Ақтөбе облыстық мамандандырыған физика-математикалық мектеп-интернаты
«Бақыттың мәні неде?»
Ақтөбе
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Тыныштық сәті. «Нұрға
бөлену»
3. Дәйексөз
4. Мұғалім сыйы
5. М. Мақатаевтың «Бақыт»
деген өлеңі
6. Әңгімелесейік, пікірлесейік
айдары
7. «Бақыт суы» тренинг
8. И. Есенберлин «Бақыттың он сыры» бейнеролик
9. Бақытты болу үшін
10. Ойды жалғастыр
11. Соңғы тыныштық сәті
Тақырыбы: Бақыттың мәні
неде?
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік
беру.
Сабақтың
міндеттері:
- Оқушыларға адам өміріндегі
қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту
және жалпы және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;
- Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларда өз бақыты үшін дұрыс
қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу
Көрнекті құралдар:слайд, суреттер, үнтаспа.
Сабақ
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі:
2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Мұғалім: Бақыт –дегеніміз біреулер байлық,біреулер мансап, біреулер махаббат дейді.Бұл пікірге біреулер келіссе, енді біреулері келіспейді. Бақыт жүректің тыныштығы. Жүректің тыныштығы дегенім- алаңсыз өмір сүру.
Бақыт деген не?
Б – Байлық пен Батырлық
А – Арман мен Адалдық
Қ – Қуаныш пен Қайсарлық
Ы – Ырыс пен Ынтымақ
Т – Татулық пен Тазалық
Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт- сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Жүрегіңнің түбінен тап бақытты
3.
Дәйексөз
«Өзін –өзі білген –ер
бақытты,
Өзін – өзі билеген – ел бақытты .»
Халық
мақалы
4. Мұғалім
сыйы
Бақыттың сыры (аңыз әңгіме)
Бір саудагердің «Мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен.
Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір
данышпан кісіге жіберіпті. Жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл
даламен 40 күн жүріп әзер жетеді. Данышпанның сарайына жетеді,
қараса адам көп екен. Ол кезекке тұрады. Данышпанға кезегі келіп
кіргенде ол бақыттың сырын неде екенін білгісі келгенін айтады.
данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін
айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын
келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып
беріпті. «Аралап жүргенде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт
қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын
аралап келіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Данышпан: қалай, сарайды аралап шықтың ба?
Жігіт: иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.
Данышпан: үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай
екен? Бақша, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың
ба?
Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде
қолына ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды
қарағанын айтыпты. Данышпан оған «айналасын жақсы танымаған,
білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан
бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан
май құйып, «бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы
асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін
данышпанға баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда» деп
сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған
екен.
Сол кезде данышпан былай депті: «дүниенің барлық кереметтерін
тамашалап оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға
аласын, бірақ қолыңдағы майды ұмытып
қана...»
5. М. Мақатаевтың
«Бақыт» деген өлеңін тыңдау
6. Әңгімелесейік,
пікірлесейік айдары
- Сіздердің ойларыңша бақыт дегеніміз не?
- Адам ғұмыр бойы бақытты бола ала ма, әлде өмір бақытты сәттерден
тұра ма?
-
«Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?
-
Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?
-
Неліктен бақытты құсқа теңейді?
-
Орындалған арман үнемі бақыт әкеледі ме?
-
Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?
7. «Бақыт суы» тренинг
8. Есенберлиннің Бақыттың он сырына назар аударсақ
9. Бақытты болу үшін
Бақытты болу үшін:
1) Ұғымды, ойлы ететін зерде-зейінің.
2) Сені өрге сүйрейтін - өнер - өрісің.
3) Тек ілгері бастайтын – талабың.
4) Ешқашан алдамайтын- тапқырлығың.
5) Қиындықта саналатын – қайратың.
6) Бәрінен де күшті – білімің.
Бақыт деген:
Алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның орындалуы.
Баланың өз ата-анасының жылуын сезінуі.
Әр адамның өнегелі және абыройлы өмір сүру.
Әр күнді отбасынмен бірге өткізу.
Жомарттық пен адамгершілік.
Адал қызмет істеу екен.
9. Ойды жалғастыр:
Берілген ойды жалғастыр
Сәби бақыты , ол....
Әйел бақыты, ол ....
Ер азамат бақыты, ол ....
Ата-ана бақыты, ол.....
Дәрігер бақыты, ол.....
Кәсіпкер бақыты, ол.....
Ұстаз бақыты, ол.....
Ғалым бақыты, ол.....
Ұлт бақыты, ол.....
Қоғам бақыты, ол.....
Адамзат бақыты, ол......
10. Соңғы тыныштық
сәті
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңді жұмыңдар. Бүгінгі сабақта не
үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар және осы сабақтан
үйренген жақсы қасиеттерді ойымызға түйіп, жүрегімізде
сақтайық.
Рахмет.
Анықтама:

- Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі
істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы және жалпы адам
бақыты туралы түсіндіру;

қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.
Осы тұста Есқалиев Санжар бақыт туралы өз ойын айтты. Оның ойынша
бақыт отбасы, ата-анасының, бауырларының деңсаулығы екенің
түсіндірді.
Тәрбие сағатымыз жоғары деңгейде өтті. Оқушылар арасында пікір талас болды. Барлығы тақырыпты ашып, өз ойларын толық жеткізді. Жеткізу барысында олар бір ортақ шешімге келіп, бақытты сәттері коп екенің түсінді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бақыттың мәні неде" 7 сынып

шағым қалдыра аласыз