқының қалыптасуына кері әсер ету; басқа қобалжулармен байланыс, барлық жаңалықтан және таныс емес нәрседен қашу; қорқынышты жоюдағы қиындық. Сондай-ақ жүйке жүйесіне байланысты қорқыныш ұзаққа созылған шешімі күрделі қобалжулардың нәтижесінде туындайды.
Көп жағдайда сезімтал, отбасындағы қарым-қатынасты эмоционалды қиындықты басынан кешіретін, өзі жайлы көзқарасы отбасындағы қақтығыстар нәтижесінде өзгертілген балалар осындай қорқыныштарды сезінеді. Мұндай балалар ересектерге бедел және махаббат негізі ретінде сүйене алмайды.
Мектепке дейін ересектермен қарым-қатынас тәжірибесіне ие болмаған балалар олардың көңілінен шықпай қалуға, мектеп ұжымына бейімделуде қиыншылықты басынан өткізеді және мұғалімнен қорқады. Кейбір жағдайларда құрдастарымен қақтығыстарға түсіп, олардың тарапынан болатын агрессиядан қорқу (төбелесу, ұрып-соғу) мектептен қорқу себептерінің бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы қорқыныштың нәтижесінде ұялшақтық сияқты мінез-құлық формасы туындайды. Ұялшақтық – бұл көптеген адамдарға тән, қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін ерекшелік.
Сонымен жоғарыда сипатталған бала тұлғасының негативті қырлары дискомфорттың (жайсыздықтың) салдарынан туындайды. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы терең және үздіксіз қатынас болуы қажет. Бұл тәрбиелеудегі негізгі талап. Қатынасты сақтаудың негізі – бұл бала өміріндегі оқиғалардың барлығына да қызығушылық таныту, оны түсінуге, оның өміріндегі өзгерістерге көңіл бөлу. Балалар мен ата-аналар арасындағы эмоционалды қатынас өзара түсіністік жайлы айтқанда бала мен ересек адамның арасындағы әрекеттестік, диалог жайында ой қозғалады. Зерттелініп отырған жас кезеңінде эмоционалды қатынас, дыбыстық қатынас өте маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ересектердің балалармен қарым-қатынасының мынадай принциптерін көрсете аламыз: баланы қаз қалпында қабылдау; эмпатия - ересек адам бала позициясын қабылдайды, туындаған мәселеге бала көзімен қарайды; конгрэнттілік - болған оқиғаға ересек адамның адекватты қатынасы.
Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
|
Мұғалім, ата-ана және бала арасындағы
қарым-қатынас |
«Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тренинг.
|
|
|
|
Бұл тренинг ата-аналарымен өткізіледі.
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг сабақты өткізуге түрлі-тусті қағаз, желім, плакат керек.
Тренинг барысы:
-
Сәлемдесу рәсімі
-
Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»
-
«Жанұя бақыты» жаттығу.
-
«Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
-
Жаттығу: «Тілек шамы».
-
«Сиқырлы жүрек» ой-түйін
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
Жаттығу – «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін;
Мен көрікті — Әсеммін;
Мен дарынды – Дидармын.
Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»
|
|
|
|
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,
ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
Жаттығу: «Жанұя бақыты» жаттығу.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отьасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
-
Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
-
Отбасы бұл….
-
Отбасым бақытты болу үшін….
-
Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі….
-
Мен қалар едім отбасымның….
Жаттығу: «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынсатың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя-жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет
Тренинг сабақтың тақырыбы:Үштік одақ: ата-ана,мұғалім,оқушы.
Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім
үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің
бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана,
мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату
бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық,
мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
Көрнекігі: Интерактивті тақта, ресурстар мен
стикерлер.
Қатысушылар: Ата-аналар,оқушылар және мұғалімдер.
Жүрісі:
-Салеметсіздер ме,құрметті қонақтар?! Сіздерге
ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын
дамыту үшін қолдануға болатын тренинг көрсетемін. Барлығымыз ортаға
шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға
психологиялық дайындық мақсатында «Байланыс» тренингін
өткіземіз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға
береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң
Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір –
бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы,
мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден
босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?
Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге
болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке
екенін көрсетеді.
Үштік одақ жұмысымен өзектілігімен
таныстырайын.
Үштік одаққа тапсырмалар беріліп, плакат таратылады:
Бұл тапсырманың мақсаты -Мұғалім ата - ана оқушы үштіктігін әр
қырынан талдап, бір – бірінен не талап етілетінін анықтап алу үшін
қолданылады.
Берілген тапсырмалар дайын болғанша, 3«А»сыныбы өздерінің ән шашуын тарту етеді.
Ән: «Біз бақытты баламыз».
Құрметті мұғалімдер Интерактивті тақтаға назар
аударыңыздар.
Отбасы туралы,мұғалімдер мен оқушылар туралы ойларын толықтыру,слайдпен жұмыс.
Тренинг әңгіме: "Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты,
қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші
шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не
болады?)
«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір
шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы
тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты.
Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты.
(енді не болды, кім қалай ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде
әкесі оған:
«Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр
татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. ( сіздердің
ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса,
қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап
жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не
айтады?)«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға
жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын,
қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза
қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды
бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына
шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан
ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын
сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы
кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан
дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік
пен адалдыққа шақыру.
Қорытынды сөз: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
"Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі
дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой
қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге
шақыру.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық
тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд ,
маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер;
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.Тыныштық сәті. Әуен
тыңдату.
II. Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.
Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші
отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін
шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Әркім өзін
таныстырып, өзі жайлы бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы
көршісі де солай жалғастырады. Қатысушылар түгел танысып болған
соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне ата - аналардың есімін
ретімен атап шығу
- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде
болдыңыз?
Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді.
Сондықтан бұдан былай үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде
есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық
2. Топтастыру.
Ата - аналарды үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып
отырады. Ата - аналарды тренинг ережесімен таныстыру.
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу
2. «Ми шабуылы»
1 топ.
1) «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж
4 науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық
2. Үйі жоқ бомж
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?
2 топ. Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән
бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі
әрекеттеріңіз қалай болмақ?
3 топ. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге
көрсетесіз?
3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал
төңірегінде ойланып көрдік пе?
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді
тексеруге болады
3. «Ән айтайық» жаттығуы
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:
І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?
ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?
Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.
Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол
маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады.
Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл
жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған
МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін
ата-ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі
жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге
менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не
басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп
құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі
бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау.
Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні,
мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп,
толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай
қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан
нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып
уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны -
туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана
жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен
қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!
«Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды
жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін
білдіреді.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар,
яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс -
қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?
5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана
топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға
жеткізіп, айтып береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары
қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған
істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік
көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым
қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға
түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен
қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта
беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей,
ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе
дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек
- кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды
білдіреміз.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін
сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және
бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады
8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы,
гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін
айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды
жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді
ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді.
Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген
тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға
кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала
тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі
мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен
балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап
қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған
азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің
перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас
ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен,
адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге
менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не
басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып,
баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман
- есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді
аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы
алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді
жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер
Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі
жапсырмалар бар.
- Осы белгілер бойынша оқушыға,ата-анаға,мұғалімге өз
ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға
болады
АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСЫ
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы.
Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің
ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру –
біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық
даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру
әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің
болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін,
тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық
тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті
ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп
өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың
болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы
зор болмақ.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің балабақшамыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Самалмын . Ал, мен ақкөңіл Ажармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.
Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
3. Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
-
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
-
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
-
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
-
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
-
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
4. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат
үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1. «Парасатты» кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші
Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз
4. «Тапқырлық» кірпіші
«Тәрбие» сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.
Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Жүректен жүрекке:Құрметті ата-аналар! Енді осы тренинг бойынша сындарыңызды, ұсыныстарыңызды, жылы лебіздеріңізді немесе тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашқа жапсырып, көркейтейік.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бақыт сыйла" тренинг

шағым қалдыра аласыз