Бақытты балалық шақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты балалық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
1 маусым балалар күніне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бақытты балалық шақ!

Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.


Өту  барысы:

Салтанат: Бақшаға біз гүл ексек, 
Балдырғаным, сен үшін, 
Бақытыңды жыр етсек, 
Балдырғаным, сен үшін 
Жігіт болар,күні ертең 
Балдырғаным, гүл еркем 
Бақытты бол,өсе бер, 
Құтты болсын мерекең!
 

Құрметті «Болашақ» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар ,демекпін.

Салтанат: Қош келіпсіз, қонақтар,ауылыма

 Сән-салтанат әкелген ауылыма.

 Армысыздар,ата-ана,ағайындар,

 Жиналған балабақшаның сауығына.

Бүгінгі 1 маусым халықаралық балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекемізге қош келдіңіздер.

Жәңгір:Қош келіпсіз,қош келіпсіз бәріңіз

Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Самұрат: Армысыз балабақша қонақтары

Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы,

Ән шашу, әсем әуен ,түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Кирилл:Мы пришли поздравить Вас

И от души вам пожелать

Всяческих успехов вам в деле воспитания

А вы в работе не забудьте

Все наши пожелания

Caрa: Hi.Hello and

How do you do

Were welcome you

This is where we sing

and play and leam

do thinds each time

Тарбия:Детский сад наш очень хороший

Лучшего сада не найдешь

Обойди хоть весь район

Лучшим будет все же он.

Ыбырай: Жаңа өмір басталсын,

Үміттеріңіз ақталсын

Ұмытылмай "Болашақ"балабақшасы

Көңілдеріңізде мәңгі сақталсын!

Іңкәр:Good morning,good morning

Good morning,to yow

Good morning,good morning

I am glad to sow yow

Айкерім: Бала деген болашақтың арайы

Балабақша сол бастаудың сарайы

Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін

Көрермендер өздеріңе арнайды.

Жансая: Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен,кіші,жасымыз,кәрімізде

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Бүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегі балабақша меңгерушісі Курманова Л.Б.және аудандық білім бөлімінен келген қонағымыз Жарикова Гаухар беріледі.

Салтанат: Жас бөбектер, сендерге арналады,

Бүгінгі мерекенің салтанаты.

Жас бөбектер, сендерге сыйланады,

Өмірдің ең керемет мархабаты.-дей отырып, «Балапан» тобы балаларының орындауында «Мажоретки» биін қабыл алыңыздар.

Көңілді ән ойналады. (Ортаға Сайқымазақ келеді)

Сайқымазақ: Қуан, Шаттан

Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн де бүгін:
Сәлем, достар!

Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
- Жақсы ғана ма, өте жақсы емес пе? Әлде ұйқымызды аша алмай тұрмыз ба?
- Келіңдер, бәріміз бір сергіп алайық.( Жаттығу жасау) «Солнышко лучистое»

-Балалар, білесіңдер ма, мен көңіл көтергенді сондай жақсы көремін. Ал сендер ше?

Қазір барлығын менімен бірге қимылдар жасап билеңіздер. Ал, қане бастайық.

«Буги-буги» әуеніне билеу.

-Қандай керемет! Бәрің де өте жақсы билейді екенсіндер. Мен сондай бақыттымын. Ал, енді менің кететін уақытым болды. Мен басқа да балалардың көңілін көтеруім керек. Сау болыңыздар!

Салтанат:Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі, - біздің «Жұлдыз-ай» тобы бүлдіршіндеріміздің орындауында «Көктем шуағы» биін қабыл алыңыздар.

(Маша и медведь мультфильмінің музыкасы ойналады. Ортаға Маша шығады)
Маша: 
Кімдер бүгін күледі?
Кім күлкісі естіледі?
Бәрінен де көңілді....
БАЛАЛАР ғой әрине!

(Ортаға Аю шығады. Маша балалардың артына тығылып қалады.)
Аю:
Балалар, сендер қандай тамашасыңдар? Сендердің араларыңда менің Машам жоқ па, таба алмай жүрмін! Өзі сондай бұзық қыз! Маған Машаны тауып алуыма көмектесесіңдер ме? (Маша осы кезде, отырған балалардың арқаларына кезек – кезек аюдан тығылып жүреді)
Балалар, егер Машаны көріп тұрғандарың болса, маған қолдарыңмен көрсетіңдерші. Қане, Маша қайда?
(Аю Машаны тауып алады да)
Маша жүр қайтамыз, жүреғой. Варенье қайнатамыз.
Маша: - Жоқ, мен бармаймын. Не хочу. Не пойду. Одан да балалармен біраз ойындар ойнап, би билеп алайықшы, сосын қайтамыз. Ну, пожалуйста!!!! (Жерге отырып алып, жылайды. Аю қолынан сүйрелейді)
Аю: - Ал бармасаң балалармен бірге ойнап алайық, сосын қайтамыз.
Ойын: «Допты ұстап ал»

Шарты: Балалар допты шеңбер бойымен бір-біріне беріп тұрады, ал Маша болса допты қуалап жүріп ұстап алу керек. Балалар допты Машаға ұстатпау керек.

Салтанат: Сүйкімділер, періштелер сендерсің

Қандай бақыт өздеріңе тең келсін

Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда

Ең алдымен балалықты меңгерсін-деп ортаға «Кішкентай жұлдыздар» әнімен бүлдіршіндерімізді шақырайық.

Көрсетер бүгін өнерін,
Бал - бұл жанған ұл - қызың.
Құтты болсын қадамың
Өнерге басар жұлдыздарым

«Солнышко» тобының орындауында «Жұлдыздар» биі.

Аю: Маша, енді қайтайық. Биді биледік, ойын ойнадық, енді тосапты қайнатайық.Сосын бірге отырып тосаппен шай ішеміз.

Маша: Алақай, тосап. Сау болыңыздар балалар, мен сіздермен бірге болғаныма өте қуаныштымын.

Салтанат: Балалар, бүгінгі күн сондай қызықты өтіп жатыр, солай ма? Бірақ біздің тосын сыйларымыз әлі біткен жоқ. Бізге тағы да қонақ келе жатқан сияқты.

Музыка ойнап, ортаға Мики Маус шығады.

Мики Маус: Сәлем, достар! Бүгінгі мерекеге үлгерейін деп асығып келдім. Мерекелерін басталып та кетті ма?

Салтанат: Мереке енді ғана қызып келе жатыр. Сен дер уақытында келдің.

Мики Маус: Қандай жақсы.Мен де сендермен ойын ойнайыншы.

- Қазір ұлдар мен қыздар болып жарысамыз. Мен «Қыздар» дегенде қыздар аяқтарын топылдатып, қолдарын шапалақтайды, ал «ұлдар» дегенде сол қимылдарды ұлдар жасайды. Кімнің қимылы қатты естіледі екен көреміз. (Алма-кезек «Қыздар-ұлдар» деп айқайлап тұрады.)

-Тамаша, бәрің де мықты екенсіндер. Ал енді билейміз.

(Вперед 4 шага, назад 4 шага)

Салтанат: Күндей күліп жүреді,
Әп - әдемі бір өзі.
Сара атты сұлу қыз
«Айгөлек» әнін сізге тарту етеді.
Ортаға "Айгөлек" әнімен Ермек Сараны шақырамыз.

Салтанат: Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның –деп, кішкентай «
Саксафоншыларымызды» қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық.

Фиксиктің шығуы.

Фиксик: Сәлем достар! Привет ребята! У вас сегодня так весело! Мен де сендермен бірге көңіл көтерсем бола ма? Я очень-очень люблю спорт. (Бірнеше жаттығу қимылдарын орындайды)

-Ойын ойнағыларын келе ма? Қазір мен сабын көпіршіктерін үрлеймін, ал сендер оны ұстап алып, жарыңыздар.

Салтанат: Бүгін бәрі ерекше,
Балаларда өнер көп
Әнді тарту етеді,
Аман Малика ортаға кеп.

«Мен бақытты аламын» әнімен Маликаны шақырайық.

Салтанат: Көйлегінің желегін
Желбіреткен өрендерім.
Дөңгелетіп билеңдер
Өрлей берсін өнерлерің.-дей отырып, бүлдіршіндерімізді «Көгершіндер» биімен ортаға шақырамыз.

Би: «Көгершіндер»

Салтанат:Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы абай данамызда

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Ертегі кейіпкерлерінің бәрі шығып, балалармен бірге флешмоб билейді.

Флешмоб

Салтанат: Осымен бүгінгі «Бақытты балалық шақ» атты балалар күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Балаларымыздың жүздерінен күлкі кетпесін, дендерің сау болып, аспанымыз ашық болсын. Балалық шақтарың бақытқа толы болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Балаларға шар тарату.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2018
3606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі